Аймира: - Домбырааспабы той думанда, жиынтойларды?с?нінкелтірген.
- «?аза??аза?емес, на?ыз?аза? – домбыра» дептектен тек айтылмасакерек.
- Балалар, мен сендерге «Домбыратуралы» а?ызертегіайтыпберейін.
(ертегініайту)
«Жауменк?рестен, ?за?жолданшаршап-шалды?ыпкележат?ан батыр жолдакездескенауыл?ато?тап, демалма?шыболады. Жар жа?асында?ы к?ле?кеге отыр?ан батыр а?ашты?б?лігінкесіпалып, о?анатты??ылынтартып, ?зіжаса?анаспаптандыбысшы?арма?шыболады. Біра?аспапдыбысбермейді. Оны батыр ?асына ?ояды да, ?йы?тап ?алады. Біркездеоянса, аспаптан?здігінен дыбысшы?ыпжатырекендейді. Аспапты?олынаалып?араса, домбыраны?басына, шекті?астынасалын?ана?ашкертпенік?реді де, м?нышайтанны?ісідепшешеді. Сонанбері, халы?арасында б?л«Шайтантиек» депаталыпкеткен».
- Мінебалалар, соданберіхал?ымыздомбыраны «Киелідомбыра» дейді. Адамдар?зсезімдеріндомбыра?асалыпк?йменжеткізген.
- Домбырамен Абай, Жамбыл, ??рман?азы, Т?ттімбет, Біржан сал, А?ансері, Дина апаларымыз да ?н-к?йлерінарна?ан. Ал, балалар ?н-к?йаспаптары туралы ?андай ?ле?-жырлар білесі?дер?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, оның ішінде домбыра аспабының басынан өткерген тарихы жайлы ертегіні еске түсіре отыра, ертегі қойылымын ойнатуды үйрету;
Дамытушылық:
Қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту;
Тәрбиелік:
Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақтың ұлттық аспаптар көрмесі, әнші-күйшілердің
Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін. Ал сендер жауабын дұрыс шешуге тырысыңдар!
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы бір мінезі бар таңғажайып,
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.
(домбыра)
( Осы кезде шертілген домбыраның үні естіліп тұрады )
Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған
(домбыра)
Балалар бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптар көрмесін тамашалаймыз. Көрмеде қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. (балаларға аспаптарды көрсетіп, аттарын айту)
Ұйымдастыру-іздестіру.
- Балалар, домбыра дегеніміз не? (балалардың жауабын тыңдау)
Аяжан: - Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспап.
Дарина: - Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен
жеткізе білген.
Аймира: - Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген.
- «Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп тектен тек айтылмаса керек.
- Балалар, мен сендерге «Домбыра туралы» аңыз ертегі айтып берейін.
(ертегіні айту)
«Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл«Шайтан тиек» деп аталып кеткен».
- Міне балалар, содан бері халқымыз домбыраны «Киелі домбыра» дейді. Адамдар өз сезімдерін домбыраға салып күймен жеткізген.
- Сендер қазақ халқының қандай күйшілерін білесіңдер?
(балалардың жауабын тыңдау)
- Домбырамен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Ақан сері, Дина апаларымыз да ән-күйлерін арнаған. Ал, балалар ән-күй аспаптары туралы қандай өлең-жырлар білесіңдер?
Алина: Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даланың,
Үні менен ұраны.
Альмира: Абай, Жамбыл, сал Біржан
Таңғалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырган,
Естіген жан тамсанған.
Абылай: Дыбысы оның мың сырлы
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат-ақ
Ол аспаптың бір түрі
Диляра: Қамыс құрай ағаштан
Түтікше боп ысылған
Үрлемелі ойықтың
Дыбысы нәзік сызылған.
Ажар: Жорғалатқан жетіген,
Сыбызғы үні лекіген.
Сызылтады қылқобыз,
Шалып ойнар шаңқобыз.
Дильназ Махсотова: Адырна, ұран, қос сырнай,
Саз қалыспас, қосылмай.
Соғар дабыл, жыланбас,
Шындауыл мен дауылпаз.
Таир: Тоқылдайды тоқылдақ,
Асатаяқ тайтұяқ.
Әуез кернеп, ысқынып,
Шығар керней, ысқырық.
- Қазақ халқы ән мен жырды, ойын-сауықты өте жақсы көреді. Сондықтан олар той думандарда домбырамен өз ойларын ән-жырлар арқылы жарысып жеткізіп отырған. Ал, сендер балалар бір-бірлеріңмен айтысып көргілерің келмей ме?
(екі бала шығып айтысады)
Ал енді бәріміз бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті:«Домбыра»
Домбыраны қолға алып,
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазымен
Біз өнерді жалғайық.
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік.
(балалар тақпақты айта отырып, қимылмен көрсетеді)
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер білесіңдер ме? Қазақ халқы қайғы, ренішінде домбырамен халқына жеткізе білген. Осы жайында аңыз-ертегіде бар.
- Қазір біз«Ақсақ киік» - деген ертегіні балалардың орындауында көрелік.
- Ертеде ел билеген қатал Жошы деген хан болыпты. (хан келіп тағына отырады)Оның жалғыз баласы бар екен. Хан қасында әрдайым уәзірлері бірге тұрады екен. Бір күні хан ұлы әкесіне келіп рұқсат сұрайды.
Бала: - Әке аң аулауға барайыншы.
Хан: - Бар бірақ абай бол.
Бала: - Әке маған уәзірлеріңді берші.
Хан: - Уәзірлерім менің ұлыммен аң аулауға барыңдар! –деп әмір береді.
Уәзірлер: - Құп тақсыр, әміріңе құлдық деп атқа мініп аң аулауға кетеді.
Осылай олар серуен құрып, аң аулап ұзақ жүреді. Биік-биік таулардан өтіп, орман-тоғайлардан асып серіліктің қызығына кіреді. Бір күні оларға «Ақсақ киік» кездеседі. Уәзірлер хан баласына «әне киік атсаңшы» дейді. Хан баласы ақсақ киікті жаралайды. Ал жаралы киік баланы мерт қылады. Уәзірлері не істерлерін білмей дал болады.Енді не істейміз Жошы ханға қалай жеткіземіз баласының өлімін дейді. Олар хан сарайына келгенде,
Жошы хан: : - Кімде-кім менің ұлымды өлді десе көмейіне қорғасын құямын - дейді.
- Ханның қатулы қабағын көріп қорқып, ханға айтпастан орындарынан тұрып шығып кетеді. Ханға суық хабарды жеткізу үшін сол ауылдағы қарт күйшіні өздерімен бірге ертіп келеді де,
- Ханға баласының өлімін жеткіз - дейді.
- Қарт күйші «төрт шекті» домбырасымен күй шертіп, ханға баласының аң аулап жүргенде мерт болғанын осы күй арқылы жеткізеді. Күйдің үнінен баласының енді жоқ екенін түсінген
Жошы хан: - Тоқтат, тоқтат домбыраның көмейіне қорғасын құйыңдар- деп әмір
береді.
- Уәзірлері қарт күйшінің қолынан төрт шекті домбыраны тартып алып, қайнап тұрған қорғасынды домбыраға құяды. Домбыраның шектері сарт-сарт етіп үзіліп, «төрт шекті» домбыра «екі шекті, ойықты» домбыра болып қалған екен. Осымен қысқаша қойылымымыз аяқталды.
Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен домбыра
Дегендей, қане балалар, бізде бір әнге қосып ән айтайық.
«Домбыра сазы»
Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде,
Отта лаулап жанбайма?
Қорытынды:Балалар жарайсыңдар, бүгін «Киелі домбыра» жайында көп білдік.
1) Балалар бүгін біз қазақтың қандай аспаптарымен таныстық?