Көрнекілігі : Слайдтар , гүлдер мен шарлармен сахнаны безендіру
Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4 – сынып оқушылар. Жас жүректің өмірінің құштары гүл, Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл, Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен , Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да, Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда Қол соғып қошеметпен шақырайық 4-сынып оқушыларын ортамызға.
Ардақ: Ардақ деген қызыма Мен сеніммен қарадым. Үмітімді ақтадың Шәкіртім менің жарадың.
Ақниет: Мерекеде бүгінгі Жарқырайды белсенді. Еркелігі көп тегі Ақниет біздің ортада.
Балауса: Мейірлі әрі жат көрмейтін кісіні Мақсаты көп көздеген әр ісінің. Балауса сынды қызымыз бар ортада Қошеметтеп қол соғайық шаттана.
Нарбек: Тап тұйнақтай жүреді Өзі үндемей күледі. Нарбек біздің ортада.
Мәди: Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Біздің Мәди талапты әрі үлгілі,
Оқу менен билеуден алдына дес бермеген.
Ұлас: Кей баланың өнері Бара бара ашылар. Тіл алғыш бала Ұлас Ортамыздан табылар.
Нұрай: Жақсы оқудан бастады,
Оқулықты ашқалы.
Кіл 5 - тікпен келеді,
Нұрай қыз біздің ортада.
Мұсахан: Мұсахан сондай салмақты Сурет салар жан жақты.
Қарсалайық ортаға
Қошеметпен балапанымызды
Айнара: Үндемей өзі жүреді Ыржиып қана күледі Айнара біздің ортада.
Ботагөз: Еңбекқорлық қасиеті бойында бар Қате ісін әрқашан мойынына алар. Өзі момын жауапты қыз Ботагөз Арманың болашақта орындалар.
Айнур: Мінезге бай жайдары ашық, Жастайынан оқуға ғашық. Айнур біздің сыныпта Шақырамыз ортаға
Эльдар: Мектепке жақын тұрады Айтсан тілді алады. Эльдарға кім жетеді Шақырсаң жетіп келеді.
Нұрғиаса: Нұрғиса мінеки кезек келді Қаншама бұзық тентек десек те енді. Жомарт жігіт десем де сенбейді ешкім Таныстырдым сіздерге ал мен еді.
Жантөре: Ұстаз бенен мектепті пір тұтатын Бір балам бар Жантөре атты. Өзі әнші, өзі озат, бала ғой Бұл өмірде өз орныңды таба ғой.
Айсамал: Өзі елгезек алады тез тіліңді,
Әрі өзі білімді.
Көп үндемей жүреді әркез ұяңдау,
Айсамалымыз міне алда тұр енді.
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейін.
Жантөре : Ассалаумағалейкум , ағайын ! Нұрай : Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер ! Жантөре: Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар ! Нұрай : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той. Жантөре: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз. Нұрай : Қолға қалам ұстатып, Білім құйған санаға Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой» Мұсахан : : Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Армысыздар , ұстаздарым қымбатты ! Айсамал :Армысыздар әжелер мен аналар Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар Ардақ: Армысың сен, алтын ұя мектебім Саған айтар жыр – алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағын, Мектебіме арналады бұл әнім !
Нұрай : Дұрыс айтасың Ардақ ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын. Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнап әнін шырқайық ! Ән «Бастауыш мектеп»
Би: Қуыршақтар биі Жантөре : Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық. Мәди: Мектеп деген білім кені , жыр кені , Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға Мектеп деген даналардың мекен. Ұлас: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, Атын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен , Күллі шәкірт саған басын иеді. Ботагөз: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың , Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ақниет : Мектеп - үйім , ұстазым , менің ата-анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын. Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Эльдар : Мектеп – кеме, білім – теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Төрт жыл алған білім нәрін , Азық етіп ер жетеміз. Би: «Ұлдар биі» Жантөре: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жадыра ? Нұрай : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Жантөре: Дұрыс айтасың Нұрай, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Нұрай : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Эльдар: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып, мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Ақниет : Тек үйреттің әділдікті , адалдықты, Жирендік, ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Ұлас : Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай, Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай ! Мейірлене қарап қойып біздерге Күн астынан сабақ беріп тұрғандай. Айнара: Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың , даналықтың Ұстаздың ұлағатынан басталарын. Айсамал : Нұр құйған санасына зейіндінің Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің. Дарыттың адамдықты шәкіртіңе , Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Хормен: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғыс мына отты жүректерден ! Ардақ : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз ! Сөз кезегі ұстаздарда. Нұрай: Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. Ән : Ұстазым
Би: Гүлдер биі Жантөре : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы . Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін Ақылды балаларың оны білген. Нұрай : Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Аоайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін ! Жантөре : Ия , дұрыс айтасың Нүрай. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ? Ақниет: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың , Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың , Мәпелеген баласын аман болсын анашым ! Нұрай: Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз. Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Жантөре : Ата-аналарға арнап «Анашым қартаймашы» әнін қабыл алыңыздар. Нұрай : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Жантөре: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Нұрай: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Нарбек : Кітап қалам қолға алдық Бір сыныпқа жиналдық. Ажырамай арамыз Болашаққа барамыз.
Айнур: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз , Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Нұрғиса : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Ақылға келе алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте-бірте үйренісіп, Мектептің ережесін үйрендік біз.
Айнара: Бастауышым – бал бұлағым , Алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып Рахметімді жаудырамын
Балауса : Бастауышым – балбұлағым , Лаулап жанған шам шырағым. Өзің берген біліміңмен , Самғап ұшар тау қыраның.
Орысша, ағылшынша өлеңдер:Ақниет, Айнара, Жантөре, Нұрай, Ардақ, Мәди, Айнур, Айсамал, Нұрғиса, Эльдар, Нұрай, Ардақ Би:Адай биі Нұрай : Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік. Ақниет: Анашымдай сыр шерткен, Ақыл білім үйреткен. Ана тілін оқыдық, Ерекше зор құрметпен. Ана тілін сүйеміз , Құрметпен бас иеміз. Ана тілмен қоштасамыз , Әдебиетпен достасамыз. Ботагөз : Ойланып есеп шығартып, Төрт амалды білдірген. Ғылымдардың патшасы , Математика данасы. Жантөре : Қазақ тілі пәнінен, Білім алды балалар. Сөйлемді, сөз таптарын , Етістіктің шақтарын , Жалғаулар мен жұрнақтар. Ережесін жаттадық 5 – сыныпқа барған соң, Тіл мамандары бағалар. Нарбек: Ой жіберсең бәріне, Дүниетану пәніне. Өмір сырын үйретер , Пәннің жақсы бірі де. Жер байлығы көп екен, Игеруді қалайды. Осының бәрін білдірген , Дүниетану сабағы.
Жантөре: Пән мұғалімдеріне арнау.
Айсамал Айнур апай Түзеттіріп шалалықты, Есейттіңіз балалықты. Ойламайтын ертеңін Ойсыз кейбір еркені Түзеп жөнге салдыңыз Ел алғысын алдыңыз. Сабырыңыз құрыштай Жөн айттыңыз ұрыспай. Түзедіңіз тентекті Тұрғызбай-ақ бұрышқа. Сізден ізгі кішілікті, Үйрендік біз кісілікті. Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!
Айнур
Музыка атты пәніміз, Айтылар онда әніміз. Бағдагүл апай үйретсе Шырқатамыз бәріміз.
Жантөре
Орыс тілі әр кезде керек ертең Қуаныш апайымыздың көңілі өте көркем. Ашық жарқын жанары қашан көрсең Барлық жандар осындай болса екен.
Ардақ Жүрегімді Айгерім, Айжан апайлардың берген сабағы, Өн бойыма тамырланып тарады. Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын Мәңгі бақи есімізде қалады.
Нұрай Жанар апай жан ұстазым, Сізден үйрендік есептің қыр-сырларын. Ойланып есеп шығартып
Төрт амалды үйреткен
Мәди Мектебімде Қайсар ағай бар Бізді олар секіртеді, жүгіртеді. Жаттығудың неше түрін жасатып, Әрқашан денең шымыр болсын дейді.
Жантөре:Песня:Голубой вагон
Песня: Вместе весело шагать
Би: Айжан қыз Нұрай: Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік. 1. Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ? Жауап : Жантөре Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра. Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра. Бір сағаттың қадірін , кездесуге асыққан ғашықтан сұра. Бір минуттың қадірін сабақтан кешіккен оқушыдан сұра. Бір секундтың қадірін апаттан аман қалған кісіден сұра. 2. Туған жер туралы 1 шумақ өлең шығар. Ботагөз: Туған жерде өстім мен , Бір гүлі болып құлпырып Туған елім - күн көзі Жайнай берем ұмтылып. 3. Анаға арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады? Балауса : Ана- деген ең асыл, Мейірімі күнмен тең. Анама айтам мың алғыс, Мені әлдилеп тербеткен. 4. 1 шумақ өтірік өлең ұйқастыру. Нұрғиса: Қыстыгүні бақшадан Алма теріп әкелдім. Алма сатып, көкеме Шетелдік көлік әпердім. Нұрай : Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен. Жантөре: Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады. Мұсахан : Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ? Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ? Бастауышта алған білім, жырларым , Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Ұлас: Өтті сенде қызық шағым , Бастауышым – бал бұлағым . Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын.
Би: «Бастауышпен қоштасу вальсы»
Хормен : Білім берген біздерге, Рахмет, ұстаз сіздерге !
Құттықтау сөз. Бастауыш сынып мұғалімі Санулова Айнұр Әділбекқызына беріледі.
Келісемін: Бекітемін:
Мектеп директоры Директордың тәрбие ісі
Н.Шакенов жөніндегі орынбасары
______________ С.Қалымбетова
_____________
«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және
Қостөбе бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі