kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Амандасу әдебі" ғылыми жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Амандасу әдебі әр халықтын амандасу салты туралы ғылыми жұмыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Амандасу әдебі" ғылыми жұмыс»

Оқушының құжаты:



Аты-жөні: Козубаев Мади Ерланұлы

Туған жылы:06.12.2009ж

Ғылыми жетекшісі: Досбергенова Баян Беркінқызы















































ЖОСПАР

Кіріспе

1 Амандасу әдебі

1.1 Амандасу әдебіне түсінік

2 Амандасу әдебіне зерттеу жүргізу

2.1 Амандасудың салт-дәстүрдегі орны

2.2 Әр елдегі амандасу рәсімінің түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі








































Кіріспе

Амандасу –адамдардың бір-біріне құрмет білдіруі, достық пейіл танытуы. Әр адам күнделікті тірлігін бір- бірінің амандығын сұрасудан, бір-бірімен сәлемдесуден бастайды.

Сәлем — арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір -біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем — сөздің басы» делінетіні де сондықтан. Тегінде, әдеп, адамшылық -амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда — адамзат әдебінің қалыптасуында, адамдардың бір-біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие.

Амандасудың өз әдебі бар. Амандасатын адамыңның көзіне қарау керек. Күлімсіреп, ақ жарқын, жылы шырай танытқан жөн. Шынайы, сыпайы, достық пейілмен амандасқан дұрыс. Сәлемдесу кезінде аздап иіледі. Жас адам үлкен, құрметті адамдарға амандасқанда қаттырақ иіледі. Иіліп сәлемдескенде дене тік қалпында қалып, қол екі жаққа түсіріліп, өкшелер бір-біріне тиіп тұруға тиіс. Сәл иілу дегеніміз басты аздап еңкейтіп тағзым ету. Қатты иілу де басты еңкейтуден басталады да, сонан соң кеудені июге көшеді. Әдетте баяу, байсалды және сабырлы иілу керек. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын айту керек. Сыпайы, достық пейілмен, жылы шырайлы сәлемдесуге нақ солай жауап қайырады. Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу, сабырсызданбау керек. Ал қыр көрсете, даусын өзгертіп, бет-аузын құбылтып амандасу — әдепсіз адамның қылығы.

Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет. Адам баласы қашанда тыныш-бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу салған.


1 Амандасу әдебі

    1. Амандасу әдебіне түсінік

Сәлемдесу – амандық білудегі әдеп жолы. Ол кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыкқа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақ жарқын амандасуы тиіс. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қол алып амандасады (сурет 1). Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

Сурет 1 – Қол алысып амандасу

Адамзат қоғамының қай кезеңі болмасын, қандай да бір мемлекет болмасын, оның негізгі түп қазығы сол елдегі әрбір отбасыға тіреледі. Олай болса, қазақ елі үшін де әрбір отбасының маңызы ерекше. Оған ата-бабамыздың бір-бірімен «Отбасың аман ба?» деп саулық сұрасып, «Отбасы амандағын берсін» деп амандық тілеп жатуының өзі жарқын дәлел.

Негізінен, әдептілік, кішіпейілділік, әркім өзінің орнын біліп, шектен шықпаушылық сәлемдесудің сәнін ғана келтіріп қана қоймай, мәнін де арттырады.

Сәлемдесу түрлі жағдайларда, әр түрлі адамдар арасында және түрлі тәсілдермен (мысалы, қазіргі кездегі техника құралдарының дамуына байланысты: ұялы телефон, жедел хат, интернеттегі хат алмасым т.б. түрлері) жүзеге асуы мүмкін.

Мысалы, көптің үстіне, жиынға сырттан үйге кірген адам бірінші болып, жасы кіші кісі үлкенге; сырқат, мүгедекке қатысты алғанда дені сау адам сырқат кісіге бірінші болып; әйелге ер адам алдымен сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп алып, одан кейін барып, өзін таныстырып, шаруасын айтады.

Балалар, жасөспірім ұлдар мен жастар таңертең ұйқыдан тұрған соң беті-қолдарын жуып келіп, ата-анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруі керек. Адамның әр күнгі іс-қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталса, ол тыныштықтың, салауаттық пен өнімді іс-әрекеттің жебеушісіне айналады.

1.2 Сәлемдесудің түрлері

Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Оның үлкен-кішіге қатысты айтылатын түрлері де бар. Ер адамдар бір-біріне, өзінен жасы үлкен кісіге, ақсақал, қарт адамға «Ассалаумағалейкум!» деп амандасқан жөн, бұл жағдайда міндетті түрде «Уағаллейкумсалам!» деп жауап қайтару керек. Апа, әжелерге «Амансыз ба, әже!», «Амансыз ба, апа!» дейді. «Сәлеметсіз бе!» деп амандасу жиі айтылады. Жақын туыстардың есімін қосып айтып сәлемдесуге болады. Мысалы, «Амансыз ба, Маржан апа!», «Сәлеметсіз бе, Айбек аға!». Ұстазбен сәлемдескенде «Сәлеметсіз бе, Бекзат ағай!» немесе «Сәлеметсіз бе, Бекзат Шыңғысұлы!», «Сәлеметсіз бе, Дана апай!» немесе «Сәлеметсіз бе, Дана Абылайқызы!» деп айтуға болады.

Әдетте қарсы келе жатқан адаммен қатарласуға бірнеше қадам (3-4 қадам) қалғанда амандасады.

Қандай жағдайда орнынан тұрып сәлемдесу керек?

Орнынан тұру дегеніміз — құрмет көрсету. Ұл бала да, қыз бала да үлкен кісілермен амандасқанда орнынан тұрады. Жақындап келген немесе үйге кірген адаммен ұл бала да, қыз бала да орнынан тұрып амандасады. Көпшілік жерде ұл бала да, қыз бала да үлкен кісі кірген сайын орнынан тұрып, олар отырғаннан кейін ғана отырады.

Кімнің бірінші болып амандасуы керек?

Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, ұл бала қыз баламен бірінші болып сәлемдеседі. Кірген адам отырған адамдармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқан адам қалушылармен бірінші болып қоштасады. Қонаққа барғанда ең алдымен үй иесімен, содан кейін барып өзге адамдармен амандасады. Қонақтармен олар отырса, сол ретімен амандасуға болады. Көшеде озып бара жатқан адам өзінің танысымен қатарласқан сәтте әрқашанда бірінші болып амандасады. Тұрған адамның жанынан өтіп бара жатқан әрқашанда бірінші болып амандасады. Әрине, тұрған адам сәлемдесушіге жүзін бұрады, иығынан қарап амандасу сыпайылыққа жатпайды. Көпшілік тұрған жерде ер адам ер адаммен бірінші болып амандасады.

Жауап сәлем және бір мезгілде сәлемдесу.

Сәлемдескен кезде әрқашан жауап қайтарады. Егер қасыңдағы серігіңмен амандасса, ол адам саған таныс болмағанның өзінде де, оның сәлеміне жауап қайтаруыңыз керек. Егер сіздің серігіңіз өз танысымен амандасса, онымен сіз де амандасуға тиіссіз. Егер сізге мүлде басқа адам сәлемдескен жағдайда жауап қаырып, оған өзінің қателескенін аңғартпау керек. Иығын қозғау немесе қаңырқағандық білдіру сыпайылық емес. Егер сіз танысыңызды тым кеш көріп, онымен амандасуға немесе оның сәлеміне жауап қайыруға үлгірмей қалсаңыз, онымен келесі кездескенде кешірім сұрауыңыз керек.

Кіммен, қай жерде сәлемдесу керек? Әдетте өзіңізге таныс адамдармен сәлемдесесіз. Өзіңіз жиі кездестіретін адамдармен де (жолда, дүкенде т.б) амандасуға болады. Көпшілік отырған жерге кірсеңіз, онда отырған жалпымен сіз иіліп немесе бас изеп амандасассыз. Өзіңіз үнемі барып жүретін асхана және т.б. кіргенде өзіңізге көптен бері қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлермен амандасу керек. Бөтен адамнан бір нәрсе сұрамас бұрын онымен амандасып алу керек.

Қол алысу.  Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруге тиіс, бірақ екінші адамның қолын ауыртатындай қатты қыспау керек. Тым болбыр қол алысу сияқты, тым қатты және ұзақ жібермей қол қысысу да орынсыз. Стол үстінен қол ұсынбайды. Қол алысу үшін ұсынылған қолды алмау-қорлағандық. Егер қандай да бір себептермен сіз қолыңызды бере алмайтын болсаңыз, мұны айтып, сыпайылықпен кешірім сұрауыңыз керек. Ерекше құрмет көрсеткісі келген адамына биялаймен қол ұсынбайды. Биялайды шешіп қол ұсыну- адамды құрметтегендіктің белгісі.

Сәлемдескендегі бас киім туралы. Бас киімді шешіп сәлемдесу — әдемі ғұрып. Мүмкін болған жағдайда бас киімді шешіп сәлесдескен дұрыс.

Әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанынан жаңылмай өзінің тәрбие деңгейіне қарай барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал.










2 Амандасу әдебіне зерттеу жүргізу

2.1 Амандасудың салт-дәстүрдегі орны

Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады (сурет 2).



Сурет 2 – Қазақ халқының амандасу рәсімі

Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір- бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды.

Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал- жан аман ба? - деп сұрасқан. Мал аман ба? - деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған.

Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет.

Әйелдермен, қыздармен амандасу ер адамдар тарапынан ерекше иба, ізеттілікті, сыпайы, сын көзқарасты талап етеді. Қазақтар арасындағы егде жастағы құда мен құдағилардың «төс қағыстыру» деген кезекпен оң жақ, сол жақ кеуделерін тиістіріп көрісу салты бар. Бұл өзі сағынысып көріскен туған, құда, сарысүйек жекжаттар арасындағы парасатты, салтанатты, жарастық ишарасы болып есептеледі. Мұндай дәстүрлік амандасудың бүгінде қайта жандана бастағаны байқалады.

Ата-ана ұл-қызын бауырына басып, маңдайынан, бетінен сүйіп көріседі, ата-ене күйеу баласының, келіннің маңдайына ернін тигізеді. Жеңгесі қайын сіңлісін, апалы-сіңлілер бір-бірін бетінен сүйіп, құшақтасып көріседі.

Сонымен, амандасу – өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да болмайды деп ойлаймын!


2.2 Әр елдегі амандасу әдебі



Әр елдің салты басқа. Басқа елдердің амандасу түрлерін көрсету. Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру.

Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесуі де түрлі-түрлі болып келеді.

Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады. Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді.

Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді.

Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған (сурет 3).



Сурет 3 – Жаңа Зеландияның амандасу рәсімі


Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі (сурет 4).



Сурет 4 – Тибет халқының амандасу рәсімі


Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған «хада» деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек (сурет 5).


Сурет 5 – Жапон халқының амандасу рәсімі


Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады (сурет 6) . Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.


Сурет 6 – Кения халқының амандасу рәсімі


Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады (cурет 7).


Сурет 7 - Гренландия халқының амандасу рәсімі


Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады (сурет 8).


Сурет 8 – Қытай халқының амандасу рәсімі


«Коутоу» дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

Тай елінің амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады. Ежелден келе жатқан «вай» сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған (сурет 9).


Сурет 9 - Тай елінің амандасу рәсімі


Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, «мано по» деп айтады. «Мано» — қол, «по» — құрмет деген мағына береді.

Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол «Басымыз аман болсын» дегені.

Ерте кезде Қытайда дос – жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты.

Сәлемдесуден кейін хал – ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әрі басқа қалыптасқан жора – салттар бар. Мысалы, орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз бе?» дейтін болған. Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен.

Ислам дінінде де сәлемдесу әдептіліктің белгісі екендігі айтылып, қасиетті Құран Кәрімде: “Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар”, – делінген, себебі, амандасу өзара сыпайылық пен татулыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа апарар жол емес пе?!



Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым қатынас қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем аясында дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді.

Сенің сәлемің жарасымдылық пен татуластық символы болуы қажет деп санаймын!























Қорытынды

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Тегінде, әдеп, адамшылық — амандасудан басталады. Мұның бәрі әр елдің тұрмыс-тіршілік ерекшеліктеріне, өмір сүру жағдайлары мен салт-ғұрыптарына байланысты сәлемдесу әдептерінің де өзгешеліктері болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, сәлемдесу әдеп-салты да уақыт өте келе азды-көпті өзгеріске ұшырап отырған, ол – заңды құбылыс.

Сондықтан біз бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйренуіміз қажет. Дұрыс амандаса білудің өзі дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Осындай тәлім-тәрбие бүлдіршіндер дұрыс сөйлеуге үйретеді.

Әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанынан жаңылмай өзінің тәрбие деңгейіне қарай барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал.

Өзімнің «Амандасу әдебі» тақырыбындағы ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, амандасу – өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да болмайды деп ойлаймын!














Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2











































16




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Амандасу әдебі" ғылыми жұмыс

Автор: Суиндикова Назикул Муратовна

Дата: 08.04.2019

Номер свидетельства: 506527

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ".  ?деби шы?армалар  ар?ылы бала тілі? дамыту"
    ["seo_title"] => string(44) "diebi-shyg-armalar-ark-yly-bala-tilin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "274987"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452503942"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "открытый урок на тему ?. Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі"
    ["seo_title"] => string(51) "otkrytyiuroknatiemutzhibaievtolagaidiebiiertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "293457"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455472329"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Та?ырыбы: «Ж?ріс - т?рыс ?дебі» "
    ["seo_title"] => string(29) "tak-yryby-zhuris-tu-rys-diebi"
    ["file_id"] => string(6) "215975"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432834607"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Абай ??нанбаевты? "Ескендір" поэмасы 9-сынып "
    ["seo_title"] => string(47) "abai-k-u-nanbaievtyn-ieskiendir-poemasy-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "169324"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423398165"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Адами қарым - қатынас жасау ізгіліктері"
    ["seo_title"] => string(42) "adami_k_arym_k_atynas_zhasau_izghiliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "399258"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489240689"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства