Жүргізуші: - Құрметті ұстаз аналар, құлпырған қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Құрметті ұстаздар және қонақтар сіздерді көктем мезгілінің алғашқы айының келуімен және келе жатқан халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Сіздердің жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз. Көктемнің күніндей күлімдеп, әсем сұлу болып жүре беріңіздер дегіміз келеді.
Десек те уақытпенен жарыспайды, Қияға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп Өнерлерін ұстаздарға бағыштайды - дей келе мектепалды даярлық тобы оқушыларының сіздерге арнаған тартуларын қабыл алыңыздар.Олай болса балалардың өнерлерін тамашалайық.
Тақпақтар:
Шұғыла
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар.
Ән салуға құштар.
Тоғжан: Весна,Весна как воздух чист
Как ясен небосклон
Своей лазурию живой
Слепит мне очи он.
Саят: Hello sprin
Hello sprin Hello sprin
Балалардың орындауында флешмоб
Тамшылар!Тамшылар! (жаңбырдың дауысы ойналады)
Жүргізуші Бұл жаңбыр ғой, балалар. Көктемнің алғашқы жаңбыры. Бізде жаңбырды қарсы алайық.
Жаңбыр,жаңбыр жау-жау,
Өлкемізге нәр бер. (Жаңбырдың дауысы)
(Балалар хормен қайталайды. Әдемі музыка ойнайды. Музыка ырғағымен ортаға жаңбыр кіреді)
Жаңбыр: Алақай, бұл –мен жаңбырмын. Армысыздар балалар мен қонақтар,міне көктем де келіп жетті. Осы өлкеге келіп жеткеніме қуаныштымын.Балалар мен сендермен ойын сауық құрғалы келдім.
Баулар бір,
Жау жаңбыр, Жау жаңбыр.
Төгілсін
Таудан нұр,
Жау жаңбыр, Жау жаңбыр.
Салсын құс
Сайран бір
Жау жаңбыр, Жау жаңбыр
Балалар қуанышты үнмен алақай деп қуанады.
Жаңбыр: Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын, өсімдіктерді суарамын. Әрі өте көңілдімін. Мен ойыншылмын. Биді де , әнді де жақсы көремін. Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге ару көктемді шақырайық. Ол осы тойдың қадірлі мейманы ғой.
Балалар: Көктем,көктем өлкемізге кел.( хормен )
(Музыка әуенімен көктем келеді )
Арукөктем: Мен көңілді көктеммін, Былтыр келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтын, Түбіне тал еккенмін. Гүл боп қырда егілем, Дән боп жерге себілем. Жаңбыр болып жауам да, Нұр боп көктен төгілем. Шуағын төгіп әлемге. Жылуын күннің әкелем. Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шашып, шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын! Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Көктем: Мен балалардың өнерлерін қуана тамашалаймын.Онда көңіл көтеріп,ән салайық, ойын ойнайық.
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ұстаз тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп ұлағатты ұстаздарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне балалардың орындауында «Көктем келді» атты әнін қабыл алыңыздар.
Балалардың орындауында ән: «Көктем келді». Қол соғып, қошеметтеп отырайық.
Жүргізуші. Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі, Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі. Аспанда жақсылықтың атын жазып, Тырналар қатар-қатар тізіледі,- дей келе, келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
Шұғыла
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар.
Ән салуға құштар.
Нұрмұхамед
Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім алып келді
Қуанышты күндерде
Құттықтаймыз сіздерді.
Тоғжан
Жыл басы наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Алижан
Көктем болды алақай
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
Марлен
Қараңызшы
Тұп-тұнық таң атуда,
Кең далама
Шұғыласын таратуда
Көктем көшіп келеді
Көктем көшіп,
Қайта оралған құстардың қанатында.
Көктем: Тамаша балалар, тақпақтарың маған қатты ұнады.
Көктем: Жарайсыңдар балалар Сіздермен бірге көңілім көтеріліп қалды.Балалар және қонақтар менің сіздерге сыйым бар.Жаңбыр маған көмектесіп жіберші. (Сахна төрінде себетті жасыл мен ақ матамен жабылып тұрады.Жаңбыр суара бастайды)
Жаңбыр: Жоқ, маған балалардың көмегінсіз гүл өсіру қиын. Балалар егерде шеңберге тұрып мына сиқырлы сөздерді айтса, нұр үстіне нұр болар еді.
Балалар: Шырайлы көктем
Бізге гүл сыйлайды
Мерекемен құттықтайды.
(Балалар өлең жолдарын қайталап жатқанда, себеттің беті ашылып, әдемі гүлдер шығады)
Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып, Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып, Биімен көрерменді тәнті ететін. Арулар келді міне толқып, тасып - «Гүлдер» биі. Қарсы алыңыздар, орындайтындар: қыздар тобы
Жүргізуші:Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді
Аяулы ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге келесі әнді қабыл алыңыздар.
Хор: «Ұстаз - ол» .
Жүргізуші: Енді сіздерді қыздар әндерімен құттықтағысы келеді. Қабыл алыңыздар «Агигай» әні. Айару мен Кәусардың орындауында.
Балалар ана туралы тақпақтарын айтады.
Жүргізуші:Хор: «Мамин праздник».
Көктем: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
-Ойнаймыз ба, балалар?
-Йя,ойнайық, ару көктем. (хормен қайталайды.)
"Күн шуағы" ойыны.
- Балалар, бір сәт айналамызға қарап, өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейік. Қарайықшы, айналамыз қандай? Нелерді көріп тұрсыңдар? - Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар? - Ендеше мен бір жұмбақ жасырайын. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. - Ол не екен? - Дұрыс айтасыңдар. Жұмбақтың шешуі күн екен. (тәрбиеші күннің суретін көрсетеді)
-Күн бізге қарап не істеп тұр?
-Күлімдеп тұр.
-Күнге не жетіспейді? (көктем)
-Күннің шуағы жетіспейді.
-Ендеше ер балалар ортаға жиналып, күннің шуағын орналастырады.
-Міне, балалар, күн бізге өзінің шуағын шашып тұрғандай. Ал күн әдемі болу үшін, әдемі бәнтигін тағуға қыздар ортаға шықсын. (көктем)
-Міне, қандай, тамаша! Әдемі күн шуағы болды! Жарайсыңдар! (көктем)
Жүргізуші.
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз
Би билейміз, бәріміз
Сүйікті ұстаздар сіздерге арнап би билейді. Би «Жалқаубек». Ортада: жігіттер мен қыздар.Қарсы алыңыздар.
Жаңбыр:
-Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келеді.
-Қарсы емессіңдер ме?
Балалар: Жоқ, ойнаймыз.
«Қолшатыр» ойыны
Көктем: Көп - көп рахмет балалар сендерге. ( Осы кезде көктемнің телефоны шақырады ) Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келеміз. Мінекей балалар біздің басқа да жұмыстарымыз бар, бізге кету керек. Ал, жаңбыр дасым біздің көмегіміз керек болып жатқан орманға жол тартай ық. Бірақ, балалар мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Келесі жылғы көктемде, осы кітаптан алған білімдеріңді тексеретін боламын. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Сау болыңыз, көктем аруы. Келесі көктемде кездескенше аман- сау болайық. Құрметті ұстаздар сіздерді бимен құттықтадық. Енді сіздерді Айарудай ару қыз әнімен құттықтағысы келеді.
Ән «Туған жер». Орындайтын: Айару
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Ару көктем» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Көктемдей көтеріңкі көңіл – күй, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды.