kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Атасы мен немересі" ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

атасы мен немересі ертегісіне сахналық қойылым

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Атасы мен немересі" ертегісі»

Автор: Загретдинова А.

Атасы: Ибрагим І.

Баласы: Жұмабай А.

Келіні: Кенжебекқызы Б.

Немересі: Әбдірашов А.

Атасы мен немересі

«Құлын» сыңғырлай кісінеп, тұяғымен жер тарпып, үлкен бөлмеден ойнақтай шықты. Шапқылаған күйі ас үйге кіріп, үстелді бір айналып өтті. Көздері от шаша жалтылдап атасының бөлмесіне қарай құйындата жөнелді.

Ержан апасының үйінде екі күн болып бағана келген,содан бері аяқ–қолына тыным болмай зырылдаудың үстінде. Бала секіріп,жүгіріп өседі деуші еді үлкен кісілер, бұның да өсіп жатқаны ма,дамылдамайтын болып алды...

А–а–а!– Ержанның бақырған ащы үні құлағыма келгенде жүрегім шым ете қалды. Қай ана перзентінің даусы шыққанда жан ұшыра жүгірмейді дейсіз, шаруамды тастай сала мен де жеттім.

Ержан едендегі алашаның шетін ала тапырлап бақырып жатыр екен.

Встать!– деген өктем де ызғарлы дауыс естілгенде өзім де шошыпкеттім.

Ержан айқайын тоқтатпаған күйі екі қолымен жер тірей орнынан

тұрды.

– Не смей плакать!—Атасының бұйрығы тым қатал естілді.Ержанның даусы пышақ кескендей тыйылды. Мені өзіне қорған көрді ме, бері қарай жүре бергені сол еді:

– Не двигаться с места! – деп атасы тағы бұйырды.

Бала құрттай жұдырықтарымен көзін уқалап тұрып алды. Шынымды

айтсам, баламның жылай алмай көз жасын тұншыға жұтып,бір уыс болып қалғанмына мүсәпір хәлі жүрегімді қарс айырды.Ержанға қараудың өзі соншалықты аянышты, шығып кетуге шамам жоқ, араға түсуге қорқам. Амалсыздан есікке сүйенген күйі тұра бердім.

–Бері жақындағын, — деді атам немересіне. Зекіген жоқ, бірақ даусы

әлі суықтау.

Ержан батылсыздау басып атасының қасына келді.

– Менің немерем болашақ солдат деп ойлаушы едім. Солдат жылай ма екен?Жаттығу кезінде жүз жығылып,жүз тұрады. Жығылған сайын бақырып – шақырып жылап жатса не болады,ойлашы өзің? Ондай бос белбеу жылаңқы солдаттың Отанға керегі қанша? — деп сәл үндемей қалды.

Сені біреу жотаңнан итерді ме, сонша шала бүлінетіндей. Жоқ!Өзің

жығылдың да,жылай бастадың.

–Мен әлі кішкентаймын, — деп Ержан аяғынмен жерді теуіп

қалды. Шыбындай боп бұның да мінезі өзіне жетіп асады.

– Кішкентай болсаң қайтейін. Құлағанды білесің, орныңнан тұруды үйренбедің бе? Ауырған жерің баяғыда басылды,бірақ әлі жылағың келіп тұр.Біреу аяса екен, еркелетіп кәмпит берсе екен деп түрсың, солай ма?

–Кәмпиттің керегі жоқ, тісім ауырады, — деді Ержан қабағын

ашпастан.

–Кәмпит болмаса бетіңнен сүйрегенін қалап тұрсың, — деп атам немересіне қолын сілтеп қойды да:

–Қанша айтқанмен ұят емес пе болашақ солдаттың бақа құсап тырбаңдап, бақылдап жатқаны. Сүрініп құладың ба,ешкімнің көмегінсіз тұруға тырыс,жәрдем сұрап,аяушылық тілеу — жағымсыз әдет.

–Ішім қатты соғылды ғой, — деп,Ержан атасына бір адым жақындады.

–Білем, оңбай жығылдың. Сен жылауға кеткен күшіңді орныңнан тұруға жұмсауың керек еді. Ауырды ма, сен шыда, қазір басылады деп көңіл бермей қойсаң, ауырғаны тыйылады. Әйтпесе ауру деген қу болады, істегеніне көніп еркелетсең, орныңнан тұрғызбай қояды. Сондықтан жығылдың ба— тезірек тұруға тырыс, түсіндің бе?

–Түсіндім.

–Түсінгенің жақсы. Кәне, мына төсектің шетіне жақынырақ отыр да,үйде неге қатты жүгіргеніңді айтып бергін.

Ұлым:

–Менсиқырлаған сарайдан ханшаны атпен алып қаштым емес пе, — дегенде күліп жібердім. Атам маған жалт қарап, қолын көтеріп, қабағын түйді.

–Ханшаның керегі не?— деді атасы.

–Неге керегі жоқ, — деп таңданды Ержан, — мен оған үйленем. Екеуміз кубик ойнаймыз. Балаларымыз да бізбен бірге ойнайды, — деп түсіндірді.

–Е— е, онда мен шөбере сүйіп, баба болады екенмін ғой. Бірақ есінде болсын: ханның қыздарының қолынан ештеңе келмейді. Ханшалар ас пісіріп, кір жуып, үй тазалап үйренбеген. Ал жиналмаған былғаныш үйде мен жатпаймын, саған менсіз тұруға тура келеді.

–Ата, бәрін өзім істеймін. Сарайды іші жарқырап тұрады.

–А— а, сонда сен хансарайында тұрмақшысың ба? Бізсіз? Жалғыз өзің?

–Жоғ- а, жұрттың бәрі тұрады, сарайда бөлме көп. Біреуін сізге беремін.

–Оныңа үлкен рақмет. Алайда үйдің бар шаруасын бір өзің мойныңа алма, ханшаға да жұмыс істеткін.

–Өзіңіз ештеңе істей алмайды дедіңіз ғой.

–Істей алмаса, үйретеміз, қайта тәрбиелеп адам қатарына қосамыз, — деді.

Көңілі орнына түскен Ержан:

–Ата, мен әлгі сарайға тағы бір шауып келейін, — деді.

–Неге? — деді таңданған атасы.

–Ол сарайда қазына деген үйіліп жатыр. Алтын, күміс, хрусталь—

бәрі бар, содан әкелмеймін бе.

–Нағыз азаматтар оған пысқырып та қарамайды. Алтын үшін басыңды қатерге тікпе, ол —батырлық емес, ашкөздік. Саған керегі не сол алтынның?

–Мен оны әкеліп өзіміздің адамдарға және кедейлерге бөліп берем,—деп Ержанның жеңілгісі келмеді.

– Сенің садақаңды жұрт қабылдайды деп ойлайсың ба? Біздің адамдарымыз көлденең олжаға қызықпайды, қымбат нәрсені адал тер төгіп, өздері-ақ жасап алады. Содан кейін біздің елімізде кедей жоқ. Кісі қолына қарап шағынып жүретіндер — жалқаулар. Еңбек еткісі келмей жеңіл өмір сүргісі келетін арамтамақтар. Түсіндің бе?

–Түсіндім. Ханша да жұмыс істемейді, мен оған үйленбеймін,- деп Ержан бас тартып шыға келді.

–Мәссаған керек болса! Әй, сен сөзінде тұрмайтын тұрақсыз болдың ғой.

–Ханша зілдей шығар, одан да Жанатқа үйленейін. Ол кіп-кішкентай.

–Түк түсінсем бұйырмасын,—деп атасы иығын қозғады.

–Кеше төртінші қабатта тұратынСлавканың мұрты бар ағасы лента байлап, алдына қуыршақ отырғызған әйбат машинамен келді. Ақ көйлек, басына аппақ вата киген тәтені көтеріп алды. Көтеріп алып, төртінші қабатқа жаяу кетті,. Кө-ө-пкісілер шулап өлең айтты. Славканың ағасы қызарып, ұялғанынан мұрнын тартты.Сіз естімедіңіз бе?
– Біріншіден, мен үйде жатқан адаммын, ештеңе естімедім. Екіншіден, басына вата кимейді, фата киеді. Үшіншіден, бұның бәрінің саған қанша қатысы бар?

–Неге қатысы жоқ! Славканың мұрты бар ағасы менен қанша үлкен. Мын-а-ндай! Ол тәтені әрең көтерді. Мен жетінші қабатқа зілдей ханшаны қалай алып шығамын? Қиын шығар, көтере алмай тастап жіберсем қайтем?

–Оның рас, бұл оңай шаруа емес. Бірақ жақсы досты салмағына қарап таңдамайды. Дегенмен сен осы бастан күш жина.Ертеңгілікте апаң оятқан кезде созылып жатып алмай, ұшып тұр. Төсегіңді жина, жаттығу жаса. Салқын сумен жуынып, тісіңді тазартуды ұмытпа. Содан кейін дастарқан басына көңілді келіп отырып тамағыңды іш, алдыңа қойғанды тауысып жегін.

–Өзіңіз неге тамақты аз ішесіз?! —деп, немересі атасының кемшілігін есіне түсірді.

– Мен шалмын, өспеймін. Ал сен сағат сайын өсіп келе жатқан баласың. Саған асты мол-мол ішу керек, әйтпесе өспей қаласың. Ақылың да аз болады. Ең бастысы айтқанға көніп, ата-анаңды тыңдағың. Үлкен-кішіні сыйлап, мектепке барғанды жақсы оқып тер шығарсаң, қайратты, ақылды, сұлу жігіт болып өсесің. Ондай азаматтар Отанға, халыққа өте керек екенін ешқашан ұмытпағың,— деді атасы.


























































№5 мектеп-лицей













«Ертегілер елінде» апталығы барысында өткізілген

«Атасы мен немересі» ертегісі





Өткізген: Кужаниязова А.Ж.

Класс: 2 «Б»









2017-2018 оқу жылы

Шалқар қаласы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Атасы мен немересі" ертегісі

Автор: Кужаниязова А.Ж.

Дата: 31.03.2018

Номер свидетельства: 464481

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«?кем,шешем ж?не мен –отбасымыз о?ырман» "
    ["seo_title"] => string(45) "kiem-shieshiem-zh-nie-mien-otbasymyz-ok-yrman"
    ["file_id"] => string(6) "167438"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423076896"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Технологиялық карта "Маша мен аю" ертегісі"
    ["seo_title"] => string(44) "tekhnologiialyk_karta_masha_men_aiu_ertegisi"
    ["file_id"] => string(6) "525801"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1572970489"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) ""Сен, мен ж?не жетекшіміз - сыныбымыз о?ырман." "
    ["seo_title"] => string(50) "sien-mien-zh-nie-zhietiekshimiz-synybymyz-ok-yrman"
    ["file_id"] => string(6) "200232"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428754350"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "і дыбысы мен ?рпі "
    ["seo_title"] => string(17) "i-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "158821"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421815648"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Сенім – мені? серігі "
    ["seo_title"] => string(22) "sienim-mienin-sierighi"
    ["file_id"] => string(6) "195124"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427869144"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства