Сынып: 1
Пән: музыка
Күні: 06.10.2015
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:оқушыларға достық жайлы түсінік беру, достықты білдіретін мейірімді әнді тыңдап сезіне білуге, әнді жеңіл, ширақ орындауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, өз елін, жерін, Отанын сүюге, оны қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, патриоттық сезімдерін ояту, еңбекке баулу, сыйластыққа, қайырымдылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: түрлі ұлттар, достық туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, саббаққа даярлықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Сары, ақпыз, қарамыз
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
Балалар сендер «достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сендердің достарың бар ма?
Олардың аты қалай?
Оларды нағыз дос деп санайсыңдар ма?
Біз – балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз – бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.
Ән тыңдау: «Біз туған ел баласы»
Әні: Қ. Қуатбаевтікі
Сөзі: Қ. Ыдырысовтікі
ІІІ. Сабақты бекіту:
ІҮ. Қорытынды:
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Көңіл-күйлерің қалай?
Ү. Мадақтау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға көрнекіліктер таратып, оларды мадақтау.