kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ән жүйрігі –Біржан Сал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақтың негізгі мақсаты әнші Біржан сал Қожағұлұлы  шығармашылығымен таныстыра отырып музыкалық сауатын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ән жүйрігі –Біржан Сал»

Аяпова Шолпан Минтаевна

Алматы қаласы

№185 жалпы білім беретін мектеп музыка пәні мұғалімі

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ән жүйрігі –Біржан Сал

Сабақтың мақсаты: Әнші Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығымен таныстыра отырып музыкалық сауатын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Дәстүрлі әншілер туралы білімін қалыптастыру.

ә)Дамытушылық:есту,ойлау және ән айту қабілетін дамыту.

б)Тәрбиелік: Дәстүрлі әнге деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық өнерді сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа,суреттер.

Музыкалық материалдар: Біржан салдың «Адасқақ»әнін тыңдау

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Сәлемдесу ,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Психологиялық дайындық-оқушылар топ бойынша шеңбер құрып іштей тілектерін айтады.

2.Үй тапсырмасы.

Топтық жұмыс.Оқушылар Ақан серінің «Балқадиша»әні туралы айтады,әнді орындайды.Топтар бағасын қойып отырады.

3. Өткенді қайталау.

Топтық жұмыс.Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын еске түсіреді.

«Қараторғай»әнін орындайды

4.Жаңа сабаққа дайындық .

Музыка тыңдау: : Біржан салдың «Адасқақ»әні. Оқушылар өз ойларын айтады.

5.Жаңа сабақ.Топтық жұмыс.

1-ші топтан Біржан сал Қожағұлұлы туралы оқиды,түсіндіреді.

Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897) қазақтың әйгілі әнші, ақын, композиторы. Біржан сал Ақмола облысында дүниеге келген. Ол суырып салма ақын ретінде де кеңінен танылды. Атақты Біржан сал мен Сараның айтысы ел аузында сақталып бүгінге жетті. Атақты композитор Мұқан Төлебаев «Біржан Сара» айтысына арнап опера жазды. Біржан салдың «Жанбота», «Ләйлім - Шырақ», «Жонып алды», «Айтпай»т.б. көптеген әндері бар. Біржанға халық өзі ардақтап, «сал» деген атақты берген екен. Сал деген атақ кез келген адамға берілмейтін еді. Сал - өзі ақын, өзі композитор, өзі әнші, сөзге шешен әрі өнері көркіне сай ақылды адам. Біржан сал да осы қасиеттерді бойына сіңіріп, той-думанның көркі болып, ел еркесіне айналады. 2-ші топтан «Адасқақ»әнінің шығуы туралы оқиды,түсіндіреді. Біржан салдың Жанбота ауылына келуі.

Біржан салдың атағы елге кеңінен тарап, халықтың құрметіне бөленген кез. Көкшетау өңірінің атақты болыстары Азнабай мен Жанбота ауылға сыйлы конақтар келеді деп, қызу дайындық үстінде еді.

Жанбота өзінің құрметті қонақтарына ән салдыруға арнайы Біржан салды шақырады. Осы сыйлы конақтар алдында Жанбота мен Азнабай өз байлықтарын асырып көрсетпек болады. Күн бата Жанбота ауылынан Біржан салдың шырқап салған әні естіледі.

3-ші топтан Біржан салды іздеп Азнабайдың поштабайы Жанбота ауылына келуі туралы оқиды,түсіндіреді.

Азнабайдың поштабайы Біржан сал ән айтып отырған үйге келіп: «Оу, Біржан! Сізді Азнабай болыс шақырып жатыр. Менің үйіме келіп, ән салсын дейді. Беретін сыйлығын Жанботадан асырып береді», -дейді. Сонда Біржан сал: «Азнабайға сәлем де, мен ешқайда да бармаймын. Мал немесе сыйлық іздеп жүргенім жоқ. Халыққа өнерімді көрсеткелі жүрмін», - дейді.

Ашуланған поштабай бір қолымен Біржанның қолындағы домбырасына жабысып, екінші қолындағы қамшымен Біржанды ұрып жібереді. Біржанның колындағы домбырасын жұлып алмақшы болады. Отырған халық бас көтеріп, Біржанды қорғап калады.

4-ші топтан Біржан салдың Жанботадан көңілінің қалуы туралы оқиды,түсіндіреді. Ашуланған поштабай бір қолымен Біржанның қолындағы домбырасына жабысып, екінші қолындағы қамшымен Біржанды ұрып жібереді. Біржанның колындағы домбырасын жұлып алмақшы болады. Отырған халық бас көтеріп, Біржанды қорғап калады.

Амалы таусылған поштабай келген ізімен кейін қайтады. Поштабай шығып кеткеннен кейін Біржан сал Жанботаға барып, болған істі баяндап береді. Жанбота болса, Біржанның сөзін тыңдамай, өзі сияқты болыстың сөзін сөйлеп: «Жетер! Қақсама! Бас жарылса, бөрік ішінде деген емес пе?!» - деп әншіге ақырады. Сонда ғана Біржан сал би-болысқа арқа сүйеп, әділдік күтіп, адасқанына өкінеді. Домбырасын қолына алып Біржан сал сол бойда бір ән шығарып айтады. Бұл ән ел арасында «Адасқақ» деп аталады.

Жаңа ән үйрену:Тыңдау,әннің мазмұнын түсіндіру,дауыс жаттығуы,орындау.

«Қасиетті домбыра»

Әні мен сөзі: Бота Бейсенованікі.

1.Бабамыздың көзіндей қара домбыра,

Данамыздың сөзіндей дара домбыра.

Асқақтатып рухымды ағыл,домбыра!

Әр қазақтың төрінен табыл,домбыра!

Қайырмасы:

Шанағыңда ойнаған,

Үніңе еш тоймаған,

Қасиетті домбыра.

Күмбірлеген күйіңе,

Әрдайым мен сүйінем,

Қасиетті домбыра.

2.Шанағыңнан төгілген күйің,домбыра,

Арта берсін әрдайым сыйың, домбыра.

Қастерлейді өзіңді халқым, домбыра,

Тоғыз перне, қос ішек, алтын домбыра!

6.Сабақты меңгергенін тексеру.

-«Сал» атану үшін қандай касиеттер керек?

-Біржан сал кімнің ауылында ән салады?

-Азнабай болыс Біржанға кімді жұмсайды?

-Біржан сал поштабайға не деп жауап береді?

-Біржан сал Жанботаға не деп арызданып барады?

-Біржан сал Жанботаның жауабына қандай ән шығарады?

-Не себепті Біржан сал әннің атын «Адасқақ» қояды

7.Қорытындылау.Бағалау.

Бүгін сабақта Біржан сал Қожағұлұлының«Адасқақ»әнінің шығуымен танысты. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

8.Үйге тапсырма:

Біржан сал Қожағұлұлының «Адасқақ» әнінің шығуы жайлы оқып келу, «Қасиетті домбыра» әнін жаттау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ән жүйрігі –Біржан Сал

Автор: Аяпова Шолпан Минтаевна

Дата: 11.12.2016

Номер свидетельства: 368320

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?н ж?йрігі Біржан сал. «Теміртаc»?ні "
    ["seo_title"] => string(36) "n-zhuirighi-birzhan-sal-tiemirtac-ni"
    ["file_id"] => string(6) "175487"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424273693"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?н ж?йрігі-Біржан сал. ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(30) "nzhuirighibirzhansalashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "303321"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457508781"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?н ж?йрігі-Біржан сал. ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(31) "nzhuirighibirzhansalashyksabak1"
    ["file_id"] => string(6) "303322"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457508789"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?н ж?йрігі Біржан сал"
    ["seo_title"] => string(20) "nzhuirighibirzhansal"
    ["file_id"] => string(6) "301236"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456893349"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері."
    ["seo_title"] => string(33) "birzhan_sal_kozhagu_luly_olenderi"
    ["file_id"] => string(6) "492831"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1545811074"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства