«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» Дина Нұрпейісова 160 жыл Өткізілген күні: 19 ақпан 2021 жыл
Тақырыбы: Күй анасы -Дина
Білімділік мақсаты: Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, күйлеріне мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты: Домбыра арқылы халық шығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңіруге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Күй тыңдау арқылы оқушылардың қиялы мен ой- өрісін ойлау қабілетін, сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Дина Нұрпейісованың суреті, слайд
Мұғалім: Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр.
Айым : Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келгн. Әкесі Кенже мен анасы Жаниха елге сыйлы, қадірлі адамдар болған Әкесі Кенже- тұлпар баптап, күреске түскен, күй тартып, ән шырқаған сері кісі. Күйші Динаның туа біткен өнеріне әкесінің ықпалы аз болмаған. Ол тоғыз жасында-ақ , күйдің пірлері Құрманғазы, Дәулеткерей, Мүсірәлі, Түркеш, Ұзақ, Байжұма секілді күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, ел арасында « күйші қыз» атанып, көзге түскен.
«Әсем қоңыр» күйінің шығыу тарихы Измайлов Мирас
«Әсем қоңыр» күйі орындайтын Измайлов Мирас
Мұғалім Дина Нұрпейісованың домбырада орындаушылық өнеріне қайран қалған композитор Ахмет Жұбанов: «Дина ұзын да сүйріктей саусақтарымен домбыра пернесінде, сағағында небір алшақ пернелер аралықтарын ешбір мүлтіксіз алады. Симфония сазындай сиқырлы әуен 62 тамырыңды бойлата, шымырлата, буырқана небір әсерге түсіреді» деп күйшінің өнеріне тәнті болған екен.
Видео Дина Нүрпейісова
Үкіләй: Қаршадай күйші қыздың даңқын естіп білген Құрманғазы Сағырбайұлы арнайы іздеп келген.Оның домбыра шертісіне тәнті болған дәулескер күйші батасын береді. Домбыра тартудың тылсым сырларын үйретеді. Құрманғазы атамыз- Динаның өнер жолындағы тұсауын алғаш кескен адам. Дина, Құрманғазы атамыздың ойнаған күйін тыңдайды да, қатесіз қайталап ойнап береді. Құрманғазы оның домбыра шертісіне риза болып, батасын беріп домбырасын мұраға қалдырады
«Адай» Бақытбеков Абылайхан
Мұғалім: Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады. Ол 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленеді. 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетіп, сол жылы ол «Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын алады.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында күйші Дина Нұрпейісова туралы мына еңбектер сақталған.
А. Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» атты монографиясы. Автор бұл шығармасында қазақ халқының рухани әлемінде айрықша орыны бар күй өнерін тарихи және этнографиялық аяда зерделеп, оның өзіндік қалыптасу жолдарын, әлеуметтік өмірмен біте қайнасқан болмысын, сондай-ақ төлтума қасиеттерін нақтылы айғақ-деректерге сүйене отырып саралайды.
Қ.Орынғалидің «Дина күйші» жинағы. Бұл кітапқа Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнері туралы әр кездері жазылған көрнекті музыка зерттеушілері мен қаламгерлердің шығармалары, сондай-ақ күйшінің көзі тірісінде онымен жақын араласқан азаматтардың, ұрпақтарының естеліктері енген. Сондай-ақ күйтабақтары мен ғұмырнамасы топтастырылып, төл мұрасының үздік үлгілері де берілген.
Дильназ : Дина «Той бастар» күйін 1940 жылы өткен Қазақстан республикасының жиырма жылдығына арнап шығарады. Дина бұл күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мәдениеті бар халықтың шалқыған қуанышын суреттейді. «Той бастар» жарқын болашаққа алып адаммен келе жатқан халықтың салтанатты марш сияқты. Бұл арнау күй. Құрылымы жағынан төкпе күй.
Күйдің шығыу тарихы Асқарова Дильназ
«Той бастар» Мамырбек Үкіләй ,Амангельді Алина
Мұғалім :Д.Нұрпейісова ғұмырының соңғы кезінде шығарған «Той бастар», «Домалатпай», «Науысқы» («Науаи»), «Әсемқоңыр», «Жігер» сынды аса айшықты шығармаларымен өнерсүйер қауымның жүрегінде қалды.
Қазақтың күйші қызы Дина халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты. Ал 1955 жылдың 31 қаңтарында күйші Алматы қаласында дүниеден өтті.
Бүгінде күйші атында музыкалық мектептер мен көшелер бар. Атырауда Д.Нұрпейісова атындағы облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі жұмыс істейді.
Мұғалім :Қазақ халқы үшін домбыраның орны ерекше.Ен даладағы қазақтың қай-қайсысыда домбыраның үніне жан-тәнімен беріліп,оны өзінің бүкіл асыл ойының қазынасындай сезінеді.Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы,қасиетті аспабы-домбыра .Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл ойы көңіл күйі жатыр.Ата-бабамыз басынан кешірген не бір қилы заманда осы ұлы домбыра сазы арқылы жеткізе білді.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Глубокое кентінің балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны