kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АТАНЫ? С?ЗІ- А?ЫЛДЫ? К?ЗІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

                

  Саба? та?ырыбы: Атаны? с?зі- а?ылды? к?зі

Саба? ма?саты:
Білімділік: Балаларды? бойында ?дептілік пен ал?ырлы?, адамды? ?асиеттерді ?алыптастыру.
Дамытушылы?: Балаларды? м?нерлеп о?у да?дыларын, ?лы ??ламалар с?здерін жат?а, м?нін т?сіне о?у да?дыларын дамыту.
Т?рбиелік: Жаман мен жа?сыны ажырата білуге, аталы с?зден ?ибрат алу?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: ??ламалар портреттері, ма?ал - м?телдер, на?ыл с?здер, ?лтты? ою - ?рнектер, г?лдер, шарлар.

І бастаушы:  К?п жаса?ан ?ария

 А?ылы те?із- дария.

К?п ?неге с?зі бар

 С?зі- сопа?, ?зі н?р.

ІІ бастаушы: Ата салты- арда?ты,

                     ?рбір с?зі- салма?ты.

                     Сол с?здерді ??паса?

                     Тістерсі? бір к?н барма?ты.

  1. о?ушы:

-Арман деген не?- депті жігіт.

-Арман дегеніміз а?ыл- ойды? шынды?ы.??с ?шсам дейді, бала- ?ссем дейді, ?ыз –к?рікті болсам дейді, жігіт- ба?ытты болсам дейді, ?арт-ж?зеге жетсем дейді, ?стаз- ш?кіртіне ?лгі болсам дейді.

     Арманына а?ылды жетеді, а?ыма? б?л ?мірден т??іліп ?теді,- депті ?арт.

2-о?ушы:

-Ба?ытты болу о?ай ма?-депті ?арт.

-Ата, жары жа?сы болса,ба?ыт жанында-депті жігіт.

-Жо? балам,а?ыл басында болса,ба?ыт жанында болады.А?ыл адамды азаптан да маза?тан да ??т?арады.?мірде шын ба?ытты боламын десе?,а?ылдылы?ты ?йрен, не а?ылды ?ыз?а ?йлен,-депті ?ария.

3-о?ушы:

-Дос табу о?ай ма?-депті ?арт.

-Ата,дос табу а?ылды?а о?ай, а?ыма??а ?иын.

-Жо? балам,?мірде дос табу а?ылды?а ?иын,а?ыма??а о?ай.А?ылдыны? досы аз,?асы к?п,а?ыма?ты? досы к?п бол?анымен жа?сылы?ы жо?.Жа?сылы?ы жо? досты? ?асты?ы ая? астында жатады.Есі?де болсын,досы? а?ылды болса,?зі? дана боласы?,досы? бала болса,?зі? шала боласы?,-депті ?арт.

4-о?ушы:

-?мірде не жетім?-депті ?арт.

-Ата-анасы жо? бала жетім,-депті жігіт.

-Д?рыс балам.?мірде ата-анасы жо? болса,бала тірі жетім.?мірде то?ыз жетім бар.Хал?ы?а сенімсіз болса-хан жетім.Ханы а?ылсыз болса-хал?ы жетім,ке?есшісі а?ылсыз болса-?кім жетім,суы жо? ??ды? жетім,?лы жо? ?ке жетім,?ызы жетесіз болса ана жетім,досы жо? жігіт жетім,ш?кіртсіз ?стаз жетім.

?мірде жетім болса? есірме.А?ылды жетім ке?есуге ??мар;а?ылсыз жетім егесуге ??мар.Егескен ел болмайды.

5-о?ушы:

-?йде кім,елде кім ?адірлі?

-Ата,?йде ана,елде басты? ?адірлі-депті жігіт.

-Жо?,балам,?йде ?она?,?арт,бала ?адірлі.Елде хан,?кім,?стаз ?адірлі.?она?ты ?адірлеуді б?рі біледі.Бала ?йді? патшасы,балалы ?й базар,баласыз ?й ?у мазар,-депті ?арт.

6-о?ушы:

-Жо?ты бар,ашты то? ететін кім?

-Ата, жо?ты бар,ашты то? ететін мейірімді ?ке,-депті жігіт.

-Жо?, балам,?ке ?анша мейірімді болса да,ананы? ж?ні б?лек.Жо?ты бар,ашты то? ететін ол-ана.Анасыз бала ?йы?тамайды,?аты?сыз айран ?йымайды.

Ана-?йдегі ба?,?ке отыратын та?.Ана а?ылды болса ?йді? ?уанышы,?кені? ж?банышы-депті ?арт.

7-о?ушы:

-Елді кім,?йді кім б?лдіреді?-депті ?арт.

-Ата, елді ?секші б?лдіреді,?йді а?ылсыз бала б?лдіреді,-деді жігіт.

-?кім а?ылсыз болса-ел тозады,?сек ?кімді ?сірмейді.?секті ты?дау ?кімге жараспайды,?сиетті ты?дау та?та?ы хан?а жараспайды,-депті ?арт.

8-о?ушы:

     - ?йдегі алтын ?азы? кім?-депті ?арт.

 -Ата,?йдегі алтын ?азы? бала,-депті жігіт.

-Жо?, балам, ?йдегі алтын ?азы?- ана.Ана а?ылды болса,бала дана болады.Ана т?рбиесі ?ыз?а ?лгі,?ке т?рбиесі ?л?а ?лгі.Ана а?ылшы?,?ке ?ам?оршы?,а?а? ?ор?аушы?,іні? с?йеніші?,?арындасы? ?анаты? екенін ?мытпа.Ананы сыйлама?анны? а?ылы кем,?кені сыйлама?анны? жа?ыны кем.Ананы? мейірімі к?зінде,ы?ыласы к??ілінде,а?ылы с?зінде,-депті ?арт.

9-о?ушы:

-?мір с?ру не ?шін ?ажет?-депті ?арт.

-Ата,?мір с?ру ?шін алтын,а?ша,нан,мал ?ажет,-депті жігіт.

-Жо?,балам,адамны? ?мір с?руі ?шін су,от,т?з,?ыз,а?ыл ?ажет.Су тіршілікті? н?рін береді,от ?мірді? с?нін береді,т?з асты? д?мін келтіреді,?ыз к??ілді? с?нін келтіреді,а?ыл ?мірді? м?нін береді.Адам а?ылмен а?айынды табады,а?ылсыз адам а?айыннан безеді,-депті ?арт.

10-о?ушы:

 -Шынды?ты не б?зады?-депті ?арт.

-Ата, шынды?ты тіл б?зады,-депті жігіт.

-Д?рыс, балам, шынды?ты тіл б?зса,?кініші к?бейеді,не ?сек к?бейеді.Шынды?ты білу ?иын,айтыл?ан с?зді то?тату ?иын.Адал адам шынды??а ие болса,а?ылы артады.А?ыма? адам шынды?ты білсе,?сек ?ылады.?сек ерді б?зады.?секті к?п айт?ан шынды?ты білмейді,шынды?ты білген ?секшіге ере бермейді.?мірде шынды?ты ?сек б?зады,-депті ?арт.

 11-о?ушы:

 - Адам?а а?ыл беретін кімдер?-депті ?арт.

 -Ата,ана тілі ?ой а?ыл беретін,-депті жігіт.

 -Жо?,балам,ана тілі ойды ?сіреді.Адам?а а?ыл беретін ата-ана,?стаз,досы екенін ?мытпа.Ата-ана а?ылын баласы мен ?ызына айтады,?стаз ш?кіртіне айтады. Жа?сы а?ыл адамды тез есейтеді. Адам?а а?ыл беретін адал досы. Адал досы? а?ылшы?, а?ылшы дос- жа?ыны?.Досы к?пті?- табысы к?п,табысы к?пті? жа?ыны к?п.Досты?ты? к?зі а?ылдан басталады,-депті ?арт.

12-о?ушы:

 -Адамны? а?ылы ?айда?-депті ?арт.

-Адамны? а?ылы тілінде,ата,-депті жігіт.

-Жо?,балам,тіл а?ылды? айнасы,а?ыл істі? пайдасы. Есі?де болсын,ханны? а?ылы та?ында,?кімні? а?ылы жанында,?алымны? а?ылы басында,ананы? а?ылы жасында,жігітті? а?ылы жа?сылы?ында,а?ыма?ты? а?ылы кім к?рінгенні? ?алтасында,-депті ?арт.

13-о?ушы:

 -Досты?ты ны?айтатын не?-депті ?арт.

 -Ата,досты? пен жолдасты?ты ынтыма?,бірлік,те?дік,туысты?,бауырмалды? ны?айтады.

-Д?рыс,балам,сені? айт?аны? досты? пен жолдасты?ты дамытады.Есі?де болсын, шын досты? а?ылды?а т?н екенін ?мытпа.?мірде дос болуды ойласа? «С?леметсізбе,кешірі?із,рахмет,сау болы?ыз,с?лем айты?ыз,р??сат па» дегенді ?йрен.С?лемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі.Ж?н с?з- к??ілдіні ?сіреді,ж?нсіз с?з ?мірі?ді ?шіреді-депті ?арт.

 1-бастаушы:

- Міне,балалар,к?рді?дер ме,дос табу ?шін,елде кімні? ?адірлі екенін,?мір с?ру ?шін не ?ажет екенімен,шынды?ты б?затын, досты?ты ны?айтатын не екенімен танысты? ж?не осыдан ?ибрат аралы? с?здерді есте са?тау керектігін ?мытпа?дар.

2-бастаушы:

Енді «Ескірмейтін есті с?з» айдары бойынша д?ріс ?ткізіледі.

Б?л б?лімге дайындалу балаларды? ?здеріне тапсырыл?ан.К?нделікті ?мірде ата-?желері?,ата-аналары?ны? айтып отыратын ырым мен тиым с?здер жарысын ?ткіземіз.Кім к?п біледі екен?

1-о?ушы:От?а су ??йма,т?кірме.Себебі кезінде ата-бабаларымыз от?а табын?ан.От ?мір,тіршілік к?зі санал?ан.

2-о?ушы:Мал с?йегін от?а жа?па,а?ты т?кпе.Себебі тірі малды? с?йегі сыр?ырап,желіні іседі,малсыз ?алып жо?шылы??а ?шырайды деген ??ым бар.

3-о?ушы:?аза? т?нде мал,адам санамайды,себебі басы? кемиді деп есептеген.

4-о?ушы:Пыша?ты? ж?зін жалама,пыша?ты кезенбе.Себебі пыша? ?зарып кетеді.

5-о?ушы:?йге ?арай,?йді айналып ж?гірме.

6-о?ушы:Ай?а ?арай ?олы?ды шошайтпа.

7-о?ушы:К?лді,т?зды баспа,шашпа,ая?ы? ауырады.

8-о?ушы:Жа?ы?ды, белі?ді таянба,тізе?ді ??ша?тама.Тек ?аралы адам ?ана осылай отырады.

9-о?ушы:Бас киімді ла?тырма,теппе,басы? ауырады.

10-о?ушы:Итті теппе,итке су шашпа,ит те жеті ?азынаны? бірі.

11-о?ушы:Есікті керме,табалдыры?ты баспа.

12-о?ушы:Нанды шашпа,баспа; нан-?мір н?рі.

13-о?ушы:Т?нде ?зенге су?а т?спе,су алу?а барма.

14-о?ушы:Ар?а?ды аттама.

15-о?ушы:Мойны?а белбеу салма.

16-о?ушы:Туысы?а ит,пыша? сыйлама,себебі араз болып ?алуы? м?мкін.

17-о?ушы:?уыс ?йден ??р шы?па,тізе?ді б?гіп,д?м ауыз тиіп шы?.

18-о?ушы:Ж?ма к?ні кір жума.

19-о?ушы:Кемтар адам?а к?лме.

20-о?ушы:?сек,?тірік айтып,жа?ымпаз,ма?танша? болма.

21-о?ушы:?ш к?н айтта кір жуу?а,тырна?, шаш алу?а болмайды.

22-о?ушы:Адам?а ажал ша?ыратын мына ырымдар:Сауса?ты тара?тап,?олды к?кірекке не желкеге ?ойып жатпайды.Мойын?а бос ар?ан салмайды.?амшыны? ?рімінен ?стап сабын жерге с?йретпейді.Жуыл?ан киімді дала?а о? ?аратып жаймайды.

23-о?ушы:Сыпыр?ышты к?кке к?теріп,баланы ?ру?а болмайды.

24-о?ушы:Дастар?анды баспа,аттама.

25-о?ушы:Бос бесікті тербетпе,баланы? басы ауырады.

26-о?ушы:Та?ерте? міндетті т?рде ?з ?йі?нен ораза ашып( тама? ішіп)шы?.Себебі «та??ы тама? т??ірден» деген с?з бар.

27-о?ушы:Ая?ы?ды к?кке к?терме,ж?ре?нен отырма.

28-о?ушы:Киімді желбегей жамылма.

29-о?ушы:?лген адам?а топыра? сал?ан к?ректі табаны?мен баспа.

30-о?ушы:Жы??ылмен ат ?амшылама.

Міне, осындай ырымдар мен тыйымдарды есте са?тап,орындап ж?руіміз ?ажет.

І бастаушы:-Ендігі кезекте біз нені? жа?сы,не жаман екендігімен,?асиетті ??ымдармен танысуымыз керек.Б?л б?лім сайыс т?рінде ?теді.?она?тар мен о?ушылар болып сайыс?а т?семіз.С?ра?тар?а жауап беру кезегін алдымен ?она?тар?а береміз,со?ынан о?ушылар толы?тырады.

ІІ бастаушы: Жерден ауыр не бар?

 Судан тере? не бар?

 Оттан ысты? не бар?

К?ктен биік не бар?

  О?ушы: Жерден ауыр дегенім-а?ыл,білім,

 Судан тере? дегенім-о?у,?ылым.

 Оттан ысты? дегенім-адамны? ?мірі

  К?ктен биік дегенім-т?ккапарды? к??ілі.

І бастаушы:Д?ниеде не жетім?

О?ушы:Жа?быр жаумаса-жер жетім.

 Басшысы болмаса-ел жетім.

 Ты?далма?ан с?з жетім.

ІІ бастаушы: Д?ниеде е? жа?ыны? кім?

О?ушы:     Тату болса- а?айын жа?ын.

А?ылшы болса-апайы? жа?ын.

Бауырмал болса-іні? жа?ын.

 Инабатты болса-келіні? жа?ын.

Алды?а тарат?ан адал асы?.

 ?имас жа?ын- ?арындасы?

І бастаушы:  Д?ниеде не ?ымбат?

Алтын ?я? -Отан ?ымбат,

 ??т-береке-ата? ?ымбат.

Аймалайтын ана? ?ымбат

Мейірімді-апа? ?ымбат.

 Ас?ар тауы?- ?ке? ?ымбат.

 Б?рінен де ?ят пенен ар ?ымбат.

ІІ бастаушы:Міне, балалар,сендер т?лім-т?рбие аларлы?тай «Атадан ?ал?ан асыл с?здер» ?те к?п екен.Сонды?тан да ?лкендерді? ?р с?зіне зер салып,?р с?зіні? астарына ??іле ?арай білу керек.?сіресе ?йдегі ата-?желері?ні?,ата-аналары?ны? ?р с?зін ??ып,к?рі адамдарды? а?ылын,?сиетін есте са?та?дар.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АТАНЫ? С?ЗІ- А?ЫЛДЫ? К?ЗІ»



АТАНЫҢ СӨЗІ- АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

Абдырахманова Құралай Сембекқызы





Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Юрий Гагарин атындағы орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Атаның сөзі- ақылдың көзі

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Балалардың бойында әдептілік пен алғырлық, адамдық қасиеттерді қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын, ұлы ғұламалар сөздерін жатқа, мәнін түсіне оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ғұламалар портреттері, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлттық ою - өрнектер, гүлдер, шарлар.

І бастаушы: Көп жасаған қария

Ақылы теңіз- дария.

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі- сопақ, өзі нәр.

ІІ бастаушы: Ата салты- ардақты,

Әрбір сөзі- салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

  1. оқушы:

-Арман деген не?- депті жігіт.

-Арман дегеніміз ақыл- ойдың шындығы.Құс ұшсам дейді, бала- өссем дейді, қыз –көрікті болсам дейді, жігіт- бақытты болсам дейді, қарт-жүзеге жетсем дейді, ұстаз- шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,- депті қарт.

2-оқушы:

-Бақытты болу оңай ма?-депті қарт.

-Ата, жары жақсы болса,бақыт жанында-депті жігіт.

-Жоқ балам,ақыл басында болса,бақыт жанында болады.Ақыл адамды азаптан да мазақтан да құтқарады.Өмірде шын бақытты боламын десең,ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен,-депті қария.

3-оқушы:

-Дос табу оңай ма?-депті қарт.

-Ата,дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

-Жоқ балам,өмірде дос табу ақылдыға қиын,ақымаққа оңай.Ақылдының досы аз,қасы көп,ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ.Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады.Есіңде болсын,досың ақылды болса,өзің дана боласың,досың бала болса,өзің шала боласың,-депті қарт.

4-оқушы:

-Өмірде не жетім?-депті қарт.

-Ата-анасы жоқ бала жетім,-депті жігіт.

-Дұрыс балам.Өмірде ата-анасы жоқ болса,бала тірі жетім.Өмірде тоғыз жетім бар.Халқыңа сенімсіз болса-хан жетім.Ханы ақылсыз болса-халқы жетім,кеңесшісі ақылсыз болса-әкім жетім,суы жоқ құдық жетім,ұлы жоқ әке жетім,қызы жетесіз болса ана жетім,досы жоқ жігіт жетім,шәкіртсіз ұстаз жетім.

Өмірде жетім болсаң есірме.Ақылды жетім кеңесуге құмар;ақылсыз жетім егесуге құмар.Егескен ел болмайды.

5-оқушы:

-Үйде кім,елде кім қадірлі?

-Ата,үйде ана,елде бастық қадірлі-депті жігіт.

-Жоқ,балам,үйде қонақ,қарт,бала қадірлі.Елде хан,әкім,ұстаз қадірлі.Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.Бала үйдің патшасы,балалы үй базар,баласыз үй қу мазар,-депті қарт.

6-оқушы:

-Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім?

-Ата, жоқты бар,ашты тоқ ететін мейірімді әке,-депті жігіт.

-Жоқ, балам,әке қанша мейірімді болса да,ананың жөні бөлек.Жоқты бар,ашты тоқ ететін ол-ана.Анасыз бала ұйықтамайды,қатықсыз айран ұйымайды.

Ана-үйдегі бақ,әке отыратын тақ.Ана ақылды болса үйдің қуанышы,әкенің жұбанышы-депті қарт.

7-оқушы:

-Елді кім,үйді кім бүлдіреді?-депті қарт.

-Ата, елді өсекші бүлдіреді,үйді ақылсыз бала бүлдіреді,-деді жігіт.

-Әкім ақылсыз болса-ел тозады,өсек әкімді өсірмейді.Өсекті тыңдау әкімге жараспайды,өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды,-депті қарт.

8-оқушы:

- Үйдегі алтын қазық кім?-депті қарт.

-Ата,үйдегі алтын қазық бала,-депті жігіт.

-Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық- ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі қызға үлгі,әке тәрбиесі ұлға үлгі.Ана ақылшың,әке қамқоршың,ағаң қорғаушың,інің сүйенішің,қарындасың қанатың екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кем,әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде,-депті қарт.

9-оқушы:

-Өмір сүру не үшін қажет?-депті қарт.

-Ата,өмір сүру үшін алтын,ақша,нан,мал қажет,-депті жігіт.

-Жоқ,балам,адамның өмір сүруі үшін су,от,тұз,қыз,ақыл қажет.Су тіршіліктің нәрін береді,от өмірдің сәнін береді,тұз астың дәмін келтіреді,қыз көңілдің сәнін келтіреді,ақыл өмірдің мәнін береді.Адам ақылмен ағайынды табады,ақылсыз адам ағайыннан безеді,-депті қарт.

10-оқушы:

-Шындықты не бұзады?-депті қарт.

-Ата, шындықты тіл бұзады,-депті жігіт.

-Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса,өкініші көбейеді,не өсек көбейеді.Шындықты білу қиын,айтылған сөзді тоқтату қиын.Адал адам шындыққа ие болса,ақылы артады.Ақымақ адам шындықты білсе,өсек қылады.Өсек ерді бұзады.Өсекті көп айтқан шындықты білмейді,шындықты білген өсекшіге ере бермейді.Өмірде шындықты өсек бұзады,-депті қарт.

11-оқушы:

- Адамға ақыл беретін кімдер?-депті қарт.

-Ата,ана тілі ғой ақыл беретін,-депті жігіт.

-Жоқ,балам,ана тілі ойды өсіреді.Адамға ақыл беретін ата-ана,ұстаз,досы екенін ұмытпа.Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады,ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал досы. Адал досың ақылшың, ақылшы дос- жақының.Досы көптің- табысы көп,табысы көптің жақыны көп.Достықтың көзі ақылдан басталады,-депті қарт.

12-оқушы:

-Адамның ақылы қайда?-депті қарт.

-Адамның ақылы тілінде,ата,-депті жігіт.

-Жоқ,балам,тіл ақылдың айнасы,ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын,ханның ақылы тағында,әкімнің ақылы жанында,ғалымның ақылы басында,ананың ақылы жасында,жігіттің ақылы жақсылығында,ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында,-депті қарт.

13-оқушы:

-Достықты нығайтатын не?-депті қарт.

-Ата,достық пен жолдастықты ынтымақ,бірлік,теңдік,туыстық,бауырмалдық нығайтады.

-Дұрыс,балам,сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады.Есіңде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа.Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсізбе,кешіріңіз,рахмет,сау болыңыз,сәлем айтыңыз,рұқсат па» дегенді үйрен.Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі.Жөн сөз- көңілдіні өсіреді,жөнсіз сөз өміріңді өшіреді-депті қарт.

1-бастаушы:

- Міне,балалар,көрдіңдер ме,дос табу үшін,елде кімнің қадірлі екенін,өмір сүру үшін не қажет екенімен,шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осыдан ғибрат аралық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.

2-бастаушы:

Енді «Ескірмейтін есті сөз» айдары бойынша дәріс өткізіледі.

Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған.Күнделікті өмірде ата-әжелерің,ата-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз.Кім көп біледі екен?

1-оқушы:Отқа су құйма,түкірме.Себебі кезінде ата-бабаларымыз отқа табынған.От өмір,тіршілік көзі саналған.

2-оқушы:Мал сүйегін отқа жақпа,ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап,желіні іседі,малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3-оқушы:Қазақ түнде мал,адам санамайды,себебі басың кемиді деп есептеген.

4-оқушы:Пышақтың жүзін жалама,пышақты кезенбе.Себебі пышақ ұзарып кетеді.

5-оқушы:Үйге қарай,үйді айналып жүгірме.

6-оқушы:Айға қарай қолыңды шошайтпа.

7-оқушы:Күлді,тұзды баспа,шашпа,аяғың ауырады.

8-оқушы:Жағыңды, беліңді таянба,тізеңді құшақтама.Тек қаралы адам ғана осылай отырады.

9-оқушы:Бас киімді лақтырма,теппе,басың ауырады.

10-оқушы:Итті теппе,итке су шашпа,ит те жеті қазынаның бірі.

11-оқушы:Есікті керме,табалдырықты баспа.

12-оқушы:Нанды шашпа,баспа; нан-өмір нәрі.

13-оқушы:Түнде өзенге суға түспе,су алуға барма.

14-оқушы:Арқаңды аттама.

15-оқушы:Мойныңа белбеу салма.

16-оқушы:Туысыңа ит,пышақ сыйлама,себебі араз болып қалуың мүмкін.

17-оқушы:Қуыс үйден құр шықпа,тізеңді бүгіп,дәм ауыз тиіп шық.

18-оқушы:Жұма күні кір жума.

19-оқушы:Кемтар адамға күлме.

20-оқушы:Өсек,өтірік айтып,жағымпаз,мақтаншақ болма.

21-оқушы:Үш күн айтта кір жууға,тырнақ, шаш алуға болмайды.

22-оқушы:Адамға ажал шақыратын мына ырымдар:Саусақты тарақтап,қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды.Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді.Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

23-оқушы:Сыпырғышты көкке көтеріп,баланы ұруға болмайды.

24-оқушы:Дастарқанды баспа,аттама.

25-оқушы:Бос бесікті тербетпе,баланың басы ауырады.

26-оқушы:Таңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып( тамақ ішіп)шық.Себебі «таңғы тамақ тәңірден» деген сөз бар.

27-оқушы:Аяғыңды көкке көтерме,жүреңнен отырма.

28-оқушы:Киімді желбегей жамылма.

29-оқушы:Өлген адамға топырақ салған күректі табаныңмен баспа.

30-оқушы:Жыңғылмен ат қамшылама.

Міне, осындай ырымдар мен тыйымдарды есте сақтап,орындап жүруіміз қажет.

І бастаушы:-Ендігі кезекте біз ненің жақсы,не жаман екендігімен,қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек.Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді.Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа түсеміз.Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз,соңынан оқушылар толықтырады.

ІІ бастаушы: Жерден ауыр не бар?

Судан терең не бар?

Оттан ыстық не бар?

Көктен биік не бар?

Оқушы: Жерден ауыр дегенім-ақыл,білім,

Судан терең дегенім-оқу,ғылым.

Оттан ыстық дегенім-адамның өмірі

Көктен биік дегенім-тәккапардың көңілі.

І бастаушы:Дүниеде не жетім?

Оқушы:Жаңбыр жаумаса-жер жетім.

Басшысы болмаса-ел жетім.

Тыңдалмаған сөз жетім.

ІІ бастаушы: Дүниеде ең жақының кім?

Оқушы: Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа таратқан адал асың.

Қимас жақын- қарындасың

І бастаушы: Дүниеде не қымбат?

Алтын ұяң -Отан қымбат,

Құт-береке-атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат

Мейірімді-апаң қымбат.

Асқар тауың- әкең қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

ІІ бастаушы:Міне, балалар,сендер тәлім-тәрбие аларлықтай «Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен.Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып,әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек.Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің,ата-аналарыңның әр сөзін ұғып,кәрі адамдардың ақылын,өсиетін есте сақтаңдар.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
АТАНЫ? С?ЗІ- А?ЫЛДЫ? К?ЗІ

Автор: Абдырахманова ??ралай Сембек?ызы

Дата: 25.02.2016

Номер свидетельства: 298730


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства