Сабақтың мақсаты : Оқушыларды квартет өнерімен таныстыру,
ұжымдық өнердің ерекшелігін түсіну.
Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе
білу қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік мәні : Оқушылардың бірін бірі тыңдай білуге ,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа .
Сабақтың барысы.Ұйымдастырушылық кезең .
Квартет (итал. guartetto – төртінші) – 1) 4 орындаушыдан (музыкалық аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы) құрылған ансамбль.Квартет бір тектес не әр түрлі аспаптарда орындаушылардан құралады. Біртектес аспаптарда ойнаушылардан тұратын квартеттер: шекті аспаптар квартеті (2 скрипка, альт, виолончель), үрлемелі аспаптар квартеті (флейта, гобой, кларнет, фагот), бұлардан басқа 4 валторнадан не 4 фаготтан тұратын квартеттер де кездеседі; әр түрлі аспаптарда ойнаушылар квартеттері фортепианолық квартет (фортепиано, скрипка, альт, виолончель); үрлемелі және ішекті аспаптар квартеті (флейта немесе гобой, скрипка, альт, виолончель). Вокальдық музыкада әйелдер немесе ерлер тобынан құралған квартеттер, сондай-ақ, аралас (сопрано, альт, тенор және бас) квартеттер де болады. Аспаптық квартеттерден кең тарағаны – ішекті аспаптар квартетті. 1973 жылы ішекті аспаптар квартеті Қазақ филармониясында, ал 1980 жылы Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды; 2) 4 аспап немесе 4 әншілер дауысына арнайы жазылған музыкалық шығарма. Аспаптық квартет – ансамбльді камералық музыканың көп таралған түрі, негізінен, циклді сонаталық форма түрінде жазылады. Қазақ музыкасында алғаш квартет жазған Б.Г. Ерзакович (“Қазақ квартеті”, 1936). Композиторлар С.И. Шабельский, И.В. Коцык, Е.Г. Брусиловский ішекті аспаптар квартетіне арнап қазақтың халық әндері мен күйлерін өңдеді. 20 ғ-дың 40 – 50-жылдары бұл жанрда композиторлар Л.В. Афанасьев, Б.Байқадамов, Қ.Қожамияров, Қ.Мусин, М.Қойшыбаев, Ғ.А. Жұбанова, 70 – 80-жылдары Б.Я. Баяхунов, В.А. Новиков, А.П. Исакова, И.Г. Ғазизов, Ж.Дәстенов, Т.Мұхамеджанов, т.б. елеулі еңбек етті.