kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А? жар?ын – асыл анам

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз халы?аралы? аналар к?ніне арнал?ан мерекелік іс-шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А? жар?ын – асыл анам»

Ақтөбе қаласы

Благодар орта мектебінің

2 класс мұғалімі: Исабекова Айманкүл Шайкуловна


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ақ жарқын – асыл анам»
Мақсаты:
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.
І. Дайындық кезеңі
1. Аналарға арнап сыйлықтар әзірлеу

2. Аналарды шақыру

3. Қабырға газетін шығару, құттықтау, суреттер

4. Үздік суреттер көрмесі
ІІ. Негізгі бөлім
Аналар мен қонақтар төрден орын алады.

Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі. / музыка сәл ғана естіліп тұрады/
Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар.


«Ақ жарқын - жан анам»атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын.
/музыка әуенімен сыныпқа қолдарында гүлдері бар оқушылар билеп кіреді, гүлдерін аналарына тарту етеді/


Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!


Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!


Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!



Ән: Анаға сәлем
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді


Қ-сы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған


Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың


Аялап алақан
Әлпештен өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Қ-сы:


Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
Қ-сы:





Ақәділ: Монолог "АНА"

Жүргізуші:

Құрметті асыл аналар Оқушылардың сіздерге деп арнаган өлең шумақтарын қабыр алыңыздар!


Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.


Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.


Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.



Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.


Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.



Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.


Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,. Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.


Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.


Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.

Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың



Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!



Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!



«Адал бол, деп - балдырған»
Әлділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді
Анамызға мың алғыс!


Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.



Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.


Бақыттың, қуаныштың көзісіңдер,
Ізгілік, ілтипаттың өзісіңдер.
Қақа жарған қара қылды әділ бидей,
Түп-түзу ақиқаттың тезісіңдер.


Сабырға, ақылға да жетіксіңдер,
Тас түйін байлаусыңдар, тетіксіңдер.
Бар өмір бағыт алған өздеріңнен,
Жалын ап от ұшқынды көздеріңнен.


Сендерге қарап ап біз бой түзейміз,
Сендерге қарап ап біз ой түзейміз.
Сендерше жақсылыққа ұмтыламыз,
Сендерше қайсарлыққа ұмтыламыз.

Бала, бала, бала деп,
Мені өсірген анашым
Қанат бітіп ұшамын,
Гүлге толсын қушағың.



Күлімдеген көзінен,
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға,
Жақсы жан жоқ өзінен.


Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем,
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем.


Алтын апам ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.


Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен қуттықтайым!



Анашым, аннам,
Ыстықсын маған.
Тәрбие бердің,
Көп алғыс саған.



Ақ қабатты мамашым,
Күн сәулелі анашым,
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.



Жүргізуші:

"Аналар алтын" әнін қабыл алыңыздар!



Ән: «Аналар алтын»

Айналдым ана деген асқақ аттан
Ұлыңмын атқа мініп көкпар шапқан
Бүгінгі бұл мереке сіздердікі
Мейрамың құтты болсын болып жатқан

Қайырмасы: 2 рет
Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын
Құлпыра бер қарындасым аман болып жалпың
Ақ жеңгелер әнін, сұлу қыздар сәнін
Аналарды құттықтап қол соғыңдар бәрің

Біз түгіл, пайғамбар да ұлы анадан
Қыз мүсін, ару ана қынамадан
Сағасы тіршіліктің адам атқа
Жар болған «ана» есімді бір-ақ адам


Жүргізуші:

Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.
Біз сіздермен ойын ойнасақ.


Ойын: «Өз баласын иіскеп табу» /көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек/



Келесі кезекте

Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек/


Анашым Абен Дәуренбеков

Еркелесем шаршауым тарқайды
Еске түсер ұмытылар бар кайғы
Жүрек жылуын таусылмас сыйлаған
Анасың сен бас иген барша жан

Мөлдір көзіңнен мейірім төгілген
Қымбаттысың сен маған
Мерекеңмен жылы лебізбен

Ән салам тек саған.


Мақтанамын, шаттанамын
Анашым өзіңмен
Махаббатым сақталатын
Кіршіксіз өмірде.

Ақылшымсың қатемді жөндеген
Әр-бір сөзің алтынға бермеген
Бақытыма аман бол жан анам
Дастансың, жырымсың шырқалған.



Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.


Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған, Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп, Анаға бас иеміз!


Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.



Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған


Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.


Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай




Ән: "Анашым қартаймашы"


Сыныбымыздың қыздарының орындауында Шығыс биі:

Хор:

Ән: "Әрқашан күн сөнбесін"


Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл-суреті жас баланың
Ақ қағазға салған өзі
Жазылған бар сөзі


Қ-сы:


Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан күн төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!


Айрылмас дос, айнымас дос, 
Бейбіт өмір керек елге. 
Отыз беске біз келсек те, 
Тұрар жүрек сөз есте. 
Қ-сы


Анда солдат, мында солдат, 
Халық оқтан шошынады. 
Сұм соғысты, кан төгісті, 
Болдырмаймыз сәби үшін.   


Қ-сы


Солнечный круг, небо вокруг-
Это рисунок мальчишки
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке:


Қ-сы:
«Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда буду я!»


Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.


ІІІ. Қорытындылау


Жүргізуші:

Сынып ата-аналар комитеті төрайымы_______________________________ құттықтау сөз беріледі


Жүргізуші:
Ана –біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз, дей келе

Ардақты аналар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.

Бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды:


Ел аманда, жер аманда кездесейік ағайын!!!

Қош, сау болыңыздар!!!!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
А? жар?ын – асыл анам

Автор: Исабекова Айманк?л Шайкуловна

Дата: 29.05.2016

Номер свидетельства: 331115

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ. "
    ["seo_title"] => string(53) "k-amanzholov-olien-dierindiegi-tug-an-zhier-tak-yryby"
    ["file_id"] => string(6) "150334"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420466627"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ."
    ["seo_title"] => string(36) "bala-t-rbiiesindiegi-ata-ananyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "295467"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455814688"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "«Ба?ыт г?лін терген к?н!» атты ?лы же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(90) "bak-yt-ghulin-tierghien-kun-atty-u-ly-zhien-istin-70-zhyldyg-yna-arnalg-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "214657"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432392491"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(232) "Cаба?ты? та?ырыбы : «Жар? етпес ?ара к??ілім не ?ылса да» (ХІ сынып,М?хтар ?уезовті? «Абай жолы» роман-эпопеясында?ы ?йел-ана та?ырыбы)"
    ["seo_title"] => string(117) "cabaktyntakyrybyzharkietpieskarakonilimniekylsadakhisynypmukhtaruiezovtinabaizholyromanepopieiasyndagyiielanatakyryby"
    ["file_id"] => string(6) "271037"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451363647"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Т?рбие са?аты " М??гілік ?шпес-отты жылдар""
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-m-n-ghilik-oshpies-otty-zhyldar-2"
    ["file_id"] => string(6) "336033"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466758616"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства