kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош келдің, Жаңа жыл, жаңа белес, жаңа арман"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»

Мақсаты: Ата – ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару. Ата – ананың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру.
 

Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан»

Даналық сөз: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко т. б. Сұрақтар жасырылған алқаптағы гүлдер.

Кіріспе сөз
Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата – анамен мұғалімнің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу»яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.

 Барысы: 

1. Шаттық шеңбері

Ата-аналар бірлесіп шаттық шеңберін құру.

Танысу.  Топқа  түстер арқылы бөліну.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.
Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. Менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?

Ой қозғау
Бала деген кім?
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын
жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б

Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. б Біздің баларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек

Гүл теруге шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Сұрақтар:
1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
2. Егер сіздікі дұрыс болмасада балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
3. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
4. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?
5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

6. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

7. Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

8. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жуапкершілігі басым ба?

9. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?


Ситуациялық сұрақтар
«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік.
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды.

  • Қалай ойлайсыздар әңгіме қалай өрбіді?

Ата-аналар пікірін тыңдау

Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»

Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

5.    «Сіз қандай ата-анасыз?» тесті.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің, Жаңа жыл, жаңа белес, жаңа арман"»

«Балалар жарақатының алдын алу. Жолда жүру ережесін сақтау»

тақырыбында өткен ата-аналар жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы №2

Күні: 02.11.2022ж.

Сыныбы: 1Б

Барлығы: 24

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны: 9


Күн тәртібінде:

  1. 2022-2023 оқу жылының І тоқсан қорытындысы.

  2. Балалар жарақатының алдын алу. Жолда жүру ережесін сақтау.

3. Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік нұсқаулығы.

4. Әр түрлі мәселелер.

1-ші мәселе бойынша І тоқсан қорытындысы, оқушылардың жетістіктері, рейтинг көрсеткіші туралы туралы сынып жетекшісі Г.Н.Қаналина сөз алды.

Сыныпта 24 оқушы. Ер бала-9 , қыз бала-15. Толық емес отбасы-1 , көпбалалы отбасы-9 , аз қамтылған отбасы-6. 1 тоқсан бойынша оқудың үлгерім, сапа көрсеткіштеріне тоқталды және алдағы тоқсанда оқу сапасын одан әрі арттыру мақсатында ата-аналардың сабақтарға қатысу, бала біліміне өте үлкен жауапкершілікпен қарап, мұғаліммен тығыз байланыста болу міндеттері тапсырылды.


2022-2023 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша 1Б сынып оқушыларының

жетістіктері

Оқушының

аты-жөні

Жетістігі

1

Ерғалиев Ерсұльан


Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ Республикалық «Алтын ұрпақ-2022» олимпиадасы ІІ-орын

2

Амандық Айым

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ Республикалық «Алтын ұрпақ-2022» олимпиадасы ІІІ-орын

3

Орах Інжу

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ Республикалық «Алтын ұрпақ-2022» олимпиадасы ІІІ-орын математика, әліппе І-орын

4

Қазыбай Ария

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ Республикалық «Алтын ұрпақ-2022» олимпиадасы І-орын

5

Ережеп Нұрлы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ Республикалық «Алтын ұрпақ-2022» олимпиадасы ІІ-орын

6

Қуаныш Заңғар

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ Республикалық «Алтын ұрпақ-2022» олимпиадасы ІІІ-орын



2-
мәселе бойынша 1 Б сынып жетекшісі Г.Н.Қаналина «Балалар жарақатының алдын алу. Жолда жүру ережесін сақтау»тақырыбында сөз алды.

Жарақат деп бала ағзасына сыртқы ортаның қандай да бір факторы аяқ астынан әсер ету нәтижесінен, тіннің анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы және онда физиологиялық процестердің болуын айтады.

Әртүрлі жастағы балалар тобы арасында қайталанатын ұқсас жағдайдағы зақымданулар, балалар жарақатының түсіндірмесіне жатады. Балалар жарақаты, әсіресе балалар каникулға кеткенде болмай қоймайтын кесел сияқты, каникулда баланы бақылау және қауіптерден қорғау өте қиын. Шындығында, көптеген жарақат және қауіпті жағдайлардың алдын алуға болады. Балалар жарақатының алдын алу салмағы әрине, ата-аналар мен мұғалімдерге түседі.

Балалар жарақаты, ересектер жарақатына қарағанда анағұрлым кең тараған, бұл таң қаларлық жайт емес. Балалар өте бәрін білгіш, қоршаған әлемді белсенді танып-білуге тырысады. Дегенмен, оларда өмірлік дағды әлі аз, бірақ олар жағдайдың қауіптілігін әрқашан бағалай алмайды. Сондықтан, да балалар жарақаты, сирек емес.

Балалар жарақатын шартты түрде, бала қай жерде жарақат алған орнына қарай, бес типке бөлуге болады:

  • тұрмыстық (үйде, аулада, балабақшадаболатынжарақаттар);

  • көшеде (біріншікезектекөліктік, дегенменкөлікпенбайланыстыеместер де);

  • мектептегі;

  • спорттық

  • басқалар.

Тұрмыстық жарақат – ең көп таралған және оның себептері көп жағдайда – ата-аналардың ұқыпсыздығынан болады, баланы қараусыз қалдырып қана қоймай, сонымен бірге балаға қауіпті жерде қалдырады.

Балалар жарақаты – маңызды мәселе, ата-аналар өздерінің балаларына дұрыс қараса және қауіпсізідк ережелеріне үйретсе, көптеген жарақаттардың алдын алуға болады.

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.            

3-мәселе «Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік» нұсқаулығымен таныстырылды. Нұсқаулық тараулары:

1. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар

2.Қауіпсіздік талаптары

3.Жол қауіпсіздігі ережелері:

4. Велосипедпен жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері

5. Темір жол көлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

6.Автобусты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

7. Адамдардың жаппай демалатын орындарындағы қауіпсіздік ережелері.

8. Жеке қауіпсіздік ережелері.

9. Балаға құрылыс алаңдарына, мазарларға, түрлі қауіпті аймақтарға баруға болмайды.

10. Электр қауіпсіздігі ережелері

11. Өрт қауіпсіздігі ережелері

12. Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары.

13. Терроризм

4-мәселе Әртүрлі мәселелер. Оқушылар сыныптан тыс түрлі мектепішілік, аудандық шараларға қатысып марапттарға ие болды. Әліде талай шараларға қатысамыз деген ойдамын. Ағымдағы жылға газет-журналға жазылу жүріп жатыр. Балаларымыздың сөздік қорын молайту үшін, шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін балаларға арналған газет-журналдарға жазылуға кеңес беремі.

Қаулы:

  1. 2022-2023 оқу жылдың 1 тоқсан қорытындысы ата-аналар назарына алынсын.

  2. Оқушылардың саналы, сапалы білім алуына ата-ана тарапынан балаға жағдай жасалсын, қолдау көрсетілсін.

  3. Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібіне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалау ата-аналарға міндеттелсін.

  4. «№5 мектеп-лицей оқушыларының күзгі демалыс уақытта өмірі мен денсаулығын сақтауға арналған мақсатты» нұсқаулықтың орындалуын бақылау ата-аналарға міндеттелсін.

  5. Күзгі демалыс кезінде баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-анаға міндеттелсін.

  6. Оқушылардың үлкен жетістіктерден көрініп, түрлі іс-шараларға қатысуына ата-ана тарапынан қолдау көрсетілсін.

  7. Оқушылардың жұқпалы аурудың алдын-алуда қауіпсіздік ережелерін сақтауы ата-аналар тарапынан бақылауға алынсын.


Ата-аналар жиналысының төрайымы 1 Б сынып жетекшісі: Г.Н.Қаналина

Хатшысы ата-аналар комитетінің төрайымы: Ж.А.Оспанова

























































5 мектеп-лицей оқушыларының күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулығымен таныстым.


Ата ананың аты - жөні


Қолы

Күні

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15





Сынып жетекші: Э.Қ. Берентаева































Ата-аналар жиналысының қаулысымен таныстым:


Ата ананың аты - жөні


Қолы

Күні

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15





Сынып жетекші: Э.Қ. Берентаева



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қош келдің, Жаңа жыл, жаңа белес, жаңа арман"

Автор: Қаналина Гүлбану Нұрланқызы

Дата: 03.04.2023

Номер свидетельства: 628944

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Қош келдің, Жаңа жыл, жаңа белес, жаңа арман!"
    ["seo_title"] => string(46) "kosh_keldin_zhana_zhyl_zhana_beles_zhana_arman"
    ["file_id"] => string(6) "628908"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1680503318"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Т?уелсіз елді? жа?а белесі!» Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "tuielsizieldinzhanabieliesitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "326511"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463209834"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Қош келдің Жаңа жыл, жаңа белес, жаңа арман!"
    ["seo_title"] => string(48) "kosh_keldin_zhana_zhyl_zhana_beles_zhana_arman_2"
    ["file_id"] => string(6) "629047"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1680676994"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства