kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көктем келді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Көктем келді» (аралас сабақ)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,табиғатқа деген сезімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:Балаларды табиғаттағы әсемдікті бақылауға дағдыландыру артқылы эстетикалық тәрбие беру,адамгершілік қарым қатынасқа баулу.
Методикалық әдістер: Әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ой қозғау.
Көрнекіліктер: слайд,көктем суреттері,қиылған үйшік бөлшектері,ақ қағаз,желімдер.
Қостілділік: Көктем-весна Құс-птица

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалардың
Іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру-ізденушілік

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр,қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар шаттық шеңберін құрайып,қонақтармен сәлемдеседі.
«Шаттық шеңбер»
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін сендерге,
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға,құстарға.
Ал,балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Слайд көрсету: Көктем мезгілінің табиғат құбылысының дыбыстары:
аққан су,жел,құстың дыбыстарын тыңдайды.
-Балалар,бұл ненің дыбыстары?
-Аққан судың!
-Желдің!
-Құстың!
-Иә,балалар бұл табиғат құбылыстарының дыбыстары.
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Қар мұз еріп,су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Қой маңырап,төл жамырап,
Жайлау малға толады.

Демек,біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз жылдың қай мезгілі туралы болмақ?
-Көктем. (балалар тақырыпты өздері ашады)

Жаңа тақырып:
-Балалар,көктемде күн шуағын шашады,қар ериді,жерге жасыл шөптер шығады,түрлі гүлдер өседі,
ағаштар бүршік жарады,бұтақтарға жапырақтар шығады,ағаштар жасыл желекке оранады,құстар жылы жаққа ұшып келеді,құстар ұя салады және жұмыртқалайды,адамдар жеңіл киінеді. Көктем тамаша жыл мезгілі.
(бейнелер слайдтан көрсетіледі)

Тосын сәт: Қарға ұшып келеді.
-Мен-қарғамын. Осында ұшып келдім,мұнда көктем келіпті.Біз,барлық құстар сендерге,жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз.Балалар, сендер біз туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-Келді көктем жағаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Ауылымды арала.

-Көктем,көктем,көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз.
Әнмен қарсы аламыз.

-Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

-Қанеки,балалар бойымызды сегітіп алайық!
Сергіту сәті:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.

Енді,балалар жылы жаққа ұшып келген құстарға ұя салып берейік.
Балалар құс ұясын жапсырады.

Қарға:
-Балалар,сендерге көп рахмет! Бұл ұяларды апарып құстарға берейін.Олар бұл ұяларға балапандарын қоныстандырсын.
(Қарға ұяларды алып кетеді)

Қорытынды:
-Балалар,қазір қай мезгіл?
-Көктем!
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Қар ериді!
-Құстар келеді!
-Ағаштар бүршік жарады!
-Жерге шөп,гүл өседі!
-Адамдар жеңіл киінеді!

Қазір балалар, ойынға да кезек келді.
«Құс мекені» ойыны.
Балалар үй құстары мен дала құстары мекеніне топтастырылады.

Балалар,сендер бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы ат салыстыңдар. Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер,ұяны әдемі жапсырдыңдар,тақпақ айттыңдар,жұмбақ шештіңдер.Мен сендерге сондай ризамын.Сондықтан сендерге сыйға гүл беремін.

Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды,
Сау болыңыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Көктем келді

Автор: Салықбаева Гульнур Қозыкорпешовна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417426

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Https://kopilkaurokov.ru Көктем келді, құс келді оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(65) "https_kopilkaurokov_ru_koktiem_kieldi_k_u_s_kieldi_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "415664"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494869843"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Әдебиеттік оқу Көктем келді!"
    ["seo_title"] => string(33) "diebiiettik_ok_u_koktiem_kieldi_1"
    ["file_id"] => string(6) "419648"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496170399"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Көктем келді""
    ["seo_title"] => string(14) "koktiem_kieldi"
    ["file_id"] => string(6) "366793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481095758"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ана тілі "К?ктем келді дала?а" "
    ["seo_title"] => string(31) "ana-tili-koktiem-kieldi-dalag-a"
    ["file_id"] => string(6) "162293"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422344923"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "конспект урока "К?ктем келді""
    ["seo_title"] => string(27) "konspiekturokakoktiemkieldi"
    ["file_id"] => string(6) "307323"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458310699"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства