Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қазақ батырлары жайлы мағлұмат беру.
Білімділік: Музыкалық білім-білік сауаттылықтарын арттыру.
Дамытушылығы:Логикалық ішкі ойларын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, әдептілікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: оқулықтар, суреттер, домбыра т.б.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, іздену т.б.
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиет, тарих т.б.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу;
ә) сынып тазалығына көңіл бөлу;
б) оқушыларды түгелдеу;
в) өткен жылға шолу;
г) оқушылардың ойын өзіме аудару.
2. Жаңа сабақ.
Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі
Қобыланды,Алпамыс,Ер Тарғын,Көрұғлы,Қарасай сынды қазақ батырларының есімдері-ұлттың мақтанышы.Неліктен дейсіңғой?Қазақ мыңдаған жылдар бойы ұлан-байтақ туған атамекенімізді жаудан қорғап,халықтың рухын көтерді.
Қазақ жыраулары батырлардың ерлігін мадақтап жырлады.Олармен бірге жауға аттанып, олардың жігерін жаныпжыр-жырлады.Батырлардың ерлігін баяндау қазақ өнерінің барлық саласынан көрініс тапты.дегенмен музыка және сурет өнерінде батырлар бейнесін сомдау өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Күйші өзінің күйінде батырдың бүкіл болмыс бітімін 2-3 минуттан тұратын шығармасына сыйғызды.Ал суретшілер болса, өз шығармасында батырдың ержүрек келбетін бейнелей алды.
Қорытынды: Өтілген сабақты қорытындылау.
Бағалау
Үйге: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі мазмұндау,сұраққа жауап беру.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт