kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Білгірлер сайысы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

  1. Интеллектуалды? ойын ар?ылы ептілікке, ?з ара сайыс т?рінде ?арапайым болса да логикалы? ойлауды ?ажет ететін т?рлі мазм?нды есеп, ж?мба?тарды шешуде о?ушыларды? танымды? ?асиеттерін дамыту, тап?ырлы??а баулу;
  2. О?уышларды п?нге деген с?йспеншілікке, білімге, ??штарлы??а, шы?армашылы?пен ж?мыс жасау?а т?рбиелеу;
  3. Ойын ар?ылы о?ушыларды? математикалы? сауаттылы?ын арттыру.

?ткізу т?рі: жарыс саба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Білгірлер сайысы»»

Тяжина Татьяна Талгатовна

Математика пәні мұғалімі

Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі

« Білгірлер сайысы»

Мақсаты:

  1. Интеллектуалдық ойын арқылы ептілікке, өз ара сайыс түрінде қарапайым болса да логикалық ойлауды қажет ететін түрлі мазмұнды есеп, жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу;

  2. Оқуышларды пәнге деген сүйспеншілікке, білімге, құштарлыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу;

  3. Ойын арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.

Өткізу түрі: жарыс сабақ

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, презентация


«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып.

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар, арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі»-деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 8 сынып оқушылары арасында математикадан «Білгірлер сайысы» атты білім сынағының куәгері боласыздар. Сайыскерлер тапқырлығымен көзге түсер деп ойлаймын. Ортаға ойынға қатысушы сайыскерлерімізді шақырамыз. Сайыскерлермен танстыру.

1. 8 «А»

2. 8 «Ә»

3. 8 «Б»

4. 8 «В»

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

1.

2.

3.

Құрметті жиылған қауым, мен сіздерге мына бір мақалды айтқым келіп тұр. «Жүгірген ала ма, әлде бұйырған ала ма» демекші, сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

  • Топтарды таныстыру (5 ұпай)

  • Қас қағым сәт (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

  • Тіл өнер (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

  • Нар тәуекел (алынған ұяшықтағы берілген ұпайлар бойынша бағалау)

  • Кім жылдам(әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

Осындай дүбірмен күй ақтарған,

Бәйгеден озып келу сияқты арман.

Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,

Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан.


І кезең: топтардың таныстыруын бастаймыз.

Ережесі: сайыскерлер өздерінің топтарының аттары мен ұрандарын таныстырып өтеді. Ең жоғарғы ұпай- 5 ұпай.


Қойылған сұрақ есепке

Ойланып жауап іздейік

Уақытты текке өткізбей

Лезде шешіп тастайық.


ІІ кезең: «Қас қағым сәт».

Ережесі: Бұл кезеңде төрт топ сайыскерлері де қатысады. Әрбір топқа жеке-жеке 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


1 топ сұрақтары:

1) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)

2) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағ)

3) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)

4) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

5) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)

6) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)

7) Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді. Радиус

8) Сәуленің ұшы бола ма? Иә

9) Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. Шаршы

10) Тік бұрыштан кіші бұрыш. Сүйір


2топ сұрақтары:

1) Қосудың теңдігі. Қосынды

2) Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз

3) Санның жүзден бір бөлігі. Процент

4) Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.

5) Метрде қанша сантаметр. Жүз

6) Ең кіші жай сан. 2

7) Тік бұрыштың шамасы . 900

8) Торғайлар ұшып келіп бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екіден қонса бір бұтақ артық қалады. Торғай қанша, бұтақ қанша? (4 торғай, 3 бұтақ)

9) Бір жанұяның бес ер баласы бар, және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)

10) Көбейтінді қай кезде нөлге тең? Біреуі нөлге тең болғанда



3 топ сұрақтары:

1)Бір минутта қанша секунд. 60

2) Бірге және өзіне бөлінетін сан. Жай сан

3)Екі санның бөліндісі. Қатынас

4) Пропорцияны білдіретін белгі. Теңдік

5) Математика патшасы. Арифметика

6)Диаметрдің жартысы. Радиус

7)Бір жылда неше тәулік бар? 365

8) Біршоколадты 100 теңгегесатыпаламыз.1,5 шоколадтынешетеңгегесатыпалуғаболады. (200)

9) Кесінді тұйықталған ба? Иә

10) Берілген фигураның қабырғаларының қосындысы. Периметр



4 топ сұрақтары

1. Дөңгелектің ең үлкен хордасы. Диаметр

2. Азайтудың теңдігі . Азайтынды

3. Қай санды бөлуге болмайды. 0

4. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

5. Шеңберді сызатын құрал. Циркуль

6. 1кг-да қанша грамм бар. 1000гм

7. Ең кіші натурал сан. 1

8.Жазыңқы бұрыштың шамасы. 1800

9. Диаметрі 8 м тең болғанда, радиус неге тең?

10. Қиылыспайтын екі түзуді қалай атайды? Параллель


Бұл кезеңнің сұрағы,

Көпшілікке ұнайды.

Көп сұрақтың орнында,

Қандай сөздер тұрады.

Ойланайық азырақ,

Уақытты үнемдеп.

Кім айтады кәнеки?,

Жауабын мен білем деп.


ІІІ кезең: Тіл өнер

Ережесі: Бұл кезеңде 4 топ сайыскерлері де бірдей уақытта қатысады. Интерактивті тақтадағы берілген тапсырмалардың жауаптарын үш тілде айтып берулері керек.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады.


1. ... тістен шыққан сөз,

.... рулы елге тарайды.

Жауабы: отыз, тридцать, thirty

2.Жүз төрт түйме, он бір ине

Жауабы: есепшот, счет, account

3..... ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Жауабы: алтау, шесть, six

4.Ел құлағы ...

Жауабы: елу, пятьдесят, fifty

5.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі

Жауабы: сызғыш, линейка, ruler

6. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені

Жауабы: екі, два,two

7.Мың қосшыға ... басшы

Жауабы: бір, один, one

8. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында

Жауабы: сызғыш, линейка, ruler

9.Көкқұтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады

Жауабы: циркуль, циркуль, compasses

10.... кісі бір жақ,

Қыңыр кісі бір жақ.

Жауабы: қырық, сорок,forty


Қарап тұрмай есеп шешіп еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Төртінші кезең “Нар тәуекел” көріңіз.

ІҮ кезең: Нар тәуекел


Ережесі:Ойынға 4 топ сайыскерлері қатысады. Сұрақтар сайыскерлерге математика бойынша 4 бөлімнен дайындалады. Сұрақтар экранда тиісті ұпай сандарының астында жазылады.Берілген әрбір дұрыс жауап үшін сәйкесінше ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, жауап беру құқығы келесі топқа өтеді.

«Нар тәуекел» кезенінің сұрақтары:

Математиктер:

10 ұпай:15 ғасырда Самарқанд ғалымы «Арифметика кілті» еңбегінде ондық бөлшектерді енгізді. Ол кім? (әл-Каши)

20 ұпай:Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? (Омар һаям енгізді әл-Жебр қалпына келтіру уал-қарсы қою)

30 ұпай:Египеттегі Хеопс пирамидасының биіктігін дәл тапқан ғалым математик? (Фалес)

40 ұпай:«Негіздер» кітабының авторы кім? (Евклид)

Сандар сөйлейді:

10 ұпай:«Ноль»сөзінің мағынасы және қайдан шыққан? («ноль»ұғымы 5 ғасырда Үндістанда шыққан. «Ноль» жоқ деген сөз)

20 ұпай:Тетелес сандар деген қандай сандар? (Егіз сандар–айырымы екіге тең болатын жай сандар)

30 ұпай:«Барлық заттың негізі–сан»кімніңсөзі (Пифагор)

40 ұпай:Палиндром дегеніміз не?(( грекше – кері жүгіру ) – сол жақтан оң жаққа қарай, оң жақтан сол жаққа қарай бірдей сан құрайтын цифрлармен жазылған натурал сан. Мысалы , 121; 5995;1991;13531;345543–сандары палиндромдар.)

Сен білесің бе?

10 ұпай:Әріпті өрнекті енгізген ХҮІ ғасырдың көрнекті математигі (ФрансуаВиет)

20 ұпай:«Хисаб ал джебр валмукабала» еңбегінің авторы (әл-Хорезми)

30 ұпай:Қазақта қолданатын ұзындық өлшеулерін ата. (Шынтақелі, бірелі, сынық сүйем, құлаш, табан, қадам, көзкөрім жер, таяқ тастам жер, түстік жер, күндік жер,

қозыкөш жер, т.б.)

40 ұпай:Геометрия терминінің мағынасы (жерөлшеу)

Әр түрлі:

10 ұпай: диаметрдің жартысы (радиус)

20 ұпай:Қандай мемлекеттің атында геометриялық дененің аты қайталанады? (Куба)

30 ұпай:Қандай елде бірінші рет шеңберді-қа бөлді? (Вавилон)

40 ұпай:Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай? (365 күн, 6 сағат)


Біздің келесі соңғы сайысымыз – «Кім жылдам».


V кезең.


Ережесі: Бұл сайыста4 топқа әріптері адасқан 5 математикалық ұғымдар беріледі. Осы математикалық ұғымдарды сайыскерлердің қайсысы бірінші болып дұрыс ретімен жазып шығулары керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


1 топ:

АНС - САН

БРОМ -РОМБ

ЛЕСУӘ -СӘУЛЕ

РОТКЕВ -ВЕКТОР

КИРЬЛУЦ - ЦИРКУЛЬ


2 топ:

АДАПИРИМ – ПИРАМИДА

ЦИПОРЯРОП – ПРОПОРЦИЯ

УБК – КУБ

ЗҮУТ – ТҮЗУ

ҰРШЫБ – БҰРЫШ


3 топ:

ӨЛКЕШБ – БӨЛШЕК

НУКЯИФЦ – ФУНКЦИЯ

ТЕРАЛГИН – ИНТЕГРАЛ

АПРЕЛЬЛЛА – ПАРАЛЛЕЛЬ

АПРЦЕТЯИ - ТРАПЕЦИЯ

4 топ:

ЕҢШБРЕ – ШЕҢБЕР ШҰБРШҮЫ – ҮШБҰРЫШ ТРҰБЫШРӨТ - ТӨРТБҰРЫШ РВАДКАТ – КВАДРАТ

ЕРЖӘДЕ - ДӘРЕЖЕ


Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша дейін, біз көрермендермен жұмыс жасайық.


«Серпілу» көрермендер кезеңі:

  1. портфелімде әуелі

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пен Маратқа,

Самат пенен Сағатқа,

Апасына Қанаттың

Екі-екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғаны,

Айта қойшы ал, жаным.

(3)

2. Біздің үйде көжек көп,

Іштеріңде өжет көп.

Әсіресе бес көжек,

Маған нағыз дос көжек.

Қолымнан кеп жем жейді.

Басқалары келмейді.

Бес көжекке достасқан

Сәбіз бердім қос-қостан.

Бір сәбізім соңында

Қалып қойды қолымда.

Сәбізімді әуелгі

Санап берші ал енді.

(11)

3. Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бірқазан

Екі үйрек, бір сазан,

Бір көксерке, бір қарға

Қосылды кеп бұларға

Айтшы, неше құс ұшып жүр

Неге екенін түсіндір.

(12)

4. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары?

( 6 )


5. Бір кемпір:

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те,маған бер.»-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,»-деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?

(10 адам,5 ұры)


6. Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі,

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасан бос күлкі.

(28)


7.Түйе ,бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнаң құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

(17)

8.Бес бұтақты қайыңда-

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Сайынға,

Сонда қалмақ неше алма?

(қайыңда алма өспейді)


Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Сарапшылар сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды – дей отырып сөз кезегін әділ –қазылар алқасына береміз.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
« Білгірлер сайысы»

Автор: Тяжина Татьяна Талгатовна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251295

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Саба? жоспары: "Білгірлер сайысы""
    ["seo_title"] => string(33) "sabak-zhospary-bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "276612"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452768569"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Конспект урока по каз языку "Білгірлер сайысы" "
    ["seo_title"] => string(48) "konspiekt-uroka-po-kaz-iazyku-bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "191711"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427360791"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?аза? тілінен  "Білгірлер сайысы" "
    ["seo_title"] => string(34) "k-azak-tilinien-bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "193204"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427611258"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сыныптан тыс ж?мыс.Білгірлер сайысы. 9 сынып."
    ["seo_title"] => string(47) "synyptan-tys-zhu-mys-bilghirlier-saiysy-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "276485"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452748031"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Білгірлер" сайысы "
    ["seo_title"] => string(18) "bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "211108"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1431539940"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства