Просмотр содержимого документа
«"Білгірлер" интеллектуалды ойын»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Теміртау қ. әкімдігі «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ
«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
3 – сыныптар
Өткізген бастауыш сынып
мұғалімі Исаева А.С.
2015-2016 оқу жылы
Уақыты: 11.30 минут
Қатысқандар: әр сыныптан 5 оқушы, 5 топ
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу. Түрі: интеллектуалды ойын Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: шарлар, слайд, сергіту сәті
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3 - сыныптар арасында өткелі отырған «Білгірлер» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Айналайын, бір өзіңнен дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер ұландармен,
Сәтте келіп қалғандай танысатын.-дей келіп, «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені»-деп дана халқымыз айтқандай білгірлеріміз өздерін таныстырсын.
Жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста Жарыстың ба орта жолда қалыспа Әділқазы бағалайды сіздерді Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық: 1. Оқу ісі меңгерушісі Жаксыбаева Куралай Бодеевна
2. Оқу ісі меңгерушісі Байжигитова Гульмира Шаматаевна
3. Құқықтық тәрбие ісі меңгерушісі Жумажанова Нуржамал Амангелдиевна
4. Бастауыш сынып мұғалімі Омаркасова Галия Толеубековна
5. Бастауыш сынып мұғалімі Бекназарова Раила Уалихановна
6. Ағылшын тілі пән мұғалімі Қойшыбаева Мадина
Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар: 1 - айналым. «Бәйге» 2 - айналым. «Жеті жұрттың тілін біл» 3 - айналым. «Қызықты төрттік» 4 - айналым. «Білімпаз» 5 - айналым. «Жорға»
Сайысқа қатысатындарға іске сәт!
Жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.-дей келе «Бәйге» айналымын бастайық! Мақсаты: бұл айналымда әр топ 3 сұраққа тез жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Алғырлар:
“Қырдан келген жас қазақ” шығармасында кім туралы жазылған? (Шоқан)
Жүрекке баратын көк тамыр. (көк тамыр)
Тұңғыш Президент күнін қашан тойлаймыз? (1 желтоқсан)
Қыран:
Ең алғаш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы (Периметр)
Елордамыз қай қала? (Астана)
Тұлпар:
Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Шоқан Уәлиханов)
Жердің өсімдік өсетін жұмсақ қабаты не? (Топырақ)
Конституцияны қашан тойлаймыз? (30 тамыз)
Тапқырлар:
“Өнер білім бар жұрттар” кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)
Тыныс алу мүшелеріне не жатады? (мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе)
Ұпайларым көбейеді деп тіле.-дей отырып, «Жеті жұрттың тілін біл» айналымын бастаймыз. Мақсаты: жұмбақтың шешімін тауып, оның жауабын орыс және ағылшын тіліне аудару керек. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.
Алғырлар:
Бір-бірімен жарысқан, Төрт аю, бір арыстан. Екі қой мен бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді? (Cегіз-восемь-eight)
Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі. (Қарындаш-карандаш-pencil)
Қыран: 1. Бір-бірімен жарысқан
2 аю, 1 арыстан,
4 қоян, 3 түлкі
Бәрі нешеу ойлан сен (Он-десять-ten)
2.Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп-школа-school)
Тұлпар:
1.Өткізген тырна сабаққа,
Қатысты жеті сауысқан,
Үшеуі ғана олардың,
Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысқан осы сабаққа? (Төрт-четыре-four)
2. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде (Қалам – ручка- pen) Тапқырлар:
1. Табақта 5 алма
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ( Жеті-семь-seven )
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында Ұзындығы жазулы тұр бойында (Cызғыш-линейка-ruler )
Болашақ:
1. Мұз айдындағы 7 бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай 2 бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың. (Тоғыз-девять-nine)
2. Жаны жоқ болса да, Ақылды адам ісін істейді (Кітап – книга-book) Сергіту сәті
Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.-дей отырып келесі «Қызықты төрттік» сайысын бастаймыз. Мақсаты: негізгі пән бойынша20, 30, 40 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді.
Қазақ тілі. 20. Орыс тілінен енген қатаң дауыссыз дыбыстарды ата. (ф, ч, щ, ц)
30. Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? (бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем)
40. Неліктен бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады? (бастауыш да, баяндауыш та зат есім болса) Әдебиеттік оқу. 20. «Дала жұлдызы» кімнің әңгімесі? (Сырбай Мәуленов) 30. Ғалым, ағартушы, «Мұсылман даласы туралы», «Жонғария очеркі» т.б авторы кім? (Ш. Уәлиханов)
40. Қай мәтіннен алған үзінді:
«Біраз жүрген соң көзіме әп - әдемі тиін көрінді. Екі құлағы тас төбесінде
30. Сүйекке бұлшық ет қалай бекиді? (Бұлшық еттің екі ұшы сіңірлі келеді. Бұлшық ет осы сіңірлер арқылы сүйекке бекиді.)
40. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? Аспан суреті суға көрінген кезде. Математика.
20. Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр, әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық) 30. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (тікбұрыш) 40. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда) Жүргізуші: Қадірін білсең егер сен, Қол ұшын берер ол саған Есептеп жүрсең бәрін де, Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Білімпаз» деген айналымын бастайық. Мақсаты: мақалдың бір сыңарын айтамын, топ мүшелері екінші сыңарын табады. Іске сәт!
Алғырлар:
1. Жақсы байқап сөйлер, ……(Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер)
2. Білгенің бір тоғыз... (білмегенің 99 )
3. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен).
Қыран:
1.Ұяда не көрсең, … …(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің) 2. Жақсы сөз сүйіндіреді ……. ( Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді. 3. Жаздың бір күні..... (қыстың 1000 күні)
Тұлпар: 1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады). 2. Аттың бәрі тұлпар болмас, ……. (құстың бәрі сұңқар болмас)
Болашақ: 1. Ойнап сөйлесең де, .... (ойлап сөйле).
2. Баланың ұяты әкеге,……… (Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге) 3. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ...(төртеу түгел болса төбедегі келеді.)
Сергіту сәті
Жүргізуші: Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді. Әр нәрсенің жауабын тез Айтайықшы ұғымды-дей келе отырып, ойынымыздың келесі кезеңі «Жорға» айналымына да жеттік. Мақсаты: топ капитандары сұрақтарға тез әрі жанылмай жауап беру керек.
Алғырлар:
1.EXPO -17 дүниежүзілік көрмесі қай қалада өтеді? (Астана)
2.Жүректен ішкі мүшелерге тасымалдайтын қызыл тамыр (артерия)
3.Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
4.Түйенің пірі (Ойсылқара)
5.Абайдың әжесі (Зере)
6.Масса бірліктерін ата. /г, кг, ц, т/
7.Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін (Сипаттау мәтіні)
Қыран:
1.Гимн қай кезде шырқалды? (2006 жылы)
2.Қалталы аң (Кенгуру)
3.Елтаңбаның авторлары (Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов)
4.Сиыр пірі (Зеңгі баба)
5.Абайдың анасы (Ұлжан)
6.Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда........ шығады. (Бөлгіш)
7.Ойдың иесін білдіретін тұрлаулы мүше (бастауыш)
Тұлпар: 1. Қазақ хандығына неше жыл? (550 ж)
2. Қай жануар өз үйін арқалап жүреді? (Тасбақа)
3. Тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
4. Қойдың пірі (Шопан ата)
5. Абайдың неше қарасөзі бар? (45 қарасөзі)
6. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда...шығады. (Көбейткіш)
7. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?(Тұрлаулы мүшелер)
Тапқырлар:
1.Қара алтын (Мұнай)
2.Ұя салмайтын құс (көкек)
3.Гимннің әнін және сөзін жазған кім? (сөзін жазған: Н.Назарбаев, Жүнәжімеденов, әнін жазған: Ш.Қалдаяқов)
4.Жылқының пірі (Қамбар ата)
5.Күйді орындаушы адам (Домбырашы)
6.Кез келген санды 1 - ге көбейткенде.......... шығады. (санның өзі)
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай таным да, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста. Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып! - Осымен біз «Білгірлер» интелектуалды ойынының соңғы нүктесіне келіп тоқтадық, енді бес топтың қорытындыларымен әділқазы алқасының шешіміне сөз берейік. Зер салып тыңдап, атсалысқаныңызға үлкен рахмет!
Қызыл:
1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?
2. Қостанай неге бай аймақ?
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында бейнеленген қыран құсы нені білдіреді?
4. Қазақ хандығын құрған хандар?
5. Заң бойынша бала деп кімді атайды?
6. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?
Сары:
Қазақстан халқы алғаш рет өзінің Президентін қашан сайлады?
Шымкент неге бай аймақ?
Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалатын рәміздің бірі
EXPO-2017 Халықаралық көрмесі қашан және қай қалада өтеді?
Үкіметті кім басқарады?
Астананың бұрынғы атауы
Көк:
Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?
Қызылорда неге бай аймақ?
Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. Бұл қандай рәміз?
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа алғаш самғаған қазақ ғарышкері кім?
Заң шығарушы орган
Бәйтеректің биіктігі қанша метр?
Жасыл:
Еліміздің рәміздері қабылданған күн? (1992 жылы 4 маусым)
Атырау неге бай аймақ?
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген рәміздің бірі?
Қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресті жүргізген, үш бидің басын қосқан хан кім?
Ел басқару саласындағы ең басты тұлға?
Президент резиденциясын атаңдар
Күлгін:
Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?
Қарағанды неге бай аймақ?
Қазақстан Республикасының жаңа Гимні қашан қабылданды?