Просмотр содержимого документа
«"?ажайып би ?лемінде" »
«Ғажайып би әлемінде»
Музыкалық түзету-ырғағы сабағының жоспары
дайындаған: түзету ырғағы пәні
мұғалімі Мұхтарова А.А
Өзіндік талдау
Сабақтың негізгі мақсаты балаларды әлемдік музыкалық құндылықтарды ұғуға, классикалық және халық билерін түсініп, орындауға тәрбиелеу. Бұл сабақ балалардың музыкалық қабілеттерін жетілдіруге, ырғақты сезініп жаттығуларды орындауға, қозғалыстар мен дене қимылдарының өзара сәйкес үйлесімділігін, үндестігін қалыптастыруға, ірі және ұсақ моторикасын дамытуға жоспарланды.
Интерактивті тақтамен композиторлардың, биші Шара Жиенқұлова, Арыстан Шәдетұлы портреттерімен, классикалық және халық билерін би қимылдарымен таныстыруға көзделді.
Сабақтың жаңа тақырыбы «Қара жорға» биі.
Мақсаты: оқушыларға қазіргі уақытта кең таралып келетін бидің шығу тарихымен, денсаулыққа пайдасын түсіндіріп, би қимылдарын үйрету.
Сабақ барысында балалардың эмоционалдық деңгейі, көңіл-күйі қөтеріңкі болып, сабаққа деген қызығушылығы артты. Балалардың динамикасында оң өзгерістер байқалды.
Мақсаты:
1.Білімділік: музыканы тыңдай отырып, ырғағының өзгеруіне сәйкес
жаттығулар орындау. Буын биі «Қара жорғаның» шығу
тарихымен таныстырып, би қимылдарын үйрету;
2.Түзету-дамытушылық: балалардың ырғақты сезінуін көру, есту түйсігін,
есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Қозғалыстар мен дене қимылдарының өзара сәйкес үйлесімділігін,
үндестігін қалыптастыру.Арнайы жаттығулар арқылы ұсақ және ірі
моторикасын дамыту, дене бітімін түзеу.
3. Тәрбиелік: балаларды элемдік музыкалық құндылықтарды ұғуға,
классикалық және халық билерін түсінуге тәрбиелеу.
сабақ түрі: саяхат, концерт сабағы
қолданылған құралдар: интерактивті тақта, музыкалық орталық, дискілер,
қамшылар, жапырақшалар, видиокөріністер
а) музыкалық материал:
1. Ғ.Жұбанова «Көктем вальсі» - сыныпқа кіру
2. «Марш, Полька» - кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар
3. «Тұлпарым» - ырғақты-гимнастикалық жаттығулар орындау
4. «Қамажай», «Лезгинка», «Фантанго», «Ой, зайнька»- би жұмбақ
3) б.қ- қамшыны қолға ұстап, алға созып тұрамыз:1-оң аяқты көтеріп тіземізді қамшыға тигіземіз;2-б.қ; 3-сол тіземізді қамшыға тигіземіз; 4-б.қ (4рет)
4) б.қ- қамшыны қолға ұстап, төмен түсіріп тұрамыз: 1-еңкейіп қамшыны оң аяқ ұшына тигіземіз;2-б.қ:3 - еңкейіп қамшыны сол аяқ ұшына тигіземіз;4-б.қ.
5) Тыныс алу жаттығуы «Тікұшақ»
(балалар маршпен жүреді, мазмұнына сай безендірілген бұрышқа тоқталады)
М: балалар, біз би әлемінеде қеліп қалыппыз.
Би әлемінің ханшайымы:-Саламатсыңдар ма, балалар, би әлеміне қош келдіңіздер! (оқушылар сәлемдеседі)
Балалар, сендер би билегенді ұнатасыңдар ма? Несімен ұнайды?
Балалар, сендер білесіңдер ме, бидің адам денсаулығына пайдасы зор. Би билеген адамның бұлшық еттері нығайып, дене бітімі түзеледі. Би арқылы жүрек ауруларын алдын алып, имунитетті, зат алмасу процессін жақсартуға болады.
М: Сонда, би арқылы жүрісіміз, келбетіміз сұлулана түседі .
Б.х: Би билеуді барлық адамдар ұнатады. Байырғы кезде патшалардың сарайында «вальс», «менуэт» билері орындалатын болған. «Вальс» жеңіл әрі жылдам орындалса, «Менуэт» байсалды, ырғақты үйлесіммен орындалатын болған.
М: Қазақ халқында бидің терең тарихы бар. Бірақ, сахна төріне қазақтың ұлттық билерін Шара Жиенқұлова алып шыққан.
Шара Жиенқұлова-қазақ халқының әйгілі, ең бірінші кәсіби бишісі. Ол 1912 жылы Верный, қазіргі уақытта Алматы қаласында туған.Шара апамыздың «Айжанқыз», «Шопандар биі», «Қыз-жібек», «Қыз қуу» сияқты билері қазыргі уақытта да өз әсемділігін, ерекшелігін, ғажайыптығын, тартылымдығын жоғалтпаған.
Б.х: -балалар, сендер би билеуді ұнатамыз дедіңдер, ал би түрлерін білесіңдер ме? (оқушылардың жауабы)
Ондай болса, менің сендерге дайыдаған тапсырмам бар.(Ойын «Би жұмбақ)
Мына жапырақшаларда көптеген билер жасырылған.Әр қайсысың бір жапырақшаны алып, жасырылған тапсырманы іштей оқып, би қимылын орындап берулерің керексіңдер. Ал қалған балалар, қандай би екенін табуы қажет.
(оқушылар алдыменен музыкасыз, содан кейін музыка ырғағына билейді)
Қазақ биі «Қамажай»
Грузин биі «Лезгинка»
Испан биі «Фламенко»
Орыс биі «Ой, зайнька»
(балалар топта би қимылдарын орындайды)
Жаңа тақырып: «Қара жорға»биі
«Қара жорға» - қазақтың ежелгі ұлттық биі. Бұл биді Қазақстанда оралман қандастарымыз жаңғыртты. «Қара жорға» биі Қазақстанда Арыстан Шадетұлының арқасында танымал болды./портрет/ Арыстан Шадетұлы 72 жаста, оның отбасы 7 жасында Қытайдың Гансу қаласына көшіп, содан кейін Индия, Пәкістанға, Түркияға, Алманияға көшіп-қонып жүрген. 1995 жылы туған жеріне оралып, қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрады.
«Қара жорғаны» - ертеректе «бақсылар биі» деп атаған екен, себебі бақсылар қатты науқас адамды билеп, секіріп жүріп «тылсым дүние» арқылы емдеген. Қазіргі уақытта «Қара жорғаны» «буын биі» деп те атаймыз.Бұл биді буынмен орындау керек. Бұл бидің де денсаулыққа пайдасы зор: адамның қан айналымына, жүрек, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады деп дәрігерлер декеңес беруде.
(видиокөрініс «Қара жорға», балалар би қимылын үйренеді)
Қорытынды бөлім:М:-балалар, сендер түрлі жаттығулар орындап, ойын ойнап, би билеп шаршап қалғаншығарсыңдар?олай болатын болса, біз, кілемге жайғасып жатып демалайық.(релаксация «Орманда»)
М: -Сонымен балалар, бүгін біз қай жақа саяхатқа бардық?
-бидің адам денсаулығына кандай пайдасы бар екен?
-қазақ халқының бірінші кәсіби бишісі кім?
-ойын барысында қандай билермен таныстық?
-қандай би қимылдарын үйрендік?
М:-жарайсыңдар, өте тамаша.Қорытындылай келгенде, би бізге біріншіден денсаулық, қуаныш, көтеріңкі көңіл күй силайды екен.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Б.х: - Жарайсыңдар балалар. Сендер өте икемді, білгір, ақылды балалар екенсіңдер.Барлықтарыңа сыйлық ретінде мына керемет гүлдерді ұсынамын. Денсаулықтарың мықты болсын, осы гүлдер сияқты әдемі болып жайнап өсе беріңдер.Келесі кездескенше, қош сау болыңдар!