2-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау. (МК,Ұ) Екінші тапсырмада музыкадағы көңіл күйді сезінуге халық əні «Жүгіріп шықтым белеске» ұсы- нылған. Əнді дəстүрлі əншілер де, эстрада əншілері де орындап жүр. Оқушылар əнді бейнежазбадан əнші Б. Самединованың орындауында тыңдайды. Мұғалім басқа орындаушыны немесе өздеріне ұнаған мажорлы көңіл күйдегі əнді таңдауына болады. Алғашқы тыңдалымда əн сөзінсіз үнтаспадан тыңда- лады. Оқушылар төмендегідей тапсырма түрлерін орындайды: • «Жүгіріп шықтым белеске» халық əнінің əуенін тыңда. • Əн əуені саған қандай көңіл күй сыйлады (қуанышты, мұңды, көңілді, көңілсіз)? • Бейнежазбадан халық əні «Жүгіріп шықтым белеске» əнінің толық нұсқасын тыңда, алған əсеріңмен бөліс. 3-тапсырма. Əн үйрену. (МК, Ұ, ОТ) Оқушылар əннің қайырмасын үйренеді, вокалдық орындаушылық дайындығына қарай əннің толықтай шумағы мен қайырмасын үйретуге болады. Оқушылар өз тəжірибесіне сүйене отырып, мұғалім- мен бірге таныс мажорлық ладтағы жазылған əндерді естеріне түсіреді. Оқулықта «мажор» ұғымына анықтама берілген. «Қуанышты көңіл күй сыйлайтын музыканы мажор деп атайды. Мажор «көңілді, қуанышты» деген мағынаны білдіреді. Қазақтың халық əні «Жүгіріп шықтым белеске» мажорлы ладта жазылған. Лад ұғымы да балаға жақын қарапайым тұрғыда берілген. Лад дегеніміз – дыбыстардың өзара үйлесімділігі (жарасымдылығы). Əннің бөлімдік ерекшеліктері (шумақ, қайырма) мұғалімнің назарын- да болуы тиіс. 4-тапсырма. Орындау жəне суырыпсалма. Берілген тапсырма түрі ойын түрінде беріледі. Оқушылар екі топқа бөлініп, музыканың көркемдеуіш құралдарын қаншалықты пайдалана білетінін тəжірибеде көрсетеді. Ойынның шарты: Əр топ өзінің дирижёрін сайлайды. Дирижёр өз тобының əн тармақтарының контрасты (қатты- ақырын, баяу-тез) орындалуын қадағалайды. |