(МК,Ұ) Ой қозғау. 1-тапсырма Сыныпта талқылау -Суреттегі сахнада қандай музыкалық өнердің жанрлары көрсетілген? -Терме жанры туралы не білесің? (ОТ) Оқулықтағы мәтінді оқып, танысу. Музыкалық өнердің өзің білетін (ән,күй,би) және басқа түрле- рі бар. Өнердің осындай бірнеше түрге бөлінуін жанр деп атайды. Жанр француз тілінен аударғанда түр, тек деген мағынаны білдіреді. Терме. Термеші (МК, Ұ) Үштілділік : Жанр- жанр – genre (МК, Ұ,Қ) 2-тапсырма. Ән орындау. «Жақсы менен жаман» А.Рахметов -Термеде адам бойындағы қандай жаман және жақсы қасиеттері аталған? Термені әуенімен орындау. -Қалай ойлайсың бұл термеде неге көңіл бөлінген: -әуеніне -сөзіне ме? –Термеде әндегідей қайырма бар ма? -Терме жанрының ән жанрынан ерекшелігі неде? (МК, Ұ,ОТ) 3- тапсырма Музыка тыңдау және талдау «Ата-ананың қадірі» Майлықожаның термесі (үзінді). -Термеде анта-ананың балаға қамқорлығы қалай баяндалған? Терме: домбыра, қобыз, сырнай (баян) н/е эстрадалық сүйемел Деуде орындалады? Саған тыңдаған терменің қай нұсқасы ұнады? Өз пікіріңді ортаға сал. (МК,Ұ,Қ) 4-тапсырма Өлең құрастыру 1.Өлеңнің мазмұны мен ұйқасына қарай сөздерін қой Жақсы бала қандай-ды Сабағынан ........ (болмайды, қалмайды, бармайды, алдайды) Жаман бала сабаққа Ауырдым деп ..... (болмайды, қалмайды, бармайды, алдайды) 2 топқа бөлініп. Оқушылардың жақсы және жаман жақтарын сипаттайтын өлең құрастыр -Әрбір топ өзінің шығарған өлең жолдарын таныстырады, біріне-бірі баға береді. |