Білім беру саласы: «Қатынас».
Білім бөлімі: «Қазақ тілі».
Топ: «Ручеек» ортаңғы тобы
Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан!»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті, рәміздері, музыкалық аспаптар, құрал-жабдықтар туралы мәлімет беру, өзінің Отаны туралы білімдерін кеңейту, адамгершілік-патриоттық сезімдеріне тәрбиелеу, еңбексүйгіштікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: тақырыпқа сай суреттер, үнтаспа, әр түрлі дыбыстар. поезд дыбысы, Құрманғазы күйі, музыкалық аспаптар дыбысы.
Биллинвалды компонент: Отан-Родина, Ту-Флаг, Елтаңба-Герб, Әнұран-Гимн, киіз үй-юрта, дөңгелек үстел-круглый стол, сандық-сундук, бесік-колыбель.
Алдын-ала жасалатын жұмыс: шаттық шеңбер, сергіту сәті, ту, елтаңба, әнұран атаулары, дыбыстарды таңдау.
Сөздік жұмыс: Отан, Астана, ту, елтаңба, әнұран, домбра, қобыз, жетіген, киіз үй, дөңгелек үстел, сандық, бесік.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, АКТ.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | Құрманғазы күйі орындалады. -Арайлап атты, таңымыз Қайырлы таң, балалар! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. - Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай қазақстандықтарым. Неге мен сендерге олай айттым, білесіңдер ме? Өйткені, кім Қазақстанда тұрады, бір сөзбен – қазақстандықтар деп аталады. Қолдарымызды ұстап, мақтанышпен айтамыз: «Біз – қазақстандықтармыз!». | Балаларға музыка әуенімен залға кіреді. -Сәлеметсіз бе! Балалар қайталайды. |
Ұйымдастырушылық –ізденіс | Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге! Ғажайып сәт: Балалар, менімен бірге Қазақстан ішіне саяхатқа барасыңдар ма? Балалар педагог артына тұрып, темір жолмен жүріп кетеді. (Поездың дауысы қосылады, үнтаспамен аялдама атауы айтылады). 1 аялдама: «Көңілді сұрақтар». Балаларға теледидар арқылы көрсетілген суреттерге байланысты сұрақтар қойылады. -Балалар, біз қандай елде тұрамыз? -Біздің астанамыз қай қала? -Біздің ауылымыз қалай аталады? -Біздің президентіміз кім? -Біз сендермен сабақ басында не орындадық? -Мына суретте не бейнеленген? -Мына суретте не бейнеленген? Балаларға тағы да поездқа отыруға ұсынамын, келесі аялдамаға келеміз. (Поездың дауысы қосылады, үнтаспамен аялдама атауы айтылады). 2 аялдама: «Өлеңдер-шумақтар» Бұл «Өлеңдер-шумақтар» аялдамасында Отан туралы тақпақтар айтамыз. Қазақстан Т.Молдағалиев Ен даласын Егін жапқан, Бар баласы Бақыт тапқан, Менің жерім, Туған елім – Күн сәулелі Қазақстан! Біз бақытты баламыз. Ғ.Қайырбеков Отан біздің анамыз, Әлпештеген, өсірген. Өмір нәрін аламыз, Оның жұпар төсінен. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. Балаларға тағы да поездқа отыруға ұсынамын, келесі аялдамаға келеміз. (Поездың дауысы қосылады, үнтаспамен аялдама атауы айтылады). 3 аялдама: «Музыкалық аспаптар». Бұл аялдамада әр аспаптың әуені орындалады да, суреті теледидардан көрсетіледі. (Домбыра, қобыз, жетіген). Балаларға сұрақтар қойылады. Балаларға тағы да поездқа отыруға ұсынамын, келесі аялдамаға келеміз. (Поездың дауысы қосылады, үнтаспамен аялдама атауы айтылады). 4 аялдама: «Тұрмыс-салт жабдықтар». -Бұл аялдамада біз сендермен қазақ халқының тұрмыс-салт жабдықтарымен танысамыз. Балаларға теледидардан киіз үй, дөңгелек үстел, сандық, бесік суреттері көрсетіледі. Балаларға тағы да поездқа отыруға ұсынамын, балабақшаға ораламыз. (Поездың дауысы қосылады, үнтаспамен аялдама атауы айтылады). | Балалар шеңбер құрады. Шаттық шеңберді сөздермен айтып, қимылдарды орындайды. - Иә, барамыз. Балалар қызықпенен поездқа отырады. Балалар теледидарға қарап, суретте не бейнеленгенін айтып береді. -Біз Қазақстан елінде тұрамыз. -Астана қаласы. -Жақсы ауылы. -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. -Қазақстан Республикасының әнұранын. -Қазақстан Республикасының туы. -Қазақстан Республикасының Елтаңбасы. Балалар қызықпенен поездқа отырады. Балалар орындықтарға отырады. Балалар «Біз бақытты баламыз» өлеңін жатқа айтады. Сергіту сәтін сөздермен айтып, қимылдарды орындайды. Балалар қызықпенен поездқа отырады. Балалар үнтаспадан домбыраның, қобыздың, жетігеннің дыбыстарын тыңдап, қандай музыкалық аспап ойнағаның айтады, теледидарда музыкалық аспаптардың суреттерін қарайды және мұғалімнің артынан қайталайды. Балалар қызықпенен поездқа отырады. Балаларға теледидардан киіз үйдің, дөңгелек үстелдің, сандықтың, бесіктің суреттері көрсетіледі. Балалар қызықпенен поездқа отырады. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Қорытынды: Балаларға сабақ бойы не өткен бойынша сұрақтар қойылады. -Балалар бүгін біз сендермен қайда бардық? -Не істеуге ұнады? -Жаңадан не білдіңдер? -Балалар! Сендерді біздің жүректік шеңберге шақырамын. Қолдарымызды ұстаймыз, бір бірімізге күлімдейміз, барлық адамдарды жақсы көңіл күй тілейміз. Балалар сендер сабақта жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге қазақ халқының бауырсақ деген тағамын дайындап келдім. Астарың дәмді болсын! Сау болыңыздар! | Балалар сұрақтарға жауап береді. -Рахмет! -Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерінің атауларын, тұрмыс-салт жабдықтарды, музыкалық аспаптарды біледі;
Игереді: жаңа сөздерді игерді;
Меңгереді: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды меңгереді.