kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғатпен үндескен сыбызғы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тоқсандық  тақырыбы: Әлемді шарлаған музыкалық асапаптар.

Сабақтың  тақырыбы:    Табиғатпен  үндескен сыбызғы.

Сабақтың  мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.

Білімділік  мәні :  Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және  ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық аспаптар арқылы  ұлттық  өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу.

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.

                                                          Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы: Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра

                                                   Актуалдау:

Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда  дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра аспаптарымен  таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап-  сыбызғымен танысамыз.

                                     Жаңа сабақ:     Табиғатпен  үндескен сыбызғы.

Табиғатқа үнсіздікпен құлақ түрсең, түрлі дыбысты, әуен сазды ести аласың.Ертеде бір адам көл жағалауымен келе жатса,  бір дыбысты естиді. Көл жағалауында қамыстан желдің тербеуімен шығып тұрады. Қамысты үрлеп көрсе, әдемі дыбыс шығады. Қазақ халқы осы аспапты сыбызғы деп атайды. Қамыс тез сынғыш болып келгендіктен оның сыртын  қойдың ішегімен қаптап қоятын болған.

Сыбызғы тәріздес  музыкалық аспаптар көптеген халықтарда бар. Қырғыздар да шоор, башқұрттарда  қурай деп атайды.

Ән орындайық!

  «Болайықшы осындай»әні

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.

 Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қорытындылау :

                        Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойналады?

                       Сыбызғы аспабына  ұқсас  басқа   халықтардың  аспаптарын ата?

                      Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?

Бірақ, біз, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын осы кезден бастап ажырата білуіміз керек. Ұлттық аспаптарымызды, музыкамызды құрметтеуіміз керек.

Дәптерге суретін салғызу.

Үйге  тапсырма:    Табиғатпен  үндескен сыбызғы. Болайықшы осындай»әні.

Бағалау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Асыл әже»

Күні: 9 04 16 Сынып: 1 Пән: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Асыл әже

Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу,әжелерін құрметтеуге бағыттау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,плакаттар

. Сабақтың барысы:

1 Оқушыларды сабаққа дайындау

2 Әнді қайталау

3 Жаңа сабақ

4 Бекіту

5 Үйге тапсырма беру



Асыл әже


Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған
Сағынышым - сары ормандай самсаған
Әке болып жүргенімді ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған

Құлыңдаймын асыр салған аңғарда
Қозындаймын ойнақтаған албарда
Өзің барда қысылмаймын күлуге
Жылауға да қысылмаймын сен барда

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді
Сенің жаның жүрегіме ораулы
Менің жаным жаулығыңа түюлі

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!



Үйге тапсырма: Әнді жаттау

Просмотр содержимого документа
«Ақ мамама»

Музыка 1-сынып


Сабақтың тақырыбы АҚ МАМАМ



Сабақтың мақсаты Оқушыларды

«Ақ мамам »әнімен таныстыру


Дамытушылық Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін

дамыту


Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге

ұйымшылдыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі Жаңа сабақ



Көрнекілігі Оқулық, үнтаспа,суреттер



Сабақтың барысы Ұйымдастырушылық кезең


«Ақ мамам» әні

Әнді үйрену бір сәтте болатын шаруа емес, сондықтан оқушылар тез үйреніп кетпеді деп қынжылмаңыз. Бір күннің ішінде әннің сөзін жаттап алыңдар деген талапты да оқушыларға қоюға болмайды.

Өз тәжірибемізде біз әнді екі жолдан немесе шумақтап есте сақтауға бағытталған жұмыстар жүргіземіз (бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты).

Жұмыс барысы:

Бір әнді үйренуге әр сабақта 5-10 минут шамасында жұмыс жүргізіп отырамыз

  1. Оқушылармен бірге әнді тыңдау.

  2. Таңдап алынған шумағын немесе екі жолының мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

  3. Хормен, сонан соң жеке-жеке қайталату.

  4. Әннің ырғағымен қайталату.

  5. Әнді әр сабақтың басында немесе соңында қайталату.

Оқушылар әнді жақсы үйреніп алды деген кезде сынып сағатында, ата-аналардың қатысуымен өткізілетін мектеп іс-шараларында орындатуға болады.

Ақ мама әні

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау бол ақ мамам

Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен



Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.


Әрбір сөз әріптерден құралса ,әуен музыкалық дыбыстардан тұрады.


Музыкалық дыбыстар биік немесе төмен болып орналаса береді.





Қорытындылау: Сұрақтар қою,әнді қайталау


Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма: Әннің сөзін жаттау

Просмотр содержимого документа
«АЛАТАУ 2 сынып»

Күні: 5 04 16 Сынып: 2 Пән: Музыка

Сабақтың тақырыбы: «Алатау» әні


Сабақтың мақсаты : Оқушыларды ән тарихымен таныстыру, әншілік өнердің ерекшелігін түсіну.


Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелік : Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге , ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа

Сабақтың барысы:

Әнді жазған қазақтың белгілі сазгері Нұрғиса Тілендиев

«Алатау»

Алып тұлға байсалды

Манаурааған Алатау.

Қызыл-жасыл гүлдерің

Алаулаған алатау,

Манаураған алатау,

Алаулаған алатау.

Шыңына көз жетпес,

Көркіңе сөз жетпес.

Басыңнан қар кетпес

Өзіңе тау жетпес.

Өңірің гүлді

Өмірің жырлы

Жадырап жайдарлым

Бақыт нұр шашқан

Даңқың бар асқан

Атыңнан айналдым.

Заңғар тасы бұлттарға

Айбат берген Алатау.

Өр тұлғасы жастарға

Қайрат берген Алатау

Айбат берген Алатау

Қайрат берген Алатау.

Қ-сы

Қыз бейнелі гүліңді

Жұлып алсам шіркін-ай,

Шежіредей сырыңды

Түйіп алсам шіркін-ай,

Жиып алсам шіркін-ай


Қортындылау : Әннің ырғағын анықтау

Фразамен айтып үйрену


Үйге тапсырма : Әнді жаттау

Бағалау :



Просмотр содержимого документа
«АЛАТАУ»

Сабақтың тақырыбы: «Алатау» әні



Сабақтың мақсаты : Оқушыларды ән тарихымен таныстыру,

әншілік өнердің ерекшелігін түсіну.


Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе

білу қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге ,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа

Сабақтың барысы:

Әнді жазған қазақтың белгілі сазгері Нұрғиса Тілендиев

«Алатау»

Алып тұлға байсалды

Манаурааған Алатау.

Қызыл-жасыл гүлдерің

Алаулаған алатау,

Манаураған алатау,

Алаулаған алатау.

Шыңына көз жетпес,

Көркіңе сөз жетпес.

Басыңнан қар кетпес

Өзіңе тау жетпес.

Өңірің гүлді

Өмірің жырлы

Жадырап жайдарлым

Бақыт нұр шашқан

Даңқың бар асқан

Атыңнан айналдым.

Заңғар тасы бұлттарға

Айбат берген Алатау.

Өр тұлғасы жастарға

Қайрат берген Алатау

Айбат берген Алатау

Қайрат берген Алатау.

Қ-сы

Қыз бейнелі гүліңді

Жұлып алсам шіркін-ай,

Шежіредей сырыңды

Түйіп алсам шіркін-ай,

Жиып алсам шіркін-ай


Үйге тапсырма :

Бағалау : Баға қою .

Қортындылау :



Просмотр содержимого документа
«АТАМЕКЕН,ӨЗ ЕЛІМ»

Сабақтың тақырыбы: «Атамекен», «Өз елім» әндері



Сабақтың мақсаты : Оқушыларды әндер тарихымен таныстыру,

әншілік өнердің ерекшелігін түсіну.


Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе

білу қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге ,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа

Сабақтың барысы:

Патриоттық рухта жазылған әндерді авторлары қазақтың атақты сазгерлері Нұрғиса Тілендиев пе Ескендір Хаснғалиев





Өз елім

Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан

Өз елім менің
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін
Төрім деп менің
Жерім деп сенің
Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер сол елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер сол елдің

Ақ күмбез астығы
Асқар боп өрлеген
Жалынды жастығы
Жүлдені бермеген

Өз елім менің
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін
Төрім деп менің
Жерім деп сенің
Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер сол елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер сол елдің

Бұзылмас қамалың
Батыры уақыттың
Тербеген самалы
Бесігін бақыттың

Өз елім менің
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін
Төрім деп менің
Жерім деп сенің
Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер сол елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер сол елдің

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер сол елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер сол елдің


Үйге тапсырма :

Бағалау : Қортындылау



Просмотр содержимого документа
«Абай салған сырлы әндер»

Сынып 3

Тоқсандық тақырыбы: Халқымыздың мақтанышы әнші- композиторлар .

Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер.

Сабақтың мақсаты: Абайдың қазақ қоғамында алатын орнын ұғындыру.

Білімділік мәні : Композитордың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы:Жас өспірімдердің музыкаға, әнге деген

сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Ұйымдастыру . Үй тапсырмасын сұрау: Жаяу Мұса. «Ақсиса»әні.

Жаңа сабақты түсіндіру:Абай салған сырлы әндер.

Актуалдау:

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Сабақтың барысы:

Қазақтың ұлы ақыны және композиторы Абай Құнанбаев Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақтың ән өнерін жаңа көркемдік бейнелеу құралдарымен дамытты.Абай қазақтың ән өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай оның да «естісі мен есері» барын айтып, «құлақтан кіріп бойд алар, жақсы ән мен тәттә күйді» ұнатқан.Қазақтың халық музыкасымен сусындаған Абай шығармаларында қазақтың музыка тілін жаңа көркемдік бейнелеу құралдарымен байытты.

Оның «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң»т.б. әндері және «Торжорға», «Май түні» атты күйлері бар.

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.

Ән үйрену: Көзімнің қарасы.

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы.

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзіде білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.

Қорытындылау: Ақын

Күйші Абай Композитор

Әнші


Үйге тапсырма: Абай өлеңдері.

«Көзімнің қарасы» әні.

Бағалау.


Просмотр содержимого документа
«Арнау күй»


Сыныбы: 2

Тоқсандық тақырыбы: Күйші композиторлар

Сабақтың тақырыбы: Арнау күй.

Сабақтың мақсаты: Күйші композиторлардың

шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту.

Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін

арттыру.

Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген

ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты

айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту

қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік мәні : Күйші композиторларының музыкалық

шығармалары арқылы халық

музыканың тәрбиелік мәнін

тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Өткен сабақты сұрау. Күй шешені –Қазанғап.

Жаңа сабақты түсіндіру: Арнау күй.

Музыка тыңдау. «Аман бол, шешем, аман бол»күйі.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау.

Бекіту:Қазапғаптың туған жері?

Қазапғаптың күйлері?

-Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Арнау күй.

Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерлі арнау күй дейміз. Соның бірі –Құрманғазының анасына арнаған күйі «Аман бол, шешем, аман бол»күйі.үйден шығар алдында Құрманғазы домбырасын қолына алып күй тартады. Шығарып салап тұрған достары күйдің атын сұрамай-ақ бірден білді. Өйткені күйдің бастамасының өзі «Аман бол, шешем, аман бол»деп айтып тұр еді.


Музыкалық шығарманы тыңдау: «Аман бол, шешем, аман бол»күйі.

Музыка тыңдау ережелері:

* Музыканы ден қойып тыңда.

* Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.

Музыкалық сауат ашу:

Күй - музыкалық аспапта орындалатын шығарма.

Күйші - күйді орындайтын адам.

Күйші- композитор күйді шығарушы.

Қорытындылау :

* Қазақтың күйші композиторларын ата.

* Домбыра аспабына жазылған қандай күйлерді

білесің ?

Құрманғазының «Кішкентай күйі»кімге арналған?

Үйге тапсырма:

* Арнау күй.

Бағалау:


Просмотр содержимого документа
«Аспаптардың атасы -қобыз»

Сыныбы: 1 Күні: 12 12 2015ж Пән Ән - күй


Сабақтың тақырыбы: Аспаптардың атасы- қобыз.

Сабақтың мақсаты:

Ғажайып сырлы аспап -қобыз аспабымен таныстыру.


Білімділік мәні :Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.


Дамытушылығы:Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.


Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерді танып, білу, ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі


Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту


Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .


Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.

Сабақ жоспары:


Ұйымдастыру кезеңі..

Үй тапсырмасы: Жетіген аспабы.

Жетіген қай аспаптың түріне жатады?

1.Үрмелі.

2.Ішекті.

3.Ұрмалы.

Жаңа сабақ: Аспаптардың атасы- қобыз.

Сабақтың барысы:

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Қобыз- ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады. Қобыздың екі түрі бар: қылқобыз, қобыз.Қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші – Қорқыт. Ол қобызды бақсы балгермен кезбе дуаналардың қолында жүретін жәй құрал емес нағыз музыка аспабы ретінде таныта білді.Қорқыттың «Қорқыт», «Аққу», «Әуіпбай», «Башпай», «Желмая» т.б. күйлері бар.


Ән үйрету. Қобыз

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Аққайыңның безінен

Айырып алған қобызым.

Қара еменді қақ жарып,

Ойып алған қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған қобызым.

Қылқұйрығын тұлпардың

Қияқ қылған қобызым.

Ақ түйенің сүтіне

Шылап алған қобызым


Қорытындылау :

Қорқыт күйлері қай аспапта ойналады?

Қорқыт шығармасы музыканың қай жанрына жатады?


Үйге тапсырма: Аспаптардың атасы- қобыз.

Бағалау.


Просмотр содержимого документа
«Аты әнге айналған Балқадиша»


Сыныбы: 3

Тоқсандық тақырыбы: Халқымыздың мақтанышы әнші- композиторлар

Сабақтың тақырыбы: Аты әнге айналған Балқадиша


Сабақтың мақсаты:

.

Білімділік мәні : Әнші композитордың шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту, жан – жақты білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға әнге деген

ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мәні : Халық композиторларының музыкалық

шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі


Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту


Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, әндету , шығармашылыққа баулу .


Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.


Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа ән

Қорытындылау


Үйге тапсырма


Бағалау


Сабақтың барысы:

Аты әнге айналған Балқадиша


Көкшенің асқан әншісі, композитор Ақан сері кемеңгер орындаушы, ақын болған. Бұрын сал серілер астарында аты, қолдарында домбырасы ауылдарды аралып, сауық сайран құрып жүрген.Ақанның атақты әні «Балқадишаның» шығу тарихын өтеміз, үйренеміз.

Ақанның сал-серілік құрып, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезі. Күндердің күнінде Ақан сері сол кездегі Ыбырай деген аты баршаға мәлім, танымал кісінің ауылына бас сұғып, шілдехана тойының үстінен түседі. Ауылға танымал серінің ат басын бұрғандығын естіген ауыл тұрғындары оған ілтипат білдіріп, қошемет көрсетеді. Алайда, төрде отырған Ақанның маңына ешкім отырмайды. Бұл ел аузында Ақан сері туралы алып-қашпа сөздердің кеңінен етек алған тұсы еді. Ақанның қиялға беріліп, жын-перілермен қатысы барын алға тартып, жас қыздар серіден үрейленген. Ақын да, қыздар да өздерін жайсыз сезініп, отырыстың берекесі қашқандай болады. Осы кезде Қадиша қыз «Сері-ағамның жанына мен отырайын» деп Ақанның жанына жайғасады. Мұны естіген Ақанның көңілі жай туып, іштей жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Отырыс барысында әндер орындалып, зерделі әңгіме-аңыздар айтылады. Серінің жанында Қадишаның отырғанын оның ағалары естіген бойда, екі жеңгесін жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. Алайда, Қадиша орнынан қозғалмайды, Ақанның да оны жібергісі келмейді. Осы кезде таң атып, бойларында қимастық орнайды. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан сері қолына домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп әнді орындай бастайды. Бұл ұзақ толғау, үлкен жыр болды.

Алайда, Қадиша қыз үлкен кісіге емес, өз теңіне аттастырылып, кейіннен ұзатылған. Мұны естіген Ақан қоштасу сәтінде туған әнін әрі қарай жетілдірген. Бұл әннің соңғы өлең жолдары мынадай болған:

«Кекілін кер бестінің сылағаным,

Басынан Жыландының құлағаным.

Кетті деп Балқадиша естігенде,

Құшақтап құс жастықты жылағаным.

Тау болсаң, Жыландыдай биік тау бол,

Шапанға ширатпалы жібек бау бол.

Атадан артық туған Балқадиша,

Көргенше енді қайтіп, есен-сау бол»

Ұзақ мұңлы әннің 90 шумағы болған деседі. Өкінішке орай, бізге толық жеткен жоқ. 1988 жылы Қайролла Жүзбасовтың құрастыруымен «Өнер» баспасынан шыққан кітабында «Балқадиша» әнінің үш нұсқасы көрсетілген.

Ән кейіпкері Қадиша Сүлеймен деген текті атаның баласымен бас қосып, үлкен әулеттің босағасын аттаған. Үш қыз және екі ұлдың анасы атанып, 1953 жылы өмірден өткен.

«Балқадиша» әнін кезінде аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков орындаған. Кейін Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гауһар Әлімбекова, «Жігіттер» тобы сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан.

Дәптермен жұмыс:

Балқадиша

Ақан сері әні

Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал – Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан, Қадиша.

Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.

Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізд
ен сізге бар Хадиша

Қорытындылау:


1.Ақан серінің әндері?


2.Сал, сері деп кімдерді айтамыз ?


Үйге тапсырма.


Бағалау.



Просмотр содержимого документа
«Ақбұлақ 2 сынып»

Күні: 12. 04. 16 ж Сынып: 2 Пән: Музыка


Сабақтың тақырыбы: «Ақбұлақ» әні


Сабақтың мақсаты : Оқушыларды«Ақбұлақ» әнінің тарихымен таныстыру,

әншілік өнердің ерекшелігін түсіну.



Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе

білу қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге ,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа


Сабақтың барысы:


1 Ұйымдастыру кезеңі:

2 Өткен әнді ұайталау

3 Жаңа сабақ

4 Бекіту

5 Үйге тапсырма беру


Жаңа сабақ

Әнді жазған ақын драматург,сазгер Бәкір Тәжібаев

«Ақбұлақ»

Күндіз түні бір тынбай дала кезіп шапқылап

Құмар едім өзіңе бала кезден ақбұлақ

Әнге бөлеп маңайды асып-тасып жатасың

Ақ моншақтан аспанға шашу шашып жатасың

Қайырмасы

Сенің келіп жағаңнан анам талай су алған

Сенің келіп жағаңнан әкем атын суарған

Айналайын ақбұлақ асыр салғам жағаңда

Сенен артық өлкені бұл әлемнен табамба.

Арудайын еркелеп мың бұралған ақбұлақ

Айдын көктен ғашық боп күнді ұрлаған ақбұлақ

Сен болмасаң қыр гүлі ашылмайды ақбұлақ

Саған деген құмарым басылмайды ақбұлақ

Шексіз жатқан жерімді сүіп кетіп жатасың

Бойыңдағы барыңды үйіп беріп жатасың

Тынбай кетсем даламның атырабын ақбұлақ

Тұнығыңа ойымды батырамын ақбұлақ




Үйге тапсырма : Әнді жаттау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Табиғатпен үндескен сыбызғы

Автор: Чакпакбаева Назипа Рамазановна

Дата: 09.12.2016

Номер свидетельства: 367563

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "конспект на тему " Таби?атпен ?ндескен сыбыз?ы""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiektnatiemutabigatpienundieskiensybyzgy"
    ["file_id"] => string(6) "293398"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455468303"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Табиғатпен үндескен сыбызғы түрлері"
    ["seo_title"] => string(41) "tabig_atpien_undieskien_sybyzg_y_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "385535"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485774576"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Конспект  урока "Таби?атпен ?ндіскен сыбыз?ы" "
    ["seo_title"] => string(47) "konspiekt-uroka-tabig-atpien-undiskien-sybyzg-y"
    ["file_id"] => string(6) "180281"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425146176"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства