kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі. Мектеп, білім, бастауыш сынып туралы мерекелік іс-шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі»

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздер «Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4 жыл бұрын мектеп есігін имене, үрке ашқан бүлдіршіндер қазір сауатты, ақылды, ойшыл мектеп оқушысы қатарына қосылып бәрімізді қуантып отыр.



Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда

Қол соғып қошеметпен шақыралық,

Төртінші «А» класын ортамызға!

Класымызда сабаққа алғыр, талапты, суретші, шебер Наргиз, биге құмар, шапшаң, сөзге шебер Райхан, көркем сөз оқу шебері Ерболат, сөз мәнісін түсінетін, әр шараны өткізуде, ән айтуды нақышына келтіріп орындайтын Әсет бар. Болашақта футболист болуды армандайтын Нұр, тәртіпті, сабырлы, білімі тұрақты, ұстамды Камила, сауатты Базарбаев Мейрамбек, әдебиет пәнін жанындай сүйетін Темірлан, тапқыр, ақылды, төзімді, апайдың сенімін ақтайтын Қозыкөрпеш сияқты тек «5» баға алатын озатымыз бар. Көпшіл, мейірімді, ұстамды Жамбулов Мейрамбек, кешірімшіл, мұнтаздай тап-таза Алдияр, шаршауды білмейтін, қоғамдық жұмысты жанын салып істейтін оқуда да, өнерде де алда келе жатқан Әйгерім, Назгүл, Орынбасарова Аружан қыздарымыз бар.

Басқалардан аз сөйлеп, көп тыңдайтын, сабырлы да салмақты, айтқанды бірден ұғатын, жан-жақты дамыған Фариза, Балерке, Ерқанат сияқты оқушыларымыз да бар.

Спорттық жарыстарға белсене қатысып жүлделі орынға ие болып жүрген Қуанышова Аружан мен Сұлтаннан да көп үміт күтеміз! Жазулары тайға таңба басқандай сабырлы, ұқыпты, тәртіпті Бейбіттей қызымыз, Нұрисламдай ұлымыз да осында.

Үлкенге үнемі көмек беруге дайын Жандос, шебер, суретші, математика ғылымын игеруге талпынып келе жатқан талапты Мақсат, көркем сөз оқу шебері – Айнұр мен Айнагүл, тез тіл табысатын Азиза, ата-ана айтқанын бұлжытпай орындайтын Нұрсұлтан мен үлгілі, әңгіменің майын тамызып баяндайтын Ақниет, пысық та алғыр Айым, жан-жақты дамыған талабы мықты, іске шебер, пысық алғыр, есепке жүйрік Тұрмысқалиева Аружан сияқты қызымызды мақтан етеміз.

Осындай балаларды тәрбиелеген ата-аналарға 4 жыл осы класқа жетекшілік еткен өз атымнан алғыс айтамын!

Ендігі кезекті 4 «А» класс оқушыларына беремін!







I жүргізуші: Әйгерім Жамбылова:



Бала шақты болашаққа жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым, қымбатты!



II жүргізуші: Әбдібеков Әсет:



Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар.

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!



I жүргізуші:

- Біз бүгін сіздерге өнерімізді көрсеткелі отырмыз, қабыл алыңыздар.



Көрініс: «Білімбек пен Жалқаубек» (Амангелдина Райхан, Пазылбекұлы Ақниет)

Білімбек пен Жалқаубек бір-бірімен амандасады.

  • Сәлеметсің бе, Жалқаубек!

  • Привет, Білімбек!

  • Ой, мұнда не болып жатыр? Бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой.

Білімбек:

- Жалқаубек, біз бүгін Благодар орта мектебінің 4 «А» класс оқушылары бастауыш класпен қоштасқалы жатырмыз. Сен қайда жүрсің? Сенде бір ақылыңды неге қоспайсың?

Жалқаубек:

- Қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырмын. Жоғары класта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді. Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.

Білімбек:

- Бастауыш класта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең жоғары класта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда, әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

Жалқаубек:

  • Мұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейік.

Білімбек:

  • 6*6 қанша болады?

Жалқаубек: (Көп ойланады) әрең дегенде – 25!

Білімбек:

  • Сен, міне, бүгін бастауыш мектепті бітіргелі отырсың. Көбейту кестесін әлі білмейсің. Бастауыш мектепті бітірген соң не болады?

Жалқаубек:

  • Кани-кул! Алақай кани-кул! 25 жыл болса ғой, тағы да, тағы да, тағы да!

Білімбек:

  • Жоқ , Жалқаубек! Бастауыш мектептен кейін не бір асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтуің керек. Ол асу – өмір. Өмір дегеніміз – күрес. Әй, Жалқаубек көп сөзді қой, одан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып, жоғары класта өз тәртібімізді дұрыстап, білімімізді көрсетейік! Келістің ғой, Жалқаубек?

Жалқаубек:

  • Келістім. Екеуміз бірігіп ән айтсақ қайтеді?

Білімбек:

  • Айтсақ айтайық!

II жүргізуші:

  • Дұрыс айтасың, Білімбек. Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

I жүргізуші:

  • Олай болса, Жалқаубек, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық.

  1. Өмірге ең қажетті 2. Мектеп, ұстаз, жасұлан

Білім берген керекті Қамқор болған жасыңнан

Қадірлейік ұшырған, Ержеткен соң табылмас

Алтын ұя мектепті Жас күніңдей қасыңнан

Ұмтылдырған білімге, 3. Өзің ұшқан ұяңды

Құлшындырған өмірге Ұмытпастан жүрейік

Ақ пейілді ұстаздар Ұлағатты ұстаздар

Бас иеміз сіздерге! Құрмет тұта білейік.



Қ-сы:

Жаншы, жаншы

Жанған шырақ болшы,

Білім орда мектебім

Ағып жатқан 2

Бұлақ болшы

Гүлдене бер мектебім.

I жүргізуші:

  • Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше кластастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық!



Тұрмысқалиева Аружан:



Мектеп деген білім кені, жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені



Есеналина Фариза:



Мектебім – білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде өзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл!



Атаниязов Ерболат:



Өнеге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын

Жарылқашы тәңір ием.

Таудай ғой менің талабым,

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз,

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз әлі талай біз.



Зинелғаппаров Мақсат:



Мектебімде айтылмаған сыр бар ма,

Мектебімде жырланбаған жыр бар ма,

Мектебімде алаулаған жас шағым,

Кетер мәңгі сізбен талай жылдарға.



Салимгереева Азиза:



Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.



Тажибаев Нұрислам:



Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам.

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.



II жүргізуші:

  • Ән «Мектебім»



  1. Мектебім, аяулы мектебім 2. Келеміз қуанып біз дәйім

Өзіңсің өмірдің көктемі Мектебім сен жайлы жыр дайын

Нәр алып қолымды созамын Айқара есігін ашады

Арманға көктегі Қарсы алып күн сайын

Мектебім келеміз тағы да, Мектебім өзіңді сүйемін

Күн сайын өзіңді сағына Білімді санама түйемін

Сыңғырлап соғады қоңырау Аяулы ұстаздар алдында

Бар бала бағына Басымды иемін

Қ-сы:


Мектебім, аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім 2 рет

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін



I жүргізуші:

  • Ия, мектеп бізді көп нәрсеге үйретті: Отанды, елді, жерді сүюге, қадірлеуге баулыды. Осы қазақ жерін біздің ата-бабамыз қалай сақтап қалғанын оқып-біліп түсіндік.



Мұхаммедова Айнұр:



  • Біздің еліміз – тәуелсіз қазақ елі. 15-ғасырдан кейін тарихшылар «қазақ даласы» деп атағаны жұртқа аян. Осы қазақ даласына Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Біз сол қазақ халқының бақытты ұрпағымыз.



Русланова Айнагүл:



Намысың найзағайдай жарқылдар бір,

Өз халқым дүниеде даңқыңды асыр

Дәуірдің бастау алған жиырма бірі

Елім болсын дәйім алтын ғасыр.



Ән «Жаса, Қазақстан!»



  1. Аружан О, Аружан Т, Айнұр.

  2. Ерболат, Нұр, Алдияр.

  3. Бейбіт, Азиза, Аружан Қ.

  4. Ерқанат, Сұлтан, Нұрислам.



II жүргізуші:

Қазақ халқы өзінің Отанына деген патриоттық сезімін Ұлы Отан соғысында дәлелдеді. Соғыс жылдарында елі мен жерін қорғаған ата-әжелеріміз көп. Осынау бейбіт өмірді тарту еткен ата-әжелерімізге мың алғыс!



I жүргізуші:

Ән «Жеңіскер ата, әжелер!» (Әсет, Әйгерім, Назгүл, Мейрамбек, Мейрамбек, Айым)



Хор «День Победы»



I жүргізуші:

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған – деп Ыбырай атамыз айтқандай осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па, қалай ойлайсың?



II жүргізуші:

Әрине, бәләм артық деп жауап берер едім. Дегенмен, байлық та артықтық етпес деген ой жетелейді. Олай болса, балалардың пікірін тыңдап көрейік!



Қуанышова Аружан:

  • Білім артық, өйткені ол пайғамбардан қалған мирас.



Берді Камила:

  • Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.



Қазыбай Назгүл:

  • Білім артық, өйткені білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанымен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды.



Әлиев Нұр:

  • Білім артық, оны суық қолдан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрылардан күнде қорғау керек!

Бектілеу Қозыкөрпеш:

  • Білім артық, өйткені ол жан-дүниеңді байытады, байлық жан-дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.



I жүргізуші - Әйгерім:

  • Ия, дұрысайтасыңдар, білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады.



II жүргізуші - Әсет:

Ал байлығы көп адам оған мастанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан да әрқашан білім артық.



Хормен:

Бүгінгі жастарға оқу – міндет

Тек қана оқуменен өнер білмек!



I жүргізуші: «Учат в школе» әнінің қазақша нұсқасы.



Үйретеді мектепте



Әріптерді жазуға, қыл қаламмен басуға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Қосуменен, алуға, үлкендерді сыйлауға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте



Оңтүстікті табуға, фигураны салуға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Ұстазыңды тыңдауға, жақсы оқушы болуға,

Үйретеді, оқытады бұл мектепте



Кітаптарды жыртпауға, таза етіп ұстауға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Әдептілік сақтауға, тәрбиелік жақтарға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте



I жүргізуші:

Оның нәзік қолдары

Фортепианоны таңдады.

Әнші болу өскенде

Фаризаның арманы



Есеналина Фариза: Дэниель Штейбельт «Сонатина».



Қазыбай Назгүл: «Испан биі».



II жүргізуші: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» - деген екен батыр Бауыржан Момышұлы атамыз. Келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!



Пірмұханбетов Ерқанат:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстз-ғалым толастатпас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.



Мейрамбек Б:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алған сенде жаттадым,

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен арқамыздан қаққаның!



Балерке:

Кеше ғана қоштасып әліппемен,

Кездескен-ек біздер сіздерменен

Бүгін міне аттай жыл өтіпті гой,

Есейіп қалыппыз-ау дегенменен.



Бейбіт:

Әліппем менің! Әліппем менің дүнием

Сенен мен әлі үйренемін деп сүйінем

Әлемнің барлық азаматына бір тілек.

Әліппе ұстап бүлдіршін шықсын үйінен!



Ақниет:

Жүзің жылы, құшағың кең.

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен!



II жүргізуші:

Құрметті ұстаздар! Біз оқып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдаймыз!



Орыс тілінен сабақ беретін

барлығы: Жанна апайға, Толқын апайға,

Бейнелеу өнерінен сабақ беретін

барлығы: Рауза апайға,

Музыкадан сабақ беретін

барлығы: Айнагүл апайға,

Дене шынықтырудан сабақ беретін

барлығы: Жақсат ағайға,

Ағылшын тілінен сабақ беретін

барлығы: Зульфия апайға,

Шахмат үйреткен

барлығы: Жасағанберген ағайға және біздің оқуымыз бен тәртібімізді үнемі қадағалап отыратын

барлығы: Аймангүл апай, Гүлшат апай, Бекзада апай, Мейрамгүл апайларға, мектеп басшысы Нұрлы ағайға

барлығы: Мың алғыс!





I жүргізуші: Орындалатын «Ұстазым» әні баршаларыңызға арналады.



Тыңдаған көңілдегі толғанымды,

Шыңдаған тәрбиемен талғамымды,

Өмірдің маған сыйы деп білемін,

Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды,

Талпынған балапан ем ұядағы,

Қырандай жетілдірдің қиядағы.

Ұстазға деген ыстық сағынышым,

Бір әнге қалай ғана сия алады.



Қ-сы:

Ұстазым менің, қамқорым едің.

Баулыған осы өнерге,

Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң,

Биікке шықсам егерде.



Өмірдің мен білмейтін қақпаларын,

Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.

Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.



Қ-сы.





I жүргізуші: Мектептегі қызықты сәттерден көрініс.

  1. «А»-дан кейін не келеді? – Адилжан Наргиз

  2. «Өскенде кім боласың?» - Жігер Алдияр

  3. «Оқымауға бола ма?» - Сағынбай Айым



II жүргізуші: 45 минуттың қызықтары.

  1. Әдебиет сабағы – Нариман Сұлтан

  2. Орыс тілі сабағы – Баймұқанов Темірлан, Рейпназаров Нұрсұлтан

  3. Математика сабағы – Сағынғалиев Жандос

  4. Қазақ тілі сабағы – Орынбасарова Аружан.



II жүргізуші: Құрметті Какима апай, ұстаздар!

Біз сіздерді шыдамдылықтарыңыз үшін

I жүргізуші: кешірімді мінездеріңіз үшін

II жүргізуші: мазасыз күндеріңіз үшін

I жүргізуші: біз үшін ағарған шаштарыңыз үшін

Барлығы: жақсы көреміз, әрқашан құрметтейміз!





I жүргізуші - Әйгерім:

Ажырамай мектептен бір елісіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз –



демекші, сөз кезегін мектеп директоры Пенаев Нұрлы ағайға береміз.



II жүргізуші - Әсет:

Қалайтын баласының сәтті жолын

Қуаныш кернепті шат жүрегін

Достарым, тыңдаңыздар ана сөзін

Сіздерге арнап айтар ақ тілегім –



дей келе құттықтау сөз кезегін ата-аналарымызға береміз!



I жүргізуші - Әйгерім: Осымен өздеріңізге арналған «Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі

Автор: Есова Какима К?кк?з?ызы

Дата: 28.05.2016

Номер свидетельства: 330939

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Бастауышпен ?оштасу"
    ["seo_title"] => string(23) "bastauyshpien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "259095"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448642094"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты. "
    ["seo_title"] => string(59) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "231472"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442506797"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бастауыш сыныппен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(29) "bastauysh-synyppien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "133649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416561899"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства