Просмотр содержимого документа
«"Біз - болаша? белесіміз" »
Біз – болашақ белесіміз!
Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Мұғалім:
Армысыздар, аяулы ұстаздар, қадірлі қонақтар! Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 16 жыл толуына орай, 2-сынып оқушылары дайындаған мерекелік тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
1-оқушы:
- Қазақ жері – қонақжай төрлер жері,
Қазақ жері – қас сақтай ерлер жері.
Елі кедей болмаған-жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай шерлер жері!
2-оқушы:
-Қазақ жері көп шеккен қасиетті,
Қазақ ері-өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті!
3-оқушы:
- Даудан қашық жүріндер дүрлікпе тек,
Жаудан қашып, қор болып, үрікпе де.
Біріктірді қазақты Төле биі,
Бақыт, жеңіс, азат күн – бірлікте деп.
4-оқушы:
-Абылайлап Сабалақ қол көтерді,
Абылай хан атанып, ел басқарды.
Ерлігінен хандардың басталады-
Тәуелсіздік, елдіктің мол бастауы.
5-оқушы:
-Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де қиындықты азаппенен.
6-оқушы:
-260 жылдан кей»н келген Азаттық! Осы азаттықты қаншама ата- бабамыз аңсап, армандап кетті?!
7-оқушы:
-Алысқа бармай-ақ, кешегі желтоқсанда жас өмірін жалау етіп, алаңға шыққан жастарымыз да осы тәуелсіздікті арман етті емес пе?!
8-оқушы:
- Әр дәуірдің еркіне сай нақты өзгерген алтынның,
Айналайын, алтын әнім, жас өркені халқымның!
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда тәуелсіз ел болсақ біз деп талпындық!
9-оқушы:
-Қыршын кеткен Ләззат Асанованың, Ербол Сыпатаевтың, Сәбира Мұхаметжанованың, Қайтар Рысқұлбековатың аңсаған арманы мен үміт- тілектері бұл күні толық орындалды. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды.
10-оқушы:
- Бір өкініш бар – ол азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың бүгінгі бақытты күнге жете алмағаны. Қуанышқа куә болып, ортақтаса алмағаны.
Оқушылар Желтоқсан құрбандарының суреттерімен сахнаға шығарды.
11-оқушы:
- Бұл боздақтарымыздың есімі халқымыздың ұлттық батыры ретінде тарихта мәңгілік қалды.
Мұғалім:
-Тәуелсіздік үшін күрескен, бұл күнге жетпеген батырларымызды бір минут үнсіз тұрып еске алайық.
1 минут үнсіздік.
12-оқушы:
-Бүгінгі жас ұрпақ, сен бақыттысың. Өйткені, сен тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрудесің. Бабаларымыз қанымен қорғаған байтақ жерін ұрпағының – сенің еншіңде қалдырды.
13-оқушы:
-Ұландарым, сенім, үміт сендерде,
Өзге ұлттан өзіңді еш кем көрме!
Несіне біз қазақ болып туамыз,
Бұқпантайлап өтсек егер кең жерде?!
14-оқушы:
- Жаңа қоғам жаңа ойға жетелеп,
Сен атқарар, балам, парыз өте көп.
Халқыңды ойла, ертеңді ойла күнбе-күн,
Өз басыңның тойынғаны не керек?
15-оқушы:
Ұраның да жасасын!
Құраның да жасасын!
Қасиет-кие дарыған
Ұланың да жасасын!
16-оқушы:
-Қанатыңнан қайырылып,
Қыр арқаңнан майырылып.
Қонақ-Тәуелсіздіктен
Қала көрме айырылып.
Мұғалім
Қазақстан Жоғары Кеңесі 1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, 70 жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан тәуелсіз ел болды.
Бұл күн Қазақстан тарихында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің күні деп алтын әріптермен жазылды. Ән. «Қазақстаным менің»
Қазақстаным менің
Сөзі: Көмек ыбыраев.
Әні: Көмек Ыбыраев.
1.Әлемге аян кең төрі,
Ұлы-қызы батыр зерделі.
Алтын заңымен көркейіп
Егемен елдің ертеңі.
Қайырмасы:
Думанға толы айналам,
Бағымда бұлбұл сайраған
Жомарт қой дархан бай далам,
Қазақстаным менің
Арманда алға жалғаған
Тура жолды өзі таңдаған
Қыраны биік самғаған
Қазақстаным менің!
2. Осынау елде бақ табам
Осынау елде шаттанам
Мерейін елдің арттырған
Астанам менің-асқақ ән.
Қайырмасы:
3. Сенімен қарап таңыма,
Келешек ұрпақ бағына-
Достықтың туын көтеріп,
Шырқайық достар тағы да.
Қайырмасы:
17-оқушы:
-Өзіңдікі-елдің де,
Өзіңдікі-жерің де!
Өзіңді-өзің еткен бақ-
Тәуелсіздік төріәңде.
18-оқушы:
-Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
19-оқушы:
-Қара жерде қылтыңы жоқ бір елміз,
Әр биік, әрі кеңбіз, тереңбіз.
Әнімен бар асқақ тудай өрлеген,
Көтерілсе-тік көтерер халқымды.
Кең даладай кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешкімге де бермейміз!
Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!
Мұғалім:
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды. Содан бері 15 жыл өтіпті.
15 жыл бейбіт өмір, тыныштықта,
15 жыл тұрақтылық пен теңдікте,
15 жыл бірлік пен ынтымақта.
20-оқушы:
-Бізге де кез келді ғой көктем шығар,
Зілзала, құйын заман өткен шығар.
Күнсіз-түн шырылдаған құлын дауысың
Құдайдың құлағына жеткен шығар.
21-оқушы:
-Тебірентіп тұрса болды Жер-бесігім,
Дәулеттің тілемейтін көл-көсірін.
көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!
Би «Той бастар» орындайтын 4 «Е» сынып оқушысы Жангірғанова Айкүміс
22-оқушы:
-Біткендей қанат, жаңа дем,
Айбындв күйді кешеміз.
Таниды енді бар әлем,
БҰҰ-ға мүшеміз.
23-оқушы:
-Басқаша мүлдем тапты өрнек,
Ағымы заман көшінің.
Аруақтар рухын қастерлеп,
Көшеге бердік есімін.
24-оқушы:
-Пейіліндей кең даласы,
Жері шүйгін, суы бал.
Азат елміз, қарашы,
Елтаңбасы, Туы бар.
25-оқушы:
-Ұлты үшін мыңмен алысып,
Атылған жау мен банды боп.
Елімен қайта табысып,
Бабалар бағы жанды көп.
26-оқушы:
-Паш еткен даңқын, атағын,
Қазақстан-Отаным!
Нұрға бөлер даңқыңды,
Ақ таңың боп атамын.
Мұғалім:
-16-желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігіне 15 жыл толады. Ғасырдан ұшқыр 15 жыл!
-Бұл күн - талай-талай қилы замандарды басынан кешірген қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған ақжарқын күн. Сонымен бірге біз қазір 4 сыныптар үздіктерін «Балдырған» ұйымына қабылдаймыз, акт.
Ендігі сөз кезегі мектеп директорының орынбасары Имамбаева Рыскүл Әбдіғалиқызына беріледі.
Мұғалім:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен жеттік. Біздің туымыз, тәуелсіздік тірегіміз - бейбітшілік», - деге. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтары да бейбітшілікті қолдайды.