kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышым - балб?ла?ым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аралап елді біз

Жаз бойы демалды?

К?лідеп келді к?з 

Мектепке оралды?..

(Аллаберген )

Анам менен ?кем де

Атам менен апам да

Шопан, ?ш?ыш, ?алым да,

Небір мы?ты дарын да

Тіл сындырып ?ріпке

Аш?ан ал?аш ?ліппе

(Н?рс?лу)

Бір алла?а сыйынып

Кел, балалар о?ылы?

О?ыса??ыз балалар

Шамнан жары? жа?ылар.

Экранда слайдшоу ?ткен ша?тардан естелік баяу ?уенмен

?ли:

Мен б?гін б?рын?ыдан саналымын

?о?ырау боп к?мбірлейді жа?а к?нім

Д?птерді? жазылма?ан а? пара?ы

Аяулы он бір жасар балалы?ым

Н?рс?лу:

Мектеп деген киелі ??ым, ?ажап ат

Тынысы мен тіршілігі ?аламат

Балалы?тан болаша??а ?мтыл?ан

Т?леп ?шты талай – талай азамат

Аллаберген:

Мектеп, сенсі? адалды?ты ?йреткен

Мектеп, сенсі? жаманды?ты к?йреткен

Мектеп, сенсі? жа?сылы?ты ?ран ?ып

Мектеп, сенсі? мені ж?рт?а сыйлы еткен 

Айкен:

Мектеп деген білім кені, жыр кені

Мектеп деген ?ылымны? е? ?лкені

Мектеп  деген т?рбиеші адам?а

Мектеп деген даналарды? мекені

М?хамед?ли:

 Аяла?ан апта?ан

Асыра?ан са?та?ан

Аттандырып к?нде ептеп

Айтып б?рін ?йреткен

Мектебіме мы? ал?ыс!

Т?лектер хормен

Мектеп  - кеме,  білім – те?із

Барар жерге тез жетеміз.

Т?рт жыл ал?ан білім н?рін

Азы? етіп ер жетеміз!

Ернар:

?н «Мектебім» орындайтын 4 «А» сынып о?ушылары.

Ернар:

- «?стазды? еткен жалы?пас ?йретуден бала?а», - деп Абай атамыз айт?андай, ал?аш ?олымыз?а ?алам ?статып, о?ымыз бен солымызды таныт?ан, бізбен бірге ?уанып, 42 ?ріпті танытып, білім н?рімен сусындат?ан, мектептегі анамыз – ?стаз екені б?рімізге м?лім.

М?дина, сен ?стаз жайлы недереді??

М?дина:

?рине ?р ?стаз ш?кіртін ?з баласынан кем к?рмей, о?у?а, жазу,а ?йреткен м??алім е?бегі шексіз. «М??алім  мектепті? ж?регі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпа?ан.

Ернар:

-Д?рыс айтасы? М?дина, ?ылым иесі ?алым да, ел ?ор?а?ан батыр да, тілінен бал там?ан а?ын да, темір бал?ыт?ан ж?мысшыда, к?кті шарла?ан ?арышкер де, б?рі -б?рі ?стаздан білім мен т?рбие ал?ан.

М?дина:

- И?, Ернар, б?л туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болаша?ты? басшысын да, данасын да, ?алымын да, е?бек?ор егіншісін де, кеншісін де ?стаз ?сіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ?стаздарымыз?а арнаймыз!

М?хамед?ли:

- Сырымды мені?  бес сауса?тай біледі

Бір мен ?шін б?лек жаны ж?регі

?стаздан ас?ан ?ам?ор жанды к?ргем жо?

Біздер ?шін ба?ыт іздеп ж?реді

Айкен:

- ?йретіп бізге ал?аш ?ліппені

?стазым ?ылым?а жол салып берді

Адамны? ой – арманы ма?саттары

О?уды? с?улесімен жары? к?рді.

?ли:

- Білімді бол, о?ы ?йрен – деп ?сірді

Жа?сылы??а баулыпта ж?р не т?рлі

Бала ?шін б?йек бол?ан к?н – т?ні

??рметтейік ?стаз деген есімді

Н?рс?лу:

- Байсалды мінезі?нен бір ?алыпты

Мені? де к?кейімде із ?алыпты

?статты? ?а?аз, ?алам ?олыма ?зі?

Ерінбей ?йретті? де ?р ?ріпті

Аллаберген:

- Беруші е? бізге айтып ?ле?, та?па?

Таласып алушы едік біздер жаттап

?зі?із ба?а ?ой?ан к?нделікті

Жо?алтпай ?мір бойы ж?рем са?тап

Хормен:

Жар?ылдап той?а келген асыл жандар

Г?лдей боп к?зімізге басыл?андар

?ол жетпес арманды іске асыр?андар

?стаздар асыл жандар, асыл жандар

М?дина:

?н «?стазым айтар ?нім» О?ушыларды? п?н м??алімдеріне арнау ?ле?дерін ?абыл алы?ыздар.

Орыс тілі п?ніні? м??алімі Жакина А.? арнау

Орыс тілі саба?ын

Жа?сылап ??ып аламын

С?улесі ол сана?ны?

М?нісінен ой табамын

Музыка п?ніні? м??алімі Ошанова Г.С  арнау

?р саба? ?тіп жатыр білінбей

Перне бас?ан оркестрді? ?ніндей

?р баланы? ж?регіне жол тауып

Т?расы? сен, дирижер боп к?лімдей

Б?рі бірге: Мы? ал?ыс сізге біздей т?лектерден

Мы? ал?ыс мына отты ж?ректерден!

Ернар: Келесі орындалатын  «?збек биі» орындайтын Амаова Айкен

М?дина:  И?, осыдан 4 жыл б?рын, 6 жаста?ы с?би – балалар с?мкемізді зор?а к?теріп, мектеп табалдыры?ын жас?ана атта?ан едік.

Ернар:

- Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін ?ала?ан бастауыш мектеппен ?оштасып, орта буын ?атарына ?осыл?алы т?рмыз. Осындай биікке к?терілгеніміз бірден – бір к?мекші бол?ан кімдер?

О?ушылар: - ата -аналарымыз

М?дина. И?,и? «?яда не к?рсе?, ?ш?анда соны ілерсі? » деген гой. ?аза? хал?ында отбасында д?рыс ал?ан т?рбие – баланы? бар ?міріне азы? деген с?з бар.

Ернар:

- Олай болса осы баладарды ?мірге ?келіп, ?анатты?а ?а?тырмай, т?мсы?ты?а шо?тырмай, аялап, м?пелеп  ?сірген  ата – аналарына деген ??рметтері ?андай екен соны тамашалайы?!

?н «Мама» орындайтын 4 «А» сынып о?ушылары

М?дина: Осында отыр?ан ата – ?желерімізді? ??рметіне орай ?н «жа?сы к?рем » орындайтын Женис Аллаберген

Ернар:

- Сонымен ?атар бізді? о?ушыларымыз жан -жа?ты ?о?амды? іс – шаралар?ада белсене араласады соны? бір д?лелі о?ушылар мектепте ж?ргізіліп жат?ан кекушанкэй карэто ?йірмесіне ?атысуда. Алдары?ызда 4 «А» сынып о?ушылары

М?дина: «Отаным»

Ернар:

- Бастауыш сыныппен ?оштасушы 4 «а» сынып о?ушыларыны? бастауыш буын?а айтар ал?ысы.

Аллаберген:

Бастауышым  - бал??ра?ым

Лаулап жансын шам шыра?ы?

?зі? берген білімі?мен

Сам?ап ?шты тау ?ыраны?

?ли:

?тті сенде ?ызы? ша?ым

Бастауышым – балб?ла?ым

?оштасар к?н жетті мінезі?нен

?имасты?пен ?ол б?л?аймын

Айкен:

Бастауышым – балб?ла?ым

Алдым сенен балды? д?мін

?ріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын

М?хамед?ли:

Т?рт жыл бойы н?рын т?ккен

Аттандыр?ан а? тілекпен

?стаз ?мітін а?таймыз деп

Серт береміз шын ж?ректен

Н?рс?лу:

Кеудемнен сезім селі а?тарылсын

Болармын к?ні ерте? а? ма?танышы?

Білім алып,тер т?гем, е?бек етем.

?зі?ні? сенімі?ді а?тау ?шін

М??алім:

- Олай болса келесі с?з кезегі Мектеп директоры Акишев А.А беріледі

(т?лектерді ма?тау ?а?аздары ж?не ленталар табысталады.)

М?дина:

- Сонымен бізге берілген уа?ытта ?з м?ресіне жетті – ау деймін.

Ернар:

- Б?гінгі т?лектер бастауыш сыныпта к?п  н?рсені ме?геріп, енді орта буын ?атарына ?тті. Осымен «Бастауышым – балб?ла?ым» атты ерте?гілігімізді ая?таймыз.

М??алім:

- Б?гінгі кеш ?р ?йді? той басы деп саналар

Балаларды? есімі ?улеттерге таралар

Ырым етіп сонды?тан да ерте?гілік со?ында

А? ниетпен барша?а тілек айтар ?она?тар дей келе с?з ата -аналар?а беріледі.

?орытынды: (М??алім)

?лкемізді? айналы?дар ерте?іне

Сенімдерді? айналы?дар серперіне

?стазды? а? ж?ректен мен тілеймін

Тек с?ттілік ш?кірттерім ерте?і?е

Айналайын жап -жар?ын ж?здері?не

Аластайтын жаны?ды к?з к??ілден

 Мен сендерге м??гілік тілекшімін

 Тілек тілеп т?ратын іздері?нен.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышым - балб?ла?ым »

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Кирилловка орта мектебі











Сыныптан тыс жұмыс




Бастауышым -балбұлағым

( Мектепішілік іс- шара)













Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Мағзұм Манат











2014 жыл.

Тақырыбы: БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатын, бастауышта алған білімнің негізі болып қалатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрекілігі: «Шуағын төккен төрт жыл» фотосонтаж. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.

Мұғалім: (Музыка ойнап тұрады)

Қош келіпсіздер, құрметті ата -аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттары қатайып бастауышпен қоштасқалы отыр. Олай болса «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілікті бастауға ұрықсат етіңіздер.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншыңызда

Қол соғып қошеметтеп қарсы

4 – сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері бір – бірден ортаға шығады.

Ұстаз боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өтем

Әдеппен инабатты сақтап өскен

Қазақтың ер жігіті Әлиді мақтан етем – деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 1 – түлек Ерсайын Әлиді ортаға шақырамыз.

Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,

Түрінен көрінеді ішкі сыры

Нұрсұлу өзі сұлу, өнерлі қыз

Аспаннан шашылғандай күннің нұры! - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 2 – түлек Мельс Нұрсұлуды ортаға шақырамыз.

Ер балаға берілер әкесінен қасиет

Ерге аманат ата – анадан өсиет

Үлкендерден үлгі өнеге алатын

Ортамызда сұңғақ бойлы Мұхамед - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 3 – түлек

Бопаш Мұхамедәлиді ортаға шақырамыз.

Даусы әсем, нәзік биші Әйкендей,

Сүйкімді қыз үріп ауызға салғандай.

Өнерімен алға тартып сыныбын

Қараңдаршы Әйкен атты қыз қандай! - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 4 – түлек Аманова Айкенді ортаға шақырамыз.

Атына ақылы сай бұл ұлдарың

Өскенде қуантар ата -анасын

Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым

Белсенділікпен білімге құштар әрдайым! - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 5 – түлек Женис Аллабергенді ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Армандасаңда, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, ортаға жүргізушілерімізді шақырайық!

Ернар:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі – еркелер!

Мәдина:

Армысыздар әжелер мен аналар!

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел тәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Ернар:

- Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық! - деп шашу шашылсын! (Екі жақтан екі әже шашу шашады)

Мәдина:

Бірдей біздің ойымызда, сырымыз

Бір мектептің ұлыменен қызымыз

Бірдей өстік оқуда да еңбекте

Күліп ойнап бірімізбен – біріміз

Ернар:

Армысың сенғ алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр – алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл биім! - Алдарыңызда «мектеп вальсі» орындайтын 4 «А» сынып оқушылары.

Мәдина.

- Ернар, мынау жауқазындай жайнаған балаларға қарап, меніңде мектеп табалдырығын аттаған шағым есіме түсіп тұр. Ех, шіркін балалық шағым!

Ернар.

- Иә, Мәдина үркектей басып, біріміз жылап, біріміз анамыздың қолынан қатты қысып ұстап, мектеп табалдырығын аттаған алғашқы сәтін кім ұмытар дейсің!

- Олай болса мектебімізге қандай ән, қандай жыр арнасақта жарасады. Ендеше сөз кезегін 4 – сынып бітіруші түлектерге берейік.

Айкен:

- Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн

Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн

Сыңғыр қағып қуанышты қоңырау

Шақырады алға бізді арман мың

Мұхаммедәли:

- Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп

Бөлме іші кетті лезде шын жылып

Сәлем берді ұстаз бізге жымиып

Бар шуылын балалардың тындырып

Аллаберген:

- Әсем бөлме терезелер жап – жарық

Қойған дерсің

Шырағданнан шам жағып

Отырдық біз сипап бәрін таңғалып!

Әли:

- Күнде осылай өтіп жатты әр сабақ

Таразыға түсті талай ұанша бақ

Білімді аңсап шөліркеген санаға

Құйылды екен сонда қанша бал шарап

Нұрсұлу:

- Партаға тұңғыш отырдым

Қалам алып қолыма

Сызықтарға толтырдым

Өалдырмай дәптер жолында

Мұғалім: Олай болса бастауыш бітіруші түлектеріміз өздерінің қалай 1 – сынып табалдырығын аттағандарын, алғашқы ұстаздары қалай қарсы алғанын еске алып жатыр, ол сәттерді сәздерде еске түсіруге тырысып көріңіздер. Бұл балалар біріңіздің тұла бой тұңғышыңыз, біріңіздің сүткенжеңіз. Қалай айтсақта әр баланың отбасында өзіндік ыстық орны бар. Сондықтан мен сіздерге балалардың алғаш жаттаған тақпақтарын оқимын сіздер тауып көріңіздер. Себебі олар ол кезде оқу да, жазуда, сызуда білмейтін еді. Бірақ 1 – қыркүйекте өлеңдерін жатқа айтты бұл кімнің еңбегі? Әрине сіздердің еңбектеріңіз. Сіздер бірге жаттадыңыздар.!

(Әли)

Іші тол әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз

Мектепке біз барамыз......

(Мұхаммедәли)

Біз жазамыз ана деп

Біз жазамыз дана деп

Біз жазамыз қала деп

Біз жазамыз дала деп.......

(Әйкен)

Аралап елді біз

Жаз бойы демалдық

Күлідеп келді күз

Мектепке оралдық........

(Аллаберген )

Анам менен әкем де

Атам менен апам да

Шопан, ұшқыш, ғалым да,

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе

(Нұрсұлу)

Бір аллаға сыйынып

Кел, балалар оқылық

Оқысағңыз балалар

Шамнан жарық жағылар....

Экранда слайдшоу өткен шақтардан естелік баяу әуенмен

Әли:

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім

Дәптердің жазылмаған ақ парағы

Аяулы он бір жасар балалығым

Нұрсұлу:

Мектеп деген киелі ұғым, ғажап ат

Тынысы мен тіршілігі ғаламат

Балалықтан болашаққа ұмтылған

Түлеп ұшты талай – талай азамат

Аллаберген:

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен

Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен

Мектеп, сенсің жақсылықты ұран ғып

Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы еткен

Айкен:

Мектеп деген білім кені, жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Мұхамедәли:

Аялаған аптаған

Асыраған сақтаған

Аттандырып күнде ептеп

Айтып бәрін үйреткен

Мектебіме мың алғыс!

Түлектер хормен

Мектеп - кеме, білім – теңіз

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін

Азық етіп ер жетеміз!

Ернар:

Ән «Мектебім» орындайтын 4 «А» сынып оқушылары.

Ернар:

- «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Мәдина, сен ұстаз жайлы недередің?

Мәдина:

Әрине әр ұстаз шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазу,а үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Ернар:

-Дұрыс айтасың Мәдина, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшыда, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Мәдина:

- Иә, Ернар, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Мұхамедәли:

- Сырымды менің бес саусақтай біледі

Бір мен үшін бөлек жаны жүрегі

Ұстаздан асқан қамқор жанды көргем жоқ

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді

Айкен:

- Үйретіп бізге алғаш әліппені

Ұстазым ғылымға жол салып берді

Адамның ой – арманы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Әли:

- Білімді бол, оқы үйрен – деп өсірді

Жақсылыққа баулыпта жүр не түрлі

Бала үшін бәйек болған күн – түні

Құрметтейік ұстаз деген есімді

Нұрсұлу:

- Байсалды мінезіңнен бір қалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті

Аллаберген:

- Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап

Хормен:

Жарқылдап тойға келген асыл жандар

Гүлдей боп көзімізге басылғандар

Қол жетпес арманды іске асырғандар

Ұстаздар асыл жандар, асыл жандар

Мәдина:

Ән «Ұстазым айтар әнім» Оқушылардың пән мұғалімдеріне арнау өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жакина А.Қ арнау

Орыс тілі сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі ол санаңның

Мәнісінен ой табамын

Музыка пәнінің мұғалімі Ошанова Г.С арнау

Әр сабақ өтіп жатыр білінбей

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей

Бәрі бірге: Мың алғыс сізге біздей түлектерден

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ернар: Келесі орындалатын «Өзбек биі» орындайтын Амаова Айкен

Мәдина: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, 6 жастағы сәби – балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Ернар:

- Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Осындай биікке көтерілгеніміз бірден – бір көмекші болған кімдер?

Оқушылар: - ата -аналарымыз

Мәдина. Иә,иә «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » деген гой. Қазақ халқында отбасында дұрыс алған тәрбие – баланың бар өміріне азық деген сөз бар.

Ернар:

- Олай болса осы баладарды өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап, мәпелеп өсірген ата – аналарына деген құрметтері қандай екен соны тамашалайық!

Ән «Мама» орындайтын 4 «А» сынып оқушылары

Мәдина: Осында отырған ата – әжелеріміздің құрметіне орай ән «жақсы көрем » орындайтын Женис Аллаберген

Ернар:

- Сонымен қатар біздің оқушыларымыз жан -жақты қоғамдық іс – шараларғада белсене араласады соның бір дәлелі оқушылар мектепте жүргізіліп жатқан кекушанкэй карэто үйірмесіне қатысуда. Алдарыңызда 4 «А» сынып оқушылары

Мәдина: Ән «Отаным»

Ернар:

- Бастауыш сыныппен қоштасушы 4 «а» сынып оқушыларының бастауыш буынға айтар алғысы.

Аллаберген:

Бастауышым - балқұрағым

Лаулап жансын шам шырағың

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраның

Әли:

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым – балбұлағым

Қоштасар күн жетті мінезіңнен

Қимастықпен қол бұлғаймын

Айкен:

Бастауышым – балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын

Мұхамедәли:

Төрт жыл бойы нұрын төккен

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Серт береміз шын жүректен

Нұрсұлу:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын

Болармын күні ертең ақ мақтанышың

Білім алып,тер төгем, еңбек етем.

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін

Мұғалім:

- Олай болса келесі сөз кезегі Мектеп директоры Акишев А.А беріледі

(түлектерді мақтау қағаздары және ленталар табысталады.)

Мәдина:

- Сонымен бізге берілген уақытта өз мәресіне жетті – ау деймін.

Ернар:

- Бүгінгі түлектер бастауыш сыныпта көп нәрсені меңгеріп, енді орта буын қатарына өтті. Осымен «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Мұғалім:

- Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар дей келе сөз ата -аналарға беріледі.

Қорытынды: (Мұғалім)

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне

Сенімдердің айналыңдар серперіне

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін

Тек сәттілік шәкірттерім ертеңіңе

Айналайын жап -жарқын жүздеріңне

Аластайтын жаныңды күз көңілден

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауышым - балб?ла?ым

Автор: Ма?з?м Манат

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175955


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства