kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана тілім ардағым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.

Әділ қазылар алқасын сайлау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілім ардағым»

08.04.2020ж

Тақырыбы: «Экология және біз»

Құқықтық ақпараттандыру бағдарламасы. Тәртіптілігі мен міндеттілігі

Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы.СПИД туралы алғашқы мәлімет, адамның денсаулығы

Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы. Өрт автокөлігі және өрт қауіпсіздендіру құралдары


Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Бәрі хормен:

Амансын ба, Алтын күн!

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Кіріспе сөз:

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.Кезекті оқушылардың табиғат туралы тақпағына берейік:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе!


Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.


Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің, айың да.

Тегінде жаның жомарт — ақ,

Ізгілік жатыр бойында.


Табиғат, қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.



Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан

шығарсыңдар.

Сөздік жұмыс

Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.

— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

(талдау жұмысын жүргізу)

— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба-лаларды көрді-де, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?


Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Қызығушылықты ояту.

— Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен.

Сөзжұмбақ сұрақтары.

1. Аң патшасы.

2. Қазақстанның әсем қаласы.

3. Қазақтың қарт, ақыны.

4. Қазақтың батыр қызы.

5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер.

6. Ай аты.

Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды


Құқықтық ақпараттандыру бағдарламасы. Тәртіптілігі мен міндеттілігі.

Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты

Ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен

Бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардыңқұқығын қорғайтын Заң бар ма?

1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев»Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді..

Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.

8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.

9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.

10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне жәнеөміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.

15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар

1-маусым-Балаларды қорғаудыңхалықаралықкүні.

20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.

10-желтоқсан-Адам құқығы күні.

10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.

1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті.

20-қараша 1989жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.

28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.

8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

30-тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық.. Қазақ ұлты қайырымдылықты,ымырашылдықты қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.

2. Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы Қоршаған ортамен таныстыру

Баланың заттарды, нысаналарды және айналасындағы құбылыстарды зерттеу ниетіне қолдау көрсету, заттардың қолданылуымен және олармен әрекет жасаумен таныстыру.

Үй тұрмысына қажетті заттарды (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.), ойыншықтарды, еңбек құралдарын (сыпыртқы, сыпырғыш, күрек, су сепкіш, шелек және т.б.) қарауды ұйымдастыру. Балаларды үй тұрмысына қажетті заттарды бағдарлауға: заттарды және олардың қасиетін - қарапайым түрдегі пішінін, құрылысын, ашық түсін, көлемін танып, атауға; заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп алып, топтастыруға; қарама-қарсы белгілері бойынша (үлкен-кіші, қатты-жұмсақ) олардың арасындағы қатынасын орнатуға; бүтінді және бөлшекті (матрешкалар, қима суреттер), заттармен, материалдармен әрекет жасауды атауға, қарама-қарсы әрекеттерді (киіну - шешіну, ағыту - түймелеу) ажыратуға үйрету.

Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы.СПИД туралы алғашқы мәлімет, адамның денсаулығы

СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар: 1. Біреуге қан құйса 2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса 3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе 4. Жыныстық қатынас 5. Жұқтырған ананың баласына Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады. СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар. Ал енді қай кездерде жұқпайды? 1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде 2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде 3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде 4. Ауа, су, ойыншық арқылы 5. Жәндіктер шаққанда 6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек. СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек. - Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады. : СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.

Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы:Өрт автокөлігі және өрт қауіпсіздендіру құралдары

АСО-20 автокөлігі жеке құрам, өрт-техникалық жабдықтарды, арнайы құралдарды және өрт (авария) кезінде жеке құрамның жұмысының қауіпсіздігі мен нәтижелігін қаматамасыз ететін құралдар мен жүйелерді, жеке құрамды өрт (авария) орынына жеткізітін;

- Жарықтану аспаптар, арнайы құралдар, құралдарды электро қуат беру көзі;

- Өрт (авария) орынын жарықтану

Авариялық-құтқару автокөлігі АСА – 20

Автомобиль АСА –20 автокөлігі жеке құрам, өрт-техникалық жабдықтарды, арнайы құралдарды және өрт (авария) кезінде жеке құрамның жұмысының қауіпсіздігі мен нәтижелігін қаматамасыз ететін құралдар мен жүйелерді, жеке құрамды өрт (авария) орынына жеткізітін;

- Жарықтану аспаптар, арнайы құралдар, құралдарды электро қуат беру көзі;

- Өрт (авария) орынын жарықтану

- Құрлыстарды ашу, гидроманипулятор көмегімен салмақ жүктерді көтеру

Тартқыш МТ-ЛБ.

Жеңіл броньды жоғары өтімді тез жүретін автокөлік

Өтуге мүмкіндігі жоқ жолдар участоктерін, елді мекендерді барлау, түрлі техника мен тіркемелерді тіркеп сүйреу үшін арналған

УРАЛ 4320 КУНГ

Жоғары өту мүмкіндігі бар көлік төтенше жағдай аумағында қалып қойған адамдарды жылыту және қауіпсіз жерге көшіру, автокөліктерді тіркеп сүйреу үшін арналған.

Жылжымалы өрт-техникалық зертхана ППТЛ ГАЗ-32591

Өрт оқиғасы болған жерге мамандар мен құралдарды жеткізу үшін. Өрт шығу себебін зерттеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында.

ПНС-200 (КАМАЗ-43118)

Ірі өрт болған кезде өрт сөндіру техникасына магистральды жолымен су жеткізу, резервті су қорын ұйымдастыру үшін.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер); өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.












































15.04.2020ж

Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын

Рухани-жыныстық тәрбие бағдарламасы. СПИД туралы алғашқы мәлімет, адамның денсаулығы

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Автобуспен немесе троллейбуспен сапарға шығу


Мақсаты:
1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Әдісі: СТО, саяхат.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер
Барысы: І. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.

Арманы бар бір ғана,

Талабы зор баламын.

Шынығумен шыңдала,

Тез-ақ өсіп, толамын.

Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамын.

Тұңғыш Тоқтар ағадай,

Мен ғарышкер боламын.
Мұғалім: - Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин  тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 55 жыл уақыт өтті. Олай болса мына суреттермен топқа бөлінеміз.
Мұғалім: Бүгін біз ғарышқа саяхат жасайтын боламыз.

1.Тоқтар Әубәкіров
2.Талғат Мусабаев
3.Айдын Айымбетов

ІІ. Мағынаны тану

Ол үшін әуелі бейнебаян тамашалайық. 
-Олай болса оқушылар бізде осы аспан әлеміндегі 9 планетаны аралап көрейік. Ол үшін әр планетаның тапсырмаларын орындайтын боламыз.

1. Меркурий тапсырмасы
1-топ: ТоқтарӘубәкіров

Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. 

Ғарышқа ұшуы

1991 Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

2-топ:Талғат Мусабаев
Ғарышқа ұшуы

Талғат Мусабаев 1994 жылы Союз ТМ-19 ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн өткізген.

1998 жылы Союз ТМ-27 зымыранымен ғарышқа 2-ші рет ұшқанда 208 күн өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.

2001 жылы ғарышқа Союз ТМ-32 зымыранымен 3 -ші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген.

Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. 
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.

3-топ: Айдын Айыметов

Бүгінде 43 жасар Айдын Айымбетов  «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшқан үшінші қазақ ұлтының өкілі. Жалпы алғанда, Айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.

2015жыл қыркүйектің 2-і күні қазақстандық ғарышкер Айдын Аймбетов ғарышқа сапар шекті. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттейді.

Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалатын айтулы оқиғалардың бірі болды. Өйткені, А.Айымбетовтың бұл сапары Қазақстанды ғарыштық өнімдерді сатып алушы елден, ғаламды зерттеуші мемлекетке айналары сөзсіз.    


2.Шолпан : А.Айымбетов туралы бейнебаян тамашалау.

3.Марс :Мақтанамын ерлігіңмен ағаларым!  Өлең шумақтары

1-оқушы:

Тұңғыш қазақ ғарышкер.

Әубәкіров ағаның,

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин,

Салған жолды жалғаған.

Тоқтар ағам- жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.

Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.

Бабасындай асауға,

Салған құрық-бұғалық,

Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.

2-оқушы: 

Жұмбақ әлем,

Жұмбақ жұлдыз,

Олар көп.

Ғарышкерлер,

Біреуіне қонар кеп,

Қонып тұрып,

Адам ойы мазасыз,

Сұрар тағы,

Бұдан әрі не бар?- деп

3-оқушы:

Әрқашан ерлікке құштармыз,

Қажымас, дарынды жастармыз.

Жол салып ақмаңдай айға да,

Достарды жұлдызға бастармыз.

Қанат берді еліміз,

Ұлы Отанның ері біз.

Ертең- ақ Марсқа барамыз,

Ұшамыз біз айға да,

Ұшамыз біз ғарышқа,

Ғарышкер де боламыз.

4-оқушы:

Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.
5-оқушы:

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.


4.Юпитер. Сөзжұмбақ шешу.

Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?

Мұғалім: Оқушылар ерекше тор көзден ғарышкер сөзі шықты. Ғарышкер киімі скафандр туралы және зымыранның қалай ұшатындығы туралы мәліметтерді бейне баяннан бірге тамашалайық.


Қызықты мәлімет.Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.


5.Сатурн   Постер

*Ғарышкер қандай болу керек?

*Ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде?

*Ғарыш айлағы


6.Уран. Жұмбақ шешу

Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/

Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/

Етегім толы сөк, Ерте тұрсам жоқ. Жұлдыз

Көлде жүрген ақ үйрек, Түнде бар да, күндіз жоқ. Ай
Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. Күн
Не басы, не аяғы жоқ

Не алды, не арты жоқ Жер

Мекені көкте екі ару Бір-бірін көруге зәру. Күн мен ай7.Нептун .Аспан денелері туралы мақал - мәтелдер
1.Таразы туса , таң суиды. Сүмбіле туса су суиды .
2.Ай  жарқырап күн  болмас , өтірік жарқырап  шын болмас .
3.Ашылатын күн  айқұлақтанып батады .
4.Айдың шалқалап туғаны - боран - шашынның болғаны .
5.Үркер суға  түссе құт,  жер ге түссе жұт болады .
6. Жұлдыз жиі болса  ,күн  ашық  болады .
7. Адассаң  темір қазыққа   қара .
8.Күн қораланса ,күрегіңді ,ай қораланса аяғыңды сайла .
9.Құйрықты жұлдыз  көрінсе ,құт кетеді.
10.Тірліктің жемісі күнде ,  тамыры  жерде .
11. Айдың жарығы төңірегіне түседі ,өзіне түспеиді .
12.Үркер жерге түспеи жер  қызбайды .
8. Плутон. Музыкалық сәлемдеме. Ақниет «Мен ғарышкер боламын»

Рефлексия. Егер мен ғарышкер болсам...?

Қорытынды:

Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен менің ғарышқа саяхатымыз аяқталды.

“Сіздерден бізге бір тілек…” Келген қонақтардың тілегін тыңдау.




Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы.СПИД туралы алғашқы мәлімет, адамның денсаулығы

СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар: 1. Біреуге қан құйса 2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса 3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе 4. Жыныстық қатынас 5. Жұқтырған ананың баласына Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады. СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар. Ал енді қай кездерде жұқпайды? 1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде 2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде 3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде 4. Ауа, су, ойыншық арқылы 5. Жәндіктер шаққанда 6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек. СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек. - Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады. : СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.



Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Автобуспен немесе троллейбуспенсапарға шығу.

1 Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2 Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

3 Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

4 Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.

5 Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

6 Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.

7 Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

8 Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Міне біз көптеген жол ережесін біледі екенбіз. Біз үнемі жол ережесін сақтап жүрсек, өз өмірімізді сақтайтын боламыз.





















































22.04.2020ж

Тақырыбы: Отбасы бақыт мекені

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды


Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті:
 Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі:
 Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі:
 Әңгіме,  сұрақ-жауап, пікіртерім.
Барысы: 
 Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппен таныстыру.
Топ жетекшісінің кіріспе сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кез де  жетті. Кезекті сайысқа түсетін топтарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.
1. Топ аты. 2. Ұраны. 3. Топ төс белгісі. (қорғауы керек)
1-топқа сұрақтар
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
11. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)
 2-топқа
1. 18 жасқа толмаған адам (бала)
2. «Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта білім)
5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)

6. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? (болмай  ды)

7. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы ? (оқыған)

8. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

9. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)

10. Азияда қысқы спорттық ойындары Қазақстанда қай қалаларда өтті? (Алматы, Астана)

Екінші кезең. Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек. (Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жарысы)

Үшінші кезең «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.

1-топқа

1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім  сені қатты сөкті. Сен не істейсің?

3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай? Сыныптасың ретінде не айтар едің?

2-топқа

1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?

2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың ретінде не айтар едің?

3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?

Сабағымыздың төртінші кезеңі пікірталас

 Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.

Ортаға оқушы және ата-ана шығады

Оқушыға  «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады

Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»

Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.

Келесі ойынымыз. Отаға бір оқушы мен ата-ананы шақырамыз.

Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.

Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе ….» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.

Оқушыға «Менің  ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жаманды бір қорапқа жинақтайды.

Топ жетекшісінің қорытынды сөзі. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен  аялаған ана. Әке мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да  ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің өз тәжірибесі  жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы,

Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.



Жаңа ақпарат отбасы туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып, отбасының берік те тату болуы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен байланысты екенін түсінеді. Мұғалім отбасы неліктен қымбат екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді. 
Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. 
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп - әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! 
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. 
Отбасында бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болатынына мұғалім ерекше назар аударады. 
Сахналау 
Сүйіспеншілік 
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп,тұрыңқырап қалады да, «Төрлетіңіздер»,−деп бар ниетімен үйіне шақырады.Сонда қариялардың біреуі«Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,дейді.Оң жақтағы досым −Байлық,сол жақтағым болса−Сәттілік.Менің атым−Сүйіспеншілік.Өзін,жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге мынандай талап қойды: 
−Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің біреуін ғана шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,−деді. 
Әйелі Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,қатты қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы»,−деп қайталай берді. 
−«Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе?Біз байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». 
Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Одан да Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»−деді. 
Ақыры екеуі ақылдасып,мынадай шешімге келеді: «Негізінде,ең асылы,Сүйіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз бақытты боламыз» 
Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз.Біз сізді шақыруды ұйғардық», −деді. 
Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді.Жолдастары да орындарынан тұрып,артынан үйге қарай жүрді.Аң−таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»−деді.Қариялар: 
−«Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек»,−дейді. 
−«Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз −Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз» 
• «Сүйіспеншілік бар жерде−Байлық пен Сәттілік бар»дегенді қалай түсінесіңдер? 
Дәйексөз 
«Дәйексөз» айдарымен берілген «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық мақалын түсіндіру арқылы сахналау әдісінде оқушылар пайымдаған ой-пікірлерді жалғастырып, отбасы тәрбие баспалдағы екені түсіндіріледі. 
Ойын. «Айналайын, толғанайын!» 
Мұғалім оқушылдардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!». 
Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады. 
«Біз бақытты жанұямыз!» 
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар. 
Талдау: 1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз? 
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма? 
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? 
Түйіндеме

Отбасы: 
• сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді; 
• жақсылыққа жетелейді; 
• еңбектенуге, білім алуға көмектеседі; 
• үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді. 
Оқулықтағы «Назар аударыңыз» айдарымен берілген қорытындылау оқушылардың отбасы жарастығы мен сыйластығы туралы білімдерін бекітіп, сабақтан алған білімдерін бір ойға тоғыстырады. Мұғалім отбасы әр адамның жақсылық бастауы, тәрбие көзі екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасайды.




Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды

Қазіргі таңда үлкен қалаларда балаларға арнап салынған ойын алаңдары өте көп. Сондай белгілі қоршауы бар ойын алаңдарында балалар ойнауы тиіс. Көліктің көп жүретін аймақта балалар ойнауға тыйым салыну керек.

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі

Жолда жүру ережелері- жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін заң. Жолда жүру ережелерін білу әрбір баламен әрбір адам үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін дұрыс орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға















29.04.2020ж

Тақырыбы: Қазақстан-көпұлтты мемлекет

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Көрнекілігі: «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» атты плакат, тақырыбы, суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Барысы:

Тәрбие сағаты барысында екі жүргізуші сөз бастар алдында ортаға барлық мемлекеттер билеп келеді.
1- Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен құрметті ата - аналар қауымы.
Бүгінгі біздің «Қазақстан – көпұлтты мемлекет»- деп аталатын мәдени - мектеп ішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2 – жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады.

Бүгінгі біздің 5 - сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбие сағатымызда, оқушыларымыз түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақ.
Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ «Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ» деген халықты.
Қазақ биін тамашалайық

1 - Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып - ап,
100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» ұлтын шақырамыз.

Орыс тілінде өлең оқылады: Султан, Нұрдос.

Родина моя - Казахстан!
Там лазурное небо и снежные горы, 
Бескрайних полей золотые просторы. 
Закаты как в сказке и звездные ночи, 
Рассветы ясны как красавицы очи. 

Там вольные ветры и быстрые реки, 
Яркое солнце, широкие степи. 
Манящие тайной святые озера 
И лоз виноградных витые узоры. 

Там свято хранятся традиции предков 
И люди плохие встречаются редко. 
Там радость так радость! Беда не беда. 
Гостям в каждом доме рады всегда. 

Там разные нации в мире живут, 
Там вечные ценности - знания и труд. 
Самая лучшая ты на земле 
Родина матушка - слава тебе! 

Вы спросите где это, я вам отвечу!
Краткой, но убедительной речью:
"Осы маган улы Отан,
Касиеттi жер Казакстан!"

2 -Жүргізуші:

Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын – деп ортаға «Өзбек, Ұйғыр және үнді қыздарын шақырамыз.»

Адилжан Айдана- өзбек тілінде

Гайиндинова Сабина - ұйғыр тілінде өлең оқылады.

Әбен Сымбат, Ералы Альбина – үнді биі.

1 -Жүргізуші: әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді.
Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, және қатысқан ата - аналар мен ұстаздарға алғысым шексіз.
Енді барлығымыз ортаға шығып Тұтқабай Бек пен Садыханова Назеркенін орындауындағы «Жаса қазағым» әніне би билейік.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!






























06.05.2020ж

Тақырыбы: Ерлігі ұмытылмас батырлар

Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылған оқулықтар: « Жеңіс нұры» - жыр жинағы Алматы «Жазушы» 1985ж; «Өмір – бақыт» Есет Әукебаев «Жазушы» баспасы Алматы-1983ж. «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», аудандық «Толқын» газеті.
Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Барысы:
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1жүргізуші:Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-жүргізуші:Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің елімізден 1 млн. 900 мың адам аттаныпты. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.


Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кеші.Жастар вальс билеуде.

Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар!
Бәрі: Отан үшін аттанайық!

1 жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

Болатова Қарақат Берқайыр Аманшин «Сақ болыңдар, тірілер!» атты өлеңін оқиды.
1 жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Көрініс: «Мәншүктің хаты». Жауынгерлер шайқастан кейін бірі жаралы, бірі қаруларын тазартуда. Аяжандар солдаттардың жарақаттарын таңуда.

«Мәншүктің хаты»

«Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепте жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір –ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір,алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз,ал күндіз тынығамыз. Міне,қалт еткен сәтті пайдаланып,сізге жауап жазып отырмын

…Айналайын апатай “Моншағым” деп еркелете отырып, үнемі менің шаштарымды өріп беруші едің ғой! Сіздің жұп- жұмсақ аялы алақандарыңызды сағындым.Апа, сіз мені кешіресіз деп ойлаймын. Бұрымымды қысқарттым… Соғыста қиын ғой. Қазір қайтадан қоюлана түскен. Өздеріңмен қайта қауышу жазса, көрерміз, оған шейін бұрынғыдай ұзарып қалады.

Кеше шайқас алдында өзіңіз жіберген хош иісті сабынмен жуып- шайып, әтір сеуіп, айтпақшы, айна салып жібергеніңіз мұндай жақсы болар ма, көп рақмет, кішкентай болса да соған қарап жас қылып, өріп алғанмын. Ұрысқа кірерде түйіп аламын, бірақ кейде сусып түсіп, арқамды сабалайды. “Дұшпанға оғыңды ата түс аяма!” деп мені қамшылайды.

Жеңіспен оралған соң,айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып,құшып сүйемін. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.

Қызыңыз Мәншүк.

1943 жыл. 10-шы қыркүйек.


2 жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

1 жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Би: «Катюша»


1Жүргізуші:Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
Ән: «День Победы»
Ән: «Көгершін»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.









13.05.2020ж

Тақырыбы:Тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы

Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы. Өрт кезінде не істеу керек?

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Қорытынды сабақ


Тәрбие сағатының мақсаты:

Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі:  Сұрақ-жауап,мақал-мәтел,пікірталас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Оқушы ережесі.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?»
IҮ. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)

V. Жалғасын тап…  (мақалдардың жалғасын табу)

VI Қорытынды.

І Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Құрметті оқушылар «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер! Біз бүгін оқушы жасөспірімдердің мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата — анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар… Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз.
Пікірталастың тақырыбы: «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлерімен таныстыру, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Пікірталас кешіне «Жақсылық» және «Парасат» тобы қатынасуда.
Мұғалім: А. С. Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет — әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» — деген.

ІІ «Оқушы ережесі»
Әр топ плакатқа оқушының мектептегі ережелерін жазып, жұмыстарын қорғайды.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?» 2 топтың пікірін тыңдау.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 — видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
— Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
— Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
— Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
— Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 — видео. Қожаның өзіне — өзі есеп беруі.
— Бұл видеодан не түсіндіңдер?
— Күн сайын өзіне — өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
— Сендер өз — өздеріне есеп бересіңдер ме?
— Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?

Мұғалім: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.

IҮ. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)

Мұғалім:
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)

1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.)

2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? (Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.)

3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? (Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.)

4)Әдептілік дегеніміз? (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.)

5)Адам боламын деген бала не істеу керек? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар 

6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?(Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.)

7)Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет ? ( Сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына  ие бола алатынын көрсетеді.

8) Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? (айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.)

9) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба? (Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге

зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.)

10) Адам адамнан несімен ерекшеленеді? (Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.) 11)Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

12) Сыныпта кімді үлгі тұтасыңдар?

V. Жалғасын тап…  (мақалдардың жалғасын табу)

Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің. Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ  қағида. Келесі кезекте, Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мен сіздерге мақал-мәтелдер айтамын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыздар. -Әдепті бала- (арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.)

-Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)

-Атаңа не қылсаң – (алдыңа сол келеді.)

-Жақсы бала сүйік- (жаман бала күйік)

-Жеті атасын білмеген- (жетесіз)

-Ұяда не көрсең… (ұшқанда соны ілерсің)

-Ұлық болсаң – (кішік бол) -Ашу –  …  , ақыл – (дұшпан, дос, ақылыңа, ақыл қос.) -Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
-Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
-Ақырын жүріп………….. (анық бас)
-Асыл тастан………… (өнер жастан)
-Ұрлық түбі………….. (қорлық)
-Әдепті бала……………….(арлы бала)
-Тәрбие………(отбасынан басталады)
-Әділ істің……..(арты игі)

Оқушы есебі .(стикерлерге жазып, тақтаға жазады.) ( Өздеріңді алдағы уақытта қалай ұстар едіңдер? Өздеріңнің бойындағы кемшіліктерің туралы байқасаңдар стикерлерге түсіріп, алма ағашына іліп қойыңдар.)

Қорытынды: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.



Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы Өрт кезінде не істеу керек?

Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;

Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;

Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;

Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;

Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;

Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;

Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;

Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;

Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;

Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;



Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Қорытынды сабақ

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді: ескерту белгілері басымдылық белгілері тыйым салу белгілері міндеттеу белгілері ақпараттық-көрсеткіш белгілері қызмет көрсету белгілері Қосымша тақтайшалар Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді.































20.05.2020 ж

Тақырыбы: Жайдарлы жаз да келді сағынтып

Мақсаты: Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрену

Міндеттері: Ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдап, дұрыс жауап беруге баулу. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құралдар: Жаз мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер.

Әдістер мен тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап

Өткізілу барысы:

. Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер,Good morning!) Амансың ба нұрлы күн! Амансың ба қара жер! Аман –есен болайық! Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)

Балалар амандасады, шаттық шеңберін орындайды.

Негізгі бөлім

- -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік. -Айнала қандай? Дала қандай? -Ал ағаштар ше? -Ауа қандай? -Терезеге не түсіп тұр бар? Жаз қандай болады? көңілді,т.б Жазда бау-бақшада не өседі? -Яғни, мұның барлығы қай кезде болады? (балалардың жауабы Жылдың төрт мезгілібар: …, …, …, … . Бір жылда … ай бар. Жаз айлары: …, …, … . Ең ыстық жыл мезгілі: … . Қазір жаздың алғашқы айы Иә білемін айнала гүлденіп,жап-жасыл күйге енеді. Ал біз болсақ, суға түсіп көңілді ойнаймыз.Саябаққа ,орманға саяхаттаймыз. - Балалар, суретте не бейнеленген? - Бұл жылдың қай мезгілі? Жазда қандай өзгерістер болады? Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды? Жазда ауа райында қандай өзгерістер болады? Жаз айлары жайлы біз не білеміз?.

Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. күйеді.Орман тоғайларға барып,жидек, саңыраулқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді.. Жаз- мезгілі өте тамаша жыл мезгілі. Біздің сулу табиғатымызды көруге, жеріміздің түпкір-түпкірінен демалуға келеді. Жазда балалар суға шомылады

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкене балақан

Үп-үлкен боп өседі.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-ыстық, Демалады .Шомылады ,Күнге күйеді

-Қыс, көктем, жаз, күз

-3 ай бар

-Маусым, шілде, тамыз

Шілде

Ыстық болады.

Балалар өз ойларын айтады.

Сергіту сәтін сәйкес қимылдармен орындайды.

Қорытынды бөлім

Балаларды сұрақ—жауап арқылы тексеру.

ә) ту а) елтаңба б) әнұран.

Айсезім

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз.

Бекжан Б:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Хор: «Көк тудың желбірегені» әні


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ана тілім ардағым

Автор: Тыныштықова Жайнагүл Әлімжанқызы

Дата: 20.11.2020

Номер свидетельства: 563914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ана тілім арда?ым "
    ["seo_title"] => string(20) "ana-tilim-ardag-ym-2"
    ["file_id"] => string(6) "246836"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446464278"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "«Ана тілім-арда?ым» "
    ["seo_title"] => string(18) "ana-tilim-ardag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "161652"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422263406"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "«Ту?ан тілім-арда?ым, ту?ан жерім-ша?ыра?ым» "
    ["seo_title"] => string(49) "tug-an-tilim-ardag-ym-tug-an-zhierim-shan-yrag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "206690"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430238166"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ана тілім, ардағым, туған елім!"
    ["seo_title"] => string(31) "ana_tilim_ardag_ym_tug_an_ielim"
    ["file_id"] => string(6) "356366"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478535608"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашық тәрбие сағаты: Ана тілім-ардағым"
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_ana_tilim_ardag_ym"
    ["file_id"] => string(6) "364759"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480611437"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства