kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: оқушыларды түркімен халықтарының аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;
 .  әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп,аспап туралы білімдерін жетілдіру;
 .  оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар»

Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы

аспаптар

Мақсаты: оқушыларды түркімен халықтарының аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;
. әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп,аспап туралы білімдерін жетілдіру;
. оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
. қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: мүйіз сырнай,бұғышық,дабыл,дауылпаз аспапабының суреті,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі сабақта түркі халықтарының музыкалық аспабымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз.

Көңіл күйімізді көтеруге шеңберге шақырып,бір-бірімізге жақсы тілектер айту.

Шаттық шеңбері:

-Мен бақыттымын.

-Мен бүгін сондай қуаныштымын.

-Мен ешкімненде кем емеспін.

-Мен бәрін білемін.

-Мен өз достарыма сәттілік тілеймін.

-Мен бақыттымын.

Үй жұмысын тексеру:

1.Домбыра тектес қандай аспаптарды білесіңдер?

2.Қияқ аспабы қай халықтың аспабы?

3.Қурай аспабын қалай жасаған?

4.Жетіген аспабы бойынша қандай аңыз сақталған?

5.Не себепті қобыз аспабын қасиетті де киелі сақтаған?

6.Моринхур аспабы қалай пайда болған?

Оқушыларды музыкалық аспаптар арқылы екі топқа бөлу.

Ал, балалар топқа бөлініп болдыңдар. Енді жақсылап суреттеріңізді құрастырып қараңыздар.Қандай аспаптарды көріп тұрсыңдар.Енді аспаптарға көңіл бөлейік.

Жаңа сабақ: Суреттер бойынша дауылпаз,дарбук,дойра,бұғышақ,мүйіз сырнай аспаптарды қарастырайық.


Дарбук Дауылпаз


Дойра

Мүйіз сырнай Қос нагара

ІІ. Оқыта отырып оқыту.

(Топпен жұмыс,жұппен жұмыс)


ІІІ. Аспаптардан класстер құрастыру.







( Дауылпаз, бұғышық аспаптары жайлы видео роликке зер салайық )





ІҮ. Оқыта отырып оқыту.

Ерте замандарда адамдар көптеген ұрмалы және үрмелі жасап шығарған.Көбіне мұндай аспаптарды тастан,ағаштан,жан-жануарлардың мүйізінен жасаған.Мүйізден жасаған аспаптарды аңшылық кезінде бір-біріне дыбыс беру үшін қолданған.Мүйізден жасалған аспаптардың дыбысы өте қатқыл әрі алысқа жететіндей күшті болған.Сондай аспаптардың бірі мүйіз сырнай деп аталады.

Келесі бір аспап бұғышақ деп аталады.Бұл аспаптың дыбысы маралдың дауысына өте ұқсас болып келеді.Аңшылар киік,марал немесе таутекелерін ұстау үшін осы аспапты ойнап,оларды жан-жағынан қоршап,қолға түсіретін болған.

Ежелгі үрмелі аспаптар жетіле бастайды.Әсіресе,барлық түркі халықтарында ортақ керней немесе карнай деп аталатын жан-жаққа хабар бергіш аспаптың жаңа түрі пайда болды.Бұл аспапты жезден жасайды.Керней аспабы түркі халықтары арасында кеңінен тарап,бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен.Керней аспабының ұзындығы екі-үш метрге дейін созылып жатады.Бұл аспаппен алғашқыда үлкен аңшылықтың басталғалы жатқанын хабарлаған.Ал кейін келе үлкен әскерді соғысқа аттындыру алдында жауынгерлерге рух беру мақсатында қолданатын болған.Кейінгі замандарда әртүрлі ойындар мен мерекелік шаралардың,салтанатты жиындардың басталуы сәтін халыққа хабарлау мақсатында пайдаланған.

Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтар арасында ұрмалы аспаптар кеңінен тараған.Жауынгерлер дауылпаз және дабыл атты ұрмалы аспаптарды ердің екі жағына байлап,соғысқа аттанған.Олар жауға қарсы шыққанда аттың дүбіріне қоса ердің астына байланған аспаптарды аяғымен ұрып отыратын болған.Аттың дүбіріне қосылған мұндай күшті дыбыс жауының үрейін ұшырған.

Ал бүгінгі таңда ежелгі үрмелі және ұрмалы аспаптар қайта өңделіп,фольклорлық ансамбльдер мен халық аспаптар оркестрлерінде қолданылып келеді.

Сұрақтар:

1.Ерте замандарда ұрмалы аспаптарды не үшін пайдаланған?

2.Ең алғашқы үрмелі аспаптар қалай пайда болды?

3.Үрмелі аспаптардың қандай түрлері бар?

Орталық Азияда кездесетін ұрмалы аспаптарды қалай пайдаланған?

Музыка тыңдату.


Сұрақтар:
1. Қандай аспаптар бар құрамында?
2. Қандай көңіл - күйде болдыңдар, не сездіңдер?
3. «Тұран» фольклорлі-этнографиялық ансамбльінде қандай аспаптарды көрдіңіздер?



Ән орындайық!

Қазақтай ел қайда

Әнін жазған Ж.Дәулет

Өлеңін жазған Н.Айтұлы

Көңілі көлдей шалқыған,

Қазақтай ел қайда.

Даласы жусан аңқыған,

Өзіңдей жер қайда.

Киелім!

Таусылмас саған айтарым,

Ардақтап өтейін.

Бабадан қалған байтағым,

Садағаң кетейін,

Киелім!


Қайырмасы:

Гүрілдеп жатқан көлден,

Көкорай шалғын белден,

Құбыла соққан желден,

Айналайын!

Тілегін Тәңір берген,

Қасиет қонған Елден,

Елі үшін туған Ерден,

Айналайын!


Болмасаң өзің,айбарым,

Мұратқа жетер ме ем?!

Түспесін төмен байрағың,

Төбеңе көтерген,

Киелім!

Ғасырлап күткен армандап,

Теңдігім асқақ ән,

Ұлыңа Алла жар болғай,

Елімді бастаған,

Киелім!

Қайырмас








Қорытыдылау:

Сөзжұмбақ



д


о


м


Б


ы


р


а






н


А


г


а


р


а


д


о


й


Р


а




д


А


у


ы


л


п


а


з



Б


ұ


ғ


ы


ш


а


қ



д


А


р


б


у


к




ц


и


Н


ь



1.Қазақ халқының ішекті аспабы.

2.Әзербайжанның ұрмалы аспабы.

3.Өзбек халқының ұрмалы аспабы.

4.Ердің екі жағынан байланатын ұрмалы аспабы.

5.Маралдың дауысына өте ұқсас аспап.

6.Әзербайжан,Түрік,Иран халықтарына кеңінен танымал ұрмалы аспап.

7.Жетіген тектес қытай халқының аспабы.


Үй жұмысы: Эссе: Үрмелі және ұрмалы аспаптардың ерекшелігі






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар

Автор: Абишева Бибигуль Мухаметжановна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391745

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Т?ркі халы?тарында?ы ?рмелі ж?не ?рмалы аспаптар"
    ["seo_title"] => string(46) "turkikhalyktaryndagyurmielizhnieurmalyaspaptar"
    ["file_id"] => string(6) "273400"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452206264"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "?ыс?а мерзімді саба? жоспары "Т?ркі халы?тарында?ы ?рмелі ж?не ?рмалы аспаптар""
    ["seo_title"] => string(73) "kyskamierzimdisabakzhosparyturkikhalyktaryndagyurmielizhnieurmalyaspaptar"
    ["file_id"] => string(6) "312735"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459397040"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Айтыс?а дайындал"
    ["seo_title"] => string(17) "aitysk-a-daiyndal"
    ["file_id"] => string(6) "307018"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458233819"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства