І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың тәрбие сағатына зейіндерін аудару.
ІІ. Негізгі бөлім.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен оқушылар! «Алтын күз» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Өрік, алма, жидек, жүзім піседі,
Қауын,қарбыз,қияр,қоймаларға түседі
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кез болады?
Оқушылар: «Күз»
Мұғалім: Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар,жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.Сондықтан біз күз мезгілін «Алтын күз» деп атаймыз.Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
Мұғалім: Балалар, күз мезгілі туралы кім қандай өлең біледі?
Асылхан: Абайдың өлең «Күз»
Ғани: Ерекше күз енді,
Айнала сары ала
Комбайн жүзеді
Толқыған далада.
А. Мадина: Тазартса бірі дән,
Тиеді бір астық.
Қырманға осы сәен,
Күзге бұл жарастық.
Асылхан: Шоферде болмайды,
Тынығып жатуда.
Тасиды бидайды,
Қойма, элеваторға.
К.Мадина: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Қунаыш: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал-терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мұғалім: Балалар, ортамызға Алтын күзді шақырайық.
Оқушылар: (Қол шапалақтап шақырады): Алтын күз!
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен оқушылар! Ерінбей еңбек етіп, еңбекшіге бар жемісін беретін, мен мырза күзбін.
Мұғалім: Қош келдің, Алтын күз! Өзіңізбен бірге молшылық, тоқшылық ала келдің. Біздің көкөністеріміздің сізге арнаған сыйы бар. (көкөністер шығады)
Мирас (пияз): Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Әділ (сәбіз): Өсіремін бойыңды,
Дамытамын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Әкімбек (қызанақ): Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Меруерт (қияр): Көктеп ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Т.Санжар (картоп): Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Айдана (қарбыз): Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.
Алтын күз: Балалар, мен де сендерге құр келгенім жоқ. Піскен жемістерді ала келдім.
Мадияр (алма): Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Әлия (өрік): Көктемде гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде
«Менен аулақ жүр» деймін.
Иылжыған өрікпін,
Мен бау-бақшаға көрікпін.
Алишер (шие): Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Би: «Қара жорға»
Алтын күз: Балалар, мен сендерге мынадай сұрақ қояйын:
Қандай жыл мезгілдерін белесіңдер?
Қазір қандай жыл мезгілі?
Меруерт: Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз
Күз мезгілі қанша айдан тұүрады?
күз айларын кім атап береді?
Алтын күз: Күз мезгілінің айлары.
Қыркүйек: (Аружан) Қыркүйек кеп, күз келіп,
Шопан көшті күздеуге.
Мектепке бет түзеді,
Гүл құшақтап көп бала.
Қана (Айдын): Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық, адал достықпен,
Сәтті болсын өмірің.
Қараша (Сабина): Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі
Алтын күз жапырақтан шашу шашады.
Алтын күз: Балалар, мен сендерге сиқырлы жүзім алып келдім. Жүзімнің әрқайсында сендерге арналған тапсырма бар.
Мұғалім: Балалар, күз, еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Махамбет: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Әділ: Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тітті.
Әсем: Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Айғаным: Ексең егін, ішерсің тегін.
Мирас: Егіннің жайын еккен білер,
Арбаның жайын төккен білер
Айдана: Егінші жерге қарайды,
Құс көкке қарайды.
Ән: «Шоқ қыздар», орындайтын – Байлин Санжар.
А
Л
Т
Ы
Н
К
Ү
З
Мұғалім: Балалар, сөзжұмбақ шешейік:
Қазақстан мемлекетінің астанасы?
Қазақтың ханы?
Бастауыш пен баяндауыш қандай мүше?
Қазақтың батыры?
Ас атасы?
Білім көзі?
Ең қу аң
Музыкалық аспап?
Би: Құрманғалиев Олжас
Мұғалім: Балалр,алтын күздің ең асыл, ең қымбат дәнін қарсы алыңыздар.
Хормен: Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Күй: «Тойбастар», орындайтын – Қизатов Айдын
Ән: «Толғанай», орынбайтын – Қуандықова Әсем.
Мұғалім: Көрініс «Алғыс»
Кейіпкерлер: Авторы: Амангельдинов Қуаныш
Қасым мен Қайсен – Айдарбеков Ғани, Сағындықов Алмас
Бұлт – Аужанов Әділ
Жер – Құрманғалиев Олжас
Қызанақ – Жунусова Меруерт, Жунусова Алия
Күн – Амангельдинова Мадина
Анасы – Аушахимова Дильназ
Жоламанова Айдананың скрипка өнерін тамашалайық.
Мұғалім: Балалар, дақылдар әніне кезек берейік.
Махамбет (бидай): Нан атасы – бидаймын,
Елге астық силаймын.
Дәнім толып піскенде
Ауызыңа симаймын.
Әсем (арпа): Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.
Аружан (тары): Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Олжас (сұлы): Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға,
Сымды иіп тұрамын.
Азат (күріш): Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Ән: «Айналайын», орындайтын – Амангельдина Мадина
Мұғалім: Балалар, күз туралы өлеңге кезек берейік.
Айғаным: Көтерілсе аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.
Алмас: Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ.
Олар түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалтырап.
Ермек: Мәуе түсіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз
Алма пісіп албырап
Көзді тартқан көріңіз.
Санжар: Беті қызыл алмадай,
Балаларда ойнаған.
Анасындай аймалай
Мектебі қол бұлғаған.
Алтын күз: Рахмет балалар, өнерлеріңе риза болдым. Мен кетейін. Қош, сау болыңдар!
Оқушылар: Рахмет саған, Алтын күз. Біз сізді асыға күтеміз.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Балалар, Алтын күз бізге бар сыйын алып келген екен. Күзде береке, молшылық болсын! Құрметті ата-аналар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет айта отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!