Просмотр содержимого документа
«"Еліміздің еркіндігі Тәуелсіздік"»
Тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі Тәуелсіздік»
Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.Жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! «Еліміздің еркіндігі Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп дүниежүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына міне 24 жыл толып отыр.
Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан-жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, бір минут еске аламыз.
1-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан
Тарихы оның тым әріден басталған
Бодандықтан құтқарам деп елімді
Талай боздақ қара жерді жастанған
Жазалаушы қара құрттай қаптады
Қазағымды қырып жойып таптады
Сонда елімнің ұл-қыздары ардақты
Қарсы шығып ел сенімін ақтады
2-оқушы:
Ашу ыза қойнауының жетті олар шегіне
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне
1986 боялды жастар қанымен
Желтоқсанның он алтысы есте қалар жанымен
Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында
Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында
Аямады ешқайсысын ереуілді бастаған
Қазағымның жастарына ажал отын тастаған
Ән: Елім менің.
3-оқушы:
Қалмады жалын жастың басқа амалы
Шалқайды империя тас қамалы
Қазақтың тәуелсіздік алған күні
Ызғарлы желтоқсаннан басталады
4-оқушы:
Жағасына жауының жетіп қолы
Тартып алған тәуелсіздік күшпен өткен
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы
Олжа емес салбырап көктен түскен
Қуаныш аралас қасіретпен
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен
Еркіндіктің ерлігін сақтау үшін
Талай ердің бұл жолда басы кеткен
Би: Қазақ биі
5-оқушы:
Жалғыз Отан адамның жүрегі ғой
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой
Ел үшін желтоқсанда құрбан болған
Ербол, Қайрат нағыз ердің бірі еді ғой
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой
Болашаққа даңғыл жол салып берген
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой
6- оқушы:
Тәуелсіздік туы тұрды қолында
Сойыл таяқ ойнасада жанында
Отан үшін жанын қиды ұлдарың
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың
Күйініштен ауырады жүрегім
Естігенде желтоқсанның ызғарын
Желтоқсан –ау ұмытылмайтын жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді бүгін еншіме
Желтоқсаным жеткіздік ақ тілекке
Көрініс : «Егемендік деген не?»
7-оқушы:
Еркіндігім
Қасиетім
Қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң
Кеше сенің келбетіңді арман ғып
Боданына бұғауландық басқа елдің
Бабалардың басын тігіп бәйгеге
Аналардың жанарына жас бердің
Уа, Еркіндік
Қош келдің!
Хор: Ән «Көк тудың желбірегені»
Міне оқушылар біз елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың мәңгі есінде сақталады.
Ендігі тілегіміз тәуелсіздіктің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата- бабаларымыздың асыл мұратын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қастерлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.
Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып егеменді елдігіміз ұзағынан болсын !- дей отырып, бүгінгі «Еліміздің еркіндігіТәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.