kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "?ош бол, ??тты ?ліппе!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды?  білімдерін  бекіту, оларды?  ал?ан  білім, білік  да?дыларын  к?рсету; тілін  дамыту, с?здік  ?орын  молайту: ??ыптылы??а, жина?ылы??а  т?рбиелеу  б?гінгі  ?тілетін  шараны?  ма?сатын  к?здеді.

К?рнекілігі:  «?ош  бол,  с?йікті  ?ліппем!»,

                       «?ліппем  -  білім  бастауы»  с?здері  жазыл?ан  плакаттар, суреттер,?ріптер, с?здер.

Барысы:   (Мызыка  ойналып,о?ушылар  кіреді.)

                      (?н?ран айтылады) 

М??алім:   -  Армысыздар, ??рметті  ата-аналар, ?стаздар, ?она?тар! Б?гін  сіздер  1 «А»  сынып  о?ушыларыны?  ?зірлеген  «?ош бол ??тты ?ліппе!»  атты  ерте?гілігін  тамашала?алы  отырсыздар. Ш?кірттерді?  т???ыш  рет  ?олдарына  ?стап, бетін  аш?ан  о?улы?ы  -  ?ліппе. Б?л  кітап  б?кіл  ?ылым  д?ниесіні?  ал?аш?ы  со?па?ы, білімге  бастайтын  ал?аш?ы  жолы. ?ліппе  42  ?ріпті  танытып, о?у?а, жазу?а  ?йретіп  сауаттылы?тарын  арттырды. Сондай  жа?дай?а  жеткізген, с?йікті  ?ліппемен  б?гін  ?оштас?алы  отыр.

Ж?ргізуші: ??рметті  ата-аналар, ?стаздар! 1 «А»  сынып  о?ушыларыны?  «Рахмет  са?ан, ?ліппе!»  атты  ерте?гілігіне  ?ош  келді?іздер!

Ж?ргізуші:  Балаларды?  ?олдарына  т???ыш  рет  ?стап, бетін  аш?ан  о?улы?ы  -  «?ліппе»

Ж?ргізуші:  Б?л  кітап  -  б?кіл  ?лем  д?ниесіні?  ал?аш?ы  есігі, білімге  бастайтын  ал?аш?ы  со?па?.

Ж?ргізуші:  С?йікті  ?ліппені?  ар?асында  сауатты адам  ?атарына  енді. Сонды?тан  ?ліппемен  ?оштасу  салтанатты  мерекеге  ?атысушы  балаларды  ?ошеметтеп  отырайы?.

М??алім:  - Бала  деген  шіркін-ай  балдай  екен,

                    Т?ттілігі  жая  мен  жалдай  екен.

                    Арып-ашып  даладан  келгені?де,

                    Бал  иісін  таттырып  алдайды  екен, - деп  Кенен  атамыз  айт?андай, кішкене  б?лдіршіндерді?  бал  тіліне  кезек  берейік.

 (Балалар  ?здерін  таныстырады.)                                                                                         

1. С?улелі  де  сымбатты,                                          

   С?йлегені  тым  т?тті.                                           

   РАМИЛЬЯ  деген  ?ыздары?,                                    

  Сіздерге  арнап  тіл  ?атты.                                   

2.Дарасы  болар  даланы?,

             ?ЛИ   деген  баламын.

         3.Жа?сылы?ты  жа?тайтын,

   Б?рін  біліп  жаттайтын,                      

   РУСТАМ  жігіт  мен болам.                                                                                                                                                                                                                         

4. Барма?ынан  бал  там?ан,                               

   Балдай  т?тті  мен РУСЛАН                                                                                                    

5. АЛИНА  ?ызбын  ке?  ма?дай,

   ?демімін  мен  ?андай.

6. НУРИСЛАМ  деген баламын,

   Есепті  мен  ша?амын.

7. Ж?мса?анда  баратын,                                                   

   Айт?ан  тілді  алатын,                                                     

   Мен  боламын АРУЖАН.                                                                

8. К?п  о?итын, к?п  то?итын,

     Мені?  атым  ?ЛИХАН.

9. Ай  мен  к?ні  анамны?,

     А?ылдысы  апамны?,

     Мен  АНЕЛЬ  боламын.

10. Келешегі  ?аза?ты?,

      Мен  кішкентай  ШАЛ?АР

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "?ош бол, ??тты ?ліппе!"»

Қош бол құтты Әліппе!

( ертеңгілік)

Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту: ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді.

Көрнекілігі: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»,

«Әліппем - білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер,

әріптер, сөздер.


Барысы: (Мызыка ойналып,оқушылар кіреді.)

(Әнұран айтылады)

Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «А» сынып оқушыларының әзірлеген «Қош бол құтты Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! 1 «А» сынып оқушыларының «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе»

Жүргізуші: Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.

Жүргізуші: Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді. Сондықтан әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды қошеметтеп отырайық.

Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

(Балалар өздерін таныстырады.)


1. Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

РАМИЛЬЯ деген қыздарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.


2.Дарасы болар даланың,

ӘЛИ деген баламын.


3.Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

РУСТАМ жігіт мен болам.

4. Бармағынан бал тамған,

Балдай тәтті мен РУСЛАН



5. АЛИНА қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.


6. НУРИСЛАМ деген баламын,

Есепті мен шағамын.



7. Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Мен боламын АРУЖАН.


8. Көп оқитын, көп тоқитын,

Менің атым ӘЛИХАН.


9. Ай мен күні анамның,

Ақылдысы апамның,

Мен АНЕЛЬ боламын.


10. Келешегі қазақтың,

Мен кішкентай ШАЛҚАР


11.Би билеймін айнала,

Менің атым АЙЗА


12.Желдей жүйрік баламын,

Мен ЕРНАЗАР боламын.


13.Сурет салар сәулелі,

Мен ДИЛЯРА боламын.


14.Үлкенге де,кішіге де,

Мейірімді болатын,

Мен НҰРАСЫЛ боламын.


15.Талабы таудай талапты,

АЛИМЖАН атты баламын.


16. Білімнен бақыт табатын,

Мен ГҮЛІМ боламын.


17. Жақсы оқып сабақты,

Білімді боп өсетін,

Мен БАҚЫТБЕКҰЛЫ ЕРНАЗАР



1.Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Балаң келді ортаға. РУСТАМ


2.Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Болашағы қазақтың,

Басталады біздерден. ДИЛЯРА


Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?


Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.


Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.


Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!


(Ортаға әліппе шығады.)


Әліппе: Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың-

Қуанышы халықтың.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане ортаға салайық.


3.Сөзімізге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз. ӘЛИ


4.Күмбір-күмбір қоңырау,

Соғылған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма.

Жазылған ай қыркүйек. Бақытбекұлы ЕРНАЗАР


5.Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып. ГҮЛІМ


6.Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім. АЛИМЖАН


7.Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе. АНЕЛЬ


8.Бұрқыраған білімнің,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппем. ӘЛИХАН


9.Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың. НУРИСЛАМ



10.Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе. Болатов ЕРНАЗАР


Жүргізуші: Хор: «Әліппе»


11. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз. АЙЗА


12. «Әліппе» деген - алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа. АЛИНА


13.Қош бол құтты «Әліппем!»

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің. РУСЛАН


14.Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен. ШАЛҚАР


Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?


Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.


Жүргізуші: Енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық.

БИ Вальс


16.А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді. РАМИЛЬЯ


17.Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді. НҰРАСЫЛ


Әліппе: «Әліппе» оқуға

Үйреткен әр күні

Кім атын атай ғой?


Бәрі: Ол біздің

Мұғалім апай ғой.





Жүргізуші: Ал осымен әріптер,

Шежіресін бастайық

Басшысы әріптердің,

А-дан сөзді бастайық.


А – Атыраудың айдыны,

Алтай таудың айбыны.

Астанамыз - Астана,

Алматымыз - бас қала. АЛИНА


Б - Бейбітшілік бар адам жүрегінде,

Бейбітшілік бар адам тілегінде. ӘЛИ


Д - Дәмежанға дәрігер,

Дәрі беріп әбігер. РАМИЛЬЯ


Щ – «Щёткамен тазарт тісіңді»

Деп ағам маған бұйырды. НУРИСЛАМ


И - Иба, әдеп, ақыл-ой,

Имандылық басы ғой.

Иісі қазақ баласын,

Инабатты дейді ғой. ДИЛЯРА


Ө - Өнер іздеген өсер,

Өсек іздеген өшер. Болатов ЕРНАЗАР


С - Сыйламаған аз досын,

Сыйлай алмас өз басын. АЛИМЖАН


Е - Еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі. ШАЛҚАР


Т - Тәп-тәтті нан таба нан,

Таба алмай қалдым табадан. Бақытбекұлы ЕРНАЗАР


М - Мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады. АРУЖАН


Н - Нағашым өтінді Назардан,

«Науат әкел» деп базардан. НҰРАСЫЛ


О - Орындықта отырып,

Оқулықты оқылық. АЙЗА


Р - «Р-рр» деп бір ит жолықты,

Раушан одан қорықты. АНЕЛЬ


Ы – Ырысбек сүйер жұмысты

Ықыласпен жуды ыдысты ГҮЛІМ


І – Ізбасар болар ініміз,

Ісінен оны біліңіз. ӘЛИХАН



У - Улы жыланды Уәлі,

Уақ тас алып қуады. РУСЛАН


Х –Хат жолдады Ахмет

«Хакім саған рақмет!» РУСТАМ


Жүргізуші: Кішкентай азаматымыз Нурисламды тамашалайық. (скрипкада ойнау)


Жүргізуші: Рахмет, Талабыңа нұр жаусын.


Жүргізуші: Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.


18. Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогі. Ең алғаш әліппе жазған. РАМИЛЬЯ


19. Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем. НҰРАСЫЛ


20. Айтпайсың ба дәл қазіргі еліңе өкпе,

Болашақ етеді аңыз сені көпке.

«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта,

Бар мектеп көтереді қолын көкке. ДИЛЯРА


21.Данышпан даласына сеніп туған,

Өмірін халық үшін беріп туған.

Еліне еңбек еткен деген сөздің,

Алғашқы мағынасын сен ұқтырған. АЛИНА



Жүргізуші: Мың бұралған бишіміз Диляраның биін тамашалайық.



Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?


Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.


22.Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан. РУСТАМ


23.Қолға қалам алайық,

Қанша сан бар, жазайық.

Қарап тұрмай, сандарды,

Қайта-қайта санайық. ГҮЛІМ




Жүргізуші: Ал осымен САНДАР,

Санамақты ашайық

Басшысы САНДАРДЫҢ,

0 - ден цифрды бастайық.


0 – Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты, ұшпайды.

Досым нөлді О дейді ,

Десем «бұл нөл», ұқпайды. ГҮЛІМ


1 – Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Анар тәтем жүр сауып. АЛИНА


2 – Екі аяқпен жүремін ,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ, білемін. Болатов ЕРНАЗАР


3 – Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балықты ұстаған. Бақытбекұлы ЕРНАЗАР


4 – Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада. НУРИСЛАМ


5 – «Бестік» деген бағаны.

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы. ӘЛИХАН


6 – «Алақай!»-дер келді күн,

Алтыдамын мен бүгін.

Алты жасқа келмекші,

Алғы аптада енді кім? АНЕЛЬ


7 – Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер,

Жығылмай-ақ жүреді. РУСТАМ


8 – Сен де, мен де баламыз

Сегіз санын саламыз.

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз. НҰРАСЫЛ


9 – Тоғыз жасқа келгенім

Тоғыз жылды көргенім.

Тоғыз жаста тәнті еткен,

Талабымды көр менің! ӘЛИ


10 – Он жыл,он жас-он деген,

Он жас кіші он менен.

Онды жаза аламыз

Он – тұрған бір нөл менен. ШАЛҚАР


11 – Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты деп жүреміз. АЙЗА


Санамақ айтылады.


Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.


Бәрі: Рахмет саған ата-ана!


Жүргізуші: Кішкентай сұлу қызымыз Рамильяның биін тамашалайық.

Жүргізуші: Балалар сендер басқа тілде тақпақ білесіңдер ме?


12. ТЫ ОЧЕНЬ ДОЛГИЙ ПУТЬ ПРОШЕЛ

ЧТОБ НАУЧИТЬ ДЕТЕЙ ЧИТАТЬ

ПРОЩАЙ НАШ МИЛЫЙ ДРУГ БУКВАРЬ

МЫ БУДЕМ ПО ТЕБЕ СКУЧАТЬ. ДИЛЯРА


13. We say hello,

We say hi!

Hello and hi,

Hello and hi. ӘЛИХАН


14. БУКВАРЬ МОЙ ВЕРНЫЙ ДРУГ

С ТЕБЯ НАЧАЛО ВСЕХ НАУК

ТЫ ПЕРВОКЛАШКАМ ПОМОГАЕШЬ

ЗРЯ ВРЕМЯ НЕ ТЕРЯЕШЬ. АЛИМЖАН

15. I like red and I like blue,

I like yellow and green

I like red and I like blue,

I like yellow and green РАМИЛЬЯ



Бәрі:– Рахмет сіздерге ұстаздар!


Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)



Мен есепші боламын. НҰРАСЫЛ

Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.


Мен әкім боламын. Бақытбекұлы ЕРНАЗАР

Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.


Мен білім министрі боламын. РУСТАМ

Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.


Мен дәрігер боламын. НУРИСЛАМ

Кез- келгн аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.


Мен мұғалім боламын. АНЕЛЬ

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.


Мен полиция қызметкері боламын. ӘЛИ

Еліме адал қызмет етемін.


Мен кәсіпкер боламын. ШАЛҚАР

Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.


Мен Біліммін. ГҮЛІМ

Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.


16.Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім. АЙЗА


17. Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз. РАМИЛЬЯ


Әліппе: Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес кемдігім.

Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.


Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!


Бәрі: Қош сау болыңыз.





Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.

Хор: «Ұстазым»














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Та?ырыбы: "?ош бол, ??тты ?ліппе!"

Автор: Батыр?анова Альбина Жомарт?ызы

Дата: 20.03.2016

Номер свидетельства: 307985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства