Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дала жұлдызы » Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармалары мен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққатәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Дала жұлдызы" атты тәрбие сағаты»
7
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дала жұлдызы » Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармалары мен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққатәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері
Барысы: І. Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу ІІ. Әңгімелерінен көрініс. І. 1 -жүргізуші: Гүлбаһрам .Әрхалықтыңболашаққа бет алғантарихы даму жолындажарықжұлдыздайболыпбағыт - бағдарсілтеген, сөйтіпсолұлттың, халықтыңтарихындаесімдеріерекшеаталатынзортұлғаларболатыныайқын. ХалқымыздыңтұңғышғалымыШоқанУәлихановпен, ұлыкемеңгерақын Абай Құнанбаевпенбірге аса көрнектіқоғамқайраткеріЫбырайАлтынсарин. 2 -жүргізуші:Жұбаныш . Ы. Алтынсарин - алғашқыхалықмұғалімі, қазақдаласындаалғаш ретхалықтықмектепұйымдастырушыпедагогы, балаларғаарнап өтеқұндыөлеңдер мен әңгімелержазғанжазушы. Асылтас : Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанындақазіргіҚостанайоблысыныңЗатоболауданындадүниегекелген. ӘкесіАлтынсарыертеқайтыс болып, жастайынанатасыБалқожаныңтәрбиесіндеөскен. Осы атасыныңықпалыменЫбырай 1850 жылыОрынбордаашылғанорыс - қазақмектебінеоқуғаалынады. Сабақтыерекшеынтаменоқығанол 1857 жылы «өтежақсы»дегенбағаменбітіреді. Гүлбаһрам:Аңсағанның орындауында «Нарагачийді» қабыл алыңыздар Гүлбаһрам: Ы. Алтынсаринніңоқып, білімалуынажағдайжасап, ақыл - кеңесберіпотырғанатасыБалқожабиеді. ОқудажүргенжасЫбырайғаатасы хат арқылыөлең мен күш - қуат, ынта - жігерберіпотырады. Жұбаныш :Балқожабидіңбаласынажазған хаты. Ақерке: Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам.
Атаң мұнда анаңмен-есен аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың
Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің. Расұл : Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды. Жұбаныш: Ералының орындауында «Қосалқа» күйін қабыл алыңыздар Ақерке: 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады. Руслан: Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын. Ерасыл : Сауатты болса екен деп қазақ халқын, Білімге бастап беріп, жолды салды. Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен, Ыбырайдан өшпестей мұра қалды. Әділжан: Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай, Ұрандап өлеңімен келді былай. Жас ұрпаққа жар салып жанымен де «Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай. Кел, балалар, оқылық! Гаухар 3 «а»(мәнерлеп оқу)
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер, білім-бәрі де
Оқуменен табылған.
Әлпештеген ата-ене
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса-
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса-
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Гүлбаһрам: Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың, Күндей күліп өмірің болсын жарқын. Бас иіп ұлы Ыбырай рухына, Көтерейік бірігіп атақ - даңқын! Жұбаныш: Жас ұрпақ білім алды әр салада, Алғырлар өнер десе жан сала ма. «Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі, Мәңгілік із қалдырды әр санаға. Өнер - білім бар, жұрттарАлтын (өлеңін оқу)
Өнер — білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып — жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі — дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
«Екі шыбын» Иван Крылов аударған Ы.Алтынсарин. Алияның оқуында
( Мысал)
Бір өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында өгізі бар сабан тартқан.
-Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, -деді,-сен қай жақтан?
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып жөтеледі.
-Жер жыртып күні бойы шаршап келем,
Мазалап сұрап саған не керегі? Гүлбаһрам : Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді. «Ананың сүюі» (өлеңін оқу)Жұлдыздың оқуында
Кім сендерді, балалар , сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше.
Сендер қайтып келгенше адам болып,
Еш арманым болмас ед өле-өлгенше.
Зарует ұлы ағартушының «Өзен» өлеңін қабыл алыңыздар.
Тауларданөзенағарсарқыраған,
Айнадайсәулеберіпжарқыраған.
Желсоқса, ыстықсоқсабірқалыпта,
Аралап тау мен тастыарқыраған.
Көңіліңсуынішсеңашылады,
Денеңде бар дертіндіқашырады.
Өксіген, оттай жаныпжануарлар
Өзенненрақаттауыпбасылады.
Қынардатілсізтұрғантоғайлар да
Шуылдапжелменбірге бас ұрады…
Он мың мал айдапөтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармағансай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көкшығыпшөпбітпегенжайқалмайды.
Ел қыстапкүнкөредіжаныбында,
Дәмболаралуан — алуанбалығында…
Тастаста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Құдіретінқұдайымныңкөресінбе?
Не нәжіс тоқтарөзенденесінде…
Арыстандемалуғасуғакірсе,
Балықтаршымшыпойнартерісіне…
Жұбаныш : Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің әңгімесіне дайындалған көріністі ұсынып, бұл әңгіменің тәрбиелік мәнін терең мағынада түсінуге шақырамыз. Әңгімеден көрініс : «Бақша ағаштары» 4-сынып оқушылары
Қорытынды: Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.