мен митинг ардагул музыка п?ніні? м??алімімін Мен 0арак-л орта мектебінде му?аліммін. Б?л ашы? саба?ты? берері к?п. мен к?преген ж?мыстарымды осы сайтка жіберіп отьырамын. сайт ?те ?ызы?ты Б?дан к?птеген материалдар табу?а болады. М?нда ен бір жа?сысы тіл тандалмайды. мені? енбек ?тілім 14 жыл. мен биыл бірінші категорияны растап жатрмын. сол ?шін осы сайтка ж?мыстарымды жіьеріп отырамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Күні 14.12.2015 Музыка 6 класс Сабақтың тақырыбы: Қазақ вальсі Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы вальс жанрының қалыптасуы жайлы әңгімелеу. Латиф Хамидидің шығармашылығынан толық мағлұмат бере отырып , «Қазақ вальсі» әнін үйрету.Вальс жанрымен таныстыру арқылы, оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс нақышына келтіріп орындауға машықтандыру
Күтілетін нәтиже: әнді айтып үйренеді. Композитор шығармасымен танысады. Топтық және жеке жұмыс жасауды үйренеді.Өзін-өзі және өзара бағалауды үйренеді.
Вальс өнерімен танысады. Қолданылатын әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО технологиясының «Теңге алу » ойыны , топтастыру әдістері, өзін өзі бағалау, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс. Өзін-өзі және өзара бағалау парағы. Қолданылатын ресурстар : Интерактивті тақта, слайд, бейнекөрініс , стикерлер. Фломастерлер, постер, т.б Сабақтың барысы: І. Оқушылардың қызығушылығын ояту. Сыныпқа оқушылар вальс әуенімен кіреді.
(оқушылармен амандасып көңіл күйлерін сұрау) 2. Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу. - Менің көңіл күйім , - Мен …, - Мен …, - Мен …,
Оқушылар бас бармақтарын жоғары көтеріп көрсете отырып ТАМАША сөзін айтып орындарына отырады. 3. Интерактивті тақтадан вальстің бірнеше түрлерінен үзінді көрсетіледі. - Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?
Оқушылар сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін топқа бөліп отырғызамын. Әр топтың алдында «теңге ілу» ойыны (5000,2000,1000,500) бірліктер жатады. Әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі. ІІ. Мағынаны тану. - Ия, ондай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ вальсі» деп аталады. (Дәптерімізді ашып бүгінгі тақырыпты жазып қоямыз) - Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз, яғни сабағымызды «Теңге ілу » әдісі арқылы өткіземіз. 1. Бейнекөрсетілімге назар аударайық. Қазақ халқының еңбек сіңірген халық артисі Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Қазақ вальсі» әнін тыңдауды ұсынамын. Тақырыпты ашу:
Вальс дегеніміз не?Ол қайда пайда болған? Оқушылардың бұрыннан алған білімін жаңа біліммен ұштастыра отырып, тақырыпты ашаммын .
(Вальс қалай пайда болған?, әннің өмірге келген тарихы, тағдыры туралы не білесіңдер? Әр топ ақылдаса отырып өз ойларын айтады.
Әр топқа сұрақтар таратылады. ( қорғауға 10 минут уақыт беріледі )
Бұл жерде бір-бірінің жауаптарын тыңдай отырып топ өзара брін-бірі «Теңге ілу» ақшамен бағалайды. 1- топ «Қазақ вальсі» әні несімен сәтті шықты. Немесе алғашқы орындаушысы кім? т. б. сәтті шыққан тұстары. (әннің сәтсіз тұстарын айтасыздар. Қазіргі таңда бұл әннің ырғағына жастар билей ма?, т. Б). 2- топ (Не үшін?, Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді) - Шығармашылық (Әннің ырғағына вальс билеп көрсетуге болады, немесе өлең шығару.)
Ой қорыту
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар. Билеген бимен әннің ырғағы үйлесе алды ма? Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Музыка сауаты. Ырғақ, өлшем - Вальс неше өлшемде? ¾ өлшемінің схемасын көрсету. - Балалар, вальсті қай кезде, қай жерлерде билейді? - Вальс ырғағында біз қандай әндермен таныспыз? - Ендеше «Ана туралы жыр» әнін орындайық. - Дауыс жаттығуларын жасау. Ән орындау. ( дауыс жаттығулары )
МО, МЕ, МИ, МО, МУ -
Әнін жазған Ә.Бейсеуов Өлеңін жазған; Т. Молдағалиев «Ағаларым»Ән үйрету. Л. Хамиди «Қазақ вальсі» әні Білгенің артық болмас айдары. Жиенқұлова Шара (1912 - 1991) - алғашқы қазақ халық билерін жасап, сахнаға шығарған қазаққа әйгілі биші. Қазақстанның халық әртісі. Өзінің алғашқы шығармашылық жұмысын Қазақ драма театрының актерлігінен бастайды. Ол М. Әуезовтің «Еңлік Кебек» және «Қарагөз» спектакльдерінде Еңлік пен Қарагөздің рөлін сомдаған. 1934 жылы Қазақтың опера және балет театрында жұмысын жалғастырады. Ол М. Әуезовтің «Айман Шолпан» және Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» сынды операларына би қояды. Шара Жиенқұлова 1938 жылы алғашқы «Қалқаман Мамыр» атты қазақ ұлттық балетінде Мамырдың биінің партиясын орындайды. Сонымен қатар, «Амангелді» кинофильмінде Балымның рөлінде ойнаған. Бейнелеу өнерімен байланыстыру. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылованың туындысымен таныстыру. Шараның бұл биі халықтың ыстық ықыласына бөленіп, айдында қалқып жүзген аққудай әсер қалдырған еді. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылова Шараның өнеріне тәнті болып, оған арнап «Қазақ вальсі» деген суретін арнайды. Күннің сәулесімен шағылысқан, алтын түспен көмкерген суретте Шара мың бұрала билейді. Суретші бір сәтке биді тоқтатқандай. Бірақ, бишінің қолы, үстіндегі жарасымды көйлегі би қимылын жалғастырып жатқандай әсер қалдырады. Сөйтіп Л. Хамидидің әні «Қазақ вальсіне» айналып, ал сурет өнерінде ғажайып қайталанбас жаңа туынды дүниеге келген екен.
Рефлексия:
Бүгінгі сабақ мен үшін...
Үйге тапсырма: Латиф Хамиди «Қазақ вальсі» әнін жаттап келу