kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ана тілім-арда?ым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Ана тілім – арда?ым

     Тіл-?ай ?лтты? болмасын тарихы мен та?дыры, т?лімі мен т?рбиесіні? негізі, ?атынас ??ралы. Тіл болмаса с?з болмайды. С?з болмаса адамзатты? тірлігінде м?н-ма?ыз болмайтыны белгілі. Демек, тілді?, с?зді? орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы тере? ойлану- ?р?айсысымыз ?шін парыз.

  ?аза? тіліні? м?ртебесін арттыру, ?аза? тілін мемлекеттік тіл ретінде сезінуге, М??гілік елмен бірге М??гілік тіл болып ?алатынын ?скеле? ?рпа??а жеткізу, ана тілі бала бойына ана с?тімен, ?лди ?німен ?алыптасатынын б?лдіршіндерге айтып, ана тілін сыйлау?а, ??рмет т?ту?а, ма?тан етуге т?рбиелеу, ол бізді?, я?ни педагогтарды? басты міндеті деп ойлаймын. Осы орайда ?аза?ты? біртуар а?ыны Ма?жан Ж?мабаевты?: “?лт?а тілінен ?ымбат н?рсе болма? емес, бір ?лтты? тілінде сол ?лтты? сыры, тарихы, т?рмыс тіршілігі, мінезі ай?ын к?рініп т?рады”, – дегенін ?мытпауымыз керек. Бізді? тіліміз - кешегі ?ткен дана Абайды?, жыр семсер Махамбетті?, шынды?ты? д?л ?зіндей Бауыржанны?, ?лы М?хтарды? тілі.

 ?аза? тілі- ата-бабамыз ертеден ?алыптастыр?ан ,тарихымызды? к?рінісі , хал?ымызды? ?ткені , б?гінгісі мен болаша?ы.

 ?аза? хал?ы – с?зге шешен, ойы ?ш?ыр, ма?алдап с?йлейтін халы?. Кез – келген дауды ата?ты билеріміз бір ауыз с?збен шеше білген. Осыншама жылдар бойы же?ілмей келе жат?ан тіл. Тіл – ?тты? жаны, тіл – ?лтты? асыл ?азынасы. Б?л ?азынаны жо?алту?а болмайды.

Ана тілі — ?р адамны? ?з ?лтыны? жан д?ниесі мен м?дениетінен ?асырлар бойы жи?ан рухани азы?ынан н?р алатын кіндік тамыры.

Жыл ?ткен сайын ана тілімізді? м?ртебесі ?сіп, абыройы арта т?суде. Ана тілді? ?асиеті туралы ?анша айтса? та таусылмайды.

  ?лем таны?ан ел болу ?шін тілімізді? ж?лдызын биіктетуіміз керек. Тіл- ?астерлі де, ?асиетті ??ым. Ана тілін с?йген адам- ту?ан жерін, елін, Отанын, атамекенін с?йеді деген с?з. Ал, б?ларды? б?рі- адам баласы ?щін е? ?асиетті ??ымдар. ?мірді? алмастай ?ырын, абзал сырын т?сіне білуіне басты себепкер де - ана тілі.

 Ана тілімізге мемлекеттік м?ртебе берілді. Тіл туралы за? ?абылданды. Тіл ар?ылы біз о?ып, білім аламыз, ?ала?ан маманды?ты игереміз. Тіл ар?ылы даналар с?зін о?ып білеміз, одан ?ибрат аламыз. “?нер алды – ?ызыл тіл” деген осыдан шы??ан болар. Тіл халы?пен бірге жасайды, дамиды, ?ркендейді. Ана тіліні? ?адір-?асиетін біле білген хал?ымыз оны ?лтты? рухына, ?азынасына, байлы?ына балайды.  Сонды?тан ?р адам ?з ана тілін к?зіні? ?арашы?ындай ?ор?ау?а тиіс. Ту?ан тілді? абыройын ас?а?тату - ?рбір адамзатты? абзал борышы.
  Бізді? міндетіміз- о?ушыларды ана тілімізді ??рметтеуге т?рбиелеу, тіл – бізді? тіршілігіміз, бабаларымыздан ?ал?ан асыл м?ра екенін т?сіндіру. Ана тіліміз ар?ылы ?ана біз хал?ымызды, Отанымызды танып білеміз.
?ткірді? ж?зі,
Кестені? бізі
?рнегін сендей сала алмас – деп ?лы Абай атамыз та?ыр?ап, та?зым еткен тіл. Олай болса, ?рпа?тарымызды?  осы ана тілімізді? м?ртебесін биікке ?шыратын с???ары, б?йгені? алдын бермес т?лпары болуларына тілектеспін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ана тілім-арда?ым» »

«Ана тілім-ардағым»  атты тіл мерекесіне  іс-шара жобасы   Мақсаты:  Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.  мұғалім: Арынғазиева Салтанат Жарқынбекқызы

«Ана тілім-ардағым» атты тіл мерекесіне іс-шара жобасы Мақсаты:

Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. мұғалім:

Арынғазиева Салтанат Жарқынбекқызы

Көрнекілігі:   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ  ТІЛ ТУРАЛЫ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР  ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР СУРЕТТЕРІ «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі;  Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентациялар,шарлар т.б

Көрнекілігі:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ

ТІЛ ТУРАЛЫ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР

ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР СУРЕТТЕРІ

«Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі;

Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентациялар,шарлар т.б

Бар жақсылықтың басы - тіл  (Махмуд Қашқари)  Сүйемін туған тілді – анам тілін  Бесікте жатқанымда –ақ берген білім  (С.Торайғыров)  Ана тілім, туған тілім,бал тілім  Сен арқылы дүние танып талпындым.  Сен арқылы әлемге аян бар ісім  Сен өмірде таусылмайтын алтыным.  (Ш.Айтматов)  Мұралардың ең қымбаты –сөз, Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады.Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.  (Ғ.Мұстафин)  Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.  (А.Байтұрсынов)  Тілден биік асқар жоқ,  Тілден асқан байлық жоқ,  Тілден терең теңіз жоқ.  ( Ғ. Мүсірепов)

Бар жақсылықтың басы - тіл (Махмуд Қашқари)

Сүйемін туған тілді – анам тілін Бесікте жатқанымда –ақ берген білім (С.Торайғыров)

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

(Ш.Айтматов)

Мұралардың ең қымбаты –сөз, Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады.Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. (Ғ.Мұстафин)

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. (А.Байтұрсынов)

Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ.

( Ғ. Мүсірепов)

«Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса,қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару,әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас,отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған –оның ғажайып тілі».  Н.Ә. Назарбаев

«Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса,қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару,әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас,отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған –оның ғажайып тілі».

Н.Ә. Назарбаев

1-жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. 2-жүргізуші: Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.  1-жүргізуші: Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.  2-жүргізуші: Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз. 1-жүргізуші: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.  2-жүргізуші: : Отанымыздың берекелі шаңырақ, беделді елге айналуы белсенді тіліне де байланысты.
  • 1-жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе.
  • 2-жүргізуші: Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп. 1-жүргізуші: Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек. 2-жүргізуші: Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
  • 1-жүргізуші: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. 2-жүргізуші: : Отанымыздың берекелі шаңырақ, беделді елге айналуы белсенді тіліне де байланысты.
Туған тіл  Кімнен тудым?  Нәсілім кім?  Ұлтым кім?  Әлде мен дір аспанның сұр бұлтымын?  Бұлт емеспін.  Мен қазақпын,  Халықпын,  Көне күннен келе жатқан тарихпын!  Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,  Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!  Туған тілде намысым мен арым бар,  Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!

Туған тіл Кімнен тудым? Нәсілім кім? Ұлтым кім? Әлде мен дір аспанның сұр бұлтымын? Бұлт емеспін. Мен қазақпын, Халықпын, Көне күннен келе жатқан тарихпын! Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар, Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар! Туған тілде намысым мен арым бар, Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!

Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.  Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі.

Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі.

Тілім - арым, ол менің мақтанышым,  Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.  Тіл – адамның қаруы, қазынасы.  Туғанбыз соны баста сақтау үшін.  Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,  Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.  Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,  Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.

Тілім - арым, ол менің мақтанышым, Ризамын жүрекке от жаққаны үшін. Тіл – адамның қаруы, қазынасы. Туғанбыз соны баста сақтау үшін. Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың, Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың. Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді, Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.

би Әр сөзінен қазынаны табатын,  Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын  Ұлылар мен шешендерім сөзінен,  Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!  Ұлылықты ұлы тілім танытты,  Ұлы тілім ұлықтайды халықты.  Халық егер өз тілінен адасса,  Өсер елдің тірлігі емес парықты.

би

Әр сөзінен қазынаны табатын, Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын Ұлылар мен шешендерім сөзінен, Асырып кім сөз қалдырды жазатын?! Ұлылықты ұлы тілім танытты, Ұлы тілім ұлықтайды халықты. Халық егер өз тілінен адасса, Өсер елдің тірлігі емес парықты.

Туған тілім қазынам,алтын кенім,  Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.  Қош келдің туған өлке,бесігіңе,  Қасиетті бабамның тілі менің.   Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,  Қылыштай сүйектерден тілімдедің.  Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,  Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

Туған тілім қазынам,алтын кенім, Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім. Қош келдің туған өлке,бесігіңе, Қасиетті бабамның тілі менің. Дұшпандардың талайын қызыл тілмен, Қылыштай сүйектерден тілімдедің. Өтсе де талай ғасыр,қилы заман, Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

М.Жұмабаев “Қазақ тілі” М.Мақатаев “Үш бақытым” М.Шаханов “Төрт ана”
  • М.Жұмабаев “Қазақ тілі”
  • М.Мақатаев “Үш бақытым”
  • М.Шаханов “Төрт ана”
С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі  Ортаға патша шығады:  ПАТША: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.  МҰҒАЛІМ: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.   ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ  МҰҒАЛІМ: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржандай батырлардың тілі.  Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.  ПАТША: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.  Оқушылар:

С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі

Ортаға патша шығады:

ПАТША: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. МҰҒАЛІМ: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды. ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ МҰҒАЛІМ: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржандай батырлардың тілі.

Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.

ПАТША: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін. Оқушылар:

ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫ  ПАТША: ашуланып - Менің кім екенімді білмейді - ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді.  Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:  Дүниеде не ащы?  Дүниеде не тәтті?  ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.  МҰҒАЛІМ: - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.  Хатта:  О, хан ием!  Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.  (Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).

ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫ ПАТША: ашуланып - Менің кім екенімді білмейді - ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді. Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды: Дүниеде не ащы? Дүниеде не тәтті? ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды. МҰҒАЛІМ: - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық. Хатта: О, хан ием! Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы. (Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).

  • ПАТША: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелді аяқтау керек. 1. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса,... 2. Өнер алды -... 3. Жіптің ұзыны, сөздің ... жақсы. 4. Піл үшті, Піл күшті емес, ... күшті. 5. Отыз тістен шыққан сөз, Отыз рулы. . .. тарайды. 6. Жүйелі сөз - жүйесін табар, Жүйесіз сөз - ... ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.
  • (Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді) Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады. ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші? - Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді - Тіс өтпейтін сіңір ғой.
  • Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді. Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де: - Балам, еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді. - Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді. ӘКЕСІ: - Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің? БАЛАСЫ: - Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады. - Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден». ӘКЕСІ: - Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.
Тілім менің! Осы тілде шежірем,жырым менің. Асан қайғы арманы,Қорқыт күйі – Тағдырыммен тамырлас мұңым менің. Тілім менің! Жауға айбарым,ұраным,туым менің! Найзасымен тең ұстап ана тілді, Намысымды қорғады Сырым менің. Тілім менің! Тіршілігім,тынысым,құным менің! Бас бергенмен,Махамбет тіл берген жоқ, Тіл кесілсе не болмақ күнім менің? Тілім менің! Тұтастығым,елдігім,үнім менің! Ел қорғаған ерлерге рух берген Осы тілде толғады биім менің. Тілім менің! Ұлы Абайдай,Мұхтардай,пірім менің! Тұнығым,рухани жан азығым, Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім. Тілім менің! Тілім үшін мың өліп,тірілді елім. Аралыммен –арыммен қатар қойып, Тілді қорғау –парызым бүгін менің.  

Тілім менің!

Осы тілде шежірем,жырым менің.

Асан қайғы арманы,Қорқыт күйі –

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.

Тілім менің!

Жауға айбарым,ұраным,туым менің!

Найзасымен тең ұстап ана тілді,

Намысымды қорғады Сырым менің.

Тілім менің!

Тіршілігім,тынысым,құным менің!

Бас бергенмен,Махамбет тіл берген жоқ,

Тіл кесілсе не болмақ күнім менің?

Тілім менің!

Тұтастығым,елдігім,үнім менің!

Ел қорғаған ерлерге рух берген

Осы тілде толғады биім менің.

Тілім менің!

Ұлы Абайдай,Мұхтардай,пірім менің!

Тұнығым,рухани жан азығым,

Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім.

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.

Аралыммен –арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің.

 

Қазақ тілі -өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы –домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқақ әуенділігі –шырқап салар әніндей.Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім,іштей үйлескен ырғақ болады.Сөз бен сөз,дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып,жымдасып жатыр.Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбінде хрустальдай сыңғырлап,қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді.Кейде  қазақ болып туылғаның үшін және әлемдегі ең бай,ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің !                 Қабдеш Жұмаділов.  

Қазақ тілі -өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы –домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқақ әуенділігі –шырқап салар әніндей.Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім,іштей үйлескен ырғақ болады.Сөз бен сөз,дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып,жымдасып жатыр.Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбінде хрустальдай сыңғырлап,қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді.Кейде  қазақ болып туылғаның үшін және әлемдегі ең бай,ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің !

                Қабдеш Жұмаділов.

 

"Туған тіл – тұғырың, туған тіл –қыдырың” дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес.Тіліне зер салыңдар бұрынғының,- дей келіп, бүгінгі тіл мерекесіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер келгенін қуанышпен хабарлаймыз

Үш бидің тіл туралы ұлағатты сөзі.  Қош келдіңіздер бабалар,  Үш кемеңгер дүлділім.  Сақтаған елдің бірлігін,  Қалың елім пір тұтар  Қасиетті үш бабам, тілім туралы не айтар?   Төле би:  Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,  Ана тілін білмеу қандай заңдылық.  Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда  Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.    Қазбек би:  Жетер енді әркімге бір ермейік,  Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.  Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,  Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.  Әйтеке би:  Қазақ, қазақ болғалы,  Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің,  Мүмкін емес өлмегі.

Үш бидің тіл туралы

ұлағатты сөзі.

Қош келдіңіздер бабалар, Үш кемеңгер дүлділім. Сақтаған елдің бірлігін, Қалың елім пір тұтар Қасиетті үш бабам, тілім туралы не айтар? Төле би: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сіңген ана тілін халқым – ау, Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы, Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің, Мүмкін емес өлмегі.

1-жүргізуші: Қадірменді достар!  Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты лездеме өз мәресіне жетті.  2-жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын!  1-жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын!  1,2-жүргізуші: Келесі көріскенше сау болыңыздар!  

1-жүргізуші: Қадірменді достар! Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты лездеме өз мәресіне жетті. 2-жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын! 1-жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын! 1,2-жүргізуші: Келесі көріскенше сау болыңыздар!

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Ана тілім-арда?ым»

Автор: Арынгазиева Салтанат Жаркынбековна

Дата: 26.01.2015

Номер свидетельства: 161652


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
800 руб.
4000 руб.
2760 руб.
13800 руб.
800 руб.
4000 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства