Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту»
Жеңіс күніне арналған сценарий.
Жүргізуші: Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысымен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасығдар.
Қастерлейді халқымы қаһарманын,
Жыр есінде сан жарық, сапарларың.
Құрметті, Қонақтар көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағыда бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Ұлы Жеңіс күнінің 72- жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Алдарыңызда өнер көрсететін; Ән- «Ана туралы баллада» Музыка жетекшілері.
Жүргізуші: Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда «Аяулы ана» биіменАрыстамхан Дильназ, Орынбекова Айғаным, Төлеген Малика, Бүркітбай Гаухар, Казымова Томирис, Асылбек Айзара.
Жүргізуші: Жеңіс деген шат күлкісі баланың, Тыныштығы жер мен жаһан даланың. Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән, Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше келесікезекте Оралханқызы Мерей, Аубакиров Бақытжанның жыр шумақтарын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күтсе,ана жарын күте берді,күте берді. Келесі кезекте өнер көрсететін,
Кабенова Гүлнұр ---------------------
Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.–деп келесі кезекте бүлдіршін. қыздарымыздың биін тамашалаңыздар « Зеркальный вальс» Жүргізуші; Келесі кезекте өнер көрсететін, АвидІңкәр « Ана жүрегі» әнімен
Жүргізуші : Келесі кезекте тобымыздың әсем қыздары мен сері жігіттерін «Достық биімен»қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты, Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты. Құс сайрап, жануарлар сайран салып, Жайқалып өсімдіктер шешек атты. –деп келесі кезекте өнер көрсететін, Аубакиров Бақытжан, Бақытбек Бахтияр, Айнабай Санжар,
Койсаев Бекжан «Алтын ана» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Келесі кезекте өнер көрсететін, Нұрахмет Жалғас « Бақытты болайық» әнімен.