kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауышым - балбұлағым" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

бастауышым балбұлағым тәрбие сағаты. 4 б сыныбы пооатюд№жюдшгеврпагаамло

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауышым - балбұлағым" тәрбие сағаты»

Тақырыбы: «Бастауышым-балбұлағым» 
Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен ,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздар мен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлымен қызы болуға тәрбиелеу

Ілияс -жүргізуші: 
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан, 
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар! 
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, 
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ, 
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, 
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... 
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған 
«Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
Ақмерей -жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 

Арман А -жүргізуші: Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2016 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. 
(Экранға назар аударыңыздар-слайд) 

Саматұлы Бибарыс -жүргізуші: 
Міне, бүгін біздің сыныптастар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына ыстық ықыластарын білдуге дайын.

Айым -жүргізуші: Ия, мектебімізге қандай жыр арнасан да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық. 

Аянат: Бала шаққа болашақты жырлатып, 
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, 
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты. 
Дияс: Армысың сен алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мектебіме арналады ән -жырым 

Социал Бейбарыс:

Мектеп деген білім кені , жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

М Бақытнұр:

Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған

Мелена-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бөлек, ұстаз туралы не айтар едің
Н Бейбарыс -жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Арада өтседағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай біржүрекбұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Әдемі -жүргізуші:  : Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі кезекті бейнебаянға берейік:

 Бейнебаян

Каусар: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, достар! Біздің бұл бейнебаянымыздан сіздер қай мұғалім туралы айтылып жатқанын табуыңыз керек.

Ол- өз пәнін жетік меңгерген, сауатты мұғалімдердің бірі. Шашы қысқа, бойы-ұзын, үнемі портфелін тастамайды. (Нұрбол Молдағалиұлы)

Ұстазым бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген

Амир:

Бұл апай бәрін үлгереді, аяулы ана , өзі шебер. Біздің екінші анамыздай, себебі бізге бірнеше пәннен сабақ береді. (Нұрлыгүл Оралбайқызы)

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Әлия:

Апайымыздың мектеп тарихындабіздің өзге тілді үйренуде алатын орны ерекше. Көптеген жылдар бойы осы мектептееңбек етіп қана қоймай, мектебіміздің шәкірті.

Ұстаздың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны – бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы

Алдияр:

Бұл мұғалім біздерге екінші сыныптан бастап сабақ береді.Әр баланы ерекше жақсы көреді. Біздің анамыздай болып кеткен апай. (Әсел Жұбатқанқызы)

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып ,мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Арман Ж -жүргізуші: 

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан, 
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. 
Жатталды жан жүректе есіміңіз, 
Адамның аяулы үні сияқтанған. 

Мың алғыс сізге біздей түлектерден, 
Мың алғыс отты мына жүректерден. 
Бүгін міне бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа? 
Рамазан:

Бастауышым – балбұлағым, 
Лаулап жанған шам шырағым. 
Өзің берген біліміңмен, 
Самғап ұшар тау қыраның. 

Түгел:

Бастауышта шырқалмаған жыр барма? 
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? 
Бастауышта алған білім жырларым, 
Азық болар, мәңгі талай жылдарға. 
К Бақытнұр:

Бастауышым – бал бұлағым, 
Алдым сенен балдың дәмін. 
Әріп танып, білім алып 
Рахметімді жаудырамын, - дей отырып мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Қали Раушан Досымқызының құттықтау сөзін назарларыңызға ұсынамыз

Видео Раушан апай

Нұрбақыт -жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөзбар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақсүтін ақтай білгенгене жетсін! 
Нұрсұлтан -жүргізуші:Иә, дұрыс айтасын Нұрбақыт! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емеспе? 
Ақ сүт беріп аялаған, 
Бізден бәрін аямаған. 
Жанашырым саялаған, Ол кім?

Әрине біздің аяулы анамыз. 
Ердияс -жүргізуші:

Бесіктегі баланың, 
Күлгенін көрген – бір мұрат. 
Алдына түсіп ананың, 
Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық лебіздерін тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. 
(Ата-аналарға сөз беру Егімбаева Әсемгүл Сұлтанғалиқызы) 

Ару - жүргізуші: 

Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.

Дана мен Саянның тілегі
Баянсұлу -жүргізуші:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе, 
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, 
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, 
Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде! 
Мұғалім:

Көңілін бар шәкірттің таба білдім

Кеудесіне намыс отын жаға білдім

4 жыл бойы сусындап білімменен

Қанаттанып ұшатын келді кезің

Деп сүйікті шәкірттеріммен қоштасатын сәт те келіп жетіпті. Құрметті ана-аналарым, балғын балаларым! Сіздердей шәкірттерім болғанына ризамын, ата-аналарыма да айтар алғысым шексіз! Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы ол мектеп. Білімнің сара жолы бастауыш мектептен басталатыны, осында алған білімдерің негіз болып қаланатыныайдан анық. Алдымдағы 27 оқушымның бойына ең асыл қасиеттерді сіңіре білдім деп ойлаймын. Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп деп педагог Ян Коменский айтқандай сіздер болашақта жақсы адам , еліміздің патриот азаматы болсаңыздар біздер, яғни мұғалімдер үшін содан асқан бақыт болмайды.
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, 
Сенімдердің айналыңдар серперіне. 
Ұстаздық ақжүрекпен мен тілеймін, 
Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе. 
Айналайын жап – жарқын жүздеріңнен, 
Аластайтын жаныңды күз көңілден. 
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, 
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. 

Бүлдіршіндерім! Сіздерге сәт сапар тілеймін!

«Ұстазым» әні




















5 мектеп-лицей





Тақырыбы: «Бастауышым – балбұлағым»



Өткізген: Кужаниязова А.Ж.

Сыныбы: 4 «Б»



Шалқар қаласы

2020ж







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бастауышым - балбұлағым" тәрбие сағаты

Автор: Кужаниязова А.Ж.

Дата: 29.05.2020

Номер свидетельства: 551971

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Бастауышым - балб?ла?ым "
    ["seo_title"] => string(26) "bastauyshym-balbu-lag-ym-2"
    ["file_id"] => string(6) "175955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424344882"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Бастауышым- балб?ла?ым!-т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(40) "bastauyshym-balbu-lag-ym-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "199167"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428518476"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты. "
    ["seo_title"] => string(59) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "231472"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442506797"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Т?рбие са?аты "Аттанайы? бала ша?тан болаша??а" "
    ["seo_title"] => string(52) "t-rbiie-sag-aty-attanaiyk-bala-shak-tan-bolashak-k-a"
    ["file_id"] => string(6) "127974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415391797"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош бол,бастауышым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "220297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434568479"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства