Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Ән жүйрігі - Біржан сал. |
Мақсаты | Біржан салдың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Сабақтың білімділігі: Біржан салдың әндерін тыңдау арқылы балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың дамытушылығы: Біржан салдың әндерін тыңдау арқылы музыка өнеріне баулу. Көрнекілер: Композитордың суреті, домбыра аспабы. |
Күтілетін нәтиже |
Психологиялық ахуал | Әр адамның бас әрпіне байланысты,сын есімді жақсы сөздер айтылу керек. Мысалы: Дариға-дарынды, Шұға-шыдамды | Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Топқа бөлу | Түрлі түсті қағаздар арқылы | |
Қызығушылықты ояту | Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау II.Үй тапсырмасын сұрау. І топқа Ақан сері кім? ІІ топқа Ақан серінің әндерін ата ІІІ топқа «Балқадиша» әні қалай шыққан | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану | ІV.Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі Біржан сал 19 ғасырдың ортасында Көкшетау дүниеге келген. Біржан сал Қожағұлұлы –ақын, әнші, композитор. Ата мен әже тәрбиесінде өскен еркет Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ержетеді. Дарынды бала жас шағын домбырамен ән салуға, өлең сөзді қиыстыруға бейімдігін байқатады. Баласы Қожа ғұлдың Біржан салмын, Адамға зияны жоқ жүрген жанмын. Қасыңа мені сендер неге алмайсың, Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын. Біржанның ерекше ақындық – сазгерлік дарынын бағалаған халық оған сал деген қосымша ат берді. Сал деген атақ кез келген адамға берілмейтін еді.Сал – өзі ақын, өзі композитор, өзі әнші, сөзге шешен – сегіз қырлы бір сырлы ақылды адам. Біржан сал да осы қасиеттерді бойына сіңіріп, той – думанның көркі болып, ел еркесіне айналады. Әндері «Буылтай», «Теміртас», «Айтбай», «Ғашығым», «Ләйлім шырақ» т.б |
Музыка тыңдау | «Адасқақ» Біржан сал |
«Ұйқасын тап» ойыны | І топ Сағындық қой сол бір әнді, Шертші, қане, ... (домбыраңды) Қоя тұрып жыр, әніңді, Ойнап берші ... (ұраныңды) ІІ топ Аралаймыз сан қонысты, Ала шықшы ... (шаңқобызды). Кесіп, жонып жасады Аяп, Дайын болды ... (асатаяқ) ІІІ топ Тау, тас, орман жаңғырады, Қақсам қатты ... (даңғыраны) Айтайын мен ертегімді, Сен жәй ойна ... (шертеріңді) |
Ән үйрену | Сәулем – ай Халық әні |
Ой толғаныс | «Әуенді тап» ойынын ойнаймыз. Әртүрлі әндерден үзінді беріледі, балалар әннің атын табады. Топтастыру. І топ Айтысты, ән шығарды, домбыра тартты ІІ топ Ақын, әнші, композитор, сазгер ІІІ топ Серілігімен, сазгерлігімен, ақындығымен | |
Үйге тапсырма | 10-12 бет оқу, әңгімелеу. Халық әні «Сәулем-ай» жаттау | Күнделіктеріне жаздырту |
Бағалау | Үй тапсырмасын, жаңа сабаққа белсене қатысушы оқушыларға баға қою | |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |