kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?нердегі ?аза? батырларыны? к?ркемдік бейнесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?нердегі ?аза? батырларыны? к?ркемдік бейнесі. (?аза? батырлары туралы видеофильмнен ?зінді к?рсету)
?аза? батырлары ?абанбай батыр, Б?генбай батыр, ?обыланды, Алпамыс, Ер Тар?ын, К?р??лы, ?арасай сынды ?аза? батырларыны? есімдері ?асырлар бойы ?лтты? ма?танышы болып ел есінде са?талуда. Неліктен дейсі? ?ой?! ?аза? батырлары мы?да?ан жылдар бойы ?лан - байта? ту?ан ата мекенімізді жаудан ?ор?ап, халы?ты? жауынгерлік рухын ас?а?татты Батырларды? ерлігін мада?тап жырла?ан ?аза? жыраулары болды. ?аза? жыраулары батырлармен бірге жау?а аттанып оларды? рухын к?теріп жыр айтты. Батырларды? ерлігін баяндау ?аза? ?неріні? барлы? саласынан к?рініс тапты. Дегенмен, музыка ж?не сурет ?нерінде батырлар бейнесін сомдауда ?зіндік ерекшелігімен дараланды.
К?йші ?зіні? к?йіне батырды? б?кіл болмыс - бітімін 2 - 3 минуттан т?ратын шы?армасына сый?ыза білді. Ал, суретшілер болса ?зіні? бір ?ана суретінде батырды? ер ж?рек келбетін бейнелей алды. Б?л ?нер т?рлері бір ?ана к?ркемдік бейнені сомдай отыра, ?р т?рлі ?ырынан аша т?сті.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?нердегі ?аза? батырларыны? к?ркемдік бейнесі.»

Сабақтың тақырыбы: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Өнердегі көркемдік бейнелерді айқындау.
Білімділік: Жыр, күй, сурет өнеріндегі батырлардың көркемдік образдары жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ой - өрісін кеңейту. Дәулеткерейдің «Көрұғлы» және халық күйі «Қарасай» күйлерін тыңдата отырып, ерекшелігін табу. Ән айту дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақ батырларының ерлігін жырлау арқылы, ерліктерін қастерлеуге баулу. Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, сергіту сәті жалғасын тап, ойлан тап.
Көрнекілігі: үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау: Таңбалы тастар сыры

ІІІ.Жаңа сабақ:
1. Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі. (Қазақ батырлары туралы видеофильмнен үзінді көрсету)
Қазақ батырлары Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Көрұғлы, Қарасай сынды қазақ батырларының есімдері ғасырлар бойы ұлттың мақтанышы болып ел есінде сақталуда. Неліктен дейсің ғой?! Қазақ батырлары мыңдаған жылдар бойы ұлан - байтақ туған ата мекенімізді жаудан қорғап, халықтың жауынгерлік рухын асқақтатты Батырлардың ерлігін мадақтап жырлаған қазақ жыраулары болды. Қазақ жыраулары батырлармен бірге жауға аттанып олардың рухын көтеріп жыр айтты. Батырлардың ерлігін баяндау қазақ өнерінің барлық саласынан көрініс тапты. Дегенмен, музыка және сурет өнерінде батырлар бейнесін сомдауда өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Күйші өзінің күйіне батырдың бүкіл болмыс - бітімін 2 - 3 минуттан тұратын шығармасына сыйғыза білді. Ал, суретшілер болса өзінің бір ғана суретінде батырдың ер жүрек келбетін бейнелей алды. Бұл өнер түрлері бір ғана көркемдік бейнені сомдай отыра, әр түрлі қырынан аша түсті.
2. Музыка тыңдау.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін «Мұрагер» фольклорлық ансамбілінің орындауында тыңдап көрелік!
Дәулеткерей «Көрұғлы» атты күйінде батырдың өжет әрі қайсар мінезін бейнелегендей әсер қалдырады. Күйді тыңдай отыра ер жүрек батырдың рухын, намысы мен жігерін көруге болады.
3. Музыка тыңдау.
Енді халық күйі «Қарасай» күйін тыңдайық.
Ал, «Қарасай» күйін тыңдағанда қан майдандағы ұлы шайқас көз алдыңа келгендей әсерде боласың. Күйде батырдың өзі емес, оның жаумен күресі көбірек бейнеленген. Бұл шығарма шайқас үстіндегі талас - тартыс, біріне – бірі беріспей жатқан күрес, аттың дүбірі мен қиян - кескі қырғын жанталас сияқты көңіл - күйді білдіреді.
4. Біліп ал!.
Евгений Сидоркин (1930 - 1982) — график - суретші. Қазақстанның халық суретшісі атағына ие болған. Суретшінің басты бағыты литография және линогравюра. Е. Сидоркиннің көптеген жұмыстары кітаптарды суретпен безендіруге арналған. Суреттерінің тақырыбы: «Қазақ халық ертегілері», «Көңілді алдампаздар», «Қазақ эпосы», «Қазақ халық ойындары», «Сәкен Сейфуллинді оқығанда», «Абай жолы» т. б.
Е. Сидоркиннің жұмысы қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Себебі, Сидоркин еңбектері ұлттық нақышқа толы. Е. Сидоркиннің гравюралары техника жағынан қазақ текеметтері мен сырмақтарында пайдаланатын ақ және қара түстерді қолдануымен ерекшеленеді. Е. Сидоркиннің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт сынды қалалардағы халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

5. Түсініп ал!
- Графика – тушьпен немесе қарындашпен салған сурет өнерінің түрі. Суретті салуда 1 немесе 2 ғана түсті қолданады.
- Гравюра – графиканың бір түрі. Сурет кескінін ағаш, линолиум, тас немесе металдан ойып оны қағазға басып салу арқылы жасалатын сурет түрі.
- Литография – үгітілмелі жұмсаз тасқа сурет кескінін қашап салып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
- Линогравюра – линолиумде сурет кескінін ойып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
6. Галереяға саяхат.
Суретші Сидоркиннің «Батыр» «Жекпе - жек» т. б. шығармаларымен таныстыру.
Батырлар бейнесі Евгений Сидоркиннің шығармашылығында кеңінен орын алған. Суретші эпостық жырлардағы батырлардың бейнесін сомдайды. Е. Сидоркин өзінің суреттерінде батырлардың жаумен щайқасып, аттың шабысы, үркіп ұшқан құстарды бейнелей келе, асқан жауынгерлік рухты көрсете білді. Барлық образдар қимыл үстінде болғанымен, бір сәтке тына қалғандай әсер қалдырады. Суретшінің мұндай нәтижеге жетуі оның гравюра техникасын шеберлікпен қолдана білуінде. Ең басты гравюрада батырдың образы сомдалады. Суретші батырлар мен жауынгерлердің шайқас алдындағы көңіл - күйі мен ішкі жан тебіренісін, оның қимыл - қозғалысын бейнелеуге талпынады.
Күйді тыңдасаң да, суретті көріп тамашаласаң да нақты бір көркемдік бейнені көресің. Күйде аттың шабысын көбірек тыңдасаң, суретте жауға қарсы кұстай ұшуға даяр тұрған сақадай сай сәйгүлік аттарды көресің. Иә, қазақ батырларының бейнесін сомдаған музыка және суреттегі қимыл - қозғалыс бір сәтке тына қалып, өткен мен бүгінді жалғастырар мәңгілік ескерткіш іспетті болмақ!
ІV. Сергіту сәті. Жалғасын тап!
Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
Батыр бір рет өледі.....
Қорқақ мың рет өледі.

Батыр туса – ел ырысы....
Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Шешен сөз бастар....
Батыр қол бастар.

Батыр майданда шынығады.....
Болат қайнауда шынығады.

Ойлан тап!
- Аттардың иесін табу
8. Ән айту. М.Шахановтың «Рух пен тіл» әнін үйренуді әрі қарай жалғастыру.
- Әнді хормен үйрету.
- Әнді топқа бөліп айтқызу.
- Кейін жеке оқушыларға орындату.
- Әнді аспаппен үйретемін.
ІІІ Ой толғаныс.

ІҮСабақты бекіту:
Сұрақтар:
1. Таңбалы тастардағы суреттерді графика түріне жатқызуға бола ма?
2. Күйші батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?
Ү.Үйге тапсырма:34-37 бет оқу,түсіну,ән жаттау.


ҮІ. Бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығына, белсенділігіне қарай мадақтай отырып бағалау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?нердегі ?аза? батырларыны? к?ркемдік бейнесі.

Автор: Т?жікбаева Динара Аманкелді?ызы

Дата: 07.06.2016

Номер свидетельства: 333198


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства