kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?рін білгім келеді. Интеллектуалды ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Б?рін білгім келеді.»

Ма?саты: О?ушыларды ?азіргі заман талабына сай тере? білім алу?а ынталандыру.
Жас ?рпа?ты? танымды? к?з ?арасын, ой - ?рісін, д?ниетанымын ке?ейту, іскерлік ?асиеттерін дамыту.
Логикалы? ойлау, с?йлеу ?абілеттерін шы?дау, о?ушылар бойына ?лтты? м?дени ??ндылы?тарды сі?іру.
Саба? т?рі: Танымды? ойын
Барысы:

М??алім: Армысыздар, ??рметті ?стаздар, о?ушылар!
   Б?гінгі жастар - хал?ымызды? болаша?ы, елімізді? ерте?і. О?ушыларды? ой - ?рісін ке?ейтіп, есте са?тау ?абілетін шы?дайтын, білімді жастарды аны?тайтын сайысымызды бастаймыз.
А?ыл - та?да?ан?а тозбайт??ын,
Білім – ке?, ?анша болса азбайт??ын.
?атары? оза шауып бара жатса,
Ар?аны? ауруы не ?озбайт??ын,- деп Т?рма?анбет Ізтілеуов айт?андай, білім сайысына ??лшынып т?р?ан білімді о?ушыларды таныстырып ?тейін. Б?гінгі сайысымыз?а 3 топ ?атысады. Тап?ырлар, Ойшылдар, Білгірлер. Олай болса ойын?а ?атысушылар с?з кезегін ?здері?е берейік. ?р топ басшысы ?здерін таныстырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?рін білгім келеді. Интеллектуалды ойын »

Интеллектуалды ойын.

Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді...»

Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
Жас ұрпақтың танымдық көз қарасын, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту.
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: Танымдық ойын
Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл - таңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кең, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларды таныстырып өтейін. Бүгінгі сайысымызға 3 топ қатысады. Тапқырлар, Ойшылдар, Білгірлер. Олай болса ойынға қатысушылар сөз кезегін өздеріңе берейік. Әр топ басшысы өздерін таныстырады.
1 - топ. Тапқырлар: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» дегендей, біз өз білімімізді бұл сайыста шыңдаймыз, жеңіске жетуге ұмтыламыз. Барлық сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
2 - топ. Ойшылдар: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей біз бүгінгі сайыста өз білімімізді көрсетіп, әр уақытта алдыңғы орында болып, биікке шарықтаймыз.
3 - топ. Білгірлер: «Қандай сынақ болса - дағы беріспе, Әрқашанда үміткер бол жеңіске»,- деп өз тобыма жеңіс, қарсылас топтарға сәттілік тілеймін!

Әділқазылар алқасын сайлау.

1. Бокаева Ж.С. – бастауыш сыныптар ӘБ жетекшісі

2. _____________________________________________________

Ойын ережесімен таныстыру.

1. «Кім жүйрік?».

2. «Ұшқыр ой».

3. «Кім көп біледі?». Топ басшыларына арналған сұрақтар.

4. «Айшықты сөздер».

5. «Ойлы болсаң, озып көр!».

6. «Қас-қағым сәт».

1 кезең. «Кім жүйрік?». Ойынның шарты: Әр топқа 3 жұмбақтан жасырылады, жұмбақтарды шешіп, жауабын үш тілде, қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде айту. Әр дұрыс жауапқа 30 ұпайдан беріледі. Егер қазақшасын жауабын ғана айтса 10 ұпай, ал қазақша, орысша жауаптарын айтса 20 ұпай, үш тілде де тапса, 30 ұпайға ие боласыңдар.

«Тапқырлар» тобы.

Әттең даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (Кітап, книга, book) ,буук

Бірін-бірі қоршаған,

Бір үйден көрдім,

42 дос жаран. (Әріп, буква,letter) лэттэ

Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (Қоян, заяц, rabbit) рәбит

«Ойшылдар» тобы.

Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш, линейка,ruller) руллер

Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды. (Мысық, кошка, cat) кәт

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі, лиса, fox) фокс

«Білгірлер» тобы.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (Қар, снег,snow) сноу

Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (Пияз, лук,onion) онион

Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады. (Аяз, мороз,ice) айс

2 кезең. «Ұшқыр ой». Әр топқа бір-бір сөзден беріледі, берілген сөзден бірнеше сөздер шығарып, жазуларың керек.
«Тапқырлар» тобы. Атамекен. (Ата, мекен, кен, ен, там, ек, ет, тек)
«Ойшылдар» тобы. Болашақ. (Аш, бол, қаш, лақ, ол, олақ, шақ, ақ, ала)

«Білгірлер» тобы. Көкжиек. (Көк, жиек, ек, жек, ки, кек, көжек )
Дұрыс орындаған топқа 20 ұпай беріледі.
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.

3 кезең. «Кім көп біледі?».

Ойын ережесі: 3 - топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
1 - топ сұрақтары: «Тапқырлар»
1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? «ИӘ»
2. Тоқтар Әубәкіров Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? «ИӘ»
3. «Үш бақытым» М. Әуезовтің өлеңі ме? «ЖОҚ»
4. 1991жылы 16 желтоқсан ҚР - ның тәуелсіздігі деп жарияланды ма? «ИӘ»

5. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді ме? (ЖОҚ)
6. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км ме? (ИӘ)
7. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі деп атала ма? (ЖОҚ. Аңыз)
8. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта деп атала ма? (ИӘ)
2 - топ сұрақтары: «Ойшылдар»
1. 1 - мамыр баларды қорғау күні ме? «ЖОҚ»
2. Илья Илиннің әлем чемпионы екені рас па? «ИӘ»
3. Ы. Алтынсарин қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы ма? «ИӘ»
4. Жігіттің бес жұрты барма? «ЖОҚ»

5. Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді ме? (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
6. Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар ма? (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
7. Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады ма? (иә)
8. Судың 4 күйі бар ма? (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
3 - топ сұрақтары: «Білгірлер»
1. «Палау» қазақтың ұлттық тағамы ма? «ЖОҚ»
2. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? «ИӘ»
3. 1992 жыл 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды ма? «ЖОҚ»
4. 22 наурыз қазақ халқының жаңа жылы дегенге келісесіз бе? «ИӘ»

5. Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар ма?(иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6. 120 минутта 3сағат бар ма? (жоқ. 2сағат)

7. Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)
8. Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билер ме?(иә)
4 кезең. «Айшықты сөздер». Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен әдебиеттік оқу шығармаларында танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

1 топ: «Тапқырлар»
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

  1. Бетінен оты шықты (ұялды)

  2. Ит өлген жер (алыс)

2 топ: «Ойшылдар»

  1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

  2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, жылдам, лезде)

  3. Таяқ сілтем жер (жақын)

3 топ: «Білгірлер»

  1. Төбесі көкке жетті (қатты қуанды)

  2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

  3. Қой аузынан шөп алмас (жуас, момын)

5 кезең. «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл кезеңнің шарты әр топқа әр түрлі пәндер бойынша үш сұрақ қойылады. Бірінші сұраққа 20 ұпай, екінші сұраққа 30 ұпай, үшінші сұраққа 40 ұпай беріледі.

1 топ:

  1. Қай құс жұмыртқа баспайды және өз атын қайталай береді? 20 (көкек)

  2. Суретке зер сал. Қай мысал, авторы кім? 30 ( Шегіртке мен құмырсқа. И.Крылов, аударған Абай)

  3. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, ал 2 аяғымен тұрса неше кг болады? 40 (200 кг)

2 топ:

  1. Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес. Онда гүлдер қалай орналасқан? (сары, көк, қызыл)

  2. Еңбек туралы мақал-мәтел айт. (Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей)

  3. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)

3 топ:

  1. Ағашта 9 құс қонып отыр. Аңшы бір құсты атып түсірді. Ағашта неше құс қалды?

(Бәрі ұшып кетті)

  1. Абылай ханның Төле биге қойған атын тап. (Сабалақ)

  2. Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде. (Жылу, жарық

6 кезең. «Қас-қағым сәт». Ойынның шарты: логикалық тапсырмаларға жауап беру.

Әр топқа 5 тапсырмадан тұратын парақшалар беріледі. 2 мин ішінде тапсырмаларға жауап беріп әділқазылар алқасына бересіңдер. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1 топ:

  1. Сыныпта 30 оқушы. Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді. Сыныпта ұл бала нешеу? (12 ұл)

  2. Екінші ауысымда оқитын екі дос мектепке бара жатыр. Олар бірінші ауысымда оқитын үш досын кездестірді. Мектепке барлығы неше бала бара жатыр? (2 бала)

  3. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (100)

  4. Бүгін Анар нешеде болса, үш жылдан кейін Мадинаға да сонша жас болады. Қыздардың қайсысы үлкен? (Анар үлкен)

  5. Алмұрттардың жартысынан компот қайнатылды. Компотқа 3 алмұрт жеткен болса, әуелде қанша алмұрт болған? (6 алмұрт)

2 топ:

  1. Бақ ішінде 4 жасыл және орындықтар тұр. Жасыл орындықтар қоңыр орындықтардан артық. Жасыл орындық қанша, қоңыр орындық қанша? (3 жасыл, 1 қоңыр)

  2. Бүгін жұма, ал бүрсігүні қандай күн болады? (жексенбі)

  3. Мараттың бойы Серіктен ұзын, бірақ Абайдан қысқа. Абай ұзын ба, Серік ұзынба? (Абай)

  4. Пойыздың 10 вагоны бар. Бауыржан басынан санағанда 5 вагонға отырды, ал Ұлан аяғынан санағанда 5 вагонда отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін бе? (Б: 5, Ұ: 6 вагонда)

  5. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Ардақ кімі? (қарындасы)

3 топ:

  1. Бір аяқта тұрған қораздың массасы 5 кг. Екі аяқта тұрса, оның массасы қанша болады?

(5 кг)

  1. Жолда келе жатқан екі бала 20 теңге тауып алады. Олардың артынан бес бала келе жатыр. Олар қанша теңге тауып алады? (ештеңе таппайды)

  2. Жарас Жалғастың баласы, ал Жалғас Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады? (немере)

  3. Анасы Серікке бірнеше алма берді. Ол аламалардың жартысын жеп, қалған 4 алманы қарындасына апарып берді. Анасы Серікке барлығы қанша алма берген? (8 алама)

  4. Қайраттың екі ағасы мен бір әпкесі бар. Отбасында неше ұлмен, неше қыз бар? Ал барлық баланың саны қанша? (3 ұл, 1 қыз, барлығы 4 бала)

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. – деп, сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Осымен бүгінгі «Бәрін білгім келеді...» атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рақмет!










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Б?рін білгім келеді. Интеллектуалды ойын

Автор: Ыбрайханова Асем Калкамановна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179051


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства