1-тапсырма.Ұж. Тыңдау және талдау. Опера туралы видеоролик. МК. 1-тапсырманы орындау үшін оқушыларға опера туралы видеороликті қарап, талдауды ұсынамын. Операның шығу тарихымен таныстырып, сонымен қатар, либретто, увертюра, ария, речетатив, т.б анықтама беру. «Әйгілі опералар», «Опера театрлары және опера орындаушылары» тақырыбына мәліметтер беру.. Талдау. Опера дегеніміз не? Операда ең басты болып не саналады? Симфониялық оркестрдің операдағы рөлі қандай? Сіз қандай атақты опералар және опера театрларын білесіз?Дескриптор:1.Опера туралы танысады.2.Сұрақтарға жауап береді.Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ.» 2- тапсырмаТыңдау және талдау. Дж. Верди «Травиата», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин», " М. Тулебаевтің « Біржан – Сара» операларынан үзінді тыңдау. Оперларды салыстырып, сұрақтарға жауап беріп, дәлелдеу. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Операда сол елдің ұлттық әуендері естіледі ме? Неге? Дескриптор: Опералардан үзінді тыңдап, салыстырады; Сұрақтарға жауап береді.Қалыптстырушы бағалау. «Үш шапалақ» 3- тапсырма. Әңгіме.Жеке жұмыс 3-тапсырманы орындау үшін дауыстар түрлерін таныстыру бойынша әңгіме жүргізу. Олардың атауы мен бояуын, балалар дауысының бөлінуін түсіндіру. Дауыстардың қандай түрлерін білесіз? Дауыстардың қандай түрлерін естідіңіз? Олар қалай аталады?Сіздің дауысыңыз қандай түрге жатады деп ойлайсыз? Дескриптор:Дауыс түрлерін біледі.Сұрақтарға жауап береді.ҚБ.Мадақтау 4-тапсырма.Орындау. Топтық жұмыс. Сыныпты екі топқа бөлу.М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсынан хор үзіндісін тыңдап, үйрену. Оны сыныпта канон түрінде орындау. Орындау барысында көркем бейнесі мен мәнезін жеткізуге тырысу. Сұрақтарға жауап беріңіз: Ән не туралы орындалады? Әннің мінезі қандай? Кері байланыс: Әннің көңіл-күйін жеткізе алдыңыз ба? Канонмен орындай алдыңыз ба?Нені жетілдіру керек деп ойлайсыз? |