-Балалар, қазір сендер мына берілген әріптер қатарынан жасырынған сөздерді табасыңдар және олармен сөйлем құрайсыңдар.
-Кәнекей, қандай сөздер шығады екен, іздестіріп көрейік.
/Оқушылар іздестіреді/
-жақсы. Тамаша. Бақытым да, байлығым да- денсаулық деген сөйлем шықты. Көңілімізді көтеріп, қошаметтеп қол соғып қояйық.
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бақытым да, байлығым да- денсаулық»
-Енді осы тәрбие сағатымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:
Өз денсаулығымызға жауапты қарау.
тазалықты сақтау
Салауатты өмір салтын ұстау.
Зиянды заттардан аулақ болу.
Денсаулықтың мықты болуына көңіл бөлу
-Тамаша. Қол соғып көңілімізді көтеріп қояйық.
Мұғалім:
-Жақсы. Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуына тиіс» деп атап көрсеткен сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізгелі отырған « Бақытым да, байлығым да- денсаулық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек жайлы ой өрбітіп, әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы шығармашылық қабілеттерімізді дамытуға үйренеміз.
-Сондықтан да қазір сендерді 3 топқа бөлемін.
1- топ «Денсаулық» Ұраны: «Денсаулық – зор байлық»
2-топ « Шымыр» «Шынықсаң шымыр боласың»
3- топ « Тазалық» «Тазалық- денсаулық кепілі»
-Ал, балалар сендер деніміз сау болсын дегенді қалай түсінесіңдер?
- Деніміз сау болсын десек, біз дұрыс тамақтанып, таза ауада көбірек жүруіміз керек, спорттың өзімізге ұнаған түрімен шұғылдануымыз қажет.
- Меніңше уақтылы жатып, дұрыс тамақтану. Сол кезде деніміз сау болады.
– Ал меніңше деніміз сау болмаса бізге ешқандай байлықтың да , ақшаның да керегі жоқ. Деніміз сау болса бізде барлығы да болады.
–Денсаулық дегеніміз – ол адам өміріндегі ең үлкен байлық – деп ойлаймын. Денсаулықтың арқасында біз еңбек етіп, жақсы өмір сүреміз.
- Ал, меніңше денсаулық ол адам ағзасының бір қалыпты дұрыс жұмыс істеуі, сондықтан да адам дұрыс тамақтануы керек.
– Денсаулықты сақтап , оны нығайту әрбір адамның өзіне байланысты – деп ойлаймын. Егер де адам өзіне немқұрайлы қараса, ол өзі аурушаң, ашуланғыш болады. Ештемеге ыңғайы келмейді, көп ауырады
- Менің ойымша тазалықты сақтау, тамақтан соң аузымызды шайып, қолды жақсылап жуу керек. Сол кезде деніміз сау болады.
-Балалар, сонымен денсаулыққа не қажет екен?
-Серуендеу
-дұрыс тамақтану,
-тазалық,
-дене шынықтыру.
-Өте тамаша. Енді осы топтарға шығармашылық тапсырмалар беріледі, соны орындап көрелік.
1-топқа Өлең жолдарын жалғастыру.
/Таза киім/ .... киемін,
/Тазалықты / .... сүйемін.
/Денем/ ... таза болса да,
Түсемін жиі .... /моншаға/
2- топқа Мақал-мәтелдерді жалғастыру.
..... ..... ..... /Бірінші байлық – денсаулық/
Екінші байлық ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Ауырып ем іздеген ше,
..... ...... ..... ....... /Ауырмайтын жол ізде/
Байлық байлық емес,
..... ..... /Денсаулық/- байлық.
Көзің ауырса қолыңды тый,
....... ..... ...... / Ішің ауырса аузыңды тый/
Денсаулықтың қадірін,
..... ..... ..... ..... /Ауырғанда білесің/
3- топқа. « Салауат» сөзінің әрбір әріптерінен денсаулыққа қажетті сөздерді табу
С- серуендеу
А – ас- адамның арқауы
Л- ластың досы – шыбын
А- аман болу
У- уланудан сақтану
А- ауаға шығу
Т- темекі шекпеу
-Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды. /қол соғып қошаметтеп қоямыз/
-Балалар, егер де сендер ауырып қалдыңдар делік, сонда сендерді аналарың балалар дәрігеріне көрсетеді. Сол балалар дәрігерін кім деп атайды? /Педиатр/
-Жақсы, осы балалар дәрігері енді бізде қонақта отыр.Ол кісі сендерге бірнеше жұмбақтар ала келіпті соны шешіп көрейік.
- жұмбақтарды шешу, үш тілде оны айту
1.Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да / орамал – полотенце –шаул/
2.Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың / сабын – мыло- соуп/
3.Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзіңе /айна – зеркало – мироу/
4 .Қалтамда жатыр,
Тістері бар батыр / тарақ – расческа –хеяброш/
Дәмі де жоқ, түсіде жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. / су – вода –вотер/
Сергіту сәті
Бекжан:
-Ахмет, тұр. Бізде сабақ болып жатыр ғой.Тұр, ояншы. Сабақ үстінде ұйықтағаныңа жол болсын. Мұғалім Ахмет ұйықтап қалыпты.
-Ахмет керіліп созылып орнынан тұрады.
Мұғалім: Ахмет қазір бізде балалар дәрігері қонақта отыр, бар не айтады екен?
Көрініске дайындалғанша «Жалқаубек» әнін орындау
Көрініс. /Алия мен Ахмет/
Оқушылардың ойлары, беретін кеңестері
Мұғалім:
-Балалар ал , сендер Денсаулықтың қандай қастарын білесіңдер?
1- Дұрыс тамақтанбау
2.Компьютерде көп отыру
3. Салақтық
4. Көп ұйықтау
5. Жалқаулық
6. Ашушаңдық
7. Күн тәртібін сақтамау
8. Зиянды әрекеттер
Ал , енді осыған қарама-қарсы достары қандай?
1.Дәрумендер
2.Дұрыс тамақтану
3.Спортпен шұғылдану
4. Серуендеу
5. көңілді жүру
6. тазалық
7. дұрыс ұйықтау
8. шынығу
-Мұғалім: тамаша сендер денсаулықтың достары мен қастарын біледі екенсіңдер. Ал қазір шағын жарнаманы тамашалайық.
-Сөйтіп осы жарнамадан кейін сендер ауырып ем іздеген ше, ауырмайтын жол іздейсіңдер деп ойлаймын.