kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ халқының музыка өнері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ  халқының  ұлттық  музыкалық  мәдениетінің  ерекшелігі,  ұлттық  ән-күй  мен  оның  дамуы туралы Ашык сабак

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының музыка өнері»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының музыка өнері»

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Білімділігі: Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Рухани құндылықты құрметтуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, жетондар, суреттер.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдіс-тәслі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.


Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

ә/ оқу-құралдарын реттеу.

б/ сабаққа назарын аудару, дайындығын тексеру.

в/ оқушыларды топқа бөлу.


Оқушыларды үш ауылға бөлемін:

І топ «Абай» ауылы.

ІІ топ «Жамбыл» ауылы.

ІІІ топ «Ыбырай» ауылы.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:


1-тапсырма: Наурыз мерекесі қалай тойланады?

2-тапсырма: Наурыз көже қалай жасалады, құрамы қандай, қай кезде дайындалады? Басқа қандай ұлттық тағамдар әзірлейді?

3-тапсырма: Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?


ІІІ Жаңа сабақ:

Жоспар:


  1. Дала әуендері.

  2. Ұлттық музыка аспаптары.

  3. Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй» - деген Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті

күйді жанға азық етіп ардақтаған көңіл – күйін бейнелейді.


Топтардың аттарын жаңа тақырыпқа байланысты өзгертемін. Тақтаға ұлттық аспаптар бейнеленген суреттер ілініп тұрады. Топбасшы шығып біреуін таңдап алады. Топтың аты сол суретке байланысты өзгереді.

«Домбыра», «Қобыз», «Жетіген».


Қазақ халқының дәстүрлі өнерінде ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері:

Арқа әншілік дәстүрі

Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі

Жетісу әншілік дәстүрі

Сыр өңірі әншілік дістүрі


Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклортанушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс – салтқа байланысты ғұрыптық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.

Ғұрыптық әндердің өзі- бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері-халық әндері және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. ХІХ ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыкалық мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.

Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеідер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып құйқылжиды. Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыптарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана орындадалы.

«Домбыра» тобына тапсырма: Қазақ халқында домбырамен ән орындайтын майталмандарды ата.

«Қобыз» тобына тапсырма: Қазақ халқының қобызбен күй орындайтын күйшілерді ата.

«Жетіген» тобына тапсырма: Қазақ халқының би, шешен, жырауларын ата.

Тапсырмаларды қағаз бетіндегі суретке тірек сызбалар арқылы жазып шығады.

ІV Қорытындылау:


Білемін

Білдім

Үйрендім

V Сабақты бекіту:

  1. Қазақтың музыкалық аспаптарының жасалу жолы.

  2. Қай ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры болып саналады?

  3. Төкпе күйдің майталман шебері.

  4. Ән өнерінің өкілдері.

  5. Күй өнерінің өкілдері.

  6. Қобыз атасы болып кім саналады?

VІ Оқушыларды бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

VІІ Үйге тапсырма: § 41 оқып келу.

Кесте толтыру


Ақын, жырау, күйші

Өмір сүрген жылдары

Туған жері

Шығармалары

1

Біржан сал Қожағұлұлы

1825-1887 жж

СҚО аумағында

Айбозым, Ақ тентек, Біржан сал, Ғашығым, Айтбай

2

Ақан сері Қорамсаұлы

1843-1913 жж

СҚО аумағында

Алтыбасар, Сырымбет, Мақпал, Ақтоты, Еркем, Аужар, Айгөлек, Ғашық жарға

3

Жаяу Мұса Байжанұлы

1835-1929 жж

Баянауыл округының Ақшоқы деген жерде

Ақ сиса, Сүйіндік, Бозторғай, Жанбота, Ғашығым, Хаулау

4

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы

1864-1916 жж

Ақмола облысында

Ғалия, Желдірме, Қосперне, Көкшетау

5

Құрманғазы Сағырбайұлы

1806-1879 жж

Бөкей ордасының Жиделі деген жерде

Адай, Балбырауын, Сарыарқа, Ақсақ киік, Түрмеден қашқан, Ертең көктем, Кісен ашқан, Қайран шешем, Кішкентай

6

Дәулеткерей Шығайұлы

1820-1887 жж

Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде

Жігер, Бұлбұл, Қоңыр, Тартыс, Желдірме

7

Тәттімбет Қазанғапұлы

1817-1860 жж

Қарқаралы өлкесінде

Саржайлау, Былқылдақ, Сылқылдақ, Сарыөзен, Бес төре, Қосбасар

8

Ықылас Дүкенұлы

1843-1916 жж

Қарағанды облысының аумағында

Жарыс патша, Бес төре, Жезкиік, Кертолғау, Аққу, Жалғыз аяқ, Қорқыт сарыны, Ерден, Қазан

9

Қазанғап Тілепбергенұлы

1854-1927 жж

Арал теңізі маңында

Ноғайлы босқыны, Окоп, Жұртта қалған


І топ: «Абай» ауылы ІІ топ: «Жамбыл» ауылы ІІІ топ:«Ыбырай» ауылы


Білемін

Білдім

Үйрендім


І топ: «Домбыра» тобы ІІ топ: «Қобыз» тобs ІІІ топ: «Жетіген» тобы


1-тапсырма: Наурыз мерекесі қалай тойланады?

2-тапсырма: Наурыз көже қалай жасалады, құрамы қандай, қай кезде дайындалады? Басқа қандай ұлттық тағамдар әзірлейді?

3-тапсырма: Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?

«Домбыра» тобына тапсырма:

Қазақ халқында домбырамен ән орындайтын майталмандарды ата.

«Қобыз» тобына тапсырма:

Қазақ халқының қобызбен күй орындайтын күйшілерді ата.

«Жетіген» тобына тапсырма:

Қазақ халқының би, шешен, жырауларын ата.






№ 5 мектеп – лицей














«Қазақ халқының музыкасы»



Класс: 5 «А»


Мұғалім: Төлеубаева Р.Б.












Шалқар қаласы

2019 – 2020 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қазақ халқының музыка өнері

Автор: Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы

Дата: 18.08.2020

Номер свидетельства: 555946

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Саба?ты? та?ырыбы: «?аза? хал?ыны? музыка ?нері»"
    ["seo_title"] => string(42) "sabaktyntakyrybykazakkhalkynynmuzykaonieri"
    ["file_id"] => string(6) "299157"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456477741"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?аза? хал?ыны? музыка ?нері "
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-khalk-ynyn-muzyka-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "185151"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426152789"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Қазақ халқының музыка өнері"
    ["seo_title"] => string(31) "k_azak_khalk_ynyn_muzyka_onieri"
    ["file_id"] => string(6) "403093"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490416903"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "XIX ?асырды? I жартысында?ы музыка ?нері мен материалды? м?дениеті"
    ["seo_title"] => string(63) "xixgasyrdynizhartysyndagymuzykaonierimienmatierialdykmdieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "329674"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464000758"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза? поэзиясы мен музыка ?нері "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-poeziiasy-mien-muzyka-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "228922"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441549671"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства