kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Презентация на тему «?ош бол, ??тты ?ліппе!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:
1. Білімні? бастауы бол?ан «?ліппеден» ?йренгендерін тияна?тау. ?нерлерін тамашалау. Білімдеріні? артып, с?з байлы?ыны? молайып, саналарыны? ?скендерін к?рсету.
2. ?р о?ушыны? іс- ?рекеттері ар?ылы икемділігін, ?абілеттерін к?рсету, шы?армашылы? м?мкіндіктерін ашу.
3. Отанын, мектебін, ?стаздарын, ата-аналарын ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Интерактивті та?та, шарлар, «?ліппе», «Ана тілі» о?улы?тарыны? макеті.
Барысы:
 

М??алім: Армысыздар, ??рметті ата-аналар, ?стаздар, ?она?тар! Міне, бізді? ш?кірттеріміз бар ?ылымны? бастауы с?йікті «?ліппені» т?мамдады. 1 «?» сынып о?ушыларыны? дайында?ан«?ош бол, ??тты ?ліппе!»  атты ерте?гілігін бастау?а р??сат еті?іздер! ?ол со?ып ?ошеметтеп 1 «?» сынып о?ушыларын ортамыз?а ша?ырамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Презентация на тему «?ош бол, ??тты ?ліппе!» »

«Қош бол, құтты Әліппе!»
Мақсаты:
1. Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.
Барысы:


Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы сүйікті «Әліппені» тәмамдады. 1 «Ә» сынып оқушыларының дайындаған«Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Қол соғып қошеметтеп 1 «Ә» сынып оқушыларын ортамызға шақырамыз.



Балаларды екі-екіден шақыру. (Музыка ойнап тұрады)


Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.
Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған,
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!



Сағыныш: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!



Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер соған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?


Хормен: Болашаққа жол бастар,
Ол – сүйікті Әліппе!


Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! (Әліппе ортаға шығады)



Әліппе:Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!



Мұғалім:
-Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз.

- Біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән - бимен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.


Даниал: Бар әріпті үйреткен –
Міне, менің әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.



Бақытжан: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.



Аружан: Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.



Нұртуған: Әліппе – білім анасы,
Әліппе – кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?

Хор: Әліппе

Алина: Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том- том болған кітаптың,
Басы болған Әліппем.

Дастан: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны – Әліппе!

Жасмин: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды құп алып.

Исламбек: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!

Аяулым: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып тойладық.

Әнел: Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба? Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде,түсінші?

Ернұр: А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты.
Б деген ол – балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Екеуі: Сондықтан да, алшақ кетпей, расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.

Қарақат: Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.

Ерсұлтан: Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

Жанар: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақты бұл кітаптың,
Ұстазым кілтін маған алып берді.

Нұртуған: «Әліппе» даңғыл жол ашты 
Жаңадан пәндер жалғасты 
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы. 
Хор: «Ұстазым» әні. 

Валсь

Мұғалім: Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз. Ендігі ән-шашуымыз сіздерге арналады.

Қыздардың орындауында ән. «Ата-ананы тыңдаймыз»

Ұлдардың орындауында ән «Тұлпарым»

Мұғалім: Бүгін біздің оқушылар шексіз қуанышты, өйткені әріптердің бәрін танып, сауатын ашқан Әліппені бітірді. Енді өздері оқып, жаза алатын болды, ертегі де, оқып үйренді.

Тамашалайтындарыңыз «Бес ешкі ертегісі»

Қазақша би.

Әріптерді дене мүшесімен көрсетеді.

Л,М,Ф,К,Қ,Р,Я,Т,П,Г,Ж.



Ерасыл: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.



Инабат: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Нұрдәулет: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.

Хор: «Қош бол, құтты әліппе!»

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: Ал достар, енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ.
Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдар.
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам.
Алда ұзақ жасым бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар!
Барлығы: Қош бол, құтты Әліппе!

Мұғалім: Балалар, «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.

Мұғалім: - Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік.
Іңкәр:
2 дегенің нашар баға,
Алады оны жаман бала.
Ерасыл:
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.

Даниал:
4 дегенің жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.

Сағыныш:
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

Бұл бағалардың ішіндегі 4пен 5 – пен дос болып, жақсы бағалар алып, жақсы, үлгілі оқушылар болуларыңа тілектеспіз.

Іңкәр: «5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Бәріміз қол соғып, Ана тілін қарсы алайық! (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар.

Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?

Нұрай: Ана тілі – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Нұрдәулет: Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілі: Рахмет саған достарым,
Бүгін ниет қосқан күн.
Аянбаймын сырымды,
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.

Барлығы: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін, Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз!

Би: Түрік биі

Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Хор «Жаса, мәңгі, Қазақстан»
Мұғалім  – Бүгінгі той иелеріне жылы лебізін айтып, құттықтау  сөз ата-анаға береміз.  Құттықтау тапсырады. Сөз сөйлейді.

Бүгінгі біздің «Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Презентация на тему «?ош бол, ??тты ?ліппе!»

Автор: Базарбекова Гульназ Орынбаевна

Дата: 06.10.2015

Номер свидетельства: 236734

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Презентация на тему "?ліппемен ?оштасу" "
    ["seo_title"] => string(45) "priezientatsiia-na-tiemu-lippiemien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "156294"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421405514"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Презентация на тему  "??старды? к?ктемгі тіршілігі" "
    ["seo_title"] => string(59) "priezientatsiia-na-tiemu-k-u-stardyn-koktiemghi-tirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "236737"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1444147358"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Презентация на тему  C?бит М??анов  "Жыл?ы" "
    ["seo_title"] => string(48) "priezientatsiia-na-tiemu-c-bit-mu-k-anov-zhylk-y"
    ["file_id"] => string(6) "236742"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1444147635"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Презентация тему "Математика 3- сынып"
    ["seo_title"] => string(41) "priezientatsiia_tiemu_matiematika_3_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "421252"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1497074295"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства