-Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Халқымызыдың салт – дәстүррін үйреніп жүрген жас қыздарымызға арнап « Ару көктем » байқауын өткізгелі отырмыз. Біздің әдепті де әдемі қазақ қызына тән барлық қасиеттерді бойына сіңірген қыздарымызға ақ жол тілеп, байқауымызыд ашуға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі сайысымыздың шарттары:
I. « Мен қазақтың қызымын» - арулардың сәлемдесуі, өзін – өзі таныстыруы.
II. «Өнерліге өріс кең » -арулыр өз өнерлерін көрсетіді.
III. «Озған ел тарихын таспен жазады» -сұраққа жауап беру.
IV. «Ас – адамның арқауы» - арулар ас әзірлейді.
V. «Адам көркі - шүберек» - сән үлгілерін көрсету.
Ал енді бүгінгі сайысқа қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырып өтейін.
1.Несібелі
2.Көзайм
3.Сымбат
4.Айда
5.Дильназ
6.Ақжүніс
7.Көркемай
8.Ажар
9.Ләззат
Жүргізуші:
I.Ұрпағы мен боламын бабалардың,
Биікке өнерменен бара аламын,
Қанекей, тыңдайықшы барша халық
Кім екен түпкі атасы арулардың? – дегендей аруларды өзін-өзі таныстыруға шақырамыз.
Жүргізуші:
II. тау әсем қарағайлы аршасы бар,
Сол тауға талапты жас барса шығар.
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,
Бойында сол өнердің қаншасы барп?
«Өнерліге өріс кең» шарты бойынша арулар өз өнерлерін көрсеті.
III. халқымыздың тарихын,
Жамандықтан арулар жиренейік!
«Озған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады»
Шарты бойынша арулар сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1.Ұлттық ойындарды ата?
2.Жеті атанды ата?
3,Көктемде болатын мерекелер?
4,Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
5,Биыл қай жылды қарсы алдық?
6Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
7,Төрт түлікті ата?
8,Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
9,Жыл мезгілдерін ата?
IV. Бармағынан бал тамған ,
Татып көрген таң қалғаң – дегендей
«Ас адамның арқауы » шарты бойынша арулар ас әзірлейді.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй. – дегендей аруларымыздың асы дайын болғанша ер балаларды «Жұмыр қылыш » биін билеуге ортаға шақырамыз.
V. Үлбіреп жаны үзіліп ,
Сәулесіндей сәскенің.
Сыбызғыдай сызылып,
Арулар шықты тізіліп.
«Адам көркі шүберек» атты шартымыз бойынша арулар сән үлгілерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер сынға түсер өлеңімен.
Не болсада айтайын жүрегімен,
Әнді нағыз өнер деп білемін мен – дегендей әділғазылар дайын болғанша Нұрғожаев Ержанның орындауында «Үкілі Кәмшат» әні қабыл алыныздар!