kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош, бол ??тты ?ліппе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Павлодар облысы

Екібаст?з ?аласы

Аты?ай ауылы

Аты?ай жалпы орта білім беретін мектебіні?

бастауыш сынып м??алімі

Хаугажай Аян

«?ош бол, ??тты ?ліппем»

Ма?саты: 1. О?ушыларды? білімдерін бекіту, оларды? ал?ан білім-білік да?дыларын к?рсету.
2. Тілін дамыту, с?здік ?орын молайту.
3. ??ыптылы??а, шапша?ды??а т?рбиелеу.
Т?рі: ?деби-музыкалы? монтаж
К?рнекілігі: плакаттар,  фотомонтаж.

Кіріспе с?з. ??рметті ата-аналар, ?стаздар, о?ушылар! Б?гін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел бол?ан, т?уелсіз т?лпардай етек-же?іміз ке?ейіп, атымыз алыс?а жетіп жат?ан ша?та, б?гін сіздер ?шін тойлары?ыз?а та?ы бір той ?осылма?шы.
М??алім: Ана тіліні? ?ажайып ?рі шынайы ?леміне б?лдіршіндерді д?л жетелейтін ?з тілін о?ып ?йренуге о?и алсам деген ?мтылыс?а ша?ыратын ?ліппе о?улы?ы. Міне, б?гін сіздер барлы? ?ылымны? анасы бізді? болаша?ымызды? негізі- ?ліппемен ?оштасу тойына келіп отырсыздар. Тойлары? той?а ?лассын. Ш?кірттеріміз ата-ананы? ?лы емес, халы?ты? ?лы болсын!
М??алім:       ?сті міне бойлары?,
                        ?сті а?ыл ойлары?
                        ?уаныш?а орта?пын
                        ??тты болсын тойлары?.
                Армысыздар аналар

                Бармысыздар балалар

                С?зіме ??ла? салы?ыз

                Бір серпіліп ?алы?ыз.

М??алім:Сонымен 1«А» сынып о?ушыларыны? «?ош бол, ??тты ?ліппем» атты ерте?гілігімізді бастаймыз.

1-б?лім: «Р?міздерім ма?танышым».

М??алім:?аза?стан т?уелсіз мемлекет, желбіреген  к?к байра?ы, айбынды елта?басы, ас?а?та?ан ?н?раны бар. Мемлекеттік р?міздеріміз туралы не білесі?дер?

Аян:?аза?стан Республикасыны? туы тік б?рышты к?гілдір мата, туды? ортасында ?алы?тап ?ш?ан ?ыран ??с бейнеленген.

Айнур: Матаны? сол жа?ында ?лтты? ою-?рнек салын?ан тік жола? бар. Туды? ені- 1м, ?зынды?ы -2м.

Аян:                   Айнымайды аспаннан

                            Бізді? туды? бояуы,

                           Оны халы? ?ашан да,

                           Биікке іліп ?ояды.

Айнур:Б?л елта?ба. Елта?басы елімні?

                                    Неткен ?йбат, ?демі

                                    Т?ны?ындай к?гілдір,

                                    Ортада аспан ?лемі.

Камила:        ??т-береке ша?ыра?,

                        Орын ал?ан ол т?рден.

                        ?анатты ?ос ар?ыма?,

                        Екі жа?тан к?мкерген.

Ермухамед:  Т?уелсіздік жолында,

                        Талай-талай тер там?ан.

                        Билігім  ?з ?олымда

                        Еркіндігім-Елта?бам.

Барлы?ы: «?н?ран» орындалады.

М??алім: Біз б?гін ал?аш рет ?олымыз?а ?стап, ?ріп таны?ан, сауатымызды аш?ан ?ліппемен ?оштас?алы отырмыз.

?ліппе -б?л б?кіл білім, ?ылым?а бастайтын жол. Б?гін 1сынып о?ушылары сіздерге ?ылым д?ниесіні? ал?аш?ы жолы «?ліппені » ?алай ая?та?анын к?рсетпек.

М??алім: Ендеше, ?ліппені орта?а ша?ырып, 4ай бойы ал?ан білімімізді к?рсетейік.

               Суреттермен с?йлеткен,
                ?ріптерді ?йреткен.
                Баспа ?ріп пен жазба ?ріп.
                Дауысты мен дауыссыз.
                Айты?даршы, балалар
                ?ай о?улы? ?йреткен?
О?ушылар хормен ?ЛІППЕ!?ЛІППЕ! ?ЛІППЕ!

Салтанат:?ліппе болып келеді.

Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата-аналар!
Болаша??а жол бастар,
?ліппе келді орта?а
Білім деген ?ажайыпты?,
?ліппесін ме?герген
Келешегі ?аза?ты?
Басталады сендерден.

Таудай болса талабы?,

Айтары к?п ?ріпті?.

?уанышы баланы?

?уанышы ананы?

Жа?сы білім-к?рімдік

Болсын сізге халайы?!

Не ?йреніп, не білдік

?ане, орта?а салайы?.

М??алім: -??рметті ?ліппе, сен шарша?ан шы?арсы?, кел тойымызды? т?ріне шы?, балаларды? са?ан айтар ал?ысы мол, отырып, ты?да.


Айнур: ?йретті? бізге ?ліппе,

42 дербес ?ріпті.

С?з, с?йлем ??рап ?ріптен,

Жаздырды? бізге ?ліппе.

Ермухамед: О?итын ?рі жазатын,

Білімге ?ол созатын.

О?ушы болды? сауатты,

Білімді тегін ?азатын.


Інк?р: ?ліппем мені?, ?ліппем,

Сені ?ол?а алып мен.

Есігін аштым мектепті?,

Ерте?гі с?уле жары?пен.


Н?рба?ыт: Ысты? ?рбір беттері?

Жазуы?ды ??амын

А?ыл берді? ?ліппе,

А?ылды сен м??алім.

Камила: ?ліппе деген да??ыл жол
Апарар сені алыс?а
Же?іл емес ауыр жол
Тырысып ба? намыс?а.

Аян: Бар кітап?а бас бол?ан
?ліппе ?ылым а?асы
?ліппеден бастал?ан
Даналы?ты? данасы.
 

?ара?ат: Осылай ал?а аттадым,

?р ?ріпті жаттадым.

Жатта?ан сайын ?ріпті,

С?з ??рап жаза бастадым.
 

Н?рд?улет: Келгенде ал?аш мектепке
Білмеуші едік ?ріп те
О?имыз ?азір ертек те
?йреткен оны ?ліппе.

Рената:?ліппем мені?, ?ліппем

А деген бастап ?ріптен.

С?з ??рап жаза бастадым,

Та?ылдап та?ба танып мен.

Алпамыс: Іші тол?ан ?ріпке
Жа?сы кітап ?ліппе
Барлы? білім-ілімні?
А?асы осы ?ліппе.
 

Хор:«?ліппе» ?ні.

?ліппе: Ал балалар мені? мына с?ра?тарыма жауап бері?дерші?

Сыйлап ?лкен а?аны

С?лем берген баланы

Кім дейміз?

Хормен: ?депті екен б?л дейміз!

Кітап, д?птер, ?аламы

Кір шалма?ан баланы

Кім дейміз?

Хормен: ??ыпты екен б?л дейміз!

Таудай биік талабы

Жа?сы о?итын баланы

Кім дейміз?

Хормен: ?лгілі екен б?л дейміз!

?тірік с?з айтпаса

У?десінен ?айтпаса

Кім дейміз?

Хормен: Шыншыл екен б?л дейміз!

?ліппе: ?те жа?сы балалар, мен сендерге ризамын. ?р?ашан ?депті, ??ыпты, ?лгілі, шыншыл болы?дар!

?уезді ?н, жаны раушан, к?й ж?регі,

Жел бас?ан сезімдерді идіреді.

Мы? б?ралып, алдары?да иіледі

?сем биді паш етер ?аза?ты? ?л, ?ыздары дей келе «Буратино» биін тамашала?ыздар.

Ендігі кезек 1"А" сыныпты? ?ыздарды? орындауында ?н: «?оша?аным»

?ліппе: -Балалар, сендер мені жа?сы игеріпсі?дер. Мен сендерге ризамын. Енді менен ал?ан білімдері?ді «Ана тілімен» ?штайсы?дар.Міне мені? досым Ана тіліні? ?зі де келіп ?алыпты, ?арсы алы?дар.

Хормен: С?леметсіз бе, Ана тілі!

М?лдір Ана тілі болып келеді: С?леметсі?дер ме?

Ту?ан елді? тілімін,
А?ылы мен танымын.
Т?сіндірер б?ріне,
Ана тілі п?німін.
Ана тілім- ?раным

Ана тілім- ??ралым
Ана тілім- болмаса
Мы?ты болмас т?ра?ым.
Балалар енді мені о?итын боласы?дар. Мен сендерге к?п н?рсені ?йретемін. Барлы? ?азына байлы? о?у-білімде. Ол туралы ?андай ма?алдар білесі?дер?

Айнур: Кітап-білім б?ла?ы,
Білім- ?мір шыра?ы.

Ермухамед: А?ыл- тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.

Інк?р: О?у- білім б?ла?ы,
Білім-?мір шыра?ы.
Н?рба?ыт: Кітапсыз білім жо?,
Білімсіз к?ні? жо?.
Камила: А?ыл азбайды,
Білім тозбайды.

Аян:К?ш - білімде,

Білім - кітапта.

?ара?ат: Білім іздеген озар,
Б?лік іздеген тозар.
Н?рд?улет: Білекті бірді жы?ады,
Білімді мы?ды жы?ады.
Рената:Білімні? басы -бейнет,

Со?ы-зейнет.
Алпамыс: О?у инемен ??ды? ?аз?андай.

Ендігі кезекте ?ыздарды? орындауында  «?амажай» биін тамашала?ыздар.

?ліппе:

Жарайсы?дар, бал?ындар!Сендерге ризамын.

К?рі - жас?а ой сала,

?йрететін ой сана.

Ана тілін с?йі?дер,

Осы?ан бас иі?дер.

О?умен ?сіп толы?дар,

Аман- есен болы?дар!


Н?рд?улет: Таныстырып 42 ?ріппен,
?ош бол мені? ?асиетті ?ліппем!
Сені? ар?а? о?и жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.

Айнур: ?ліппем мені? ?ліппем,
?мірді к?рем танып мен
?айталап айтам мы? рет
?зі?е к?п-к?п рахмет.(хормен)

Ана тілі: ?ліппемен ?ош айтысып ?аламыз,
Енді ?ол?а Ана тілін аламыз.
Ата-ана ?уаныш?а орта? бол,
Сауатты боп шы?ты міне бала?ыз.

М??алім: Біз ?ліппені? ар?асында жазу?а, ?з бетімізбен о?у?а, с?з, с?йлем ??рау?а да?дыланды?. Ендеше, ?ліппеге не деуіміз керек.

Хормен: ?ліппеге рахмет.

Хормен: ?ош, ?ош ?ліппе!(?ліппе шы?ып кетеді.)

К?рініс: «С?мке»

«Ту?ан жерім». Тилеген?лы.Н, Тохтовай.Н, Авдуу.Е, Бекен.А, Болат?лы.А
М??алім: Балалар ендігі сендерді? жа?а достары? –Ана тілі. Сонды?тан ?ліппені ?алай ме?герсе?дер Ана тілінде солай ме?геруге с?з бересі?дер ме?
Хормен: Иа дейді.(Осы кезде Ана тілі о?ушылар?а ана тілі кітабын таратады.)
М??алім: Талап, е?бек, тере? ой,
?ана?ат, ра?ым ойлап ?ой- деп Абай атамыз жырла?андай, осы бес ?асиетті бойымыз?а дарыту ?шін ана тілін ме?геруіміз керек.

Ана тілі:Бата береді о?ушылар?а.

 Білімні? бетін жары? ет!
?л-?ызымды білімді ет,
Келесі о?у жылына,
Аман-есен т?гел жет!
«5» болсын алар ба?амыз,
Білімнен ба?ыт табамыз.
?нер-білім к?п то?ып.
?се берсін санамыз!
?умин.

М??алім: Б?гінгі кеш ?р ?йді? «Той басы» деп саналар,
Балаларды? есімі ?улеттерге таралар.
Ырым етіп сонды?тан тойымызды? со?ында,
А? ниететпен барша?а тілек айтар ?она?тар-дей отырып,
М??алім: ?ліппені жа?сы ме?геріп, сауатты жазып о?улары?а ата-аналары?ны? ?ос?ан ?лесі мол. Сіздерге ал?ысымызды білдіре отырып ендігі с?з кезегі сіздерде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош, бол ??тты ?ліппе »

«Қош бол, құтты әліппем»

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.
2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж
Көрнекілігі: плакаттар, фотомонтаж.

Кіріспе сөз. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.
Мұғалім: Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Армысыздар аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз.

Мұғалім:Сонымен 1«А» сынып оқушыларының «Қош бол, құтты әліппем» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

1-бөлім: «Рәміздерім мақтанышым».

Мұғалім:Қазақстан тәуелсіз мемлекет, желбіреген көк байрағы, айбынды елтаңбасы, асқақтаған әнұраны бар. Мемлекеттік рәміздеріміз туралы не білесіңдер?

Аян:Қазақстан Республикасының туы тік бұрышты көгілдір мата, тудың ортасында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.

Айнур: Матаның сол жағында ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені- 1м, ұзындығы -2м.

Аян: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Айнур:Бұл елтаңба. Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көгілдір,

Ортада аспан әлемі.


Камила: Құт-береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Ермухамед: Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда

Еркіндігім-Елтаңбам.

Барлығы: «Әнұран» орындалады.

Мұғалім: Біз бүгін алғаш рет қолымызға ұстап, әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.

Әліппе -бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол. Бүгін 1сынып оқушылары сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы «Әліппені » қалай аяқтағанын көрсетпек.

Мұғалім: Ендеше, Әліппені ортаға шақырып, 4ай бойы алған білімімізді көрсетейік.

Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп пен жазба әріп.
Дауысты мен дауыссыз.
Айтыңдаршы, балалар
Қай оқулық үйреткен?
Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!

Салтанат:Әліппе болып келеді.

Армысыздар , жас достар!
Армысыздар ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім-көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық.


Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.


Айнур: Үйреттің бізге Әліппе,

42 дербес әріпті.

Сөз , сөйлем құрап әріптен,

Жаздырдың бізге Әліппе.


Ермухамед: Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты,

Білімді тегін қазатын.


Інкәр: Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Нұрбақыт: Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің әліппе,

Ақылды сен мұғалім.


Камила: Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Аян: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

Қарақат: Осылай алға аттадым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.

Нұрдәулет: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе.

Рената:Әліппем менің, әліппем

А деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.


Алпамыс: Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Барлық білім-ілімнің
Ағасы осы әліппе.

Хор:«Әліппе» әні.

Әліппе: Ал балалар менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші?

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!

Өтірік сөз айтпаса

Уәдесінен қайтпаса

Кім дейміз?

Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!

Әліппе: Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Әрқашан әдепті, ұқыпты, үлгілі, шыншыл болыңдар!

Әуезді ән, жаны раушан, күй жүрегі,

Жел басқан сезімдерді идіреді.

Мың бұралып, алдарыңда иіледі

Әсем биді паш етер қазақтың ұл, қыздары дей келе «Буратино» биін тамашалаңыздар.

Ендігі кезек 1"А" сыныптың қыздардың орындауында Ән: «Қошақаным»

Әліппе: -Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.

Хормен: Сәлеметсіз бе, Ана тілі!

Мөлдір Ана тілі болып келеді: Сәлеметсіңдер ме?

Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім- ұраным

Ана тілім- құралым
Ана тілім- болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?


Айнур: Кітап-білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.

Ермухамед: Ақыл- тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.


Інкәр: Оқу- білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.

Нұрбақыт: Кітапсыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

Камила: Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Аян:Күш - білімде,

Білім - кітапта.


Қарақат: Білім іздеген озар,
Бүлік іздеген тозар.


Нұрдәулет: Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.


Рената:Білімнің басы -бейнет,

Соңы-зейнет.


Алпамыс: Оқу инемен құдық қазғандай.

Ендігі кезекте қыздардың орындауында «Қамажай» биін тамашалаңыздар.

Әліппе:

Жарайсыңдар, балғындар!Сендерге ризамын.

Кәрі - жасқа ой сала,

Үйрететін ой сана.

Ана тілін сүйіңдер,

Осыған бас иіңдер.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман- есен болыңдар!


Нұрдәулет: Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.


Айнур: Әліппем менің әліппем,
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет.(хормен)

Ана тілі: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Мұғалім: Біз әліппенің арқасында жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше, әліппеге не деуіміз керек.

Хормен: Әліппеге рахмет.

Хормен: Қош, қош Әліппе!(Әліппе шығып кетеді.)

Көрініс: «Сөмке»


Ән «Туған жерім». Тилегенұлы.Н, Тохтовай.Н, Авдуу.Е, Бекен.А, Болатұлы.А

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?
Хормен: Иа дейді.(Осы кезде Ана тілі оқушыларға ана тілі кітабын таратады.)
Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі:Бата береді оқушыларға.

Білімнің бетін жарық ет!
Ұл-қызымды білімді ет,
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып .
Өсе берсін санамыз!
Әумин.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында,
Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар-дей отырып,
Мұғалім: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ош, бол ??тты ?ліппе

Автор: Хаугажай Аян

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175752

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Мерекелік іс-шара "?ош бол, ??тты ?ліппе!""
    ["seo_title"] => string(46) "mieriekielik-is-shara-k-osh-bol-k-u-tty-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "295489"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455816593"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Та?ырыбы: "?ош бол, ??тты ?ліппе!""
    ["seo_title"] => string(34) "tak-yryby-k-osh-bol-k-u-tty-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "307985"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458484826"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "«?ош бол, ??тты ?ліппе!» атты ерте?гілігі."
    ["seo_title"] => string(37) "koshbolkuttylippieattyiertienghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "303620"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457573173"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Презентация на тему  «?ош бол, ??тты ?ліппе!» "
    ["seo_title"] => string(49) "priezientatsiia-na-tiemu-k-osh-bol-k-u-tty-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "236734"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1444147006"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?ош бол, ??тты ?ліппем! 1-сынып "
    ["seo_title"] => string(33) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "236886"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444188021"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства