kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

. ?деби шы?армалар ар?ылы бала тілі? дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

?деби шы?армалар  ар?ылы бала тілі? дамыту

      М?мкіндігі шектеулі  баланы? д?ниетанымын, ой ?рісін ке?ейтіп, с?здік ?орын байыту, эстетикалы? тал?амын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде к?ркем ?дебиетті? алатын орны ерекше.                                                                     ?рине, дамуында ерекшелігі бар балаларда  ?деби шы?армаларды о?и алмайтыны м?лім. Олар ?деби шы?армаларды т?рбиешіні? м?нерлеп о?ып беруі бойынша ?ана с?з сырын санасына ?ялатады. Ертегі, ша?ын ??гіме, ?ле?, ма?ал-м?тел, ж?мба? сия?ты балалар?а лайы?ты к?ркем с?з жанрларыны? ежелден-а? т?рбие ісінде зор к?мекші екені белгілі. Балаба?шада т?рбиеленбеген, ?лі мектеп жасына жетпеген ауылды? жерлерді? с?билері кішкентай к?нінен ?з ?же-аталары мен ?ке-шешелерінен естіген халы? ауыз ?дебиеті н?с?аларынан н?р алып ?сетіні белгілі. М?ндай шы?армаларды с?билер ?ызы?а ты?дайды, жылдам жаттап алады. Мысалы: «Тор?ай», «Ба?а-ба?а балпа?», «?ар?алар», «Санама?», та?ы бас?алар сия?ты халы? ?ле?дері ойна?ы тілімен, ?айталама с?зімен, музыкалы? ?німен б?бектерді баурап, с?з ?рнегіне баулиды.К?ркем шы?армаларды ты?дау?а бала с?би кезінен-а? ??мартып, ?ызы?ады. ?ыс?а ертегі, ?ле? о?ып берсе, тез жаттап алады. Жаттау ар?ылы оны? тілі жетіледі. ?деби кейіпкерлерді? жа?сы ісіне с?йсінеді, жаманынан жиренеді – бойын ?ор?ыныш билейді. С?билерде жа?сы ж?не жаман іс-?рекет ж?нінде т?сінік пайда болады. С?йлеу тілі жетіле т?седі. Ал тіліні? дамуы – баланы? бойында ?абылдай – ести білу сия?ты психологиялы? процестерді? бірте-бірте ?алыптасуына негіз болады.

 Балалар?а о?ып беретін шы?армалар, негізінен, ?ш сала?а б?лінеді:

1) ауыз ?дебиеті н?с?алары;

2)  классик жазушыларды? шы?армалары;

3)    ?аза? жазушыларыны? шы?армалары.                                                                            Осы салада?ы шы?армалар т?рбиешіге арнал?ан ба?дарламалы? материалда на?ты ж?йеге б?ліп берілген.                                                                                           ?деби шы?армаларды о?у мен саба?ты жоспарлауда мына жа?дайларды ?те м??ият ескеру керек:

  1. ?рбір шы?арманы о?ып берерде баланы? жас ерекшелігі, осы?ан байланысты т?рбие ж?мысыны? ма?саты м??ият ескерілуі шарт. Шы?арманы? лайы?тысын ?ана алу керек. Мысалы, с?билер (3-4 жасар балалар) ал?аш рет ба?ылау?а  делік. Оларды? к?пшілігі ?лі д?рыс с?йлей алмайды, балармен ?арым-?атынасы жо?, ойыншы?тармен ?лі таныс емес.

Сонды?тан ал?аш?ы ?ш-т?рт айда т?рбие ж?мысыны? б?рі, оны? ішінде ?деби шы?арманы о?ып, ты?дату, к?бінесе ойын т?рінде ?тіледі.                                                                Ол ?шін ойын?а негіз боларлы?, суретті (суреті ?те к?рделі болмасын) шы?армалар керек. К?лемді шы?арманы? лайы?ты б?лімінен кейбір ?зінді ?ана алынады.

2 .  Ана тіліне арнал?ан жоспар 14-15 к?нге лайы?талады. Жоспарда               ?андай шы?арма о?ылуы керек, о?ан байланысты ба?ылау ж?мысы, суреттер, ойындар на?ты к?рсетіледі. ?рбір ойынны? ма?саты белгіленеді (білімін бекіту немесе с?зді? дыбысты? жа?ын д?рыс айту?а жатты?тыру сия?ты).

3. О?ылатын шы?арма т?рбие ж?мысыны? ?р саласын ?амтитын  болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, е?бек, мерекелер туралы ж?не тазалы??а, ??ыптылы??а, ?дептілікке баулитын шы?армалар.

4.  С?билер тобында (3-4 жас) т?рбиеші шы?арманы м?нерлеп жат?а айтып беруі керек. Б?л т?ста т?рбиеші балаларды т?гел ба?ылап отыратын болады. Т?рбиешіні? шы?арманы жат?а айтып беруі балалар?а ?ызы?ты болады, оларды жалы?тырмайды. ?йткені бала т?рбиешіні ты?дай отырып, ?р с?зді д?рыс айту?а тырысады. С?билерге та?па?ты арнайы жаттату ?иын. Сонды?тан т?рбиеші ?зі жат?а айта отырып, шы?арманы? ?ажетті шума?ын ойын ретінде ?айталау кезінде біртіндеп ?зіне ілесіп айту?а ?йретеді.

5. К?ркем шы?арманы о?ы?анда шы?арманы? мазм?нына лайы?ты суреттерді пайдалан?ан ж?н. ?йткені б?л жаста?ы балалар ?з беттерімен о?и алмайды. Ал шы?арманы? мазм?нын сурет ар?ылы жылдам т?сінеді. Бала кейде кітапты? бетін ашып отырып, суретті? астына жазыл?ан ?ле? жолдарын д?л тауып, ?з бетімен о?ып отыр?андай ??гімелеп береді. Сонды?тан т?рбиеші ?ажетті шы?арманы о?удан б?рын, суретті к?рсету ар?ылы (с?билер ?шін) ??гімелеседі. Со?ынан шы?арманы о?ып береді. Ересек балалар?а шы?арма?а байланысты ?ажетті суретті шы?арма о?ыл?ан со? берген д?рыс. ?йткені шы?арманы о?удан б?рын сурет к?рсетілсе, балаларды? бар ынтасы сол суретке ауады да, т?рбиеші о?ы?анда зейін ?ойматын болады.

О?ыл?ан шы?арманы ??гімелеп айту?а ?йрету саба?ыны? ?лгі жоспарын т?мендегіше ??ру?а болады:

1. Т?рбиешіні? кіріспе ??гімесі.

2 .Т?рбиешіні? ??гімені о?ып беруі.

3.О?ыл?ан ??гіме, ертегі мазм?нын к?мекші с?ра?тар ?оя отырып айт?ызу.

4. Шы?арманы ?айталап о?у, шы?арма мазм?нын балалар?а айт?ызу.                     М?ндайда ?ыс?а ??гіме, ертегі мазм?нын бір бала?а, к?лемді шы?армаларды? мазм?нын бірнеше бала?а айт?ызу?а болады. Егер ?р алуан жаста?ы балалар аралас болса, алдымен ересек, естияр балалар ??гімелеп айтады, с?билер ты?дап отырады.                                                                             ?деби шы?армаларды о?ып, ты?дату (ересек топта), ??гімелеп беру, ??гімелету, жаттату сия?ты саба? т?рлері экскурсия, ба?ылау, санау, музыка, бейнелеу ?нері саба?тарымен байланыстыра ж?ргізілгені ж?н. Б?л саба?тар біріні? мазм?нын бірі толы?тырып отырса, тіпті жа?сы.                                       Ендеше баланы мектепке даярлау м?селесінде ?деби шы?армалармен таныстыру ерекше орын?а ие екенін ескеру ?ажет.                                        Ба?дарлама?а сай м?ндай ж?мыс баланы? жас ерекшелігіне ?арай, саба? ма?сатына с?йкес берілетін білім-да?дылар (п?н аралы? байланысты ескере) бір-бірімен байланыстыра ?тіледі. Осылай о?ыта отырып т?рбиелеу, т?рбиелей отырып о?ыту принципі с?билер тобынан бастап (2-4 жас аралы?ы) баланы ?зіне ?ойыл?ан с?ра?ты т?сінікті, о?ан д?рыс, толы? жауап беруге, ?зі бас?а?а с?ра? ?ойып, жауап алу?а, ?йрету міндеті іске асады. Осы білім-да?дыларды ме?герте отырып, т?рбиеші баланы айналасында?ы адамдармен амандасу, ?депті с?йлесу, ал?ыс айту, жылы шырайлылы? білдіру сия?ты мінез-??лы? ?дептеріне ?йретеді. Мысалы, с?билер тобында ?. Д?йсенбиевті? «Не деу керек?» деген ?ле?інен ?зінді о?ы?анда т?рбиеші мына ма?саттарды к?здейді: ?ле? т?ріндегі шы?арманы ты?дай білуге, жат?а айту?а ?йрету; «рахмет», «кешірі?із», та?ы бас?а ізеттілікті а??артатын с?здерді айту?а да?дыландыру, осы с?здерді к?нделікті ?олдана білуге баулу, та?ы бас?а. Ал ?. Мырзалиевті? «Ойыншы?тар» ?ле?ін ересек балалар тобында о?ы?анда ты?дай білуге ?йрету, ?ле?де атал?ан ойыншы? жануарлар туралы с?ра?тар ?ойып, олар туралы білімдерін жетілдіру ?ажет.       Балаба?ша?а бармас б?рын да бала ?р алуан білім-да?дыларды ме?гереді. Біра? к?рген-білгені жайлы айтып беріп, салыстыра алмайды. Ал бала білімін жетілдіру, о?у?а ?зірлену – балаба?ша т?рбиешісіні? ж?мысы.                      Т?рбиеші ?ай та?ырыпта ?андай шы?арма о?ыса да, ба?ылау, экскурсия, ??гімелесу, ??гімелетіп айт?ызу саба?тарын ?ткізсе де, ?р затты?, іс-?имылды? с?здік атауларын бала т?сініп, д?л тани білуге тиісті.                               ?деби шы?армаларды о?у, тіл дамыту ж?мыстарында?ы басты ?дістерді? бірі – с?здік ж?мысын ж?ргізу.                                                                                             ?йде отыр?ан  балалар ?здігінен о?и алмайтыны аны?. Сонды?тан текст о?у?а, ??гімелеп айту?а ?йрету, к?ркем с?здермен таныстыру ж?мысы ба?дарлама талабына с?йкес та?ырыпты? принциптерге негізделеді. Ол принциптер – айналада?ы д?ниемен, ?о?ам ?мірімен, таби?атпен таныстыру, д?ние танымын, ой-?рісін жетілдіру, зейінін, ?абылдауын ба?дарлай білу, ?абілеттерін дамыту болып табылады.                                                                                                                                                         Осы ма?саттар?а орай ?деби шы?армаларды о?у, ал?ан білімдерін тияна?тау, жалпы с?здік ?орларын молайта отырып, ма?ынасы ??сас, ма?ынасы ?арама-?арсы с?здерді ме?герту, к?рген-білгендері ж?нінде (салыстыра, те?ей айту?а ?йрету) ал?аш?ы ??ымдарын ?алыптастыру міндеті ?ойылады.          Шы?арма о?у, тіл дамыту ж?мысында с?билер (2-3 жасар) тобында ты?дау ?абілетін дамыту, ша?ын ?ле?ді жат?а айту?а, ауызша ??гімелеп берген ертегі, ??гімелеп беруге ?йрету к?зделеді. Ал естиярлар мен ересектер (4-6 жас аралы?ы) шы?арманы ты?дай отырып, оны? (??гіме, ертегі) мазм?нын ж?йелі ??гімелей білуге, кейіпкерлерді? іс-?рекетін т?сініп, ?зінше талдап, ойын ?орытындылай білуге, кейбір ?зінділерді жат?а айту?а, мазм?н?а сай ??гіме ??рау?а, бейнелі с?здерді д?л тауып айту?а, ?здігінен салыстыра сипаттай білуге, ?йренуге тиісті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«. ?деби шы?армалар ар?ылы бала тілі? дамыту»

«Дыбыстық жаттығулар»

Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.

Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:

1.  Жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:

- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;

- оның орындалу ретін көрсетеді;

- жаттығуды барлық балалар орындайды;

- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).

Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.

2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізу қажет.

3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.

4. Ойын түрінде ұйымдастырылады.

Ең алдымен тіл бұлшық еттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты. Аталған жаттығулар сөздің дыбыстық құрамын анықтауға және анық айтуға көмектеседі, ұйқас пен ырғақ сезімін дамытады, анық дикцияны қалыптастырады, сөздің, сөйлемнің түрлі интонациялық сипаттамасын беру ептілігін жетілдіреді. Осы күрделі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін фонетикалық жаттығуларды жүйелі өткізу қажет. Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуантүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығуларды фонетикалық жаттығулар деп атаймыз. Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.

Мәселен, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында «А», «Ә», «О» дауысты дыбыстарына көңіл бөле отырып, келесі жаттығуларды орындауға болады:

Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйқтатарда «Ә...ә...ә...әлди-әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік. Аюдың ақыруыАюдың тісі сарнап ауырды. Ол «А-А-А» деп аңырап отыр. Кәне, аю қалай дыбыстады? Баудағы кім? Ара болсаң, ызыңда З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж Жұмыс істе, тығылма. - Ара қалай дыбыстайды? (з- з-з) - қатты\жай Жыланның ысылы. Жылан қалай дыбыстайды? Ыс-с—ыс-сссс.... Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды. Кім қалай дыбыстайды? (баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту) - А, аа, аа, а, а, аааааа ..... (қуанышты дауыспен). - Ааа, аа, а, а, ааа .... (аянышты дауыспен).

- А, аа, аааа, а, ааа ........(таң қалған дауыспен). 1 минут жұмыс істеңіз.

Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет. Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді. Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштар топтамасы молынан жинақталған. Мәселен, бірқатар жаңылтпашты айтып көрелік. Суда сең келеді, Сегіз серке тең келеді.

Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па?

Үміт түбіт түтті, Торта қойдым,

Түбітті түтіп бітті. Орта қойдым,

Есет атам ет асатар, Орта қойдым

Ет асатса, бес асатар. Жорта қойдым.

Тілалғыш Бек*

- Тіл алғыш, - деп

Мақтасақ біз

Біл алғыс деп.

Осы жаңылтпаштарды баланың жас шамасына, тіл үйрену деңгейіне қарай іріктеп алуға болады.

Барлық жаттығу түрін бір сабақ барысында өткізу міндетті емес және де қажет емес. Олардың біреуін не екеуін қолданса да жетіп жатыр. Жаттығуларды өткізу уақыты 3-5 минут, оны қай жерде қолдану қажеттігін тәрбиеші анықтайды.

Барлық жаттығулар топпен, кейін таңдаулы түрде жеке орындалады.

Тілдік жаттығулардың құндылығы сол, ол балалардың тілдік аппаратын жетілдіреді, жақсы дикциясын қалыптастырады.

Тілдік гимнастика

Сымбаттылық әліппесі

«Денеңді тік ұста» - тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білуі қажет. Орнымыздан тұрамыз, жауырын, иық бұлшықеттерін босаңсытамыз. Енді өз денемізді (иық, кеуде) көтеріп, оны артқа итереміз. Жауырынымыз мықты, тік, ал қолымыз, мойынымыз бен иығымызды жеңіл, бос жібереміз.

«Түзу отыр» - орындыққа түзу отырыңыз. Басыңызды тік және сәл төмен ұстаңыз, иегіңізді жоғары көтермеңіз. Осы қалып сабақ барысындағы арнайы жұмыс сәтінде ғана емес, күнделікті өмірде де әдеттегі, шынайы дене бітіміне айналуы тиіс. Естеріңізде болсын, жаттығулар жолымен сіз де өзіңіздің дене сымбатыңызды осы қалыпқа келтіре аласыз.

«Ағаш шабушы» (бұлшықет қысымын жою) Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап, оны бастан асыра жоғары көтеріп, бірмезетте жеңіл және терең дем алып, алға қарай тез иіліп, қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру), ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар. Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз), түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).

«Шаршасақ, дем алайық» - бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды қатар көтеріп – тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де, түзуленбей-ақ, үш рет: «ох-ох-ох»деп қалған ауаны шығарамыз. Дене босаңсиды және төмен түсе береді.

«Арашылар» - Біз қазір бөрене ағашты (бір, екі, бір, екі - 2 рет қайталанады) арамен кесеміз. Қыстық отын дайындаймыз. (Отындық ағашты арамен қалай кесетінімізді қол қимылымен көрсетеміз. Алға сәл еңкейіп тұрамыз).

«Ұшақ» - қолымызды екі жанымызға созып, ұшақтарды ұшырамыз. Оң қанатпен алға, сол қанатпен алға. Бір, екі, үш – ұшағымыз ұш. (Б.қ. – аяқты алшақ қою, қолдарын екі жанына созу, 1 – оңға бұрылу, 2 – б.қ., 3 – солға бұрылу, 4 – б.қ. және т.б.)

«Қаңғалақ» - (алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз) Жел ұрып, біздің қаңғалағымызды айналдырып жіберді. Бір, екі, үш, төрт – қаңғалақ айналады. (б.қ. - алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз; 1 – оң қолымызды еденге тигіземіз; 2 – сол қолымызды еденге тигіземіз).

Тыныс алу жаттығулары

Гүлдерді иіскейік. Балалар біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Ғарышкерлер. Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұшқыш ғарышкерлерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз қалды. 10-нан 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз. Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен, мұрын арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз ..... Уақытты санауды бастаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Жібер! Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Көбелекті ұшырамыз. Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді. Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады. Осы жаттығуды жіпке ілінген «ақшақарларды» да қолданып орындауға болады.

Ыстық сүт (шәй). Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше алмаймыз. Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үріп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Футбол ойнаймыз. Балалар екі тең, жұп топқа бөлінеді де, үстелдің екі қарсы бетіне отырады. Алаңның ортасына – үстелге – кішігірім мақта бөлігі (доп орнына) қойылады. Балалар кезекпен допты үрлеп, қарсыласының қақпасына кіргізуге тырысады. Қақпа шекарасын қарындаштың көмегімен не басқа да тәсілдермен белгілеуге болады. Кім көп доп енгізсе, сол жеңімпаз атанады. Балалар 1 мин. ойнайды.

Сабын көпіршігін ұшырайық. Бұл жаттығу алдыңғы 3- жаттығуға ұқсас. Сабын көпіршігін елестетіп, болмаса, дайын сабын көпіршігін қолдануға болады. Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Қолымызды жылытайық. Балалар, біз қыс мезгілінде далаға ойнағанды жақсы көреміз. Бірақ қолғап кимесек қолымыз тоңып қалады. Міне, міне, қолымыз тоңып қалды, ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық. Қане, қане, қолың тоңса, деміңмен жылыт! Бұл жаттығу 4-5 рет қайталанады.

Артикуляциялық жаттығулар

Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар

Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады

Көңілді тіл.

а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды. ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады. Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға –солға, солға-оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

Қазы-қарта тураймыз. Ауызымызды ашып, бір-бірімізге не айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық. Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.

Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Мысық сүт ішеді. Мысықтың сүтті тілімен жалап ішетінін көрсетіңдер. Бастапқы қалып.

Ұртыңа қара. Ұрттарыңа тілмен «ине салыңдар». Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады.

Ерін бұлшықетіне арналған жаттығулар (Әр жаттығу 4-6 рет орындалады)

Әдемі күлімде. Әдемі баланың күлкісі де әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік. Ерінімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз.

Балапанның тұмсығы Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалып.

Бірден тез күліңдер. Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер.

Қақпа Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті тіске тигізу) көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.

Атты тоқтатыңдар. Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р».

Томпиған ұрт. Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
. ?деби шы?армалар ар?ылы бала тілі? дамыту

Автор: Камзина Оралбике Тажма?анбетовна

Дата: 11.01.2016

Номер свидетельства: 274987


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства