kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аттанды? бала ша?тан болаша??а" атты бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Аттанды? бала ша?тан болаша??а" атты бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі ?з ??рамында 3 ?ле? мен 2 би бар. Соны? ?зінде ?те жа?сы ?тті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аттанды? бала ша?тан болаша??а" атты бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі»

Касимова Райхан Баймырзақызы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Бидайық орта мектебі» КММ,

Уәлиханов ауданы СҚО

Білімі – жоғары, санаты - жоғары,

еңбек өтілі – 27 жыл



Тақырыбы:  «Аттандық бала шақтан болашаққа» 

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған 

білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен

қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр

баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген

құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Аттандық бала шақтан болашаққа», «Шуағын төккен 4 жыл», «Қош бол,

бастауыш мектеп!»  Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.


ФАНФАРЫ № 6


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Мерекеңіз құтты болсын!

ФАНФАРЫ № 6


Мөлдір, Динара –

«Бүгін қандай тамаша, көңілді күн» өлең

Мұғалім:

  • Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

  • Ендеше қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4 сыныбын ортамызға!

 (Музыка « вальс»). Түлектер биі.     

Мұғалім :

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.

Фанфары № 6


Нұрбол : Ассалаумағалейкум , ағайын !

Рустем : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !

Айжан : Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

Көңілді музыка

Динара Ас: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!

Көңілді музыка

Данияр : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.

Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.


Динара Тл : Қолға қалам ұстатып, Білім құйған санаға

Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»

Мөлдір : Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !

Даниал : Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар


Гүлнұр : Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр – алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім !

Рустем : Дұрыс айтасың, Гүлнұр ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің әкем де, анам да, апа – ағаларым да, енді мен де осы мектептен тәлім алудамын.

Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнап ән шырқайық !

Ән «Мектебім, аяулы мектебім» - Томирис


Қуаныш : Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз

Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз

Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз


Аяжан : Оң иығына Бауыржанның отырып,

Оң қолында жез қоңырау соғылып

Мөлдірдей шәкірт келді мектепке

Тұлым шашы, ақ бантигі желбіреп


Ренат : Мектебіміз осы ма ? -деп

Жиырма жеті шәкірт келіпті.

Жылы жүзді ұстазын

Алғаш рет көріпті.

Эмир Дамирді жетектеп

Ұстазына еріпті.

Болашағы нұрлы деп

Ата-аналар сеніпті.

Адилет : Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше біз алғашқы рет мектеп табалдырығын аттаған күндерімізді еске түсірейік!.


Бейнефильм «Алғашқы қадам»



Тұрар :

-Балалар, айтыңдаршы, мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?

-«Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)

— Аналарымыз  ше ?

-Аналарымыз  былай көргісі келеді (сыпыру)

— Әкелеріміз ше ?

-Әкелеріміз мынаны қалайды, көргісі келеді (маңдайларын керіп,қарындарын сипау)

-Сыныптастарымыз мынаны көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін  ұсыну)

Би - флешмоб



Мөлдір: Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.


Данияр : Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

Аяжан: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

мұғалім: Ендеше, ортаға БОМ тәрбие ісінің меңгерушісі Каркошева Маржан Таймысовна шақырылады. (ата-аналарға Алғыс хаттарды тапсыруға.)


Алгыс хаттар ........................................беріледі.

МУЗЫКА

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Рустем: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.


Ән – қыздар («Анашым» өлең)


Тұрар:

- Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?

Адилет :

  • Ата- ананың ақылы

Болашаққа деген сенім

Ұстаздың көрсеткен жолы

Тұрар:

  • Шексіз алғысымызды айта отырып, құрметті бізге сабақ берген мұғалімдер, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен Сіздерді  марапаттаймыз.



Гүлнұр: «Білімге есік ашқан ұстаз» номинациясымен даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен ұстазымыз Катаева Асыл Асқарқызы


Данияр:

Сөз сөйлесе жарқын — ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Асыл Асқарқызына

Алғыс айтады түлегі.

Көңілді музыка

Даниал: 

«Инабатты ұстаз» номинациясымен  орыс тілі мұғалімі

Катаева Салтанат Маулитовна марапатталады.

Айжан:              

Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Салтанат-апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.


Көңілді музыка

Тұрар:

«Кеңпейіл ұстаз» номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі 

Нургазина Умітжан Мұхатқызы марапатталады.

Қуаныш:

Кемшілікті кезінде Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде, Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай, Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл Үмітжан апай осындай.

Көңілді музыка

Гүлнұр:

«Парасатты ұстаз» номинациясымен ән-күй пәні мұғалімі

Салықбаев Тұрлыбек Қаркенұлы марапатталады.


Мирас: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күлімдеп жүрер үнемі, Тұрлыбек ағай

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

Көңілді музыка

Аяжан:

«Жан-жақты ұстаз » номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі

Сатыбалдина Аягоз Сейтказиевна марапатталады.


Нұрбол: Аягоз апай , Сізге айтарымыз

Қуат күшіңіз талмасын.

Бақыт гүлі солмасын,

Асқарына арманның

Ұрпақтарыңыз самғасын!

Көңілді музыка

Даниал:

 «Әділетті ұстаз» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Мухамедьяров Дулат Болатұлы  марапатталады.


Дамир: Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

Әзілі бірге жүрер өзімен

Дулат ағай қашып кетсек аямады.

Көңілді музыка

Ренат:

 «Заманауи үштілді маман» номинациясымен ағылшын пәнінің мұғалімі

Мухамедьярова Марфуга Қаратайқызы марапатталады.


Адилет: Білсін деп ағылшын тілін де,

Құштар боп өссін білімге

Деп әр кез бірге жүресіз

Шәкіртпен бірге күлесіз.

Еңбегіңіз жансын әрқашан.

Білсінші Сізді, Марфуга апай, жер үсті!


Көңілді музыка

Динара Ас.:

«Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі

Касимова Алмагүл Нәсілқызы марапатталады.


Айжан:

Сізге біздей шәкірт берсін,

Еңбегіңіз жана берсін.

Тілейміз ашық аспан, жарық ай,

Даярлық топтың ұстазы, Алмагүл апай!

Көңілді музыка

Мирас:

«Талапты жас маман» номинациясымен информатика пәнінің мұғалімі

Сыздық Айымгүл Жұмажанқызы марапатталады.


Динара Тл: Білім, өнер, еңбек – бәрі егіз.

Жаңа берсін әрқашан еңбегіңіз.

Еңбекқор деп атайды бәрі Сізді,

Тек биіктен, Айымгүл апай, көрініңіз!


Көңілді музыка


Гүлнұр:

«Баға жетпес, өнегелі ұстаздар» номинациясымен  біздің алғашқы ұстаздарымыз

Касимова Райхан Баймырзақызы,

Нургазина Шынар Амантайқызы марапатталады.


Нұрбол: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, апайлар,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.


Ән: «Ұстазым»

Хормен: Рахмет біздің ҰСТАЗДАРҒА!


Көңілді музыка

Қуаныш:

  • Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1 сынып оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.

О - сыныптың құттықтау сөзі

Ерасыл:

Не жетеді көңілдің байлығына,

Сәттілік тілеп тұр ғой  сіздерге кеп.

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Ізбасары  ниеттес боп қолын бұлғап,

Ансар:

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды

Келешекте ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табыңдар орын мықты

Асхат:

Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам — бәрінен биік пенде.

Болашағың жарқын болсын өмірде,

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Бахтияр:

Риза  болшы  ұстаз  қауым  ардақты

Шәкірт  жүрек  сізге  арнау  арнапты

Жылдар  жылжып,  айлар  зулап  өтсе  де

Бастауышты  орта  буын  жалғапты.

Мадияр:

Ақырын жаймен жүретін

Жымиып ақырын күлетін.

Әдеппен бәрін сыйлайтын.

4 – сынып жарадың!

Хор: -Мерекелерің құтты болсын!


Көңілді музыка

Дамир:

  • Бүлдіршіндерге бастауыш кластың кілтін ұсынамыз

Озат оқушылар:

Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті сендер ақтаңдар

Мектепті үздік бітіріп,

Ұстаздың болшы мақтаны!

Шығыңдар білім шыңына,

Аманат осы сендерге

Болыңдар үздік тағы да

Оқуда және еңбекте

( Бір оқушы кілт тапсырады )


(бейнефильм «4 сынып»)

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе. - дей отыра бастауыш мектепті бітірген түлектерге куәлік тапсыруға рұқсат едіңіздер!

Мұғалім: Ортаға БОМ директоры Карымжанова Раиса Мухамедқалиевна және оқу ісінің меңгерушісі Мажитова Алтыншаш Калижановна шақырылады.

(вручение свидетельств)

МУЗЫКА

АНТ БЕРУ РӘСІМІ

Мен, ......., орта буын оқушылар қатарына қадам баса отырып, ата-аналар, мектеп ұстаздарды және оқушылар алдында ант береміз.

  • Тақта алдына шыққанда, жақсы қақпашы сияқты, қандай сұрақ болмасын, оны қалдырып кетпеуге, шешімін табуға....

  • Ұстаздардың қанын қайнатпауға, +1000 дейін жеткізбеуге ....

  • Шапшаң болуға, бірақта мектеп дәліздерінде қозғалыс жылдамдықтарымызды 30 км/сағатынан асырмауға .....

  • Ұстаздардан жүйке, тер емес, сапалы білім алуға .......

  • Білім теңізінде ең терең жеріне дейін сүңгіп, «5» , «4» деген бағалармен жүзуге ....

  • Ұстаздардың, ата-аналардың сенімдерін ақтауға .....

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!

Дамир: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз.

Динара Т: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?

Рустем: Оқу, білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.

Томирис: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Аяжан: Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Көңілді музыка

Қыздар – «Досвидания нач школа» өлең

Хормен: Қош бол, балғын балалық

Қош бол, сүйікті бастауышым



Мұғалім:

  • Ортаға түлектердің жаңа сынып жетекшісі .................... шақырылады.

  • Құрметті ....! Мен Сізге осындай керемет балаларымды тапсырғалы отырмын. Ендеше біз Сізбен 4 сынып оқушыларын тапсыру – қабылдау актіна қол қояйық!


4 сынып оқушыларын

тапсыру – қабылдау акті


Мен, төменгіде қол қойған, Касимова Р.Б., бастауыш сынып мұғалімі,

Сізге бір топ ақылды, шығармашыл, ерекшелігі мол, керемет жұлдыздарды сенім артып тапсырамын.

Техникалық сипаттама:

  • 9 ұл, 8 қыз бала.

  • Орташа бойы: 130 см.

  • Орташа салмағы – 25 кг.

  • Шаштың ұзындығы - 27 см, түсі – қара.


Жалпы:

  • 17 бас (іші толған ақыл),

  • 34 қол (алған нәрсені мықтап ұстайтын),

  • 170 саусақ (барлығы да тез жазып, тез жұмыс істейтін),

  • 34 аяқ (мектепке белгіленген уақытта тез жеткізетін),

  • 34 көз ( соның ішінде: әуесқой – 34, мейірімге толы -34, парықсыз - 0 ),

  • 17 мұрын (иісті тез қағып алатын),

  • 34 құлақ (дыбысты алыстан естейтін),

  • 476 тісі (тіске тиген нәрсені шайнап тастайтын),

  • 17 тілі бар ( 1 минутта – 140 сөз айтатын).



Ерекше белгілері:

  • 4 жыл бойы бұл сынып Білім Министірлігінің тапсырысы бойынша СҚО Білім Бақылау Департаментімен, аудан білім бөлімімен, мектеп әкімшілігімен талай сынаққа салынған.

  • Оқушылар мұндай кедергілерден сүрінбей өтіп, абыроймен шығып,сансыз үздік сабақтар көрсетіп, бастауыш мектепті бітіріп, келесі сатыда білім алуға дайын.

Осы актінің күші 8 жылға созылған, 2 данада басылып шығарылған.


Куәгерлер:

Мектеп басшысы: ......................../ Карымжанова Р.М.

ОІМ: ............................................../ Мажитова А.К.

ТІМ: ............................................../ Каркошева М.Т.

Алғашқы ұстаз: .........................../ Касимова Р.Б.

Сынып жетекшісі: ......................./ Мухамедьярова М. К.


21 мамыр 2016 жыл.

Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нық жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады).

 Мұғалім:

  • Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош, сау болыңыздар! 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Аттанды? бала ша?тан болаша??а" атты бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі

Автор: Касимова Райхан Баймурзовна

Дата: 01.06.2016

Номер свидетельства: 332015


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства