kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышпен қоштасу "Аттанайық бала шақтан, болашаққа!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сыныпқа  арналған  бастауышпен  қоштасу  ертеңгілігі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышпен қоштасу "Аттанайық бала шақтан, болашаққа!"»

Мұғалім сөзі:

Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар ,қымбатты әріптестер,оқушылар!

Бұл оқу-тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас ,біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда- деп Міржақып ақын айтпақшы ,тарыдай болып кіріп ,ақыл-ойлары толысып,оң мен солдарын танып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастырылуымен өткелі отырған «Аттанайық бала шақтан болашаққа!»атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн.Оның ерекшелігі сол,осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып,біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді ,ел билейтін ұлы ,көркейтетін қызы болуларыңа тілектеспін.

Ата-аналарға тілерім: Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғарғы сыныпқа өткені құтты болсын!Балалар бәрімізге қуаныш,бақыт әкелсін!

Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі Әсем Мақсұтқызына беріледі.


Ерте,ерте,ертеде «Бастауыш патшалығы» атты кішкішкентай ел болған екен.Оның тұрғындары сондай ақылды,білімді ,өнерлі болыпты.Ол патшалық көрші екі хандықпен тату-қарым-қатынаста тұрған екен.Ең кіші «Бастауыш » хандығында кішкене бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен.Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтар »

«Көрші»,»Орта буын» хандығына өтеді.Ол хандықтан кейін алған білімдерін жалғап,сапалы білім мен өнерге баулитын «жоғарғы хандыққа» өтіп отырыпты.Осындай күн Ажа ауылындағы Романов негізгі мектебінде 4 жыл бұрын «Бастауыш хандығының» табалдырығын аттаған,10-ға толған 4-сынып тұрғындарының басына да жеткен екен.

«Бастауыш патшалығының» ханы:

-Аға,менің патшалығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр.Ақ батамды тілеп,сіздің хандығыңызға өткелі отырған бүлдіршіндерім 4 жыл бұрын тарыдай болып патшалық табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер ,бүгін міне ақыл-ойлары толысып ,оң мен солын танып,жақсы мен жаманды ажырата алатынын шәкірт болды.

«Орта буын»хандығының патшалығы:

-Е,бауырым,уақыт деген сиқыршы ғой!Міне,көзді ашып –жұмғанша,кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен.

«Бастауыш патшалығының» ханы:

-Армандасаң да,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені,биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Балдырғандар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш патшалығымен қоштасып Аға өзінің қанатыңның астына барғалы отыр.


«Орта буын»хандығының патшалығы:

-Сенің хандығыңнан менің патшалығыма өтетін балдырғандарға өте разымын.Десек те,сен білесің,менің хандығыма өту оңай емес.Мен хандығыма өнерлі,білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын.

«Бастауыш патшалығының» ханы:

-Аға,жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәтте келген екен.Қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған ,білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына ,өз өнерлерін көрсетуге дайын.Сынақты бастасақ бастайық!

(Оқушылар ортаға шығады)

Ұлдар: Ассалаумағалейкум ағайындар!

Қыздар: Армысыздар,аяулы ұстаздар ,ақ жаулықты аналар,ардақты әкелер!

Барлығы: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!


Арман: Бала шаққа болшақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көзімге,

Армысыздар ұстаздарым қымбатты!

Сұңқар: Армысыздар аталар мен аналар ,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.

Аяна: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя,ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен.

Күллі шәкірт басын саған иеді.

Айбат: Өз аузына қаратқан,ұстаз ойын ұғамыз,

Сөйтіп әрбір сабақтан ,сәл есейіп шығамыз.

Көкке жетіп төбеміз,жеңілденіп тарқаймыз,

Талаптанып келеміз,қанаттанып қайтамыз.

Еламан: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.

Әскербек: Анамыздай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз!

Ана тілмен қоштасып,

Әдебиетпен дос боламыз!

Сұңқар: Қазақ тілі пәнінен

Білім алды балалар.

Сөйлемді,сөз таптары.н

Етістіктің шақтарын

Жалғаулар мен жұрнақтар

Ережесін жаттадым.

Аяна: Ой жіберсең бәріне,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.

Хормен: Білімімізді шыңдап ,биіктерге самғаймыз!

«Орта буын»хандығының патшалығы:

-Шынымен ,балдырғандар өте өнерлі, білімді екен.Білім алып қанаттарыңды қатайтып осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарың туралы не айтасыңдар?


Арман: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

Сұңқар:Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз,өйткені оның көкірек көзін ашып,дүниетанымын кеңейтіп,қиялға қанат қақтырады.

Арман:Дұрыс айтасың: Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек.Сондықтан да ұлы ақын Абайдың :

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далағ.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Айбат: Отанның ұланым,

Баулыған мұғалім.

Өзіңсің ағытқан,

Білімнің бұлағын.

Мен сенің көктемің,

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе

Алғысым көп менің!

Аяна: Анамдай сүйем мен,

Шеберін ғылымның .

Ұстаздан үйренем,

Өнерін білімнің.

Үйретіп іс-сазын

Мың жаса ұстазым!

Еламан: Бастауыштан алдық біз білім нәрін,

Бар блімнің жинадық шырын балын.

Бала деген ұстазға тартады екен.

Менің осы мектептен ұғынғаным.

Әскербек:Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тармырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын ,ақылын,

Мәңгі,мәңгі есімізде қалады.

Арман:Атағым Алатаудай болса биік,

Тұрса төбем өсіп,көкке тиіп.

Алдында әрқашан тағзым етіп,

Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.

Сұңқар: Ақылшым асыл ұстазым,

Жолымды айқын ұстадың.

Қасыма кеп қанша сен

Қамқор болып қалам ұстадың!

Ән:«Ұстазым менің ,ұстазым!»



«Орта буын»хандығының патшалығы:

-Жақсы,балалар өнерлерің өрге жүзсін !Өркендерің өссін!Қазір менің сендерге қояр тапсырмаларым бар.Соларды орындап ,білімдеріңді көрсетіңдерші.

1.Сұрақтар қою. «Кім білгір?»


2.Жұмбақ жасыру. «Кім тапқыр екен?»

Үлкендердің айтуынша ,мектеп деген бақытты,қайталанбас балалық шақ деп .Олай болса, мектеп өмірінен біраз қызықтарға жол берейік.


3.Мектеп өмірінен қызықтар /Көрініс/

4.Ойын ойнату. «Жаңылмаймын»

Ойынның шарты:отызға дейін санап ,тек үшке бөлінетін сандардың орнына жаңылмаймын деп жылдам санау керек. Мысалы:бір,екі,жаңылмаймын,төрт,бес,жаңылмаймын.....деп отызға дейін жаңылмай санау керек.Дұрыс орындаған оқушы сыйлыққа ие болады.


5.«Өнерлеріңді ортаға сал ».Ән ,би орындайды.


«Бастауыш патшалығының» ханы:

-Біздің ата-аналарымыз ,ұстазбен бірге оқып,шыдамдылық танытып,көп еңбек етті.Бала тәрбиесінде қосқан үлестеріңіз үшін мың алғыс!Сол кісілердің ішінде белсенділік танытқан Ахмет ағаны ерекше «Бастауыш патшалығының» атынан марапаттап өткім келеді.


Арман: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әкені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән: «Асыл анам » Сабитов Арман

«Орта буын»хандығының патшалығы:

-Өте жақсы бүлдіршіндер!Бүгіннен бастап сендер «Орта буынның мүшесісіңдер»Өнерлі де білімді бүлдіршіндер!

2013 жыл 4-сынып балдырғандары , «Бастауыш патшалығынан » «Орта буын патшалығына »

Қабылдансын!Қабылданбас бұрын жылдағы дәстүрге байланысты ант берілсін!

Сұңқар: Бастауыштағы қызықты күндерді ұмытпауға

Арман .Әліппені ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға

Аяна: Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға

Айбат:Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге

Еламан.Үлгілі,мәдениетті болуға

Әскербек:Мектебіміздің даңқын көтеруге

Бәрі бірге: Ерінбей еңбек етуге ант етеміз!!!


«Бастауыш патшалығының» ханы:

Өтті міне ,қызық шағым,

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Ән: «Ұстазыма» Хор.

Мұғалім: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сендерге арналады түлектер!Ұстаздарың ,мектебің соған тілекші.Жолдарың болсын!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына ,

Түссін деп тура тақ жолына.

Арнайы ақ матадан жол төседім,

Ырым ғып,түлектердің Ақ жолына!!!

Осымен «Аттанайық бала шақтан болашаққа!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бастауышпен қоштасу "Аттанайық бала шақтан, болашаққа!"

Автор: Токсанова Назигуль Сабитовна

Дата: 15.04.2017

Номер свидетельства: 409397


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства