- Сәлеметсіздерме қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар.
Қымбатты оқушылар сіздердің қалай ән айтатыңдарыңды, қалай сабаққа қатысатындарыңды көргілері кеп бүгін біздің сабаққа ұлағытты ұстаздар келіп отыр.
2. Үй тапсырмасын қайталау. Оқушылармен музыка туралы әңгімелесу.
3. Балаларға жаңа тақырыпты және мақсатын айту. Оқушыларға, қатты ақырын, ұзақ қысқа дыбыс, динамикалық белгілер туралы түсінік беру.
II. Ұй тапсырмасын тексеру:«Сырнай – гармонь, баян»
Өткен сабақтың тақырыбын қайталау.
Сырнай – дегеніміз не?
Сұрақ – жауап. Орыстың халық әндер: «Коробушка», «частушкалар»
Баянның даусы қалай естіледі?
Ән қандай әуенмен орындалады?
ІІІ. Жаңа сабақ: «Ақырын, қатты музыка. Динамикалық белгілер».
Негізгі бөлім: 30 мин.
1.Кіріспе. Музыка және біз.
Музыка – сезімімізді ән, әуен, ырғақ арқылы бейнелейтін өнер түрі. Музыка - біздің әніміз, биіміз жырымыз, күйіміз. Дыбыстар достасып, жиылып, түрлі музыка құрайды. Сүрақ: Музыка бізбен қайда болады?
Музыка бізбен үнемі бірге: үйде, мектепте, көшеде, аулада. Әсем көріністер көргенде, қуанышты сәттерде ән айтқын келеді.
Ең сүйікті әніңді еске түсір. Көрнекі қүралдар. Слайды.
Көңілді дыбыстар.
Көңілді дыбыстар адамға күш – қуат береді, шаттыққа толы сезім сыйлайды.
2. Оқушыларға - октава, пауза, ұзақ дыбыс, қысқа дыбыс туралы түсініктерін қалыптастыру.
3. Музыканық шығарманың әсем де тартымды алуан үрлі бояуын көрсететін музыканың көркемдеуші құралдары болады.
Кез келген музыкалық шығарма бір сарында орындалмайды. Олар бірде қатты, бірде ақырын, бірде өте қатты бірде өте ақырын, сыбырлап айту, кейде дыбыс біртіндеп күшейді, біртіндеп бояулата орындалады, кейде шарықтата шалқи айтылып немесе орындалуы сол шығарманың динамикасы немесе ньюансы деп аталады. Осындай дыбыс күштерін белгілейтін
таңбалар - динамикалық белгілер деп аталады.
Көрнекі қүралдар: Н о т а л а р д ы ң с у р е т т е р.
Оқулықпен жұмыс :
- Динамикалық белгілер туралы ережелер оқылады. f, p, ff , pp белгілерін музыкалық аспаппен орындап олардың айырмашылығын оқушыларға сезіндіру. Оқулықта берілген мысалды оқушылармен бірге орындау барысында, крещендо мен деминуэндоның дыбысталу ерекшеліктерін айқындау. Музыка белгілері Итальян тілінен алынады.
Музыка әлемінде мұңды дыбыстар да кездеседі. (сүрақ) Мұңды музыканы тыңдаған кезде адамның көңілі түсіп жабырқайды, мұңаяды. Кішкене балақайға ұйықтар алдында ән баланың көзі ұйқыға кеткенше айтылады. Ана бесікті тербетіп отырып,баласына деген ыстық лебізін білдіреді. Бесік жыры жұмсақ, жағымды, ақырын дауыспен айтылады. Бұл ақырын музыка - (р) пиано деп атайды. Слайды.
Сабақтың көрнекілігі– суреттер.- Ән айту: Ана.
- Мейрам кезінде қаладағы орталық алаңға халық көп жиналады. Түрлі әндер айтылып, музыка қойылады. Адамдар қатты музыканың әсерінен бір-бірін естімейді. Бұл қатты музыка.
Музыканың қатты орындалуын - (f) форте деп атайды.
Музыка тыңдау:
Ансамбль– француз тілінен аударғанда музыкалық шығарманы бірнеше музыканттың бірігіп ойнауы. Музыканы орындаушылардың санына қарай олар да әртүрлі аталады. Егер бір орындаушы болса -соло (жеке орындау), екі орындаушы – дуэт, ал үш орындаушы – трио, төрт орындаушы – квартет деп аталады.
– Әнді немесе музыкалық шығарманы бірігіп орындауға болатынын сендер өткен сабақтардан біліп алдыңдар, енді сол бірігіп орындаудың музыка тілінде өз атаулары бар екенін бүгін білетін боласыңдар.
Қорытынды сұрақтар:
1. Қандай динамикалық белгілермен таныстық?
2. Крещендо, деминуэндо қалай дыбысталады? (Сызып көрсет).
3. Ансамбль дегеніміз?
4. Форте қалай аталады?
- Скрипкашылар квартеті және вокалдық квартет.
– Балалар, оқулықтағы суретке назар аударайықшы, бұл суреттердегі адамдар кімдер деп ойлайсыңдар? Квартет туралы сурет көрсету. Ойын. Слайды. Ән айту: соло - Корбушка. Сырнай және шулы дыбыстар.
Вокалдық квартеті– жеке орындаушы (әншілік) және хор түрлері бар.Вокалдық музыканың әншілік түріне екі дауысты – дуэт, ұш дауысты-трио, төрт дауысты – квартет, т.б. жатады.
- Ән айту: дуэт «Ақ мамам», трио «Частушки».
Төрт орындаушының бірігіп орындауы, яғни квартет бұдан 3000 жыл бұрын пайда болған екен. Ол кезде князьдардың сарайында, дворяндардың қонақасыларында өнер көрсетсе, кейіннен филармонияның концерт залында өнер көрсететін болды. Көп тараған квартет түрі – бұл ішекті ыспалы аспал – скрипкада ойнаушылар. Кейіннен вокалды квартеттер де пайда болды. Слайды.
Музыка тыңдау.
Музыканы талдау бойынша қойылатын сұрақтар:
- Шығарманы неше аспап орындады?
- Шығармаға композитор қандай көңіл күй берген екен?
Сабақтың панарлық байланасы: Дүниетану, бейнелеу өнері, математика.
Табиғат пен музыка.
Біздің туған жеріміздің табиғаты тамаша. Биік тау, өзен – көл.
Орман-тоғай да кездеседі. Табиғат пен музыка бір-бірмен тығыз байланысты.
Композиторлар мен ақындарымыз туған өлкенің табиғатын шығармаларында жырлаған.
Музыкалық шығармалардан табиғаттың бейнелі суреттемелерін байқауға болады. Қазақ жерінің кең даласын, жазық жерлерін, табиғатын көп күйшілер суреттей білген. Құрманғазының «Адай», «Болбыраун», «Аман бол», «Қайран шешем», т.б. күйлері бар.
Осындай күйлердің бірі – атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйі.
Музыка тыңдау: «Сарыарқа» күй.
Сүрақ:
1.Күй, күйші – дегеніміз не? Қазақтың музыкалық шығармасы күй деп аталады.күйші – қазақтың аспапты музыкасын шығарушы, күй тартушы.
2. Құрманғазының «Сарыарқа» күйін бұрын естідің бе?
3. Қашан және қай жерде?
Күйді тыңдаған мезгілде сенің көз алдыңа қандай бейнелер келеді?