Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Көрнекілігі Оқулық, үнтаспа,суреттер
Сабақтың барысы Ұйымдастырушылық кезең
«Ақ мамам» әні
Әнді үйрену бір сәтте болатын шаруа емес, сондықтан оқушылар тез үйреніп кетпеді деп қынжылмаңыз. Бір күннің ішінде әннің сөзін жаттап алыңдар деген талапты да оқушыларға қоюға болмайды.
Өз тәжірибемізде біз әнді екі жолдан немесе шумақтап есте сақтауға бағытталған жұмыстар жүргіземіз (бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты).
Жұмыс барысы:
Бір әнді үйренуге әр сабақта 5-10 минут шамасында жұмыс жүргізіп отырамыз
Оқушылармен бірге әнді тыңдау.
Таңдап алынған шумағын немесе екі жолының мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
Хормен, сонан соң жеке-жеке қайталату.
Әннің ырғағымен қайталату.
Әнді әр сабақтың басында немесе соңында қайталату.
Оқушылар әнді жақсы үйреніп алды деген кезде сынып сағатында, ата-аналардың қатысуымен өткізілетін мектеп іс-шараларында орындатуға болады.
Ақ мама әні
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам
Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.
Әрбір сөз әріптерден құралса ,әуен музыкалық дыбыстардан тұрады.
Музыкалық дыбыстар биік немесе төмен болып орналаса береді.
Қорытындылау: Сұрақтар қою,әнді қайталау
Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау