kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышым- балб?ла?ым!-т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:1. Бастауышта ал?ан білімні? негіз болып ?алатынына к?з жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, ал?аш ?олына ?алам ?стат?ан ал?аш?ы   ?стазымен ?оштаса отырып,?р баланы? ерекшелігін таныта отырып,с?т-сапар тілеу. Білім берер ордасы-мектеп ?стаздарын ??рметтеп,білімге деген ??штарлы?ын арттыру.

3.?з Отаныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: фотомонтаж, шарлар,?рт?рлі г?лдер,?анатты с?здер.

                                          Ж?ру барысы:

1.?йымдастыру  б?лімі.Кіріспе с?з

-??рметті ?стаздар,ата-аналар, о?ушылар! Кеше ?ана білім ордасына тарыдай болып еніп,жан-жа?тарына та?ыр?ай ?арап, ж?рексіне табалдыры? атта?ан кішкентай б?лдіршіндеріміз б?гін, міне бой т?зеп, ойларына сана ?осып,елімізді? саналы бір азаматтары бол?алы отыр.

Б?л о?у тама? болар ?арны аш?анда,

Жол табар ?ара??ыда адас?анда.

Мал озбас  біле білсе? білім озар,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышым- балб?ла?ым!-т?рбие са?аты »

Тәрбие сағаты: Бастауышым- балбұлағым!

Мақсаты:1. Бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,әр баланың ерекшелігін таныта отырып,сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы-мектеп ұстаздарын құрметтеп,білімге деген құштарлығын арттыру.

3.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: фотомонтаж, шарлар,әртүрлі гүлдер,қанатты сөздер.

Жүру барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.Кіріспе сөз

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар! Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп,жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып,еліміздің саналы бір азаматтары болғалы отыр.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда-дегендей, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып,оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

1-ж: -Бүгін міне,қоштасады бастауышпен

Әні менен жырына,тыңдарманым.

Кеше сәби,бүгін міне,жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2ж: -Армысыздар әлеумет,кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық,ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық! (әуен қосылады,оқушылар шығады)

1ж:- Ж.Молдағалиев атындағы №2 мектеп өз тарихында жоғары деңгейде бүгінгі дейін түскен емес. Мектеп материалдық базасын нығайтып,озат тәжірибелі педагогикалық ұжым қалыптастырып, мектептің ішкі және сыртқы жұмыстарын шебер үйлестіре білетін,білімі мен білігі жоғары, мәдениетті ұстаз кім деп ойлайсыздар?

(мектеп директоры)

2ж:-Дұрыс айтасыздар.Олай болса,кеш ашу үшін сөз құрметті ұстазымызға беріледі.

1ж:-Армысыздар,мұғалімдер-әз жандар,

Білім іздеп инеменен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп,ән де бүгін шырқалар.

2ж:-Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріннен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Ән: « Алғашқы ұстазым» хор.

1ж:-Осы білім ордасына алғаш келгенде алдымыздан күлімдеп қарсы алған алғашқы ұстазымызға не тілек айтамыз?

1оқушы:

Сіз менің әкемдейсіз,анамдайсыз,

Мен үшін армандайсын,аландайсың.

Ұстазым,сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансыз.

2оқушы:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіндей болса,шіркін,барлық ұстаз,

Жез таңдай,күміс көмей,сөзі алтын.

2ж:-Олай болса, алғашқы бастауыш сынып мұғалімі,қазіргі таңда мектеп директорының орынбасары оқу-іс меңгерушісі Алтынгүл Қажияқпарқызына сөз беріледі.

1ж:-Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына,құдіретті күш,қасиетті ұғым жатыр десеңші. «Мұғалім-мектептің жүрегі»-деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Өмірдегі қоғам қайраткері,небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншіктер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ол-Ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емен. Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш.Сондықтан ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.

Барлығы бірге:

Алғыстарым көп менің.Ұстаз-анам,мектебім!

Ән «Ұстазым» дуэт.

Көрініс: «Ата мен немересі»

2ж:-Алғашқы білім алған мектеп туралы оқушылар не дер екен?

3оқушы:

Алтын ұям мектебім-мақтанышым,

Сенен асқан құтты қадам таппадым.

Сен арқылы білім деген отаудың,

Қасиетті босағасын аттадым.

4 оқушы:

Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

5 оқушы:

Мектебім сүйікті мектебім,

Бауырында түлимін,көктеймін.

Сен бұлақ мен қайың боп бүршік ашқан.

Өзінен нәр алып көктедім.

6 оқушы:

Арманым сен алтын ұям мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән «Мектебім» хор.

Көрініс: «Пәндер айтысы»

1ж:- «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып,білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім.

2ж:-Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей,оқуға жазуға үйреткен мұғалімнің еңбегі шексіз. «Мұғалім- мектептің жүрегі» -деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса,келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

7 оқушы:

Алтынгүл Қажияқпарқызы анашымдай аялаған,

Нұрланған шуағымсың саялаған.

Айналдық мейірімді жүрегіңізден

Шәкірттен өз бақытын аямаған.

8 оқушы:

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін

Мәншүк Амангелдіқызы есіміңізді әнге бөлеп жүреміз

Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді

Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

9 оқушы:

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Айнұр Жасланқызы неткен мықты төзімдісің

Шәкіртім білім алсын,білсін дейсің.

10 оқушы:

Жүрегі нұр Эльвира Сақыпкерейқызының

Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым.

Адам жанын тәрьиелеп аялар

Құрметтейміз біз сізді әрдайым.

11 оқушы:

Музыка атты пәніміз

Айтылар онда әніміз.

Жолашар Гульмира апай үйретсе

Шырқатамыз бәріміз.

Ән. «Мектебім» дуэт

12оқушы:

С благовеньем прикасайся

К тому,чем ты вооружен,

Твори светло и упивайся

Безбрежным русским языком.

13оқушы:

Ему к дицу и термин узкий

И междометный вздох и клич,

Гордись, что понимаешь русский,

Старайся глубину постичь.

Ән. «Чему учат в школе»

1ж:-Мың бұрыла билейтін,

Биді жақсы көретін.

Қыздарымыз бар біздің

Қызық биін билейтін

Би «Бурундушки»

14 оқушы:

Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала,

Алғыс айтып жүреді.

15 оқушы:

Мектеп,мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас-ау тіпті қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

Би «Соңғы вальс»

Барлығы бірге:

Білім алуға,үлкенді сыйлауға,Отанды қорғауға,тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға,мәдениетті сақтауға,үлгілі болуға,ерінбей сабақ оқуға,мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ БЕРЕМІЗ!!!

Ән «Ардақты ұстазым» хор

Қорытынды сөз: -Құрметті оқушылар, міне алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап,ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар.сендерге тілеймін тек биікте көрініп,Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіндер. Сәтті сапар тілеймін!

-Бүгінгі «Бастауыш-балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Қош сау болыңыздар!









































1оқушы : Рахметуллина Диана.

- Майысып,жымиып отырған,

Диана біздің жұмбақ жан.

Достық деген сезімді,

Қастерлеген асыл жан.

Достық жолы-дара жол,

Достық жолы-адал жол.

Адалдықты ,достықты

Ата-ана сізден алған ғой!

2оқушы: Ғабдулов Мирас.

-Минезі жібектей жайдары,

Мирас –сыныптың айнасы.

Ананың аялы ақылын,

Ісімен біздерге танытты.

Әдепті үлгіні кім берген?

Әріне, Ата-ана сіз екен.

3оқушы. Утемисова Гүлназ.

- Аңғал ғой, балаңыз, ақ жарқын,

Күлімдеп үнемі жүреді.

Ата-ана ақылын ақтайтын,

Гүлназ ақылды,ардақты.

Рахмет сізге, Ата-Ана!

4оқушы: Асылбеков Аяп. - Аяп біздің төрежан,

Серілік дарыған ерекше жан.

Ол чемпион болады.

Әке ақылы-өсиет,

Ана сүті-қасиет.

Ана үмітін ақтайтын. - Ұлыңыз үшін, Рахмет!

5оқушы: Асқар Диана.

- Еліктің лағындай елгезек,

Майысып,жымиып тұр бөлек.

Инабат, сыр-сымбат,кербездік,

Бойына жарасып тұр бүгін.

Ата-Ана, сіз жайдары үнемі

Бересіз үлгілі өнеге!

6оқушы: Ерболатов Ернар.

- Нұрдан жаралған Ернар

Сырбаздық, сыр мінез қасиет,

Ананың сүтімен дариды.

Ерназ- біздің қағылез

Халқымның үмітін ақтайды.

Үлгілі өнеге, тәрбие-Ата-Ана сіздерге мың рахмет!

7оқушы: Шагуанова Ақбота

- Аяулы да ару қыз Ақбота

Келбетті,әдепті,байыпты.

Ізгілік, ұяндық бәрі де

Бойына өзінің дарыпты.

Ананың аялы ақылын

Байқадым тіл қатқан сөзінен.

Мереке,шаттықты ақ тілек

Ата-Ана мен сізге тіледім!

8оқушы: Зинетов Қырымбек.

-Сері ғой,өжет мінез балаңыз,

Сыныптағы нағыз жігіт қараңыз!

Талпынып қуантады білімменен,

Ата-Ана сізге алғыс айтарымыз!

9оқушы: Сакенова Динара.

- Ару қызым Динара!

Арманы ,тілегі ананың,

Динара өнерлі болғаны

Үлгілі,тәртіпті жүруі

Анадан бойына сініпті,

Ата-Ана, әрине айтарым,

Балаңыз үмітті ақтайды!

10оқушы: Ислямов Жомартқали.

-Ата-анның үміті болашақта,

Біздің Жомартқали салмақты әр уақытта.

Үнсіз қарап көзбенен тіл қатады,

Тазалықты сақтауды ұнатады.

Талпынып,өз алдына мақсат қойып,

Ата-Анасын табысымен қуантады.

11оқушы: Бауыржанов Зинат.

- Қуанам сыныбымның нұрларына,

Ұстаздардың толған ой мен қырларына,

Тәрбиелеп өсірген жемістерін,

Сыныптың жақсы болған ұлына.

12оқушы: Асқарова Ұлболсын.

-Балдырған ақ жүрек Ұлболсын

Бойында ізгілік тұнып тұр,

Ренжіген кезімде мені де,

Жәудіреп жанары қуантты.

Анадан дарыған махаббат,

Ұлболсыннан әрдайым табылат.



13оқушы: Жумабеков Мирхат.

- Әдепті ғой, тәрбиелі үлгілі

Біздің елдің болашағы,ертеңгі.

Болашақта ғалым болар қараңыз,

Мирхат-біздің үміт артар баламыз!

14оқушы: Мынжасарова Латифа.

- Латифа- сыныптың жүрегі,

Көркіне ақылы сай,дара

Байыптылық, ізгілік

Бір өзінде қаншама.

Ата-Ана,сізге көп Рахмет,

Латифадай аруға!

15оқушы: Нурмуханбетов Асылан.

- Білім көзі қайнар,

Сенім артар үнемі

Ол сыныптың жүрегі,

Анасының сенімі.

Үміті мен тірегі.

Алғыс айтып Анаға,

Тек қуаныш тілеймін.



16оқушы: Халелова Дильнара.

-Өжет мінез Дильнара,

Болашағы елімнің.

Жарқырайды мінсіз,

Көркем сөздің шебері.

Ата-анасы біледі,

Дильнара үйдің тірегі.

Құтты болсын, қуаныш,

Дильнара алда үнемі!

17оқушы: Талапов Әділет. - Сәбидей ақ жарқын мінезді,

Әділетті бәріміз білеміз.

Тәрбие,өнеге тірегі-

Ата-Ана сізді де білеміз.

Қоштасу күнінде бүгінде,

Қуаныш сізге тек тілейміз!

18оқушы: Абулхаиров Алмаз.

- Қарапайым баланы мен білем,

Өзгеше мінезі біздерден.

Ата-Анасын көрсетер биіктен,

Алмаз –әдепті бала екен,

Ата-Ана,балаңыз үлгі екен!

19оқушы: Юркеевич Али. -Ер мінез,өжет мінез кім десек?

Али жүйрік тіл қатқан.

Али –сөздің данасы,

Ана тілдің байлығын

Зердесінде ұстайды.

Ата-Ана балаңыз

Үмітіңізді ақтайды.!















Ж.Молдағалиев атындағы № 2 ОЖББМ









Бастауышым-балбұлағым!

( тәрбие сағаты)



Өткізген: Досалиева.М.А



















2013-2014 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауышым- балб?ла?ым!-т?рбие са?аты

Автор: Досалиева Маншук Амангелдиевна

Дата: 08.04.2015

Номер свидетельства: 199167


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства