kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дүлдүл домбырашы Динаның өмірі мен шығармашылығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүлдүл домбырашы Динаның өмірі мен шығармашылығы

Дина 1861жылы Батыс Қазақстан Облысы, қазіргі Жаңақала ауданының Бекетай құм деген жерінде туган. Динаның әкесі Кенже өзінің ауылдастары сиякты шаруа адамы болған. Кенже жас кезінде белсеніп күрес шыгатын адам екен. Оның аты бүкіл елге жайылған балуан көрінеді. Дина да әкесі сиякты жас кезінде талай рет күреске түскен балуан әйел болыпты. Кенженің өте көп шұғылданатын құмары бәйгі атты баптап, жарату еді дейтін Дина. Қолына жаксы ат түссе, соны ерінбей – жалықпай жаратып, бәйгіге қосу үшін ауылынан бәйгі болатын жерге айлап, апталап кетіп калады екен. Айта кететін бір жағдай, Кенже де жас кезінде домбыра тартқан екен. Динаның айтуы бойынша, Кенже «Айжан қыз» күйін автордың өзінен үйреніп, Динаға үйретіпті. Ұлғая келе Кенже домбыраны мүлде тастап, шаруашылығымен айналысып кетіпті. Динаның шешесі Жәниха мейірлі адам екен. Ол Кенженің күреске шығып, ат тартып, домбыра ойнауына қарсылық білдірмепті. Анасы Динаның домбыра тартуына да қарсылық жасамайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дүлдүл домбырашы Динаның өмірі мен шығармашылығы"»

Дүлдүл домбырашы Динаның өмірімен шығармашылығы

Дина 1861жылы Батыс Қазақстан Облысы, қазіргі Жаңақала ауданының Бекетай құм деген жерінде туган. Динаның әкесі Кенже өзінің ауылдастары сиякты шаруа адамы болған. Кенже жас кезінде белсеніп күрес шыгатын адам екен. Оның аты бүкіл елге жайылған балуан көрінеді. Дина да әкесі сиякты жас кезінде талай рет күреске түскен балуан әйел болыпты. Кенженің өте көп шұғылданатын құмары бәйгі атты баптап, жарату еді дейтін Дина. Қолына жаксы ат түссе, соны ерінбей – жалықпай жаратып, бәйгіге қосу үшін ауылынан бәйгі болатын жерге айлап, апталап кетіп калады екен. Айта кететін бір жағдай, Кенже де жас кезінде домбыра тартқан екен. Динаның айтуы бойынша, Кенже «Айжан қыз» күйін автордың өзінен үйреніп, Динаға үйретіпті. Ұлғая келе Кенже домбыраны мүлде тастап, шаруашылығымен айналысып кетіпті. Динаның шешесі Жәниха мейірлі адам екен. Ол Кенженің күреске шығып, ат тартып, домбыра ойнауына қарсылық білдірмепті. Анасы Динаның домбыра тартуына да қарсылық жасамайды. Шешесі Динаны ерекше жаксы көреді. Дина тоғыз жасқа келгенде, әкесі тартатын ән – күйлерді түгел үйреніп алып, қатардағы домбырашы болады. Әкесі бұған шын ниетімен қуанып, сүйікті қызының музыкаға құмарлығын барынша қуаттай түседі. Кенженің дос жарандары Динаның домбырасын қызыға тыңдап, оның өнерпаздығы мен талантын ерекше мадақтайды. 1870 жылы Құрманғазы Кенженің ауылына келіп, он жасар керемет домбырашы қызы бар дегенді естидіде, Кенженің үйіне келеді. Кішкене қыздың домбырасын тыңдап, халық искусствосын дамытатын тағы бір адамның дүниеге келгеніне шексіз қуанады. Құрманғазы Кенжеден атақты домбырашылардың сайысы болатын жерлерге Динаны ерітіп жүруге рұқсат сұрайды. Өзінің айтуы бойынша, Дина тоғыз жыл бойы, яғни он сегізге толғанға дейін, Құрманғазы мен жиі кездесіп, жиындарға еріп барып жүреді. Көп деген атақты домбырашылармен кездеседі. «Бұл менің өмірімдегі ең бақытты,музыкалық уақиғаларға, қуанышқа толы,санамда аса терең жарқын арна қалдырған кезеңім еді» - дейтін Дина. Шынында да, бұл талантты домбырашы қызға өмірі мен музыканың нағыз мектебі болды. Өз аймағының тамаша адамдарымен кездесіп жүріп, Дина Құрманғазы және басқа да домбыра искусствосы өкілдерінің бастарынан өткізген зор қиындықтары жөнінде естиді. 1880 жылы он тоғызға толған соң Динаны Беріштің Бесқасқа руының адамы Нұрпейістің баласы Нұралы дегенге береді. Бала – шағалы болып соларды тәрбиелеумен айналысады. Бірақ, Дина домбырасын Нұрпейіс ауылына келген соңда тастамай тарта береді. Нұралы Динаны да, оның домбырасында өте жақсы көреді. Өз еркімен қосылмасада, Дина Нұралыны ерекше сыйлайды. Ерлі – зайыпты өмірін тату өткізеді. Осы күнде Дина атақты домбырашы Ұзақтың, Есжанның, Байжұманың, Баламайсанның күйлерімен танысады. Дина Салауаткерейге жалынып, онан Дәулеткерейдің, Мүсірәлінің, Әлікейдің, Түркештің күйлерін үйренеді. 1888 жылы Динаның ауылына Құрманғазы келеді. Ол Динаға жаңа күйлерін үйретіп қана қоймайды, өзіңде күй шығар деп ақыл айтады. Динаның творчествосын зерттеумен шұғылданып жүргендер, оның өзі шығарған алғашқы күйі 1916 жылдың оқиғасына арналған «Набор» күйі деп келдік дейді. Құрманғазы мен Дәулеткерей ден домбыра тарту мәнерін үйренген Дина, кейін келе домбыра тартудың өзіндік мәнерін жасайды. Соның нәтижесінде Бапасқа еліктеп шығарған «Бұлбұл» күйі. Динаның күйінде бұлбұлдың сайрауы дәл берілген. Салған жерден ойдан шығарып айтатын искусство үшін, әсіресе Қазақ халқының искусствосы үшін, адамның ойы мен сезімін табиғат образы арқылы беру табиғи заңдылық. Халық күн сайынғы өмірінде табиғатпен кездесіп отырады. Мал баққан халықтың поэзиясы мен музыкасында шаруалардың образы адам образына айналдырылып көрсетіледі. Ал музыкада табиғаттың, жан – жануардың, құстың образдары көбінесе адам мінез – құлқын, ойын, алған бағытын қорытындылау болып кетеді. Дәулеткерейдің бүркіті «Топан» бостандыққа ұмтылды. Құрманғазының «Қызыл қайыңы» қашқынды жасырып отырған қонақшыл халықтың ер жүрек, кеңпейілділігін көрсетеді. Осылай образдарды тұтастырудың айқын көрінісін Динаның «Бұлбұл» күйінен анық көреміз. Түркешке еліктеп шығарған Динаның «Байжұма» күйінің де тартымдылығы белгілі. Түркештің асқан домбырашылығын Дина үнемі мадақтап, оның творчествосын жоғары бағалап отырған. Затаевич «Байжұма» деген сөзді «Май айтысы» деп аударыпты. Бұл Құрманғазыға дейін аты шыққан атақты домбырашының аты. Ол өзінің атымен аталатын күй қалдырған. Алғашында күшін сынап көрген Дина өзіне ұнайтын тақырыптарға күй шығарады. Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жасауларына қоса, үш болысқа аты шыққан Қарақасқа деген ат береді. Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бой жеткен шағын, еске түсіретін ескерткіш сиякты болады. Кенже Динаны Нұрпейістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс болады. Ат Динаға сүйікті әкесінің көзіндей көрінетін. Бір де Қарақасқа ат аурады да өліп қалады. Қарақасқа аттан айырылғанына қайғырып, оған арнап күй шығарады. Бұл шығармада шебер композитор, кей жерлерде Қарқасқа аттың көсіле шапқанын көрсетсе де, лирикалық сезімге толы. Өйткені еске түсірудің күшейе түсуіне Нұралының бірнеше айдан бері ауырып, төсек тартып жатуы да ерекше себеп болады. Біраз уақыт өткеннен кейін Нұралы қайтыс болады. Дина басынан кешкен басқа қайғылар сиякты, бұл қайғыныда төзімділікпен өткізеді. Күйеуі өлгеннен кейінде Динаның сауындық, көліктік біраз мал болады. Бұл кездерде музыкамен шұғылдану Дина өмірінен шешуші орын алмасада, біржолата тасталынбайды. Өмірінің осы ауыр кезінің өзіндеде, Дина күй шығаруға уақыт табады. Өмірінің осы ең ауыр мезеттерінде Дина күйлері ақыл беріп, қолдап, демеу болған бастас абысынына арналады. Бұл күйді Дина «Кербез» деп атайды. Динаның абысыны шынында да сұлу, өткір ашық адам болғандықтан туысқандар арасында беделді болды. 1916 жылдың оқиғалары Динаның санасында үлкен із қалдырды. Дина 1916 жылдың оқиғасына арнап күй шығарды. Оны «Набор» деп атайды. Халыққа бұл күй «Он алтыншы жыл» деген атпен тараған. Бұл күйде көтеріліске шыққан жігіттердің аттарының дүсірі естілгендей болады. Күй басынан аяғына дейін көтеріліске шыққан халықтың қайтпас бетін, екпінді күшін бейнелейді. 1922 жылы жоқшылықтың ауыр қыспағы салдарынан Каспий жағасына жақындайды. Аштыққа ұшырайды. Жұт жылғы аштықтан қысылған Дина құмаршық жинап, балаларын аман сақтап қалады. Енді ол қайтадан домбырасын қолына алып «Жігер» деген күй шығарады. 1937 жылдың күзінде Дина көркем өнерпаздың екінші слетіне қатысушы ретінде Алматыға келеді, үлкен табысқа ие болады. Ол ақыл білім алып жатқан жастарды көрді. Күздің қытымыр самалында желге қарсы жүгіріп, шат көңілді, алаңсыз оқып жүрген қазақтың қыздарын көріп, Динаның көңілі босады. Ол өзінің немересі Қоңырын есіне алып, «Әсемқоңыр» күйін шығарды. 1940 жылы өткен Қазақстанның жиырма жылдығына арнап «Тойбастар» күйін шығарды. Дина бұл күйінде бостандық алған, мәдениеті бар халқының шалқыған қуанышын суреттейді. Сексен жастағы Дина жалғыз ұлын майданға аттандырады. Сол кезде «Ана бұйрығы» деген күй шығарады. Күйде ол ананың образын отан образы мен ұштастырады. Күйде уақыттың қатулығы айқын берілген, үні асқақ шығады. Ұлы отан соғысы кезінде Динаның жалғыз баласынан бір жыл бойы хабар болмады. Осыған қарамастан, ол өзінің орындаушылық, композиторлық істерін тастамады. 1944 жылы Ташкентте Қазақстан музыкасының он күндігі өтті. Осы он күндікте Дина зор табысқа ие болады. Оның искусствосы тыңдаушыларды таң қалдырды. 1951 жылы оның туылғанына тоқсан жыл толуы тойланды. Мерекеге қатысқандарға алғыс ретінде, сол кеште Дина ұстазы Құрманғазының өзі шығарған күйлерін асқан шеберлікпен таратты. 1938 жылы Республикамыздың өкіметі Қазақтың халық аспаптарында тартылатын музыканың тамаша салтын сақтап, өзінен кейінгілерге жеткізгені үшін Динаға «Қазақстан искусствосына еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ берді. Ал 1944 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің он жылдығы тойланған кезде Динаға «Республикамыздың халық әртісі» деген құрметті атақ берілді. Дина екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және «1941 – 1945 жылдардағы отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Қазақ КСР – ы Жоғары Советінің бірнеше грамоталарымен наградталады. Дина әбден ұлғайып, жасы тоқсан төртке келгенде қайтыс болды. Ол өмірінің ең ақырына дейін ашық – жарқын, әзілдің мәнін түсінетін, көңілді адам болып өтті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Дүлдүл домбырашы Динаның өмірі мен шығармашылығы"

Автор: Кереева Гулмира Еселовна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 394014

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?аршы?а Ахмедияровты? ?мірі мен шы?армашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(48) "karshygaakhmiediiarovtynomirimienshygarmashylygy"
    ["file_id"] => string(6) "285847"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454251827"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "тема урока Дина Н?рпейісова "
    ["seo_title"] => string(30) "tiema-uroka-dina-nu-rpieiisova"
    ["file_id"] => string(6) "146296"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419156240"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Саба?ты? та?ырыбы: ??рман?азы"
    ["seo_title"] => string(26) "sabaktyntakyrybykurmangazy"
    ["file_id"] => string(6) "279832"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453294197"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Халық күйлерін күйсандықта ойнау."
    ["seo_title"] => string(33) "khalyk_kuilerin_kuisandykta_oinau"
    ["file_id"] => string(6) "573321"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1613468922"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) ""Конспект урока музыки, презентация для урока...""
    ["seo_title"] => string(49) "konspiekt-uroka-muzyki-priezientatsiia-dlia-uroka"
    ["file_id"] => string(6) "340308"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1471874105"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства